Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 18:12, реферат
Басқару шешімін жасаудың және қабылдаудың қатаң логикалық құрылымы болады, әрі қабылданатын шешімге қарай айқын бірізділікті қажет етеді. Кез келген жағдайда, бұл жұмыстың барлық сатысы әзірлік, негізгі және қорытынды кезеңдерге бөлінеді. Шешімді қабылдаудың әзірлік кезеңінде кез келген деңгейдегі басшы өндірістік, экономикалық, әлеуметтік жағдайларды бағалаудан бастау керек. «Жағдай» ұғымына шешім қабылдауға тура келетін, әрі басқару жүйесіне ықпал етіп, оны жаңа жағдайға ауыстыратын ішкі және сыртқы жағдайлардың барлық жиынтығы енеді.
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан–2030»
атты халыққа жолдауында үшінші ұзақ мерзімді
басымдық ретінде шетел инвестицияларының
деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға
негізделген экономикалық өсуді көрсетеді.
Бұл басымдықты жүзеге асыру үшін инфляцияны
қолайлы деңгейге түсіре отырып, стра-тегиялық
күшті ілгерілуге бағытталу көрсетіледі.
Бұл орайда, таяудағы жылдарда біз назарымызды
экономиканың нақты секторына, оны сауықтыруға,
фискальды және монетарлық қатаң шектеулер
жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік
саясатқа аударамыз деп көрсетілген.
Қазақстанның алдыңғы қатарлы коммерциялық
банктері өзінің табыс базасын кеңейту
үшін, табыстылықты және бәсекелік қабілеттілігін
жоғарлату үшін өзінің клиенттеріне кең
ауқымды операциялар мен қызметтер көрсетуге
ұмтылатыны белгілі. Бұл жерде есте ұстайтын
жағдай, банк қызметінің дамуы клиенттер
және банктің өзі үшін минималды шығындармен
банк қызметтерін көрсетуді, клиенттерге
қажетті қызметтерге қолайлы бағаларды
пайдалануды білдіреді.
Коммерциялық банктер өз клиенттерінің
ақшаларын сақтауға қолайлы әртүрлі депозиттерді
ұсынады, бұл бір жағынан өтімділікке
деген клиенттерінің қажеттілігін қанағаттандырады.
Көптеген клиенттер үшін облигациялар
немесе акциялар жұмсағанға қарағанда,
мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып
табылады.
Банк операцияларының тиімді, икемді жүйесі
кең ауқымды клиенттерімен ішкі жинақтарды
шоғырландыруға жағдай жасау керек. Осыған
байланысты өзгермелі экономиканың қалыптасып
келе жатқан қажеттілігіне жауап бере
алатын икемді банктік қызмет көрсету
мәселесі ерекше мәнге ие болып отыр.
Қазіргі дамып жатқан ақпараттық технологиялар
заманында өз шаруашылығын жалғастыру
үшін, қызмет ауқымын кеңейтіп, жоғары
пайдаға қол жеткізу үшін көптеген кәсіпорындар
тауардың жаңа түрін шығаруға, жаңа қызметтерді
ұсынуға ұмтылуда. Осыған орай банктер
де жаңа қызметтерді ендіруге және бұрынғы
қызметтерді жетілдіруге үлкен назарын
аударып отыр.
Жаңа қызметтерге пластикалық карточкалар,
банкаралық электрондық есеп-айырысулар,
элемдік Интернет байланыс жүйесіндегі
қаржы нарығының құрылуы жатады.
Біздің еліміздегі қазіргі банктік институттар
аталған жаңа қызметтерді атқара бастады.
Клиенттің заказы бойынша маркеингтік
зерттеуді, валюталық операцияларды, басқа
да қызметтерді, соның ішінде, трасталық,
ақпараттық-анықтамалық консультациялық,
қор және т.б. жүргізеді.
Халыққа қызмет көрсетіп жүрген банктер
ролін жандандырудың мәні мынада: шығынды
азайта отырып, барынша жоғары нәтижеге
қол жеткізуге, банктік қызмет көрсетуінде
клиенттер қажеттіліктерін толықтай қанағаттандыруға,
жеке тұлғаларға банктік қызмет көрсету
сапасын
жақсартуға, банктік қызметтер спектрін
кеңейтуге және олардың өзіндік құнын
төмендетуге жағдай жасау.
Жоғарыда аталған көптеген мәселелердің
шешу жолдарын табу үшін оған терең үңіліп,барлық
тақырыпшаларға жеке – жеке тоқталып,
ашатындай етіп, кешенді түрде қарастыру
қажет. Банктік қызметтердің дамуы мен
перспективалары – біздің еліміздегі
арнайы ғылыми түрде аз зерттелген мәселе
болса да, банк саласында қызмет атқарып
жүрген көптеген экономисттердің көкейінде
жүрген маңызды сұрақтардың бірі.
Курстық жұмыстың басты мақсаты: ҚР-сының
коммерциялық банктің функцияларын және
операциларының дамуын талдап мәселесін
ашу. Осы мақсатын ашу үшін мына міндеттемелерді
орындау керек:
- Коммерциялық банктің мәнін ашу;
- Коммерциялық банктердің фукнцияларын
талдау;
- Банктің активті және пассивті операцияларын
қарастыру;
- Банктің фукнцияларынның және операцияларының
дамуын талдау;
- Коммерциялық банктердің қызметтерін
жетілдіру жолдарын қарасытыру.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден,
үш тараудан, қорытындыдан және қолданылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. Коммерциялық банктердің негізі мен
құрылымы.
1.1.Коммерциялық банктер қаржы делдалдары
ретінде.
Несиелік жүйенің төменгі буыны халық
шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін
және коммерциялық негізінде кең көлемді
қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік
мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық,
кооперативтік және жеке банктер, банктік
заңдылықтарда коммерциялық банктер деген
жалпы атпен біріктіріледі.
«Коммерциялық банк» термині банк ісінің
ертеректегі даму кезеңінде, банктердің
сауда, тауар айырбасы операциялары мен
төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында
пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер
болған сондықтан «коммерциялық банк»
деген атауға ие болды. Бірақ, өнеркәсіптің
және басқа салалардың дамуымен банктер
экономикалық өзге де салаларына қызмет
көрсете бастағандықтан, да банктің «коммерциялық»
деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп
жоғалтты. Ол банктің іскер деген сипатын
білдіреді, оның шаруашылық агенттердің
барлық жұмыс түрлеріне қызмет көрсету
олардың қызметтерінің саласына байланыссыз
болады. Коммерциялық банктер – нарық
экономикасында қаржылық операциялар
мен қызмет көрсететін несиелік мекемелердің
тобын білдіреді.
Бүгінгі коммерциялық банктер өз клиенттеріне
200 – ге жуық әралуан өнімдер мен қызмет
көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар
коммерциялық банктерге өз клиенттерін
сақтай отырып, қолайсыз жағдайда өзінде
пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді.
Бір операциялардан болған зиян, екінші
бір операциялардан түсетін пайда есебінен
жабылады. Нарық экономикасы дамыған барлық
елдердің коммерциялық банктері несие
жүйесінің негізгі операциялық буыны
болып қалуы кездей-соқтық емес. Олар өзгермелі
ақша-несие нарығының жағдайына көндігетін
қабілетінің барлығын көрсете алады.
Депозиттік-қарыздық операцияларды жүзеге
асыра отырып коммерциялық
банктер қаржы делдары ролін орындайды.
Банктің бұл қызметі екі жаққа да
пайда әкеледі. Салымшылар үшін өздерінің
депозиттері айналыс құралы қызметі мен
өтімді активтер қызметін атқара отырып,
кей жағдайда оның үстіне пайыз әкеледі.
Қарыз алушылар кейде көптеген ұсақ қарызды
пайдаланады. Бұл кейде көптеген ұсақ
қарапайым клиенттердің банкке аз ғана
соманы қысқа мерзімге салғанның өзінде
де мүмкін болады. Мұндай кезде коммерциялық
банктер ретінде іскелік операциялар
жүргізіп, уақытша бос ақша қаражатын
тарту мүмкін емес.
Коммерциялық банктер өз клиенттерінің
ақшаларын сақтауға қолайлы әртүрлі депозиттерді
ұсынады, бұл бір жағынан өтімділікке
деген клиенттерінің қажеттілігін қанағаттандырады.
Көптеген клиенттер үшін облигацияға
немесе акцияға жұмсағанға қарағанда,
мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып
табылады.
Банктік несие - ең қолайлы және көптеген
жағдайда орны ауыстырылмай қаржылық
қызметтердің формасы ретінде ол нақты
қарыз алушының қажеттілігін ескереді
және олардың қарыз алу жағдайына көндігуіне
мүмкіндік береді.
Коммерциялық банктердің мынадай бастапқы
қызметтері бар: депозиттер қабылдау,
ақшалай төлемдерді және есеп айырысуларды
жүзеге асыру, несие беру. Коммерциялық
банктердің басқа қаржы институттарынан
айырмашылығы және ерекше бір қабілеті
ол ақша жасауы мен жоюында б.т. Бұл жерде
ақша деп тек қолма-қол ақшалар ғана емес,
сондай-ақ талап етуге дейінгі салымдар
түсіндіріледі. Банктердің ақша жасау
мүмкіндігі экономика үшін өте маңызды.
Ол тиімді несие жүйесін іске асыра отырып,
экономиканың өсуіне қажетті жағдай туғызады.
Коммерциялық банктер өздерінің депозиттік
және несиелік операцияларының көмегімен
олар уақытша бос ақаш қаражаттарын жинақтайды
және несие түрінде оларды бере отырып,
халық шаруашылығының қажеттілігін қанағаттандырады,
яғни жаңа төлем құралдарын жасайды.
1.2. Коммерциялық банктердің басқару және
функционалдық құрылымы.
Банк жүйесін ұйымдастыру белгілеріне
қарай филиалсыз банктерге, бөлімшелері
бар банктерге және банктік топтарға бөлуге
болады. Көптеген елдерде банк жүйесінің
бір типі берілген, ал Қазақстанда дамымаған
түрдегі банктік ұйымдардың барлық түрлері
бар.
Ұлттық банктің рұқсатымен банктер Қазақстан
Республикасы аумағында және одан тысқары
жерлерде банктерін аша алады, ал өздерінің
өкілеттілігін – Ұлттық банкінің келесі
бір хабарлауымен ашады.
Банк филиалы – бұл бас банктің берген
құқықтары шегіде банктік операцияларды
жүзеге асыратын банктік мекеме. Банк
филиалы заңды тұлға болып саналмайды,
дербес балансы болмайды және өзінің бас
банкі берген қаражаттар мен өкілеттіліктер
шегінде қызмет етеді.
Банк өкілдігі – депозит тартудан басқа
бір банктік операцияларды орындайтын
және өз атынан, банктің тапсырмасымен
жұмыс жасайтын заңды тұлға болып табылмайтын,
құрылымдық бөлімше.
Еншілес банк – жарғылық қордың 50% - нан
астамы бас банкіге тиесілі, заңды тұлға
болып табылатын банктік мекеме.
Қазақстан бұрынғы КСРО – ның монополиялық
банктік жүйесін қабылдады. Бұрынғы мамандандырылған
банктері (Тұранбанк, Кредсоцбанк, Агроөнеркәсіпбанкі,
Әлембанк, Халық банкі) республиканың
барлық аумағында өздерінің бөлімшелерін
иеленіп, жаңадан құрылған коммерциялық
банктер де сондай өз филиалдарын құрды
(мысалыға, Казкоммерцбанк, Центркредитбанк,
Темірбанк және т.б.)
Әлемдік банктік тәжірибеге қарағанда,
бөлімшелері бар банктердің артықшылығы
– олар бас банктің толық бақылауында
және оның балансында болады.
Бірақ, жоғарыда аталған мамандандырылған
банктердің күрделі иерархиялық құрылымы
болды. Олардың бас кеңсесі Алматыда орналасқан,
оған облыстық басқармалар бағанса, ал
соңғысына аудандағы бөлімшілер бағынышты
болып келді.
Шетелде банк филиалдары заңды тұлға болуға
және дербес мекеме ретінде тіркелуге
құқылы. Көптеген банктердің филиалдары
тұтыну несиесі, лизинг, факторинг, жылжымайтын
мүлікті мерзімін ұзартып сатуға мамандандырылған.
Қазақстандағы соңғы уақыттарда құрылған
барлық коммерциялық банктер филиалсыз,
яғни шоғырланған болып келеді.
Банктің ұйымдастырылуы құрылымы және
соған сәйкесорталықсыздандыру дәрежесі,
бірінші кезекте жалпылама түрде анықталады.
Сондықтан да банктің бір – екі бөлімшесі
болатын болса, онда орталақтан басқаруды
жүзеге асыру тиімді. Кез келген жағдайда
да барлық жүйені тиімді жедел басқарудың
болғаны міндетті, өйткені шешім қабылдау
барысында кешігу, бас кеңсе мен бөлімше
арасында ақпараттық үзіліссіз болмауға
тиіс.
Банктің ұйымдастырылуы құрылымы басты
екі әдіспен анықталады – банктің басқарылуы
құрылымы және оның функционалдық бөлімшелері
мен қызметтерінің құрылымы.
Басқару органын тағайындаудың мақсаты
– банктің негізгі қызметін іске асыру
мақсатында, банктің коммерциялық қызметіне
тиімді, үнемді және жедел жетекшілік
етуді қамтамасыз ету.
Банктің ұйымдастырылуына, ондағы жетекші
мен бағыныштыларының қарым – қатынасына
оның барлық қызметі тәуелді.
Банкті басқарудың құрылымын анықтау,
басқару органдарын бөліп қарауды, олардың
банк операцияларын жүзеге асырудағы
құзіретін, жауапкершілігін және өзара
байланысын бекітуді алдын ала қарастырады.
Банкті басқарудың жалпы тәсілдері мен
құрылымы банктік заңдар арқылы белгіленеді,
бірақ, басқару құрылымына қатысты көптеген
сұрақтарды коммерциялық банктің дербес
түрінде шешуге құқығы бар.
Коммерциялық банктің басқару құрылымына
оның жарғылық қорының қалай құрылуы (біртұтас,
пайлық және акционерлік) немесе оның
торабының (филиалды немесе филиалсыз)
даму дәрежесі тікелей ықпал етеді.
Қазіргі уақытта коммерциялық банктер
көбіне акционерлік қоғам формасында
құрылатындақтан да, оларды басқаруға
акционерлері қатысады. Ондай формадағы
банктің ең жоғарғы басқару органы банк
акционерлерінің жалпы жиналысы болып
табылады. Ол жарғыны, баланс пен есепті
бекітеді, банктік саясаттың бағыты мен
мақсатын анықтайды, басқарма мүшелері
мен төрағасын сайлайды, банктің ревизиялық
комиссия мүшелерін сайлайды. Яғни банктің
стратегиялық міндеттерін шешеді. Акционерлер
жиналысы жылына бір рет, жылдық есепті,
жылдағы балансты құрғаннан кейін бір
айдан кешікпей шақырылады.
Басқарма (банк кеңесі) – банк иелерінің,
оның акционерлерінің өкілетті органы
және олардың мүддесін қорғайды. Басқарманың
ең басты міндеті жұмсалған капиталға
қажетті пайда деңгейімен қамтамасыз
ету. Сонымен қатар, кеңес клиеттерінің
мүддесін қорғау туралы да жұмыс жасауға
тиіс.
Жетекші орынға адам таңдау. Осы заманғы
банк – күрделі және біршама тәуекел кәсіпорын
болғандықтан да, оны білгір, білікті мамандар
мен жауапкершілігі бар адамдар басқаруы
тиіс.
Комитет құру. Ірі банктерде шешім қабылдау
үшін мынадай комитет құрылады: әкімшілік
(ағымдағы сұрақтарды), есеп-қарыздық (
несие беру инвестициялау), ревизиялық
(қаржылық жағдайын тексеру).
Қарыздық және инвестициялық операцияларға
бақылау жасау. Басқарма заңды түрде несие
мен бағалы қағаздар портфелінің құрылымына
банк саясатының бекіткен мақсаттарына
сәйкес бақылау жасайды.
Банк қызметінің мерзімді тексеру. Басқарма
мүшелері банктің операцияларына жалпы
бақылауды жүзеге асырады. Өз мәжілістерінде
басқарма, бөлім жетекшілерінің есептерін
тыңдайды және банк ісін талқылайды. Басқарма
мүшелері өздерінің шешімдері, зияндары,
қателіктері, банктер туралы заңда бағынбағандары
үшін жауапты.
Кеңес коммерциялық банктегі акционерлер
жиналысының нұсқауына сәйкес тәжірибелік
қызметті жүргізетін ең жоғары басқару
органы болып табылады. Кеңес (басқарма)
тәжірибелік операцияларға жетекшілік
жасау және жүзеге асыру үшін банкті басқаратын
құрылым құрады. Операцияларды басқару
ресурстарды жинақтау қызметтеріне және
оларды пайдалану тәсілдеріне бөлінуге
негізделген.
Директорлар кеңесі іс - тәжірибелік операцияларды
жүзеге асыру және басшылық ету үшін банкінің
басқару құрылымын құрады. Өкілеттік көлемі
мен өз бетіндік дәрежесі бойынша басқару
құрылымы 3 деңгейден тұрады.
1. жоғарғы менеджерлер;
2. администраторлар;
3. қадағалау және ревизиялық функциялар
берілген тұлғалар.
Жоғарғы менеджерлер - бөлімдер мен службалардың
қызметтерін шоғырландырады, олардың
бағдарламаларымен нақты мақсатын айқындайды,
кеңес және олардың жұмыстарына бағасын
береді. Олар өздерінің басты назарын
банк жұмысының нәтижесіне аударды.
Администраторлар - бөлімше жетекшілері.
Олардың басты мақсаты - өздерінің бөлімшелерінің
дұрыс жұмыс жасауын қамтамасыз ету.
Үшінші деңгейдегі қызметкерлерге – қадағалаушылар
жатады. Бұл қатардағы жұмысшыларға көмек
көрсететін, күрделі және даулы сұрақтарды
шешетін, нақты жағдайлар бойынша кеңес
беретін, персоналды оқытумен айналысатын
шағын маманданған топтар немесе бөлімшелерге
басшылық ету тапсырылған неғұрлым мамандандырылған
кәсіпқой мамандар.
Бақылаушы – бухгалтерлік және статистикалық
бөлімінің жұмысын басқарады, жұмыстың
жаңа тәсілдерін және есептің автоматтандырылуымен
айналысады.
Банктің құрылымы, бөлімдерінің саны,
қызметтердің мамандануы, жетекшілердің
құрамы, өкілеттіліктердің бөлінуі тағы
сол сияқты факторларға байланысты және
экономикалық біртұтастығымен анықталады.
Банк құрылымын ұйымдастырудың ұтымдылығын
талдау – жалпы банктегі еңбекті тиімді
ұйымдастырудың, оның коммерциялық қызметінің
маңызды шарты. Банктің ұйымдастырушылық
құрылымының негізгі белгілері – банктің
орындайтын операциясының көлемі мен
экономикалық мазмұны болып табылады.
Банктік іс тәжірибеде банктік ұйымдастырушылық
құрылымының 2 түрі бар: функционалдық
және дивизионалдық.
Функционалдық ұйымдастырушылық құрылымы
банк қызметінің жекелей бөліктерге бөлінуі,
іс-әрекеттің немесе қызметінің оқшауланған
саласының белгілі бір дәрежеде көрсетілуі,
олардың жүзеге асырылуы банктердің алдына
қойған мақсатына жетуге септігін тигізеді.
Мұндай банк қызметтерінің оқшауланған
салаларына, әдетте банк операцияларын
басқару, маркетинг, бухгалтерлік есеп
пен есеп беру және шаруашылық басқару,
тағы басқалар жатқызылады. Бұл функционалдық
блоктардың шешетін міндеттерінің көлеміне
байланысты шағын бөлімше құрылуы мүмкін.
Дивизионалдық ұйымдастырушылық құрылымы
үнемі өзгеріп отыратын нарық жағдайында,
несиелік мекемелердің арасындағы бәсекелестіктің
өсуі жағдайында қолданылады. Мұндай құрылымда
банк бөлімшелері функционалдық белгілері
бойынша бөлінбейді, ал банктердің ұсынатын
өнімдерінің түрлеріне сәйкес тұтынушылардың
топтары аймақтық белгісі бойынша бөлінеді.
Бөлімшелер деген ұғымға әр түрлі құылымдық
бірліктер – басқару бөлімдері, қызметтер,
секторлар кіреді.
Банк өзнімінің әр түрлі түрлерін көрсетуге
бейімделген құрылымдар да, өз клиенттеріне
қызметтің жеке түрлерін үлкен көлемде
көрсететін банктер де жиі кездеседі.
Операциялардың нақты түрін көрсетуге
маманданған бөлімшелердің жетекшілері
жоғары білікті, осы салада үлкен тәжірибесі
бар оның мамандары, оны жоғары бәсекелес
қабілетті етеді. Өнімдерінің белгісі
бойынша ұйымдастырылған банктер, осыған
орай, қызмет көрсетудің сапасы әлемдік
стандартқа жеткізуде, сонымен бірге банктің
өнімдерінің жаңа түрлерін дамытуда қосымша
артықшылықтарға ие.
Тұтынушылардың әр түрлі топтарына бейімделген
құрылым. Мұндай принциптер бойынша құрылған
банкткер өзінің басты назарын клиенттердің
белгілі бір тобына бөледі, басқаша айтқанда
белгілі бір тұтынушылардың сегментіне
көңіл бөледі. Ірі банктердің құрылымында:
корпарацияларға қызмет көрсету басқармасы,
несиелендіру бөлімі, инвестициялық қызмет
көрсету, трасталық операция; тиісті бөлімдері
бар тұрғындарға қызмет көрсету басқармасы
бар.
Аймақтық ұйымдастырушылық құрылымы.
Банктер үлкен географиялық ауданды қамтып
іс-әрекет еткен кезде, оның ұйымдастырушылық
негізінде іс әрекет ететін бөлімдердің
торабы арқылы құруды болжайтын, әр түрлі
аумақтарда өз қызметін ұсынатын аймақтың
ұйымдастырушылық құрылымы приципі жатуы
мүмкін. Мұндай обылыс, аудан шегінде клиенттерге
қызмет көрсетуге бағытталған құрылым
жергілікті жағдайларға дұрысырақ білуге
мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде республикада банк қызметтерінің
сан алуан түрін көрсетуге, әртүрлі клиенттер
топтарымен жұмыс жасауға, сонымен бірге,
аймақтың жергілікті ерекшеліктеріне
бейімделген коммерциялық банктердің
дивизиондық құрылымы құрылған.
Банктің жалпы ұйымдастырушылық құрылымында
бөлімдердің екі типін бөліп көрсетуге
болады: желілік функцияларды орындайтын
және штаптық функцияларды орындайтын
бөлімдер.
Желілік бөлімдер тікелей операциондық
жұмыспен айналысады: салымдық, несиелік,
трасталық, бағалы қағаздарды сату сатып
алу және т.б.
Штабтық бөлімдер – желілік бөлімдерге
қызмет көрсетумен айналысады. Яғни, инфрақұрылымдық
оның дұрыс жұмыс жасауын қамтамасыз етеді.
Бұл жоспарлау, кадрлар,заң,
Депозиттік операцияларды басқару банктің
меншіктік капиталымен тартылған қаражаттарды
есептеу және талдауым айналысады. Ол
әдетте депозиттік операция, қор бөлімдерінен
тұрады. Бұның біріншісі салымшылармен
шарт жасасумен, депозиттік қаражаттарды
есептеу, талдаумен айналысады, екіншісі
банктік меншіктік қаражаттарын есептеу
және талдаумен айналысады.
Несиелік басқарма қарыз алушыларды несиелендіру
сұрақтарымен айналысады. Ол әдетте тұрғындарды
қысқа мерзімді несиелендіру, банкаралық
операция және тағы басқа бөлімдерден
тұрады.
Банктің филиалдарын басқару филиалдардың
қызметіне жетекшілік етумен, бақылаумен,
банк филиалдарына іс-тәжірибелік әдістеменлік
көмек көрсетумен айналысады.
Есеп-кассалық операциялар басқармасы
– клиенттнрге шот ашумен, кассалық операцияларды
және есеп айырысуды жүргізумен айналысады.
Валюталық басқарма валютамен операцияларды
жүргізуге арналған. истикалық және талдау
бөлімі статистикалық ақпараттарды талдау,
жинаумен және клиенттерге ақпараттық
– анықтамалық қызмет көрсетумен айналысады.
1.3. Коммерциялық банктердің қызметтері
мен операциялары
Коммерциялық банктердің екінші дәстүрлі-базалық
қызметі-экономиканы және халықты несиелендіру.
Бұл қызмет банктік қызмет көрсету аясындағы
маңыздыларға және банкінің актив операцияларына
жатады. Соның арқасында банктер несиелік
институттарға қатысты болады.
Несиелік операциялар – бұл несие беруші
мен қарыз алушының арасындағы біріншінің
екіншісіне төлемділік, мерзімділік және
қайтарымдылық шарттарында белгілі ақша
қаражаттары сомасын ұсынуы бойынша қатынастар.
Банктің несиелік операциялар активті
және пассивті болады. Активті несиелік
операциялар банктер мен қарыз алушылар
қарыз ұсынғанда, ал пассвтер, банк қарыз
алушы ролінде, ал клиенттер – несие беруші
ролінде болғанда пайда болады. Сәйкесінше
несиелік операциялардың екі нысаны болады:
қарыздық және депозиттер.
Коммерциялық банктің несиелік операцияларын
әртүрлі белгілері бойынша жіктеуге болады:
мерзімі бойынша – қысқа мерзімді(1жыл),
орта мерзімді (1-ден 5 жылғам дейін) және
ұзақ мерзімді(5 жылдан жоғары); қамтамасыз
ету түрлері бойынша – қамтамасыз етілмеген
және қамтамасыз етілген; банктің роліне
байланысты – активтік және пассивтік
қарыздық операциялар; несиелендіру мақсатына
байланысты – негізгі капиталды арттыруға,
айналым капиталын қаржыландыруға, тұтынушылық
мақсаттарға арналған қарыздыр.
Банктердің несиелік операциялары, банктердің
және клиенттің өзара қатынастары, қарыз
берудің барлық шарттары реттерліп жасалған
несиелік келісімшарттар негізінде жүзеге
асырылады. Несиелік келісімшарттың шарттары
коммерциялық банкпен жүргізілетін несиелік
саясаттың әрбір нақты сәтіне байланысты.
Несиелік саясаттың құрамдас бөлігі болып
пайыздық саясат болып табылады.
Лизингтік операциялар. «Лизинг» ағылшын
тілінен аударғанда жалға беру деген ұғымды
білдіреді. Лизингтік операция деп ұзақ
мерзімді пайдаланатын заттарды (ғимарат,
машина, ұшақ, автомобиль, компьютерлерді)
жалға беру.
Лизинг бірнеше қызмет атқарады. Біріншіден,
ол негізгі қорларға ақша жұмсау, яғни
қаржыландыру формасы. Лизинг алушының
өз қаражаттарын бір уақыттық жұмылдыруынсыз,
немесе тартылған қаражатсыз өзіне керекті
мүлікті пайдалануға мүмкіндігі болады.
Ол мүліктің құнын бір жолғы төлеуден
босатылады. Екіншіден, бұл өндірісті
жаңа құрал – жабдықпен, алдыңғы техникамен
материалдық – техникалық қамтамасыз
етудің анағұрлым прогресивті формасы.
Лизинг түрлері әр түрлі:
1. Жедел лизинг анағұрлым қысқа мерзімге
беріледі. Оның объектісі болып моральдық
төзу қарқыны өте жоғары машиналар мен
құрал – жабдықтар.
2.Қаржылық лизинг анағұрлым ұзақ мерзімге
беріледі. Ол мерзім машиналар мен құрал
– жабдықтардың амортизациялық тозу мерзімімен
сәйкес келеді. Бұл жерде мәміле аяқталмай,
күшін тоқтата алмайды. Онда мүлікті лизинг
алушымен сатып алыну мүмкіндігі көрсетілген.
Қалдық құны бойынша лизинг пайдалануда
болған құрал жабдықтарды жалға беру.
Сондықтан лизинг объектісі бастапқы
құнымен емес, қалдық құны бойынша бағаланады.
Факторингтік операциялар – клиентпен
төленбеген қарыздық талаптар бойынша
төлемді талап ету құқын басқаға беру.
Факторингтің мәні – банктер өз клиенттерінен
төлем құжаттарды пайыздық ақы үшін сатып
алу. Бұндай мәміле келісімшартпен жүзеге
асады. Ол келісімшартта сатып алынған
қарыздың сомасы және пайыз көрсетіледі.
Бұл пайыз көрсетілген қызмет үшін қарыздың
қандай мөлшері алынатынын көрсетеді.
Халықаралық факторинг туралы Конвенцияға
сәйкес, келесідей төрт белгі қанағаттандырылғанда
ғана факторинг операциясы болып саналады.
- қарыздық талаптарды алдын ала төлеу
формасында несиелеудің болуында;
- жабдықтаушымен бухгалтерлік есеп жүргізу
мен өткізу есебінен;
- жабдықтаушы қарызын инкассалау;
- несиелік тәуекелден жабдықтаушыны сақтандыру;
Факторингтік келісімнің бірнеше типі
бар. Толық қызмет ету туралы келісім әдетте
факторингтік компания мен жабдықтаушы
тұрақты, ұзақ қатынаста болатын болса,
қолданылады. Толық қызмет ету мыналарды
қамтиды: күмәнді қарыздардың пайда болуынан
толық қорғау, несиені басқару, сатуды
есептеу, белгілі бір мерзімге төлем формасындағы
несиелеу.
Регистік құқы бар толық қызмет етудің
алдыңғысынан айырмашылығы – факторингтік
компания жабдықтауды көрсететін несиелік
тәуекелді сақтандырмайды. Бұның мәні
компания егер төлем құжаттары төленбесе,
оларды жабдықтаушыға қайтарып бере алады.
Трасталық операциялар. Коммерциялық
банктер өздеріне сенімді тұлғаның қызметтерін
қабылдап, өздерінің жеке және корпаративті
клиенттері үшін әр түрлі қызметтер орындайды.
«Траст» - сенім дегенді білдіреді. Капитал
иесі өз капиталын басқа тұлғаға оның
мүддесін қорғап отырып, иелік етуге сенім
білдіріп тапсырады, яғни траст деп банктердің,
басқа қаржылық институттардың мүлікті
және капиталды басқарумен байланысты
көрсетуін айтады. Бұл операциялар келісім
негізінде жүзеге асады, ол келісім трасталық
деп аталады.
Коммерциялық банктер трасталық операциялармен
қасымша табыс алу үшін айналысады. Сол
сияқты корпарациялар, фирмалар және олардың
ақша қаражаттарын басқару үшін, ірі клиенттермен
байланыс орнату үшін айналысады.
Трасталық қызметтер үшін комиссиондық
төлемақыны әрбір операцияға дифференциалды
түрде қояды: агенттік қызметтер үшін
келісімді түрде, басқаларына заңмен немесе
сот шешімімен қойылады.
Инвестиция дегеніміз – бұл халық шаруашылығына
мемлекет ішінде және шетелде, оны қайта
құру және кеңейту, сол сияқты пайда алу
мақсатында ұзақ мерзімді қаражат бөлу.
Тікелей инвестиция – бұл қаражаттарды
тікелей өндіріске, құрал – жабдықтарды
сатып алу және әлеуметтік, өндірістік
сипаттағы объектілерді салуға жұмсалады.
Портфельдік инвестициялар бағалы қағаздарды
сатып алу арқылы және ұзақ мерзімді банк
несиелерін беру арқылы жүзеге асады.
Жеке, мемлекеттікғ шетелдік инвестициялар
инвестициялық заңдармен реттеледі, ол
заңдарға жеке шаруашылық бөлімшелердің,
банктердің инвестициялық іс-әрекеті
тәртібі ережелері анықталады және инвестор
құқтары қорғалды.
Коммерциялық банктердің инвестициялық
қызметінің мақсаты - қаражаттардың сақталуын
қамтамасыз ету, диверсификацияны, табысты
және өтімділікті қамтамасыз ету.
Бағалы қағаздар – бұл арнайы түрде рәсімделген
қаржылық құжаттар, оларда көрсетілген
құқты жүзеге асыру үшін сол бағалы қағаздарды
ұсыну қажет. Олар қорлық (акциялар, облигациялар)
және коммерциялық болады (вексельдер,
чектер).
Қордық бағалы қағаздар, әдетте эмиссияның
массалық сипатымен ерекшеленеді, олар
өте көп мөлшерде эмиссияланады және акционерлік,
немесе облигациялық қорда белгілі бір
үлеске ие екенін растайды.
Олар негізгі және көмекші болып бөлінеді.
Негізгі қорлық бағалы қағаздар негізгі
мүліктік құқық немесе талапқа негізделген
(акция, облигация), ал көмекші бағалы қағаздар
қосымша құқтар мен талаптарды білдіреді(купондар,
талондар).
Мәлімдеуші бағалы қағаздар – бұл мәлімдеуші
чектер, акциялар, облигациялар, салымдық
анықтамалары, қоймалық анықтамалар және
т.б. Оларды сату және иесінің құқтарын
растауы үшін тек мәлімдеу керек.
Бағалы қағаздармен операциялар жүргізуге
коммерциялық банктерде мынадай құрылымдар
ұйымдастырылады: ірілерінде – департамент
немесе басқарма басқарма, орташалары
мен кішілерінде – инвестициялық немесе
қор бөлімдері. Олар банктердің инвестициялық
саясатын банк есебінен, немесе клиент
тапсырмасы бойынша жүргізеді, сол сияқты
кәсіпорындардың, ұйымдардың, ведомостволардың
бағалы қағаздарын шығарып сата алады,
клиенттің бағалы қағаздар портфелін
сәйкес ақыға сақтап, басқарады.
Бағалы қағаздар нарығы – бұл қаржылық
нарықтың анағұрлым дамыған бөлігі, оған
ақша және капитал нарықтары кіреді. Республикамыздың
қаржы нарығы, бағалы қағаздар нарығымен
қоса, инфляция қарқынының өсуіне байланысты
қиындық көріп жатыр. Нарықта айналыста
жүрген бағалы қағаздарға деген қызығушылық
та төмендеп тұр. Жалпы айтқанда, Республикамызда
банктердің инвестициялық қызметі алғашқы
даму самтысында.
Коммерциялық банктер пайда табу үшін
басқа эмитентердің бағалы қағаздармен
сауда – саттық операцияларды жүргізеді.
Берілген опрерациялар бірнеше қызметтерді
атқара алады: олар өтімділігі жоғары
табысты активтерді қалыптастыру құралы
бола алады. Бұл операциялардың басқаша
тағайындалуы – алыпсатарлық табыс алу.
Бағалы қағаздар нарығының бағалық коньюнктурасы
алыпсатарлық операциялар үшін қолайлы
болып келеді. Банктер коммиссиондық төлем
ақы үшін бағалы қағаздарды сақтайды,
олардың есебін жүргізеді және бағалы
қағаздарды сақтайды, олардың есебін жүргізеді
және бағалы қағаздармен басқа да депозиттік
қызметтерді көрсетеді.
Кеңес беру қызметі. Коммерциялық банктер
өздерінің клиенттеріне банктік мекеменің
ерекшеліктеріне байланысты, экономика
және қаржы, инвестициялау, несиелеу, есеп
айырысу, есеп жүргізу және есеп беруге
байланысты кеңес беру қызметін көрсетеді.
Бұл қызмет көрсетулер банктер
тарапынан пайда табу мақсатында ғана
емес, сондай-ақ клиенттерге банк ісінің
қырларын білу үшін, жаңа қызмет түрлеріне
қатысты толық түсіндірмелер беру арқылы
жаңа клиенттерді тартуға да байланысты
көрсетіледі.
Ақпараттық қызмет көрсету. Қазіргі кездегі
телекоммуникациялар, компьютерлік байланыстарды
игере отырып, банктер жеткілікті түрде
коммерциялық немесе коммерциялық емес
ақпараттарды да иеленеді. Сонымен қатар,
банктер клиенттерге әр түрлі қызметтер
көрсете отырып, олардан түрлі мәліметтер
алады. Ақпарат алудың басты көзі басқа
банктермен және ірі ақпараттық агенттіктермен
өзара ақпараттар алысу болып табылады.
Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау
– коммерциялық банктердің алғашқы дәстүрлі-базалық
қызметі. Бұл банктің пассиві меншікті
капиталымен тартылған қаражаттардан
тұрады. Меншік капиталы – банктің несиелік
ресурстарының маңызды және ажырамас
бөлігі, бірақ ол оның барлық ресурстарының
тек 10 %-ын құрайды.
Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда
барлық міндеттемелер коммерциялық банктерге
меншікті капиталдың тартылған ресурстарға
өзара қатынасында өз міндеттерін жүзеге
асыруға және дұрыс қызмет етуіне мүмкіндік
береді. Ең алдымен меншікті капитал банк
қызметін бастау үшін қажет. Сонымен қатар,
офисті, жабдықтарды сатып алу және еңбекақыны
төлеу, сондай-ақ банктің қорғаныс кепілдік
қоры, осы сипатты меншікті капитал маңызды,
сөзсіз міндетті қор болып табылады, банктің
тұрақтылығы мен оның жұмысының тиімділігін
қамтамасыз ету үшін банктік қаражаттар
құрылымында оның ролі өте жоғары.
Дәстүрлі түрде осы қаражаттардың негізгі
бөлігін депозиттер құрайды. Депозит пен
банктің кленттерінің жинақ салымдарынан
басқа мерзімді және мерзімсіз салымдарының
барлығын түсіндіріледі. Банктердің ақшалай
қаражаттарды салымдарға тарту және оларды
пайда табу мақсатында
орналастару жұмыстары депозиттік операциялар
деп аталады. Осылардың негізінде коммерциялық
банктердің несиелік ресурстарының негізгі
бөлігі құалады. Шетелдік банктік тәжірибеде
алып тастау тұрғысынан қарағанда талап
еткенге дейінгі депозиттер, мерзімді
және жинақ салымдары деп ажыратылады.
Талап еткенге дейінгі депозиттер белгісіз
уақытта салымшылардың ағымдағы, есеп
айырысу шоттарында болатын ақшалай қаражаттар,
олар банкті алдын ала ескертусіз кез
келген уақытта салымшырармен алынуы,
немесе басқа шотқа аударылуы мүмкін.
Әдетте банк талап еткенге дейінгі салымдар
бойынша ең төмен пайыз төлейді, ал кейбір
жағдайларда олар бойынша сыйақы мүлдем
төленбейді. Кейбір мемлекеттерде пайыздарды
есептеуге заңды тәртіппен тыйым салынған.
Депозиттердің екінші тобын мерзімді
салымдар құрайды. Терминнің өзінен көрініп
тұрғандай, мерзімді салымдар белгілі
бір айдан жоғары мерзімге орналыстырылады.
Салымшы үшін ақшаларды ұзақ мерзімге
салудың мәні жоғары пайыздарды табу болып
табылады. Сондай-ақ банк үшін бұл депозит
тиімді, өйткені ол жоғары пайыз табумен
қандай да бір қарыз алушыға қарыздарды
ұсыну үшін осы қаражаттарды ұзақ уақыт
бойы иемдене алады. Мерзімді салымдар
меншік меншікті салымдар және кері алу
туралы ескертуі бар мерзімді салымдар
болып бөлінеді. Меншікті мерзімді салымдар
шот иелеріне алдын ала белгіленген күні
қайтарылады, ал осы күнге дейін банк оларды
өз қалауын бойынша иемденеді. Егер шот
иесі белгіленген күні соманы кері алмаса,
онда оны сол күннен кейін ағымдағы шот
секілді пайдаланады, сондай ақ ол өз ақшаларын
кез-келген келесі күндерде кері ала алады.
Депозиттердің үшінші түрі – жинақ салымдары.
Олардың кеңірек тараған түрі кәдімгі
жинақ шоты деп аталатын жинақ салымы.
Шот иесі шотқа ақша салу, немесе одан
кері алу үшін жинақ кітапшаларын міндетті
түрде ұсыну керек. Депозиттердің басқа
түрлеріне қарағанда жоғары пайыздардың
төлеудің жинақ салымдары құнтты демеу
және салымшылардың жинақтарын банктерде
сақтауды ынталандыру үшін пайдаланады.
Халық пен коммерциялық емес ұйымдар кәдімгі
жинақ салымдарын қолданалды.
Коммерциялық банктер негізінен өз клиенттерінің
шауашылық қызметтеріне қызмет көрсетумен
байланысты несиелік есеп айырысу және
қаржылық операциялардың барлық түрлерімен
айналысады.
«Қазақстан Республикасындағы банктер
мен банктік қызметтер туралы» Заңға сәйкес
банктер мынадай операцияларды орындай
алады:
- ақылы негізде депозиттерді тарату;
- клиенттер мен банк корреспонденттердің
шоттарын жүргізу және оларға кассалық
қызмет көрсету;
- қайтарымдылық, мерзімдік және төлемділік
шарттарымен заңды және жеке тұлғаларға
қысқа мерзімді несиелер беру;
- инвестицияланатын қаражаттар иелерінің
немесе иемденушілердің тапсырмалары
бойынша капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру;
- заңда көрсетілген тәртіппен өз бағалы
қағаздарын шығару (чектерді, вексельдерді,аккредитивтерді,
депозиттік сертификаттарды, акцияларды
және басқа да қаржылық міндеттемелерді);
- төлем құжаттарын сатып алу, сату және
сақтандыру, олармен басқа да операцияларды
жүргізу;
- банктік операциялар бойынша брокерлік
қызметтерді көрсету, клиенттердің тәуекелі
бойынша оларды агенттері ретінде әрекет
ету;
- клиенттердің тапсырмалары бойынша сенімдік
операцияларды (қаражаттарды қарау және
орналастыру, бағалы қағаздарды басқару);
- банктік қызметпен байланысты кеңес
беру қызметін көрсету;
- лизинтік операцияларды жүзеге асыру.
Ұлттық банктің арнайы лицензиялары бар
болса, банктер басқа да банктік қызметтерді
жүзеге асыра алады. Соның ішінде шетел
валюталарымен операцияларды жүргізу,
халықтың ақшалай салымдарын қарау.
II. Коммерциялық банктердің оның ішіндегі
«ТұранӘлемБанк» АҚ – ның қызметтері
мен операциялары.
2.1. «ТұранӘлемБанк» АҚ-ның экономикалық
жағдайын талдау.
“ТұранӘлем” банкінің тұтынушылық несиелендіру
бағдарламалары – бұл сіздің проблемаларыңызды
шешудің ыңғайлы жолы және халықтың тұтыну
тауарларын несиеге алу, әртүрлі қызметтердің
ақысын төлеу, тұрғын үй, автокөлік және
– өзге де құралдарды сатып алу үшін қажетті
соманы оперативті түрде беру. Бұл үшін
банкке көп құжат өткізудің қажеті жоқ,
берілген құжаттар мұқият қаралған соң
әрбір клиенттің өтініші бойынша шешім
қабылданады. “ТұранӘлем” банкінің тұтынушылық
несиелері – бұл ұзақ уақыт бойы ақша
жинамай-ақ, өзіңіздің қалаған затыңызға
жылдам қол жеткізуге мүмкіндік беретін
қолайлы ұсыныс.
Қызмет көрсетудің артықшылықтары:
1. Қаржыландыру құнының төмендігі. Банк
кешенді несиелендірудің әртүрлі схемаларын
пайдалана отырып, клиенттердің пайыздық
шығындарын тиімді жасауға ықпал етеді.
2. Пайыздық мөлшерлемелерді төмендету
мүмкіндігі. Несие операциялары бойынша
мөлшерлемелер рынок жағдайындағы өзгерістерге
сәйкес белгіленеді және түзетіледі, сондай-ақ
банк пен клиенттер арасындағы ынтымақтастықтың
берік орнауына қарай төмендетілуі мүмкін.
3. Несиелендіру мерзімін ұзарту мүмкіндігі.
Несие желілері аясында жобаларды қаржыландыру
тек төмен пайыздық мөлшерлемелерді қолдануға
ғана емес, сондай-ақ несиелендіру мерзімін
3 жылдан 5 жылға дейін ұзартуға мүмкіндік
береді. Несие алуға берілген өтініштер
жедел түрде қаралады. Банк қызмет көрсету
сапасын жақсарту үшін бар күшін салады,
осының нәтижесінде жобаны сараптау жұмыстары
тез арада жүзеге асырылады.
4. Несие алуға берілген өтініштер жедел
түрде қаралады. Банк қызмет көрсету сапасын
жақсарту үшін бар күшін салады, осының
нәтижесінде жобаны сараптау жұмыстары
тез арада жүзеге асырылады.
5. Аймақтарды қаржыландыру. Біздің банкіміздің
қызметтерін Республиканың барлық облыс
орталықтарында пайдалануға болады. Банктің
бүкіл Қазақстан бойынша тармақталған
аймақтық филиалдары мен есеп айырысу-кассалық
бөлімдері (ЕКБ), сондай-ақ шет елдерде
де бірқатар өкілдіктері бар.
Қазіргі банк жүйесі – бұл кез келген дамыған мемлекеттің ұлттық шаруашылығының аса маңызды саласы. Оның тәжірибелік рөлі, оның мемлекеттегі төлемдер мен есептерді басқаруымен, өзінің коммерциялық келісімдерінің көп бөлігін салымдар, инвестициялар және несиелік операциялар арқылы жүзеге асырумен, басқа да қаржылық делдалдармен қатар, банктер халықтың сақталымдарын фирмалар мен өндірістік құрылымдарға бағытталуымен анықталады.
Екінші деңгейлі банктер – кәсiпорындар мен мекемелерге, халыққа әр түрлi банктiк қызмет көрсететiн мемлекеттiк емес iрi несие беру мекемесi. Олар үкiметтiң, iскерлер мен миллиондаған жеке тұлғалардың салымдарын шоғырландыра отырып, қаржы жүйесiнiң орталығы болып қала бередi. Коммерциялық банктер қарыздық және инвестициялық операциялар арқылы өздерiнiң әр түрлi қорларына қарыз алушылардың қол жеткiзуге мүмкiндiк бередi.
Екінші деңгейлі банктер мемлекеттің қаржылық-несиелік саясаты бойынша әрекет ете отырып, айналымдағы эмиссияның, қолдағы бар ақша көлемін қосып жалпы массаның айналым жылдамдығына әсер етіп, ақша ағынының қозғалысын реттейді. Ақша массасы өсуінің тұрақтануы – бұл инфляция қарқынының төмендеуінің кепілі, баға деңгейі тұрақтылығының қамтамасыз етілуі және оған қол жеткізілген жағдайда нарықтық қатынастар халық шаруашылығының экономикасына ең тиімді түрде әсер етеді.
Отандық банктерге қолдау жасай отырып, мемлекет олардың ішкі экономика мен нақты секторды кредиттеу көлемін сақтайтындықтарына, атап айтқанда, шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыруларына және ипотекалық несиелеу бойынша қолайлы жағдайды белгілейтіндіктеріне сенім артуда.
Мемлекеттің мақсаты - жалпы жүйе тұрақтылығын қолдау және сақтау. Бұл мақсаттар үшін Қазақстанда тиісті реттеу мен қадағалау, сондай-ақ депозиттерге кепілдік беру жүйесі бар. Жүйе тұрақтылығына қауіп төнген жағдайларда мемлекет банк секторына жағдайды тұрақтандыруға қажетті тәртіпте және көлемде қаржылық қолдау көрсетеді.
Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдар тарту мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы операциялар бойынша пайыздық айырмадан алады. Бірақ осы екі қызмет төңірегінде банктік өнімдердің көптеген нысандары жасалынып шығуы мүмкін.
Қазіргі кезде әмбебап банктер банк қызметтерінің және қаржылық қызметтердің барлық аспектілерін түгелдей қамтитын өнімдердің кең қатарын ұсынады. Осы кезде басқа банктер бәсекелестік артықшылықты жаулап алу және оны мықты түрде сақтандырып қалу мақсатымен қатаң түрде белгілі бір қызметтер түрлерін көрсетуге мамандануға тырысады.
Қазақстанның алдыңғы қатарлы екінші деңгейлі банктері өзінің табыс базасын кеңейту үшін, табыстылықты және бәсекелік қабілеттілігін жоғарлату үшін өзінің клиенттеріне кең ауқымды операциялар мен қызметтер көрсетуге ұмтылатыны белгілі. Бұл жерде есте ұстайтын жағдай, банк қызметінің дамуы клиенттер және банктің өзі үшін минималды шығындармен банк қызметтерін көрсетуді, клиенттерге қажетті қызметтерге қолайлы бағаларды пайдалануды білдіреді.
Қазақстандық екінші деңгейлі банктер меншікті операцияларының негізінде жеткілікті тәжірибе жинақтап, оның ішінде клиенттеді несиелей отырып, экономиканың нақты қажеттеліктерін қанағатандырушылар болып отыр. Және де жоғары өтімділікті сақтай отырып, экономикалық өсуге септігін тигізуде.
Қазіргі дамып жатқан ақпараттық технологиялар заманында өз шаруашылығын жалғастыру үшін, қызмет ауқымын кеңейтіп, жоғары пайдаға қол жеткізу үшін көптеген кәсіпорындар тауардың жаңа түрін шығаруға, жаңа қызметтерді ұсынуға ұмтылуда. Осыған орай банктер де жаңа қызметтерді ендіруге және бұрынғы қызметтерді жетілдіруге үлкен назарын аударып отыр. Жаңа қызметтерге пластикалық карточкалар, банкаралық электрондық есеп-айырысулар, әлемдік Интернет байланыс жүйесіндегі қаржы нарығының құрылуы жатады.
Біздің еліміздегі қазіргі банктік институттар аталған жаңа қызметтерді атқара бастады. Клиенттің заказы бойынша маркеингтік зерттеуді, валюталық операцияларды, басқа да қызметтерді, соның ішінде, трасталық, ақпараттық-анықтамалық консультациялық, қор және т.б. жүргізеді.
Екінші деңгейлі банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы әртүрлі депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан өтімділікке деген клиенттерінің қажеттілігін қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін облигациялар немесе акциялар жұмсағанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады.
Банк операцияларының тиімді, икемді жүйесі кең ауқымды клиенттерімен ішкі жинақтарды шоғырландыруға жағдай жасау керек. Осыған байланысты өзгермелі экономиканың қалыптасып келе жатқан қажеттілігіне жауап бере алатын икемді банктік қызмет көрсету мәселесі ерекше мәнге ие болып отыр.
Қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтау үшін банктерге қосымша өтімділік берілді. Бұл шағын және орта бизнестің, ірі кәсіпорындардың экономикалық белсенділігін қамтамасыз ету үшін жасалды. Жеке тұлғалардың салымдары бойынша кепілді өтеудің сомасы ұлғайтылды.
Қазіргі банктік жүйе – бұл өз клиенттеріне ұсынылатын банк ісінің негізін анықтайтын дәстүрлі депозиттік-қарыздық және есептік-кассалық операциялардан бастап, банктік құрылымдармен (лизинг, факторинг, траст және т.б) қолданылатын ақша-несие және қаржылық құралдардың жаңа түрлеріне дейінгі әртүрлі қызметтер саласы болып табылады.
Банктер қызметінің мәні оларды басқа органдардан ажырататын функцияларды орындаудан көрініс табады.
Банк қызметін – банктің клиент мүддесі үшін белгілі бір іс-әрекеттерді орындауын сипаттауға болады. Кез-келген банк өнімінің негізінде қандай да бір қажеттіліктерді қанағаттандыру қажеттілігі жатады.
Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдар тарту мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы операциялар бойынша пайыздық айырмадан алады. Бірақ, осы екі қызмет төңірегінде банктік өнімдердің көптеген нысандары жасалынып шығуы мүмкін.
Қазіргі кезде әмбебап банктер банк қызметтерінің және қаржылық қызметтердің барлық аспектілерін түгелдей қамтитын өнімдердің кең қатарын ұсынады. Осы кезде басқа банктер бәсекелестік артықшылықты жаулап алу және оны мықты түрде сақтандырып алу мақсатымен қатаң түрде белгілі бір қызметтер түрлерін көрсетуге мамандануға тырысады.
Коммерциялық банктердің желісі ақша нарығының қалыптасуына ықпал етеді, ал заңды және жеке тұлғалардың мемлекетте уақытша бос ақша қаражаттарының болуы және оны экономика мен халықтың қысқа мерзімдік қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдалану ақша нарығының негізі болып табылады.
Коммерциялық банктер негізінен өз клиенттерінің шаруашылық қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады.
Банктердің Қазақстанның нарықтық экономикасындағы ролі қаржылық нарықтың белсенді сегменті ретінде ең бірініші несие сөзімен байланыстырған дұрыс болады. Нарықтық қатынастардың қалыптасуында және дамуында екінші деңгейлі банктер маңызды роль атқарады. Банктер қазіргі экономиканың орталық буыны болып табылады. Олардың қызметінің дамуы – нарықтық механизмдерді құрудың қажетті шарты. Банк қызметі жан-жақты. Қазіргі қоғамда олар әртүрлі операцияларды орындайды. Өз қызметтерін орындай отырып, банк ақша қаражаттарын тартумен байланысты әртүрлі операцияларды орындайды, кәсіпорындар арасындағы төлемдерді жүргізеді, құнды қағаздарды сақтайды.
Қазақстанның банктік жүйесіндегі екінші деңгейлі банктер тәуелсіз нарықтың ұйымдастырылған құрылымы болып табылады және экономикалық даралықтың жоғарғы деңгейімен ерекшеленеді. Банктер өздерінің қызметтерінің нәтижелері үшін толық экономикалық жауаптылық артады. Қазіргі екінші деңгейлі банктер туралы сөз қозғағанда, несиелік жүйенің басқа да буындары сияқты олардың үнемі дамып отырғандығын айта кету керек. Яғни, операциялар формасы, бәсеке әдістері, бақылау және басқару жүйелері өзгеруде.
Нарықты және нарықтық инфрақұрылымдарды, шаруашылық байланыстарын орнықтырудың жаңа тетіктерін қалыптастыру және кәсіпкерлік пен бәсекелестікті дамыту, шаруашылық жүргізудің: бүкіл еларалық, республикалық, аймақтық, жергілікті сатыларында, сондай-ақ меншік түрлеріне қарамастан әрбір шаруашылық бірлігі деңгейінде экономикалық тәуекелдер теориясын, оларды бағалау мен реттеудің әдістерін әзірлеп жасауды талап етеді.
Аталмыш проблемаларды шешуде банк жүйелері басты рөл атқарады. Бұл – ел экономикасының тұрақсыздығы жағдайындағы банктер мен несие қатынастары рөлінің өсе түсуімен және нарықтық қатынастардың дамуымен айқындалады. Банктер ссудалық капитал, бағалы қағаздар нарығын, валюта нарығын ғана қалыптастырмайды, сонымен бірге тауар биржаларын және жаңа шаруашылық құрылымдарын құру мен олардың қызметін жүргізуге де қатысады, негізі бойынша ұйымдар мен кәсіпорындардың қаржылық жағдайы, тауар, сауда және валюта нарықтарының конъюнктурасы, аймақтың экономикалық хал–ахуалы туралы қажетті ақпараттардың бірден-бір иеленушісі болып саналады. Соңғы айтылғандар банктердің өз клиенттерінің сыртқы және ішкі коммерциялық және саяси тәуекелдерін зерттеудің маңыздылығын растайды.
Қазақстандық коммерциялық банктер меншікті операцияларының негізінде жеткілікті тәжірибе жинақтап, оның ішінде клиенттеді несиелей отырып, экономиканың нақты қажеттеліктерін қанағатандырушылар болып отыр. Және де жоғары өтімділікті сақтай отырып, экономикалық өсуге септігін тигізуде.
Өзінің ерекшелігіне қарай банктік несие – несиелік қатынастар жүйесіндегі елдің қаржылық ресурстарға қажеттілігін қанағатандыратын және ең көп тараған көзі болып табылады. Банктік несие – бұл банктердің, арнайы несие-қаржылық мекемелерінің қарыз алушыларға ақшалай қарыз түрінде беретін несиесі. Банктік несие коммерциялық несиенің шектеулерін жояды. Бос ақшалай капиталдар кез келген өндіріс саласына беріледі және банктік несие арқылы кез келген бағытта қозғала алады.
Банктік несиені қайтымды инвестициялау негізінде қарастыруға болады. Ол Қазақстандағы капиталдың құрылуына әсерін тигізіп, экономикалық өсімнің факторы ретінде саналады. Сонымен қатар, құралдарды тартудың балама көздерінің дамымағандығынан Қазақстанның коммерциялық банктерінің несиелік операциялары жалпылай алғанда экономиканы ішкі ақшалық ресурстармен қамтамасыз ететін көзді құрайды. Сондықтан да, отандық банктердің өзінің негізгі қыметі – экономиканы несиелендірудің сапалы нәтижесінен нақты экономика салысының қаржылық қамтамасыз етілуі мен оның құрылымдық даумы тәуелді болады.