Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2012 в 19:54, курсовая работа
Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты – қаржылық тәуекелдің мәнін толығырақ ашып, нақты кәсіпорын мысалында қаржы тәуекелін басқару жүйесін талдау және оның жетіспеушіліктері мен оны жетілдіру бойынша ұсыныстар беру.
Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде қаржы тәуекелін басқару теориясы, яғни тәуекел түрлері, оны бағалау әдістері, тәуекел-менеджментінің мазмұны, тәуекелді төмендету тәсілдері жазылған.
Кіріспе....................................................................................................................3
1.Қаржы тәуекелін басқару теориясы
1.1. Тәуекел мәні, мазмұны және түрлері...........................................................5
1.2. Кәсіпорынның қызметінің тәуекелін бағалау және талдау әдістері.........10
1.3. Тәуекел менеджментінің мәні мен мазмұны...............................................15
1.4. Қаржылық тәуекелді төмендету тәсілдері...................................................19
2. «Қазақтелеком» АҚ филиалының қаржылық тәуекелін талдау
2.1.Кәсіпорын қызметін қаржылық талдау........................................................23
2.2.Кәсіпорындағы қаржы тәуекелін басқару жүйесін талдау........................31
3.Кәсіпорындағы қаржы тәуекелін басқару жүйесін жетілдіру......................37
Қорытынды..........................................................................................................41
Қолданылған әдебиеттер....................................................................................42
Қосымшалар
Баланс өтімділігін талдау №1 аналитикалық кестеде көрсетілген. Абсолютті өтімділік көрсеткіштері (1.1) және (1.2) формулалары арқылы есептелінеді.
ТЛ2004 = ( 9841 + 151381 ) – ( 9181120 + 0 ) = - 756898 мың теңге
ТЛ2005 = ( 1861 + 142034 ) – ( 904030 + 0 ) = - 760135 мың теңге
ПЛ2004 = 119729 – 0 = 119729 мың теңге
ПЛ2005 = 82793 – 0 = 82793 мың теңге.
Есептеу нәтижелері кәсіпорынның есеп беру кезеңінің соңына активтер мен міндеттемлер бойынша топтар нәтижелерін сәйкестендіру келесі нәтижелерді көрсетті: А1 < П1, А2 > П2, А3 > П3, А4 < П4. Осыған байланысты баланс өтімділігін жеткілікті деп атауға болады. Кезеңнің басы мен соңындағы ағымдағы өтімділік көрсеткіштері төлемділік жеткіліксіздігін көрсетті, яғни қарастырылып отырған кезеңге жақын уақытта кәсіпорын өз міндеттемелерін төлеуде қиындыққа шалдығады, бірақ перспективалық өтімділік көрсеткішінің өсімі болжамды төлемқабілеттілігінің артуын куәландырады, яғни болашақ ақшалай түсімдерге қарағанда кәсіпорын тқаржылық қиындықтарға ұшырамайды. Нәтижесінде есеп беру кезеңнің соңында кәсіпорын жеделдігі жоғарылау міндеттемелерінің 0,2 % төлей алады, бұл қаржылық жағдайдың шектелгендігін көрсетеді.
Қаржылық жағдайды талдаудың басты міндеті кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын көрсеткіштерді зерттеу болып табылады.
№2 кесте. «Қазақтелеком» АҚ филиалының 2004-2005 жылдардағы қаржылық тұрақтылығын бағалау, мың теңгемен
Көрсеткіш атауы | Көрсеткіш мәні
| Өзгеріс
| ||
2004 ж. | 2005ж. | Абсолюттік | %-бен | |
1. Өзіндік қаражаттар көздері | 1462112 | 1599660 | +137548 | +9,41 |
2. Ұзақ мерзімді активтер | 2103175 | 2279897 | +176722 | +8,4 |
3.Меншікті айналым қаражаттары | -641063 | -680237 | -39174 | +6,11 |
4.Ұзақ мерзімді міндеттемелер | 0 | 0 | - | - |
5. Запастар мен шығыстарды құру үшін меншікті айналым қаражаттары және ұзақ мерзімді міндеттемелер болуы | -641063 | -680237 | -39174 | +6,11 |
6. Қысқа мерзімді міндеттемелер | 918120 | 904030 | -14090 | -1,53 |
7. Запастар мен шығыстардың құрылуының негізгі көздерінің жалпы көлемі | 277057 | 223793 | -53264 | -19,22 |
8.Запастар мен шығыстар көлемі | 115835 | 79898 | -35937 | -31,02 |
9. Запастар мен шығыстардың құрылуы үшін меншікті айналым қаражаттарының артықшылығы (жеткіліксіздігі) | -756898 | -760135 | -3237 | +0,43 |
10. Запастар мен шығыстардың құрылуы үшін негізгі құралдардың артықшылығы (жеткіліксіздігі) | +161222 | +143895 | -17327 | -10,75 |
«Қазақтелеком» АҚ филиалының қаржылық тұрақтылығын жалпы бағалау №2 кестеде көрсетілген. Есептеу мәліметтері кезең басында кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақты емес екенін көрсетеді. 2004 жылдың соңында қаржылық жағдайы нашарлаған және қаржылық тұрақсыздық жағдайды тұр. Бұл қорытынды келесілер негізінде жасалады:
- запастар мен шығыстар өзіндік айналым қаражаттарымен өтелмейді;
- кәсіпрын қаржылық жағдайынынң тұрақсыздығын ұстап тұрған басты себеп – запастар мен шығыстар өсімінен құрылу көздері өсімінің төмендеуі, пайда болу көздерінің жалпы көлемі 19,22%-ға төмендесе, запастар мен шығыстар құны 31,02% төмендеді.
№3 кесте. «Қазақтелеком» АҚ филиалының 2004-2005 жылдардағы дебиторлық қарызын талдау
Бап атауы | 01.01.05 | 01.01.04 | Ауытқу(+,-) | ||
Сома, Мың тг
| Үлес салмақ
| Сома, мың тг
| Үлес салмақ
| ||
Алынуға тиісті шоттар | 138051 | 91,19 | 1332342 | 93,18 | -5709 |
Басқа дебиторлық қарыз | 13330 | 8,81 | 9692 | 6,82 | -3638 |
Барлығы | 151381 | 100 | 142034 | 100 | -9347 |
Дебиторлық қарыз кәсіпорын активтерінің негізігі бөлігі болып табылады. Дебиторлық қарыз жағдайын талдау №3 кестеде көрсетілген.
Кесте мәліметтері бойынша сатып алушылар мен тапсырыс берушілермен есеп айырусулар негізгі бөлікті құрайды. Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қарыздары қарыздардың жалпы сомасынан 01.01.2004 жылға 91,19% және 01.01.2005 жылға 93,18% құрайды. Дебиторлық қарыздың 9347 теңгеге немесе 6,2% төмендеу қаржылық тұрақтылық өсуін көрсетеді.
Кез келген кәсіпорынның қызмет ету тиімділігі қажетті табыс әкелу мүмкіндігіне тәуелді екені белгілі. Бұл мүмкіндікті бағалау рентабельділікті талдау арқылы жүргізіледі, ол келесі сұрақтарға жауап беруге көмек береді: алынған табыстар мен шығарылған шығыстар қаншалықты тұрақты; жүргізілген шығыстардың қаншалықты өндірістік; кәсіпорынға капитал салымының тиімділігі; кәсіпорынды басқару қаншалықты тиімді және т.б.
№4 кесте. «Қазақтелеком» АҚ филиалының 2004-2005 жылдардағы қаржылық нәтижелерінің динамикасы мен деңгейін талдау, мың теңгемен
Көрсеткіш | 2004ж. | 2005ж. | Абсолютті өзгеріс | Өсім қарқыны,% |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. Өткізуден түскен табыс | 1937586 | 2120816 | 183230 | 9,46 |
2. Өткізілген өнімнің өзіндік құны | 910665 | 998420 | 87755 | 9,64 |
3. Жалпы табыс | 1026921 | 1122396 | 95475 | 9,3 |
4. Кезең шығыстары | 172804 | 212703 | 39899 | 23,09 |
4.1. Жалпы және ұйымдаст. Шығындары | 159343 | 207803 | 48460 | 30,41 |
4.2. %-рді төлеу шығындары | 13461 | 4900 | -8561 | -63,6 |
5. Негізгі қызметтен табыс(шығыс) | 854117 | 909693 | 55576 | -6,51 |
6. Салық салудан бұрын қарапайым қызметтен табыс(шығыс) | 863314 | 917776 | 54462 | 6,31 |
7.Табыс салығы | 112663 | - | -112663 | -100 |
8. Салық салудан кейін қарапайым қызметтен табыс(шығыс) | 750651 | 917776 | 167125 | 22,26 |
9. төтенше жағдайлардан табыс(шығыс) | - | - | - | - |
10.таза табыс(шығыс) | 750651 | 917776 | 167125 | 22,26 |
11.таза табысты дұрыстау | 29718 | 37928 | 8210 | 27,63 |
12. дұрыстау есебімен таза табыс | 780369 | 955704 | 175335 | 22,47 |
Ең алдымен, «Қазақтелеком» АҚ филиалының қаржылық нәтижелердің деңгейі мен динамикасын талдау жүргізіледі. (№4 кесте)
Талданған кезеңде өткізуден түскен табыс 9,46% өсті, яғни кәсіпорын қызметінің масштабы өсті. Өзіндік құны 9,46% өсті. Өнімнің өзіндік құн өсуінің қарқыны өткізуден түскен табыстардың қарқынынан жоғары. Бұл кәсіпорында өндіріске шығыстарды өсіру бағытсыз жүргенін көрсетеді.
Өткізуден түскен табыс өсімі нәтижесінде жалпы табыс 95475 теңгеге немесе 9,3% өсті. Сонымен қатар талданған кезде шығындар 23,09% өсті, сның ішінде жалпы және ұйымдастырушылық шығындары өсуі есебінен.
Негізгі қызметтен табыс 854117 теңгеден 909693 теңгеге немесе 6,5%-
ға өсті. Талданған кезеңде кәсіпорында негізгі емес қызметтен табыс 12,11%-
ға төмендеді. Осының нәтижесінде қарапайым қызмет табысынан салық салуға дейін 917776 теңге құрады, яғни 6,31%-ға өсті. Қарапайым қызметтен табыс салығын төлемеу себебінен салық салудан кейін 22,26%-ға өсті және 2004 жылы 750651 мың теңге және 2005 жылы 917776 мың теңге құрады.
Есеп беру кезеңінде төтенше жағдайлар бойынша шығыстар болмаған жағдайларынан таза табыс өзгеріссіз қалды, бірақ негізгі құралдарды қайта бағалау бөліміндегі таза табысты дұрыстау жүргізілді, оның нәтижесінде таза табыс кезең соңында 955704 мың теңге құрады және 22,47%-ға өсті.
№5 кесте. «Қазақтелеком» АҚ филиалының 2004-2005 жылдардағы рентабельділік көрсеткіштері
Көрсеткіш атауы | Есептеу | Көрсеткіш мәні | Өзгеріс мәні | |
2004ж |
2005ж | |||
1. Өнім рентабельділігі | (Таза табыс/өткізуден табыс)*100 | 40,28 | 45,06 | +4,78 |
2.Жалпы рентабельділік | (салық салудан бұрын қарапайым қызметтен табыс/өткізуден түскен табыс)*100 | 44,56 | 43,27 | -1,29 |
3.меншік капитал рентабельділігі | (таза табыс/меншікті капитал)*100 | 53,37 | 59,74 | +6,37 |
4.Экономикалық рентабельділік | (таза табыс/баланс)*100 | 32,79 | 38,17 | +5,38 |
5.Қор рентабельділігі | (таза табыс/ұзақ мерзімді активтер)*100 | 37,1 | 41,92 | +20,87 |
6.Негізгі қызмет рентабельділігі | (негізгі қызметтен табы/өткізілген өнімнің өзіндік құны)*100 | 93,79 | 91,11 | -2,68 |
Рентабельділік көрсеткіштерін талдау №5 кестеде көрсетілген.
«Қазақтелеком» АҚ филиалының рентабельділігін сипаттайтын көрсеткіштерді есептеу келесі тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді. Сонымен, таза табыс бойынша өнім рентабельділігін есептегенде, есеп беру кезеңінде әр бірлік бойынша өткізілген қызмет үшін 4,7% таза табыстың өсуі анықталды. Алайда, жалпы рентабельділік 1,29%-ға төмендеген.
Меншікті капитал рентабельділігін есептеу 2004 жылмен салыстырғанда 2005 жылы «Қазақтелеком» АҚ иелері салған әр ақшалай бірлік таза табысты 6,37%-ға көбірек тапқан.
Экономикалық рентабельділікті есептеу кезінде келесі анықталды: 2004 жылмен салыстырғанда 2004 жылы кәсіпорынға қаражаттарды табу кезіне тәуелсіз табыстың 1 ақшалай бірлігін алу үшін ақшалай қаражаттар 5,38%-ға көбірек қажет.
Қор рентабельділігін есептеу кезінде анықталатын негізгі құралдар мен басқа да ұзақ мерзімді активтерді пайдалану тиімділігі 20,87%-ға өсті.
Негізгі қызмет рентабельділігін есептеу өткізуден табыстың төмендеуін көрсетті, 1 теңге шығысқа келетін 2004 жылмен салыстырғанда 2,68%-ға төмен.
Өткізілген талдау негізінде кәсіпорын қызметінің жағымды және жағымсыз жақтарын көрсетуге болады.
«Қазақтелеком» АҚ филиалының қызметінің жағымды жақтары келесілер болып табылады:
- жұмыс тәжірибесі үлкен мамандардың жоғары дәрежелілігі;
- негізгі өнімді өндіру және өткізу процесінің ұйымдастырылғандығы;
- өндірілетін өнімнің жоғары сапасы;
- кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметін әрқашан жетілдіру.
Кәсіпорын қызметінің жағымсыз жағы:
- ұзақ мерзімді активтердің жоғары үдемелі салмағы және оның сомасының өсуі кәсіпорынның меншік қаражаттарын ағымдағы активтерге емес, айналымнан тыс активтерге салатынын куәландырады.
2.2.Кәсіпорындағы қаржы тәуекелін басқару жүйесін талдау
Тәуекелді бағалау тәуекелді басқарудың жалпы жүйесінінің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Ол тәуекел көлемін (деңгейін) сапалық не саналық әдіспен анықтау процесін білдіреді.
Тәуекелді сандық бағалау нақты шешімдерді алу мүмкіндігін береді. Алайда сандық бағалауды жүргізу ол үшін сәйкес келетін алғашқы ақпаратты алумен байланысты көптеген қиындықтар кездеседі. Қазақстанда ақпараттық қызмет нарығы дамымағандықтан, көбіне фактикалық ақпараттарды алу қиын. Ақпараттардың, уақыттың жеткіліксіздігімен, кейде қажетті мәліметтердің байланысты бұл қиындықтар себебінен кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау негізінде тәуекелді қатысты бағалау ерекше қызығушылықты тудырады. Бұл фирма иесі кәсіпкер, сонымен қатар оның серіктестері үшін тәуекелді бағалаудың ең қолайлы әдістердің бірі болып табылады.