Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 12:50, реферат
Қазақмыс Тобы (Қазақмыс ПЛС) табиғи ресурстарды өндіру жəне қайта өңдеу жөніндегі жетекші халықаралық компания болып табылады жəне мыс, алтын, мырыш, күміс, электр энергиясын, сонымен қатар мұнай өндіру салаларында аса қомақты қатысу үлесі бар. Қазақмыс Тобы, қатарына 15 кеніш, 10 тау-кен фабрикалары жəне 2 мыс балқытушы өндірістік кешендері қосылатын Қазақстандағы əлемдегі алда келе жатқан он мыс өндірушілердің бірі болып табылады.
Қазақмыс Тобы (Қазақмыс ПЛС) компаниясы қызметіне жалпы сипаттама
Қазақмыс Тобы (Қазақмыс ПЛС) компаниясының 2009-2011 жж қаржылық нәтиже көрсеткіштері
Қазақмыс Тобы (Қазақмыс ПЛС) компаниясының қаржылық тәуекелдері
Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Экономика және Бизнес Жоғары мектебі
Қаржы кафедрасы
СОӨЖ
Тақырыбы: «Қазақмыс
ПЛС» компаниясының қаржылық тәуекел түрлері және оларды басқару ерекшеліктері
Орындаған: Аманбекова А.
Ф08К4
Тексерген:
Керімбекова Н. Н.
Алматы,
2011
Жоспары:
Қазақмыс Тобы (Қазақмыс ПЛС) табиғи ресурстарды өндіру жəне қайта өңдеу жөніндегі жетекші халықаралық компания болып табылады жəне мыс, алтын, мырыш, күміс, электр энергиясын, сонымен қатар мұнай өндіру салаларында аса қомақты қатысу үлесі бар. Қазақмыс Тобы, қатарына 15 кеніш, 10 тау-кен фабрикалары жəне 2 мыс балқытушы өндірістік кешендері қосылатын Қазақстандағы əлемдегі алда келе жатқан он мыс өндірушілердің бірі болып табылады. Мысты өндіру руда өндіруден бастап мыс катанкасын жəне катодты мыс түріндегі дайын өнім шығаруға дейін толығымен интеграцияланған. 2009 жылы Топ меншікті рудасынан 320 мың тонна катодты мыс өндірді. Бұл өндіріс ішкі қажетіне электр энергиясын жеткізумен жəне ауқымды теміржол инфрақұрылымымен қамтылған. Қазақмыс Тобы басқа да металлдардың ауқымды көлемін, оның ішінде мырыш, күміс жəне алтын өндіреді. 2009 жылы Қазақмыс 149 мың тонна мырыш концентратын өндіріп шығарды. Қазақмыс əлемде ең ірі деген төртінші күміс өндіруші болып табылады (2009 жылы 17 млн унция күміс өндірді). Құрамына 2007 жылының шілдесінде сатылып алынған «Eurasia Gold Inc» компаниясы кіретін «Kazakhmys Gold» бөлімшесі, кен игеру жəне кен орындарын барлау жөнінде ірі жобаларды жүзеге асырып отыр. 2009 жылы Топ 182 мың унция алтын өндірді, оған тиесілі есептелінген əрі болжанып отырған 2,3 млн унция ресурстары бар. “Kazakhmys Power” теңгерімді қуаттылығы 4000 МВт құрайтын Қазақстандағы ең ірі деген Екібастұз көмір электр станциясының (ЕГРЭС-1) 50 пайыздық қатысу үлесін иеленіп отыр.
«Kazakhmys Petroleum» бөлімшесі 2007 жылдың сəуір айында иелігіне сатып алған Каспий маңы ойпатының шығыс шекарасында орын тепкен Шығыс Ақжар барлау блогында өзінің жұмысын жалғастырып отыр. Топ айналымға қабілетті FTSE-100 компаниялар тізіміне кіреді. Топтың акциялары Лондон Қор биржасында, сондай-ақ Қазақстан Қор биржасында саудаланады. 2009 жылы ол EBITDA 1,6 млрд доллар көрсеткішімен Топтың өнімдерін сату көлемі 3,7 млрд доллар шамасында болды. Топта шамамен 62000 адам жұмыс істейді, яғни басым көпшілігі қазақстандық азаматтар.
Қазақмыстың стратегиялық мақсаты – Орталық Азияда ауқымды табиғи ресурстарды игеру мүмкіндіктерін диверсификациялау жəне кеңейте түсуде белсене қатысу.
Қазақмыс
ПЛС – пайдалы қазба
Қазақмыс – Қазақстандағы ірі мыс өндіруші компания, ол осы саладағы аса ірі он әлемдік өндірушілер қатарына кіреді. Мыс өндіру бөлімшесінің өндірістік алаңқайлары Қазақстанның барлық аймақтарында орналасқан, оның ішінде 15 карьер мен жерасты кендері, 10 кен байыту фабрикасы және 2 мыс балқыту кешені де бар. Мыс болімшесінің иелігінде көмір шахталары мен электр станциялары бар. Олар кәсепорындардың қызметін жүзеге асыру үшін қажетті көлемдегі электр қуатын жеткізеді, ал артық көлемдегі электр қуаты сатылады.
Толықтай интеграцияланған өндіріс пен алуан түрлі өнімдердің арқасында Қазақмыс әлемдегі ең аз шығынды мыс өндірушілердің қатарына кіреді. Бұл артықшылықтар мен мол қорының бар екенін ескергенде, Топтың болашақта өсуі мен дамуының іргетасы мықты деуге болады. Топтың Бозшакөл және Ақтоғай деген екі ірі жобасы бар. Осы жобалар өз өндірісін 2014 мен 2015 жылдарында бастайды. Қазақмыс Екібастұз ГРЭС-1, Қазақстандағы ең ірі электр станциясының, 50 пайзының иесі. Топ сол станция мен иелігіндегі бірнеше ТЭЦ-терді меңгеру арқылы Қазақстандағы электр қуаты ұсынымының 20 пайызынан астамын меңгереді. 20 жыл өндіруге жетерлік кен қоры бола тұрып, Қазақмыс Қазақстандағы ең ірі мыс өндіруші болып танылады. Топ, ішкі нарыққа таратылатын қазақстандық жылу мен электр энергиясының 20 пайызын басқара жүріп, Қазақстандағы жылу мен электр энергиясын ең ірі жеткізуші компания.
Қазақмыс қызметі кен өндіруден дайын өнім шығаруға дейінгі барлық сатыларды қамтитын толықтай интеграцияланған мыс өндірушілердің бірі болып табылады. Топтың негізгі қызметі кен өндіру және байыту, мысты балқыту мен арылту, меншікті қажеттіліктірге арналған жылу және электр энергиясын өндіру, қосалқы қызметтер және коммерциялық жылу мен электр энергиясын өндіріп шығаруды қамтиды. Мысты өндіру руда өндіруден бастап мыс катанкасын жəне катодты мыс түріндегі дайын өнім шығаруға дейін толығымен интеграцияланған. 2009 жылы Топ меншікті рудасынан 320 мың тонна катодты мыс өндірді. Бұл өндіріс ішкі қажетіне электр энергиясын жеткізумен жəне ауқымды теміржол инфрақұрылымымен қамтылған. Қазақмыс Тобы басқа да металлдардың ауқымды көлемін, оның ішінде мырыш, күміс жəне алтын өндіреді. 2009 жылы Қазақмыс 149 мың тонна мырыш концентратын өндіріп шығарды.
Қазақмыс əлемде ең ірі деген төртінші күміс өндіруші болып табылады (2009 жылы 17 млн унция күміс өндірді). Құрамына 2007 жылының шілдесінде сатылып алынған «Eurasia Gold Inc» компаниясы кіретін «Kazakhmys Gold» бөлімшесі, кен игеру жəне кен орындарын барлау жөнінде ірі жобаларды жүзеге асырып отыр. 2009 жылы Топ 182 мың унция алтын өндірді, оған тиесілі есептелінген əрі болжанып отырған 2,3 млн унция ресурстары бар. “Kazakhmys Power” теңгерімді қуаттылығы 4000 МВт құрайтын Қазақстандағы ең ірі деген Екібастұз көмір электр станциясының (ЕГРЭС-1) 50 пайыздық қатысу үлесін иеленіп отыр.
«Kazakhmys Petroleum» бөлімшесі 2007 жылдың сəуір айында иелігіне сатып алған Каспий маңы ойпатының шығыс шекарасында орын тепкен Шығыс Ақжар барлау блогында өзінің жұмысын жалғастырып отыр. Топ айналымға қабілетті FTSE-100 компаниялар тізіміне кіреді. Топтың акциялары Лондон Қор биржасында, сондай-ақ Қазақстан Қор биржасында саудаланады. 2009 жылы ол EBITDA 1,6 млрд доллар көрсеткішімен Топтың өнімдерін сату көлемі 3,7 млрд доллар шамасында болды. Топта шамамен 62000 адам жұмыс істейді, яғни басым көпшілігі қазақстандық азаматтар. Қазақмыстың стратегиялық мақсаты – Орталық Азияда ауқымды табиғи ресурстарды игеру мүмкіндіктерін диверсификациялау жəне кеңейте түсуде белсене қатысу.
Акционерлер туралы ақпарат:
Автономия коэффициенті кәсіпорынның жалпы қаражаттарының құрамындағы меншік қаражаттарының қайнар көзінің үлесін көрсетеді және ол былай анықталады:
Автономия коэффициенті 2010 = меншік қаражаттар/жалпы капитал =8 219 млн $/10995 млн $= 0,7%
Тәуелсіздік
немесе автономия коэффициенті жалпы
авансталған қаражаттардың
Бұл көрсеткіштің нормативті мәні, әдетте, 0,7-ға тең
Қаржылындыру коэффициенті - меншік капиталына тартылған қарыз қаражаттарын білдіреді.
Қаржылындыру коэффициенті = к\о-ң қарыз капиталына тартылған қаражат / меншікті капитал.
Кф2010=2776 млн $/8219 млн $= 0,33
Қаржылындыру коэффициентінің ұсынылатын мәні 1-ге тең. Егер бұл көрсеткіштің мәні 1 – ден аз болатын болса, онда к\о-ң мүлкінің үлкен бөлігі қарыз капиталы есебінен құралғаны айқындалады. Бұл к/о-ң несие алу қабілетінің төмендігін көрсетеді.
Қарыз коэффициенті – жалпы жұмсаған сомасындағы тартылған қарыз капиталының мөлшерін көрсетеді.
Кз/с2008=2776 млн $/10995 млн $=0,252
Ағымдағы қарыз коэффициенті – жалпы қолданылған сомадағы қысқа мерзімді қарыз капиталы.
Ағымдағы қарыз коэффициенті = к/о қарыз капиталына қысқа мерзімді тартылған сома / жалпы капитал = 992 млн $/10995 млн $ = 0,09
Ұзақ мерзімді қаржылық тәуелсіздік коэффициенті = меншікті капитал + ұзақ мерзімді қарыз капиталына тартылған сома / активтердің жалпы сомасы = 8219+1484/ 10995= 0,882
Қаржылық тұрақтылығын талдамай кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау толық емес болып табылады. Кәсіпорынның балансының өтімділігін талдау арқылы активтердің жағдайы мен пассивтердің жағдайы салыстырылады. Бұл өз кезегінде кәсіпорынның өз қарыздарын жабу деңгейін бағалауға мүмкіндік береді.
Өтімділік деңгейіне байланысты, яғни ақша қаражатына айналу жылдамдығына байланысты, кәсіпорын активтері келесідей топтарға бөлінеді:
4.Өтімділігі
төмен активтер= «Ұзақ мерзімді
активтер» бөлімінің жиыны –
Ұзақ мерзімді қаржылық
Ағымдағы өтімділік коэфициенті=ағымдағы активтер/қысқа мерзімді міндеттемелер
АӨК 2010=2900 млн $/1292 млн $= 2,244
Коэффициент кәсіпорынның
ағымдық міндеттемелерін
Абсолютті өтімділік коэфициенті=(Ақша қаражаттары + Қысқа мерзімді қаржылық салымдар)/ Қысқа мерзімді міндеттемелер
Кабс.ликв.2010=(1113 млн $+264 млн $/1292 млн $)=1,065
Жоғарыдағы
көрсетілген өтімділік
АӨК>0,2
→ кәсіпорынның төлем қабілеттілігі қанағаттандырарлық
деңгейде.
Дебиторлық
және кредиторлық қарыз коэффициенті
= к/о ағымдағы дебиторлық қарыз сомасы
/ ағымдағы кредиторлық сомасы = 264/403=0,655
Меншік коэффициенті=меншік капитал/міндеттемелер+меншік капитал
МК 2010= 8219 млн $/8219 млн $+2776 млн $= 0.75
Бұл коэффициенттің жоғары мәні кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығының жоғары деңгейін көрсетеді. Бұл көрсеткіш мәні 0,5-тен төмен болмау керек.