Ақша айналымын реттеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2011 в 17:09, реферат

Описание работы

Соңғы жылдары экономиканы комплексті реформалау арқасында Қазақстанның қаржы секторы ТМД елдерінің қаржы жүйесінің ішіндегі жоғары дамыған және ашық болып табылады. Қазіргі кезде қаржы секторын дамыту концепциясы жүзеге асырылып келеді.Оның мақсаты әлемдік, сонымен қатар ЕС стандарттарын енгізу.Сонымен қатар тәелсіз және тиімді қаржылық қадағалау жүйесі жүзеге асырылуда, ТМД елдерінің арасында жалғыз Орталық Банк жасалған. Оның жұмысы Орталық Банктің классикалық қызметтеріне бағытталған.

Содержание

Кіріспе
I. Мемлекеттің ақша-несие саясатының дамуы
II. Ақша айналымын реттеу жүйесінің қатысушылары
ІІІ. Ақша айналымын реттеудің мәні
ІV. Ақша айналымын мемлекеттік реттеу
Қорытынды
Пайдалынған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Ақша айналымын реттеу.doc

— 93.00 Кб (Скачать)

 

Жоспар

Кіріспе 

I. Мемлекеттің ақша-несие  саясатының дамуы 

II. Ақша айналымын  реттеу жүйесінің  қатысушылары  

ІІІ. Ақша айналымын реттеудің  мәні 

ІV. Ақша айналымын мемлекеттік реттеу 

Қорытынды 

Пайдалынған әдебиеттер 
Кіріспе
 

Соңғы жылдары экономиканы комплексті реформалау арқасында Қазақстанның қаржы секторы ТМД елдерінің қаржы жүйесінің ішіндегі жоғары дамыған және ашық болып табылады. Қазіргі кезде қаржы секторын дамыту концепциясы жүзеге асырылып келеді.Оның мақсаты әлемдік, сонымен қатар ЕС стандарттарын енгізу.Сонымен қатар тәелсіз және тиімді қаржылық қадағалау жүйесі жүзеге асырылуда, ТМД елдерінің арасында жалғыз Орталық Банк жасалған. Оның жұмысы Орталық Банктің классикалық қызметтеріне бағытталған.  
Мемлекеттің ақша-несие саясаты нақты сектордың дамуына,нарықтың барлық субьектілерінің дамуына қажетті экономикалық,институционалды,ұйымдастырушылық және құқықтық ортаны қалыптастыруда.  
Ақша-несие құралдарының көмегімен мемлекет бос ақша ұсынысына әсер етеді және ссудалық капиталдың бағасын өзгертеді.Осылай ол несие сұранысына және оның үй шаруашылықтарында қолданылуын реттейді.  
Мемлекеттің экономикалық саясаты монетарлы деп аталады, негізінен ақша-несие тәсілдерін қолданады.  
Көптеген нарықтық экономикасы бар елдерде ққазіргі кезде ЭМР-де қолданатын ақша-несие құралдарын Орталық банк, ал Қазақстанда – Ұлттық банк қолданады.Оның мемлекетте ақша эмиссиясын жасауға монополиялық құқығы бар.  
Несиелі қатынастар сферасында Орталық банктен басқа институттар жұмыс істейді: мемлекеттік банктер және арнайы функциялы органдар, Қаржы министлігі және қаржы органдары. Олар несие операцияларына қатысады, бірақ ақша айналысын және мемлекеттегі жеке ссудалық капиталдың қозғалысын реттемейді, оларға әсер ете алмайды.
 
 
 
 
 
 
 
 
 

I.Мемлекеттің  ақша-несие саясатының  дамуы.

 
Соңғы жылдары экономиканы комплексті реформалау арқасында Қазақстанның қаржы секторы ТМД елдерінің  қаржы жүйесінің ішіндегі жоғары дамыған және ашық болып табылады. Қазіргі кезде қаржы секторын дамыту концепциясы жүзеге асырылып келеді.Оның мақсаты әлемдік, сонымен қатар ЕС стандарттарын енгізу.Сонымен қатар тәелсіз және тиімді қаржылық қадағалау жүйесі жүзеге асырылуда, ТМД елдерінің арасында жалғыз Орталық Банк жасалған.Оның жұмысы Орталық Банктің классикалық қызметтеріне бағытталған.  
Орталық Банктің негізгі мақсаты баға тұрақтылығын қамтамасыз ету.Оған жету үшін Орталық Банк келесі мәселелерді шешеді: мемлекеттің ақша-несие саясатын дайындау және жүргізу, валюталық реттеу мен бақылау жасау, төлем жүйесінің жұмысын жасауын қамтамасыз ету, тұрақты қаржы жүйесін қамтамасыз етуге жағдай жасау.  
Орталық Банктің негізгі мақсатарының ішінде ақша-несие саясатын халықаралық стандартарға жақындату қарастырылған, бұл үшін Орталық Банк нарықтық пайыз мөлшерлемесін қадағалап отырады.Ақша-несие саясатының операциялық негізді жетілдіру жұмыстары және ақша-несие саясатының тәсілдері мен құралдарын оптималдау, трансмиссиондық механизм моделін құрастыру және инфляциялық таргеттау принципіне өтуге дайындақты жалғастырады.  
Келер жылдары экономика қызып кету қаупі , мемлекеттік бюджет шығындарының өсуі ақша-несие саясатының қатандауына әкелуі мүмкін.  
Ақша-несие саясатының бсқа негізгі мақсаты капитал қозғалысымен бацланысты тәуекелді реттеуді жаңадан қарауы мен 2007ж 1 қаңтарынан бастап валюталық режимнің толық либерализациясына жету болып келеді.  
Валюталық режимін либерализациясын реттеудің негізгі мақсаты 2007ж бастап валюталық операцияларды жүргізуге шек қою мен ұлттық валютаның толық конвертациялану принципіне көшу үшін жағдай жасау.Бұл үшін келесі жұмыстарды жасау қажет.Біріншіден, валюталық операцияларды жүргізу барысында тәуекелді хеджирлау құралдарын қолдану үшін жағдай жасау.Екіншіден, ақша-несие саясатының мақсаттары мен сыртқы шоктарды реттеу үшін шетел валютасына сұраныс пен ұсынысты реттеу құралдарын жақсарту.Үшіншіден, реттеудің халықаралық принцптері мен қаржылық мекемелердің валюталық операцияларын қадағалауды қамтамасыз ету.  
Орталық Банк “қалқып жүретін айырбас бағамы’’ саясатын жалғастырады.Валюта бағамының қысқа мерзімді және спекулятивті тербелістерін женілдету мақсатында ғана валюта бағамының қалыптасуына әсер етеді.  
Орталық Банк интегралды қоғамдастықтар шегінде, ЕврАзЭС пен ТМД сияқты, төлем жүйесі мен басқа қаржылық интеграциялау бағытында жұмыстарын жалғастырады, сонымен қатар Бірыңғай Экономикалық Кеңістікті қалыптастыру мақсатында мемлекет және ведомствоаралық топтардың жұмысына араласуды ойлайды.

II. Ақша айналымын реттеу жүйесінің қатысушылары

  
Нарық жағдайында банк жүйесі екі деңгейде болады: Орталық Банк (эмиссиялық) және коммерциялық (депозиттік) банк. Коммерциялық банктердің негізгі функциясы несие беру және салымдарды өсіру. Осындай шаралардың нәтижесінде коммерциялық банктер ақша ұсынысын кеңейтеді. Банк жүйесі құнды қағаздарды алып – сатумен де айналысады.  
Орталық банк ұлттық валютаны айналымға шығарады, мелекеттің алтын резервтерін сақтайды, коммерциялық банктердің міндетті резервтері банктер арасындағы шот айыру ретінде пайдаланылады. Орталық банк халықаралық ақша нарығында сатушы және сатып алушы қызметін орындайды және шет мемлекеттердің және банктерінің істерін үйлестіреді. Барлық мемлекеттерде орталық банк ақша несие саясатын қалыптастырады және жүзеге асырады, коммерциялық банктердің іс-әрекетін қадағалайды және ұйымдастырады. Орталық банк пен коммерциялық банк операцияларының және банктен тыс секторлардың шешімдері нәтижесінде экономикадағы ақша ұсынысының өзгеруіне ықпал тигізеді.  
Орталық банк ақша ұсынысын ақша базасына және мультиликаторға әсер ету арқылы қалағалайды. Ақша ұсынысының нақты көлемі коммерциялық банк операцияларының нәтижесінде несиені қабылдау және беру арқылы құрылады.  
Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкі ақша-несие саясатынан басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздеді.  
Ақша-несие-бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субьектісі-Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу обьектілерінің экономикадағы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жиынының жиынтығы жатады.  
Шаруашылық жағдайына байланысты ақша-несие саясатының екі типі болады:  
1.рекстрикциялық ақша-несие саясаты;  
2. экспанциялық ақша-несие саясаты.  
Рекстрикциялық ақша-несие саясаты – екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталған шаралар жиынтығы.  
Экспанциялық ақша-несие саясаты – несие беру көлемін кенейтумен, айналымдағы ақша жиынының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуіне байланысты сипатталады. Соңғы дылдардағы ақша-несие саясатының басты көзлеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету. 
      Ақша саясатының құралдарын төмендегідей топтастыруға болады:  
Ақырғы мақсат:  
а)экономиканың өсуі;  
ә)толық жұмысбастылық;  
б)бағаны тұрақтандыру;  
в)төлем балансын тұрақтандыру.  
Ақырғы мақсат:  
а)ақша жиыны;  
ә)пайыз мөлшерлемесі;  
б)айырбас курсы.  
Құралдары:  
а)несие берудің лимиті,пайыз мөлшерлемесін тікелей реттеу;  
ә)міндетті резервтер нормасының өзгеруі;  
б)есептеу мөлшерлемесінің өзгересі;  
в)ашық нарықтағы операциялар.

Тікелей (а) және жанама (ә,б,в) құралдарының арасанда айырмашылықтар бар.Жанама құралдарды тиімді пайдалану ақша нарығының  дамуымен тығыз байланысты.Нарықтық экономикада әсіресе алғашқы өзгерестер кезеңінде, тікелей және жанама құралдар пайдаланылады,соңғылары алғашқыларын ығыстырады.  
Соңғы мақсатар жалпы экономикалық саясаттың, сонымен қатар қазыналық, валюталық, сыртқы сауда, құрылымдық және басқа да саясатарды ескере отырып, несие-ақша саясаты жоғарыда аталған саясаттардың бір бағыты ретінде қарастырылады.  
Аралық мақсаттар жағдайда тікелей орталық банктің жанама құралдары арқылы жүзеге асырылады.  
Бұл мақсатарға жетуде Ұлттық банк ақша-несие саясатын жүргізуде. Нысанаға алатын ақша базасы келесідей ақша-несие саясатының негізгі құралдарының көмегімен реттеледі:  
-қайта қаржыландыру мөлшерлемесі:ресми мүдделендіру мөлшерлемесі деңгейін белгілеу;  
-ҚҰБ-те жинақталатын ең төменгі міндетті резервтер нормасын белгілеу, оның ішінде сырттан тартылған қаражаттарды мерзіміне, көлеміне және түрлеріне байланысты жіктеу;  
-мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу және сату бойынша ақша нарығындағы операцияларды жүргізу;  
-банктерге және үкіметке несие беру;  
-валюталық нарықтағы басқыншылық;  
-кейбір жағдайларда несиелік операциялардың жекеленген түрлерінің деңгейі мен көлеміне тікелей саңдық шектеулер еңгізу;  
)дисконттық (-ресми есепке алу мөлшерлемесі. 
 

ІІІ. Ақша айналымын реттеудің  мәні

 
ҚҰБ өзі жүргізетін операциялар  бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін,сол сияқты басқа мүдделендіру мөлшерлемесін белгілейді.Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа,инфляция деңгейіне байланысты белгілейді.ҚҰБ мүдделендіру мөлшерлемесі саясатын мемлекеттік ақша-несие саясаты жүзеге асыратын аумақтағы нарықтың мүдделендіру мөлшерлемесіне әрекет ету үшін пайдаланылады.  
ҚҰБ пайыз саясатының басты мақсаты – айналыстағы теңге деңгейін көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның нәтижесінде ақша жиыны және инфляцияның өсуін төмендетуді қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесі,шын мәнінде пайыз үшін төлемдер өз кезегінде шығынның көлемін құрайды.Демек, жаңа пайыз саясаты алдағы уақытта немесе белгілі бір уақыт аралығында өзінің нәтижелеріне қол жеткізуге тиіс.  
Қазақстандағы инфляциямен күресудің тағы да бір маңызды фаеторы – шетел валютасына деген артық сұранысты төмендету болып табылады.Өткенге оралатын болсақ, теңгені енгізгеннен кейінгі жарты жылдай уақыт ішінде, валюталардың бағамдық айырмасы есебінен алыпсатарлық табысқа қол жеткізу мүмкіндігінің салдарынан банктің қысқа мерзімді капиталдары несиелік нарықтан валюталық нарыққа ауысып кетті.Теңгенің айырбас бағамы анықталатын сыртқы көрінісі мен сыртқы құны арасындағы шекті қатынастың бұзылуы ұлттық валютаның тұрақсыздығын одан сайын арттыра түсті.  
Ұлттық банктің мүдделендіру мөлшерлемесі ақша нарығындағы қаржылық операциялардың барлық түрлеріне пайыз мөлшерлемесінің белгілеу базасы ретінде қызмет етеді.Қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің шамасы ақшалай қаражаттарға деген сұранысқа және инфляция деңгейіне байланысты келеді. Ұлттық банк мүдделендіру мөлшерін реттеу арқылы республикамыздағы ақша жиынының шамасына әсер етеді және несиеге деген сұранысты аттыруға немесе қысқартуға мүмкіндік жасайды.Ресми пайыз мөлшерлемесінің деңгейі екінші деңгейдегі банктер үшін, Ұлттық банк саясатының ақша жиынына бақылау жасау шегіндегі негізгі бағыттарын сипаттайтын басты бір көрсеткішті білдіреді.  
Ұлттық банктің ресми пайыздары, оның тікелей бақылауына жатпайтын несиелік ресурстар нарығының шартына сай банктер дербес белгілейтін нарықтық пайыз мөлшерлемесіне жанама түрде ықпал етеді.Соның негізінде сұраныс пен ұсынысқа байланысты саудада белгіленетін Ұлттық банктің қысқа мерзімді шоттары бойынша, банкаралық несиелер және мемлекеттік қысқа мерзімді несиелер бойынша пайыз мөлшерлемелері жыл бойына Ұлттық банктің мүдделендіру мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты төмендеп отырған. Пайыздың нақты бейнелері,өз кезегінде инвестициялау үшін әлеуметтік ресурс болып табылатын депозиттердің несиелік мекемелерге ағылуын арттыра түсті.  
Коммерциялық банктер Орталық банкке пайыз мөлшерлемесі есептелмейтін салым ретінде ақшаны сақтайды.Бұл депозиттегі ақшаларының белгілі бір бөлігі, мұны міндетті резервтер деп атайды.  
Міндетті резервтердің нормасы депозиттің көлемімен белгілі бір пайыз мөлшерлемесі арқылы тағайындалады.Олар салымның түрлеріне байланысты бөлінеді. Мысалы,жедел салым талап етілген салымнан төмен болады.  
Банктер артық резервтерді сақтайды – бұл міндетті резервтердің артық сомасы өтімді құралдарға сұраныс өсетін төтенше жағдайларда пайдаланылады.  
Ақша нарығындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуде, банктерге берілетін несие көлемін реттеуде және олардың міндеттемелері бойынша төлемсіздікті төмендетуде, сол сияқты банктің салым иелері аен акционерлерінің мүдделерін қорғау мақсатында Ұлттық банк ең төменгі резервтік талаптар механизмін қолданады.  
Резервтік талаптар, ашық нарықтағы операциялар және пайыз саясатымен қатар коммерциялық банктерді жанама ақшалай-несиелік реттеудің негізгі құралдарының біріне жатады. Қазақстан банк жүйесінің бүгінгі даму жағдайында резервтік коммерциялық банктердің депозиттерін сақтандыру қызметін, екінші жағынан, экономикадағы ақшалай мультипликатор үрдісін реттеу қызметтерін атқарады.  
Ақша-несие саясатының бұл құралы 1993 жылы 1 қаңтарда енгізілген “ҚР коммерциялық, кооперативтік және жеке банктердің қызметін реттеу туралы ” нұсқауға сәйкес, міндетті резерв нормативі 18-20% мөлшерінде бекітілген болатын.Қазіргі уақытта ол төменлеп,10,5%-ды құрайды. Банктер резервтерінің артық болуы,яғни Ұлттық банктегі корреспонденттік шоттардағы қаражаттардың өсуіне байланысты резервтік талаптар шамасын төмендетіп қана қоймай, сол сияқты резервтеудің баламалы тәртібіне өтуге,яғни бұл банктердің нормативтерін орындау барысында корреспонденттік шоттағы қаражаттар сомасын ең төменгі резервтер мөлшерінен төмен болмауын сақтап отыруға тиістілігін білдіреді.  
Әлемдік тәжірибеде міндетті резервтердің өте жоғары деңгейде болуы, банк жүйесінің қаржы делдалы ретіндегі тиімділігін нашарлатып, ал ең төменгі резервтер нормасының артуы несиелік ресурстардың экономикаға құйылуына тосқауыл болатындығын көрсетеді.  
АҚШ пен Германияда міндетті резервтік нормалар біршама жоғары деңгейде бекітілген. АҚШ-та міндетті резервтер банктер санатына, депозиттердің шамасы мен түрлеріне байланысты болып келеді. Міндетті резервтер федералдық резервтік банктердің пайызсыз депозиттік шоттарында сақталады және резервтердің артық мөлшері федералды резервтік банктердің АҚШ ақша нарығында маңызды үрдістерге байланысты операциялардың басты бір көзін құрайды.Заңмен бекітілген резервтер коммерциялық банктердің несиелеу қабілеті әсер ететін федералды резервтік банктік жүйенің басқару кеңесінің басты құралы болып табылады.Резервтердің басты мақсаты банк несиесінің артықшылығынан немесе жеткіліксіздігінен тұрады.Дәл осылай, жанама жолмен коммерциялық банктердің несиесіне жасалатын бақылау құралы және экономиканы тұрақтандыру барысында бұл резервтер салым иелерінің мүдделерін қорғау құралы болып табылады.  
Федералды резервтік жүйе экономикалық құлдырау кезеңінде міндетті резервтердің іскетлік белсенділігін арттыру және ынталандыру үшін міндетті резервтің деңгейін жиі қысқартып отырған.Ұлттық банк екінші деңгейдегі банктер үшін, олардың нормативтерді орындауына байланысты ең төменгі резервтік талаптарды орындау барысында банктерге келесідей екі тәсілді қолданады:  
1)міндетті резервтер;  
2)резервтеудің баламалы тәртібі.  
Орталық банк неғұрлым міндетті резервтердің нормасын жоғары тағайындаған сайын, коммерциялық банктердің операцияларды жүзеге асыруға пайдаланылатын қаражаты аз болады. Резерв нормасының өсуі ақша мультипликаторын төмендетіп, ақша жиынының азаюына алып келеді. Сонымен Орталық банк міндетті резерв нормасын өзгерте отырып, ақша ұсынысының динамикасына әсер етеді.  
Практикада міндетті резервтер нормасы қайта қаржыландыруға сирек түседі, өйткені ондай жұмыстар өте күрделі, ал бұл құралдың күші мультипликатор арқылы жүргізгенде үлкен болады.  
Ақша-несие саясаты арқылы реттеудің бірі есеп мөлшерлемесін өзгерту.Мұндай тіркеу мөлшерлемесін пайдаланатын орталық банк коммерцмялық банктерге несие береді. Егерде есеп мөлшерлемесі өсетін болса, онда Орталық банктің қарыз беру операциялары азаяды және коммерциялық банктер қымбат несие алғаннан соң, қарыз пайыз мөлшерлемесіе өсіреді.  
Несиенің азаюы және ақшаның қымбаттауы барлық жүцеге таралады. Экономикада ақша ұсынысы төмендейді.Есеп мөлшерлемесінің кемуі керісінше әсер етеді.Әдетте тіркелген мөлшерлеме нарықтағы банкаралық мөлшерлемеден төмен болады, бірақ Орталық банктен несие алу белгілі әкімшілік қиындықтарға тіреледі.Қысқа мерзімдік несие коммерциялық банктердің резервін толтыру үшін беріледі.  
Несиелендіру және қаржыландыру операцияларына соңғы жылдары Ұлттық банк қызметінің алдағы уақыттарда классикалық қызметіне жақындауына байланысты тиісті шаралар қолданады. Қазіргі уақытта екінші деңгейдегі банктерді несиелеу тек қана олардың өтімділігін сақтау мақсатында жүзеге асырылады. Бюджет тапшылығын жабу үшін Үіметке несие беру бюджет саясаты аумғында, яғни Ұлттық банктің республикалық бюджетті несиелеуден бас тарту мақсатыында жүргізіледі. Жеңілдікпен несие беру және кәсіпорындардың несие үшін тікелей өтініш жасауы қарастырылған жоқ. Ұлттық банк несиелерін орналастыру аукциондар арқылы, банкаралық нарық арқылы, сол сияқты ломбардтық несиелеу негізінде жүзеге асырылады.  
Ақша нарығындағы операциялар – Ұлттық банктің айналыстағы ақша жиынының көлемін реттеу мақсатында екінші реттегі нарықта мемлекеттің бағалы қағаздарын сату және сатып алумен байланысты операцияларын білдіреді.  
Бұл біршама ақша жиынын, коммерциялық банктердің өтімділігі жәненесиелік жұмыстарды реттеудің ыңғайлы әдістерінің бірі болып табылады.Оның негізгі мәні ақша эмиссиясынтоқтату арқылы банктердің несиені эмиссиялауын шектеуді білдіреді.  
Ұлттық банк нарықтағы бағалы қағаздарды сату арқылы оны сатып алушылардың резервтік шоттарынан тиісті соманы ұстап қалады. Сөйтіп, керісінше, банктерге несие беруді және ақша шығаруды ынталандыру мақсатында Ұлттық банк бағалы қағаздарды сатып алады да, тиісті соманы банктердің резервтік шотына қайта аударады.  
Осы айтылғанның барлығын Орталық банк коммерциялық банктердің несиелік мүмкіндіктерін реттеу мақсатында жүргізеді.Егер Орталық банк алдында сатып алған бағалы қағаздарын қайта сату көлемі жаңа партия көлемінен көп болса, банктердің несие ресурстарының мөлшері шектеледі және керісінше.Орталық банк ақша нарығы операцияларын қажеттілік пойда болуына немесе ақша-несие эмиссия көлемінің кеңеюіне байланысты жүйесіз жүргізеді.

ІV. Ақша айналымын мемлекеттік  реттеу

 
Ақша айналымын жоспарлау —  мемлекеттің айналымға керекті  нақты ақша мөлшерін жоспарлы түрде белгілеп, жалпы ақша жиынын ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажетіне сәйкес реттеуі. Экономикалық үздіксіз дамып отыруы үшін айналымдағы ақша мен тауар жиыны арасында қажетті сәйкестік сақталуы керек. Ақша айналымын дұрыс реттеу мақсатымен барлық кәсіпорындар ақшалай қаржыларын банктерде ұстап, тек төлемге қажетті мөлшерін ғана алып отырады. Ақша айналымы жоспарлау халықтың ақшалай кіріс-шығыс балансы мен Ұлттық банктің кассалық және кредиттік жоспары негізінде жүзеге асырылады. Баланста табыстың көзі және оны пайдаланудың негізгі бағыты көрсетіледі. Мұндай баланстың көмегімен ақшалай кіріс-шығыс арасындағы сәйкестік сақталып, халықтың қолында артық ақшаның жиналып қалуына жол берілмейді. Ақша айналымы жоспарлау барысында айналымдағы жалпы ақша мөлшерін шұғыл түрде реттеу үшін республика, облыс, аудан бойынша ай, тоқсан сайын нақты ақшаның қозғалысы есепке алынуы тиіс және сол арқылы ішкі және сыртқы рынокқа қажетті ақша мөлшерін анықтап, оның пайдаланусыз жатып қалуын болдырмауға, ақша айналымын жылдамдытуға жол ашылады. 
Ал ақша айналымын реттеу шаруашылық салаларына қажетті айналымдағы ақша мөлшерін қадағалауға мүмкіндік береді. Айналымдағы ақша шамадан тыс көбейіп кетсе, ақшаның
құнсыздануына әкеліп соқтырады. Айналымдағы ақшаны реттеу Ұлттық банкке жүктеледі. Ол айналымға қажетті нақтылы ақша мөлшерін шығарып, егер ол шамадан тыс асып кетсе, айналымнан қайтып алып отырады. Бұл сияқты реттеу коммерц. банктерге несие көлемін өзгерту арқылы бағалы қағаздарды және шетел валюталарын сатып алу немесе коммерциялық банктер Ұлттық банкте орналастыратын міндетті резервтердің нормаларын өзгерту және нақты экон. жағдайларға сәйкес кредиттер бойынша проценттік ставкаларды өзгерту жолымен жүзеге асырылады. 
Ақша айналымын реттеу ақша айналымының заңы негізінде жүргізіледі. Бұл
заңға сәйкес айналымға керекті ақша мөлшері:

  • 1) айналымға шығарылатын тауар;
  • 2) тауар бағасының дәрежесі;
  • 3) ақша айналымының жылдамдығы факторларына байланысты.

Айналымға керекті ақша мөлшерін анықтау үшін айналымға шыққан тауар бағасының жиынтығын ақша айналымының мөлшеріне бөледі. Экономикалық дағдарыс және соғыс жағдайында экономиканың тұрақсыздығының күшеюі, соғыс шығындарын өтеу үшін шамадан тыс көп ақшаның шығарылуы оның құнсыздануына әкеліп соқтырады. Нәтижесінде ақша айналымын реттеу қажеттігі туады. Ол үшін айналымдағы тауар құнынан артық ақша шегеру керек. Ақша айналымын реттеу халықтың табысы мен шығыны арасындағы айырмашылықты негізге ала отырып жүргізіледі. Ақша айналымы бір деңгейде болған жағдайда табыстың шығыннан артуы айналымға түсетін қыруар ақшаны керек етеді де, шығынның табыстан асып түсуі — айналымдағы ақша мөлшерін азайтады. Айналымға керекті ақша мөлшерін кассалық жоспар арқылы бақылап отыруға болады. Кейбір қиын-қыстау жағдайларда (соғыс т.б.) мемлекеттің қосымша ақша шығаруға мәжбүр болса, оның айналымдағы мөлшері кейін реттеледі.

 

Қорытынды 

Ақша  айналымы — ақшаның айналымдағы  қозғалысы, оның айналым және төлем  құралы ретінде қызмет етуі. Ақша айналымының тауар айналымынан өзгешелігі — әрбір тауар айналымда уақытша болады, ал ақша өзінің айналым құралы қызметін атқарғаннан кейін, айналыс арнасында тұрақты қалып, тауарларды өткізуге қызмет ете береді. Ақша айналымының объективтік заңы төмендегідей: тауарлар бағасының айналыстағы жиынтығы аттас ақша бірліктерінің айналым саны қатынасына байланысты. Дәлірек айтқанда, айналымдағы ақша аумағы тауарлар бағасы мен аттас ақша бірліктерінің айналым саны арқылы анықталады. Ақша айналымы мен тауар айналымы арасында тығыз байланыс бар, біріншісі екіншісіне тікелей тәуелді. Ақша айналымы теңелген сайын шаруашылықты дамытуға қажетті ақша массасы азая түседі. Бұл ретте ақша айналымын жоспарлау және реттеу айрықша рөл атқарады.

Ақша  айналымын жоспарлау — мемлекеттің  айналымға керекті нақты ақша мөлшерін жоспарлы түрде белгілеп, жалпы ақша жиынын ұлғаймалы ұдайы  өндірістің қажетіне сәйкес реттеуі.

 Экономикалық  үздіксіз дамып отыруы үшін  айналымдағы ақша мен тауар  жиыны арасында қажетті сәйкестік  сақталуы керек. Ақша айналымын  дұрыс реттеу мақсатымен барлық  кәсіпорындар ақшалай қаржыларын  банктерде ұстап, тек төлемге  қажетті мөлшерін ғана алып отырады. Ақша айналымы жоспарлау халықтың ақшалай кіріс-шығыс балансы мен Ұлттық банктің кассалық және кредиттік жоспары негізінде жүзеге асырылады. Баланста табыстың көзі және оны пайдаланудың негізгі бағыты көрсетіледі. Мұндай баланстың көмегімен ақшалай кіріс-шығыс арасындағы сәйкестік сақталып, халықтың қолында артық ақшаның жиналып қалуына жол берілмейді. Ақша айналымы жоспарлау барысында айналымдағы жалпы ақша мөлшерін шұғыл түрде реттеу үшін республика, облыс, аудан бойынша ай, тоқсан сайын нақты ақшаның қозғалысы есепке алынуы тиіс және сол арқылы ішкі және сыртқы рынокқа қажетті ақша мөлшерін анықтап, оның пайдаланусыз жатып қалуын болдырмауға, ақша айналымын жылдамдытуға жол ашылады. 
Ал ақша айналымын реттеу шаруашылық салаларына қажетті айналымдағы ақша мөлшерін қадағалауға мүмкіндік береді. Айналымдағы ақша шамадан тыс көбейіп кетсе, ақшаның
құнсыздануына әкеліп соқтырады. Айналымдағы ақшаны реттеу Ұлттық банкке жүктеледі. Ол айналымға қажетті нақтылы ақша мөлшерін шығарып, егер ол шамадан тыс асып кетсе, айналымнан қайтып алып отырады. Бұл сияқты реттеу коммерц. банктерге несие көлемін өзгерту арқылы бағалы қағаздарды және шетел валюталарын сатып алу немесе коммерциялық банктер Ұлттық банкте орналастыратын міндетті резервтердің нормаларын өзгерту және нақты экон. жағдайларға сәйкес кредиттер бойынша проценттік ставкаларды өзгерту жолымен жүзеге асырылады. 
 

Информация о работе Ақша айналымын реттеу