Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2012 в 16:41, реферат
Заңдық түсініктер (категориялар) заңдық құбылыстың ашатын қысқа анықтаулар екені белгілі. Кеден органы түсінігін, оның іс - әрекетінің құқықтық негіздерін және мемлекеттік биліктің атқарушы органдары жүйесіндегі орнын анықтауды еліміздің Конститутциясында белгілінген атқарушы биліктің іс - әрекетінің құқықтық негіздеріне сүйене отырып зерделеуге болады. Конституция мәтінінде кеден органдары нақты аталмаған. Дегенмен, Конститутцияда бүкіл мемлекеттік механизмнің құрылымының, іс - әрекетінің негізгі параметірлері белгіленген және Қазақстанның жеке тәуелсіз мемлекет ретінде өмір сүруінің құқықтық реттелуінің негізгі базалық, іргетас идеялары мен қағидалары айқындалған.