Банк менеджментінің түсінігі және ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 13:43, курсовая работа

Описание работы

Дамыған елдерде менеджмент өндіріс нәтижелілігін көтеруде маңызды факторлардың бірі болып саналады. Салыстырмалы түрде қосымша қаржысыз аз шығынмен жоғары нәтижеге жетуге болатындықтан менеджментке соңғы жылдары ерекше мән беріп жүр.
Менеджменттің негізгі мақсаты-басқарудың оңтайлы жүйесі есебінен пайда табу. Демек, менеджмент бизнеспен, кәсіпкерлік қызметпен, қатаң бәсекелестік жағдайында дамыған нарықтық қатынастары бар елдердегі бизнеспен, кәсіпкерлік қызметпен тығыз байланысты.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................2
I тарау Банк менеджментіне жалпы сипаттама
1.1. Банк менеджментінің түсінігі және ерекшеліктері......................3-9
1.2. Банк менеджментінің негізгі бағыттары.......................................10-14
II тарау Банктердегі басқару процессіне сипаттама.
2.1. Банктердегі басқаруды ұйымдастыру...........................................15-19
2.2. Банктерді басқару принциптері ....................................................20-26
III тарау Банктік менеджментті жетілдіру жолдары....................27-31
Қорытынды ............................................................................................32-33
Қолданылған әдебиеттер тізімі .............................................................34

Работа содержит 1 файл

Банк менеджменті.doc

— 183.00 Кб (Скачать)

III тарау Банктік менеджментті жетілдіру жолдары

Қазақстан Республикасындағы  банктік басқарудың жоспарлауы. Стратегиялық жоспарлау ретінде ең алдымен ағымдағы және келешектік жоспар мен олардың уақтылы орындалуына бақылау жасалуы түсініледі. Банктердің көшпілігінде басқару процесі үш деңгейде өтеді. Шешімдерді мыналар қабылдайды:

а)жоғарғыбасшылық;                 
          ә) бөлімше басшылары;

б)мамаңдандырылған функциональды бөлімдердің басшылары. 
           Стратегиялық жоспарлар, әдетте, 3-5 жыл мерзімге дейін құрылады.             Стратегиялық жоспарлаудың кейбір жалпы жағдайлары бар:

  • банктің жалпы стратегиясын эксперттер тобы әзірлейді және алғашқы инвестиция бөлінгенге дейін жоғары басшылық мақұлдап, қолдауы тиіс;
  • стратегия жасап шығару барысында нақтылы іске асатын мақсаттар қойылып, оларға жетудің нақты жоспарлары жасалады;
  • ұсынылатын жұмысты орындайтын мамандар аясы анықталады;
  • қызметкерлерді, менеджерлерді және техникалық еңбеккерлерді даярлаудың стратегиясы ойластырылады;
  • стратегиялық және ағымдағы жоспарлар үйлестіріледі,
  • негізгі құрам мен тиісті тәртіппен даярланады;

Жоғары басшылық тарапынан стратегиялық жоспарлардың орындалуын үнемі бақылау жүзеге асырылады. Банктегі қаржылык менеджмент мыналарды басқарады:

  • банктің меншікті капиталын;
  • активтерін;
  • қарыздың (заем) қаражатын;
  • пассивтерін;
  • пайданы;
  • инвестициялық қоржынды;
  • коммерциялық банктің өтемпаздығы.

Меншікті капитал - АҚ, не болмаса ЖШС (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) нысанында құрылған коммерциялық банктің қай-қайсысының да қаржылық ресурстарының қажетті, ажырағысыз бөлігі. Меншікті капиталды жарғылық қор түрінде қалыптастыру дегеніміз - коммерциялық банктің іс-әрекеті басталуы алдындағы ізашар, міндетті түрде болатын кезең.

Меншікті капиталды  басқару сапасы былайша бағаланады:

а) тартылған капиталдың (облигациялар, ұзақ мерзімді сипаттағы вексельдер) акционерлікке қатынасын анықтау (50%-тен аспауы тиіс);

ә) дивиденд төлемдерін ұқсас банктер тобы бойынша тиісті орташа көрсеткіштермен салыстырумен.

Әлемдік банк тәжірибесінде банк капиталының жеткіліктілігін бағалаудың негізгі көрсеткіштері мыналар:

  • банк жарғылық капиталының ең аз шамасы;
  • I және II деңгейдегі капитал арасындағы арақатынас (негізгі және екінші реттегі);
  • тәуекелді ескеріп, безбенделген, I деңгейдегі капиталдың активтерге қатынасы ретінде есептелетін капиталдың жеткіліктілік коэффициенті;
  • «левереджа» (тетік) коэффициенті;
  • жиынтық капитал мен активтердің өсуі қарқының арақатынасы;
  • активтердің сапасы.

Отандық тәжірибеде банктің  меншікті капиталына мыналар кіреді:

  • жарғылық капитал;
  • резервтік капитал;
  • әр түрлі қорлар;
  • ағымдағы жылдың пайдасы.

Банктің белсенді операциялары банктің елеулі және белгілі бір бөлігін құрайды.

Активтерді  басқарудың негізгі принциптеріне  мьшалар жатады:

- активтер құрылымының мақсатқа сәйкес жөн-жосығын сақтау;

- белсенді операцияларды әртараптандыру (диверсификациялау);

- тәуекелділікті бақылау және резервтер құру; 
         -  активтердің табысты болуын қалау.

Басқару жүйесіндегі  коммерциялық банк. Стратегиялық менеджмент коммерциялық банкті басқару мәселелерін қаржы нарығының объектісі ретінде қамтиды.

Отандық банк жүйесін  реформалау процесі елдің қаржылық секторын дамытуда өзінің жетекші орында екендігін көрсетті. 2003 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанда жұмыс істейтін банктердің жалпы саны 38-ге жетті, оның ішінде мемлекеттік - 2.

2002 жылдың ішінде банктердің  жиынтық мемлекеттік капиталы 32%-ға (37,9 млрд теңге) асты және 161,2 млрд  теңгені құрады. Банк капиталдануының  айтарлықтай өсуі жалпы банк  жүйесінің баянды тұрақтылығының  артуын айғақтайды. Сонымен бірге, 2003 жылдың 1 қаңтарында 33 банктің жиынтық меншікті капиталы 1 млрд теңгеге тең болды немесе артты. Капиталдандыру мен банктердің ресурстық базасының өсуі жағдайында депозиттердің едәуір түсімі есебінен банк активтерінің ұлғаюы жалғаса береді. 2002 ж. ішінде банктің жиынтық активтері 40,2%-ке өсті және 1145 млрд теңге сомасын құрады.

Республикада банк жүйесінің  нығаюы мен қаржылық қызмет көрсететін қазақстандық сатушылардың клиеттерінің мүддесін қорғауға мүмкіндік беретін  шаралар қабылдануда. Оларға мыналар жатады, мысалы:

  • халықтың және зейнетақы қорларының ақшалай салымын 1999 ж. теңгенің құбылмалы бағамын енгізу кезінде құнсызданудан қорғау мақсатымен теңгелік депозиттерді айырбастау (конвертация) (бір валютаны қолданыстағы валюталық бағам бойынша басқасына айырбастау; қағаз ақшаны алтынға айырбастау мүмкіндігі);
  • депозитгердің (оның ішінде заттай және талап етілгенге) кепілді міндетті сақтандыру қорының пайда болуы;
  • 2000 ж. наурызында «ҚР-ның банк құпиялары мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын қабылдау.

Коммерциялық  банк  стратегиясын құрудың типтік  схемасына мыналар кіреді:

а) жалпы мақсат;

ә) уақытша ауқым;

б) стратегиялық бағдар:

  • банктің болашақтағы рөлі;
  • басқару міндеттері;

в) банктің жағдайын талдау:

  • банктің жағдайын (статусын) бағалау;
  • бэселестік позиция;
  • клиенттермен қарым-қатынас;
  • каржылық жағдай;

г)іс-әрекеттің жаңа ауқымын игеруде артықшылықтарды 
анықтау:

  • жаңа қаржылық қызмет көрсету;
  • жаңа қаржылық қүралдар;
  • жаңа клиенттер;

ғ) жаңа өндірісті құру жоспарын жасау;

д) нақты каржылық міндеттерді анықтау;

е) банктік әлеуеттің дамуы;

ж) стратегиялық жоспарлау мен жедел жоспарларды үйлестіру;

з) қосарланушы талдау жүргізу.

Коммерциялық  банктің несиелік операцияларын  басқаруға мыналар кіреді:

  1. несиелік қатынастар технологиясы;
  2. несиелік тәуекелділік.

Коммерциялық  банктің пайдасын басқарудың құрамдас элементтері бұлар:

  • банк кірістерін басқару;
  • банк пайдасын қалыптастыруды бақылау;
  • сандық және сапалық тұрғыдан алғанда банктің табыстылығы мен пайда деңгейін бағалау;
  • банктік өнім мен көрсетілетін қызметтің тиімділігін бағалау.

Коммерциялық  банктің өтеу алатындығы (өтемпаздығы) оның іс-әрекетіне берілетін сапалық сипаттама болып табылады. Ол коммерциялық банктің активтерді ақшалай қаражатқа уақтылы және шығынсыз есебінен салымшылардың қажеттіліктілектерін қанағаттандыруға қабілеттілігін көрсетеді./3.220-222б/

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Осы курстық жұмысымызды қорыта келе, банктік менеджмент-жаңа нарықтар құру үшін банктің, жекелеген орындаушыларының қызығушылығына әсер ету және клиенттердің қаржылық дамуына неғұрлым қолайлы жағдайлар мен операциялар жасау процесі.

Басқару қатнасы менеджмент предметі болып саналады. Банк капиталымен оның ресурстарымен басқару әдістерін, сондай-ақ активтер мен пассивтерді басқару кешені банктік менеджменттің объектісі болып табылады.

Банктік менеджментің қызметі: ұйымдастыру, жоспарлау, үйлестіру, ынталандыру, бақылау.

Банктік менеджмент банктік қызмет көрсетудің жаңа нарықтарын құру, өзгерістерді басқаруға, адам және ұйымдастыру әлеуетін артыруға қаржылық материалдық ресурстарды сауатты пайдалануға, коммерциялық есептер мен баланстар негізінде банк қызметін коммерцияландыруға бағдарланған.

Банктік менеджментінің ерекшелігі алға қойған мақсаттарға  қатысты банктік менеджменттің  бірқатар счандық, сапалық және әлеуметтіккөрсеткіштерді орындауға бағдарланатындығынан тұрады.

Сандық көрсеткіштердің  банк қызматін басқарудың бүкіл аясына қатысы бар. Банк клиенттерімен олардың есеп шоттарының саны, депозиттер көлемі несие салымдары, инвеститциялар: банк жасайтын операциялар мен қызметтер көлемі.

Сапалық көрсеткіштер-банктің  кірістері мен шығыстарын көрсеткіштері, қаржы айналымын жылдамдық көрсеткіштері, операцияларды жасауға жұмсалатын көп еңбекті қажет етушілік шығындар көрсеткіштері, банк көрсететін қызметтердің көлемі, құрылымы мен сапасы бойынша клиенттердің талант-тілектерін қанағаттандыру дәрежесінің көрсеткіштері.

әлеуметтік көрсеткіштер ұжым мүшелерінің кәсіби даярлықтарын дамытуды, олардың еңбекке қатынасын, әлеуметтік проблемеларды шешу дәрежесін сипаттайды.

Банктік менеджментті екі  келіс тұрғысынан зерттеп-үйрену көзделеді: яғни банк қызметі тарапынан оған банктің әртүрлі операцияларын басқару жатады: ұжымды басқарудың екі үлгісін-жапондық басқару үлгісін және американдық басқару үлгісін бөліп көрсетеді.

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Хамитов Н.Н. Банк  ісі. Алматы: Экономика, 2006 ж.

2. Искакова З.Д. Банк  ісі: оқу құралы. Қарағанды, 2006 ж.

3. Бердалиев К. Менеджмент: оқу құралы. Алматы: Экономика, 2005 ж.

4. Указ Президента РК, имеющий силу Закона "О банках и банковской   деятельности   в   РК"   от   31    августа    1995г.

5. Финансовый анализ: Учебник /Под ред. Ефимовой О.В.- М.: Бухгалтер, 2002г. - 528с.

  1. Финансовый анализ в коммерческом банке: Учебник /Под ред.Шеремета А.Д.- М.:Финансы,2001г. - 256с.
  2. Финансовый анализ в коммерческих и некоммерческих организациях: Учебник /Под ред.Гвозденко А.А.-М.:Финансы,2001г. - 320с.
  3. Финансовый анализ коммерческой деятельности: Учебник /Подред.АбрютинойМ.С.-М.:Финпресса,2002г. - 176с.
  4. Финансовый менеджмент: Учебник /Под ред.Павлова Л.Н.-М.:ЮНИТИ,2001г. - 269с.

10. Финансово-кредитный словарь /М.:   Финансы и   статистика

1983г.І-Ш  тома.

11. Управление финансами: Учебное пособие Под ред. Кукукиной И.Г.-М.: Юристъ,2001г.

  1. Управление финансами: Учебное пособие /Под ред. Тренева Н.Н.- М.: Финансы,2000г.
  2. Банковское дело.Стратегическое руководство/ Под ред.Платонова В., Хиггинс М.: Консалтбанк,2001г.
  3. Банковские риски под.ред. Зотова В.С., Бишкек,2000 г.

15. Банковское дело Под ред. Лаврушин О.И.-М.: Изд.РОСТО,1992г.

 




Информация о работе Банк менеджментінің түсінігі және ерекшеліктері