Мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен міндеттері

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 22:12, практическая работа

Описание работы

Қазақстандық мемлекеттік қызметтің маңызды принциптерінің бірі мемлекеттік қызметшінің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы болып табылады.
Осы принципке сәйкес мемлекеттік қызметші біріншіден, Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдік берілетін құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға қамтамасыз етіледі, сондай-ақ еш бір кемсітушіліксіз өзге кепілдіктерге: еңбегінің қорғалуына, денсаулығының сақталуына, әлеуметтік және құқықтық қорғалуға.

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 18.29 Кб (Скачать)

Мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен міндеттері

Қазақстандық мемлекеттік  қызметтің маңызды принциптерінің бірі мемлекеттік қызметшінің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы болып табылады.

Осы принципке сәйкес мемлекеттік қызметші біріншіден, Қазақстан  Республикасының Конституциясымен кепілдік берілетін құқықтар мен  бостандықтарды пайдалануға қамтамасыз етіледі, сондай-ақ еш бір кемсітушіліксіз  өзге кепілдіктерге: еңбегінің қорғалуына, денсаулығының сақталуына, әлеуметтік және құқықтық қорғалуға.

Екіншіден, мемлекеттік  қызметшілердің құқықтық және әлеусеттік қорғалуын қамтамасыз етілінуіне арнайы нормалар 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енген «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңда одан әрі дамытылып  және мемлекеттік қызмет саласындағы  қатынастарды реттейтін толық блок заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер нақтыланған.

Мемлекеттік қызметшілердің осы Заңда белгіленген негізгі  міндеттерінен туындайтын нақты  міндеттері үлгі біліктілік талаптар негізінде айқындалады және тиісті мемлекеттік органдардың басшылары  бекітетін қызметтік нұсқаулықтарда көрсетіледі. Мемлекеттік әкімшілік  қызметшілердің мемлекеттік қызметте тұрақты болуын қамтамасыз ету үшін олардың негізсіз жұмыстан шығарылуын құқықтық қорғау заңмен қамтамасыз етілген. Онда, саяси қызметшінің ауысуы мемлекеттік  әкімшілік қызметшілермен қызметін тоқтату үшін негіз болып табылмайтыны туралы жазылған. Заңның басқа нормасымен мемлекеттік орган таратылған немесе қайта ұйымдастырылған жағдайда мемлекеттік әкімшілік қызметшілер  жаңадан құрылған не басқа мемлекеттік  органда өздерінің біліктілігіне  сай жұмыспен қамтамасыз етіледі. Бұл  орайда мемлекеттік органдарда кемінде  үш жыл жұмыс стажы бар мемлекеттік  әкімшілік қызметшілерге жұмыстан шығу жәрдемақы төлемі жүргізіледі.

Мемлекеттік қызметшілерді  құқықтық қорғауын күшейту бөлігіндегі  Заңдағы жаңалықтар мына нормалар болып  табылады: мемлекеттік қызметші өз іс-әрекетінің заңсыздығы үшін жауап  береді. Атқару үшін алынған өкімнің  заңдылығына күмәнданған жағдайда бұл жөнінде ол өзінің тікелей  басшысына және өкімді берген басшыға  жазбаша нысанда дереу хабарлауға тиіс. Лауазымы бойынша жоғары тұрған басшы аталған өкімді жазбаша  растаған жағдайда мемлекеттік қызметші, егер оны орындау қылмыстық жазалануға тиіс әрекеттерге әкеп соқпайтын  болса, оны орындауға міндетті. Мемлекеттік  қызметшінің заңсыз өкімді орындауының  салдары үшін осы өкімді растаған басшы жауап береді.

Сонымен қатар мемлекеттік  қызметшілер тәртіптік жауаптылыққа тартылған кезінде олардың құқықтарының кепілділігі Заңмен белгіленген:

- мемлекеттік қызметші  өзін тәртіптік жауапқа тартуға  байланысты барлық материалдармен  таныстырылуға міндетті;

- жауапқа тартылушы  мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік  органның немесе лауазымды адамның  іс-әрекеті мен шешімдеріне уәкілетті  орган белгіленген тәртіппен  не сотқа шағым жасай алады.

Заңмен мемлекеттік  қызметшілерді әлеуметтік қорғау шаралары көзделеді, заңдарда белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік қызметшілер  тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж мемлекеттік  қызметшілерге жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесі тегін беріледі.

Бұдан басқа, қызметтік  міндеттерін Заңмен белгілеу мақсатында мемлекеттік қызметшілердің мына құқықтары  қаралған:

- басшыдан мемлекеттік  қызметшінің атқаратын лауазымына  сәйкес қызметтік өкілеттік міндеттері  мен көлемін дәл белгілеуді  талап етуге;

- жеке басының  қадір-қасиетінің құрметтелуіне,  басшылар, өзге де лауазымды адамдар  және азаматтар тарапынан өзіне  әділ және құрметпен көзқарас  жасалуына;

Сонымен қатар, мемлекеттік  қызметшілер бұдан басқаларға құқылы:

- өзі атқаратын  лауазымға жұмыс сапасына, тәжірибесіне  және осы Заңда белгіленген  өзге де негіздерге қарай ынталандырылуына  және еңбегіне ақы төленуіне;

- тиісті бюджет  қаражаты есебінен қайта даярлануға (қайта мамандануға) және біліктілігін  арттыруға;

- өзінің мемлекеттік  қызмет өткеруіне қатысты материалдармен  кедергісіз танысуға, қажет болған  жағдайларда жеке түсініктеме  беруге;

- біліктілігі мен  қабілеті, өзінің қызметтік міндеттерін  адал орындалуы ескеріле отырып, қызметі бойынша жоғарылауға;

- қызметшінің пікірінше  негізсіз айып тағылған жағдайда  қызметтік тексеру жүргізілуін  талап етуге;

- еңбегінің қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауіпсіз  және жоғары өнімді жұмыс істеуі  үшін қажетті еңбек жағдайына;

- әлеуметтік және  құқықтық қорғалуға;

- мемлекеттік қызметтен  өз қалауы бойынша босауға;

- зейнетақымен және  әлеуметтік қамсыздандырылуға;

- жоғары тұрған  мемлекеттік органдар мен лауазымды  адамдарға мемлекеттік қызметті  жетілдіру жөнінде ұсыныстар  енгізуге құқығы бар.

Мемлекеттік қызметші қоғам және халық өмірімен нақты  байланысты қамтамасыз ететін басқару  саласындағы саяси-қоғамдық, мемлекеттік-құқықтық және әлеуметтік-экономикалық алғышарттарды  қалыптастыруға қатысады.

Мемлекеттік қызметші Қазақстан Республикасының Конституциясы  мен заңдарын сақтауға, бұдан басқа:

- азаматтар мен  заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары  мен заңды мүдделерінің сақталуын  және қорғалуын қамтамасыз етуге,  заңдарда белгіленген тәртіп  пен мерзімде азаматтардың өтініштерін  қарауға, олар бойынша қажетті  шаралар қолдануға;

- өзіне берілген  құқықтар шегінде және қызмет  міндеттеріне сәйкес өкілеттігін  жүзеге асыруға;

- мемлекеттік тәртіп  пен еңбек тәртібін сақтауға;

- өзіне заңда  белгіленген шектеулерді қабылдауға;

- заңдарда белгіленген  қызметтік әдеп нормаларын сақтауға;

- басшылардың бұйрықтары  мен өкімдерін, жоғары тұрған  органдар мен лауазымды адамдардың  өз өкілеттігі шегінде шығарған  шешімдері мен нұсқауларын орындауға;

- мемлекеттік құпияларды  және заңмен қорғалатын өзге  де құпияны сақтауға, оның ішінде  мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан  кейін де, заңмен белгіленген  белгілі бір уақыт ішінде, ол  жөнінде қолхат бере отырып  сақтауға;

- қызметтік міндеттерін  атқару кезінде алған, азаматтардың  жеке өмірін, ар-намысын және қадір-қасиетін  қозғайтын мәліметтерді құпия  сақтауға және олардан, заңдарда  көзделген жағдайларды қоспағанда, мұндай ақпарат беруді талап  етпеуге;

- мемлекеттік меншіктің  сақталуын қамтамасыз етуге;

- мемлекеттік қызметшінің  жеке мүдделері оның өкілеттігінен  түйісетін немесе қайшы келетін  жағдайларда, оларды тағайындауға  құқығы бар лауазымды адамды  дереу хабардар етуге;

- қызметтік міндеттерін  тиімді атқару үшін өзінің  кәсіби деңгейі мен біліктілігін  арттыруға міндетті.

Мемлекеттік қызметшілердің осы Заңда белгіленген негізгі  міндеттерінен туындайтын нақты  міндеттері үлгі біліктілік талаптар негізінде айқындалады және тиісті мемлекеттік органдардың басшылары  бекітетін қызметтік нұсқаулықтарда көрсетіледі.

Демек, жаңа заңнама  мемлекеттік қызметшілер мүддесін мемлекет мүмкіндіктерімен баламалы ескереді, әлеуметтік және құқықтық қорғау қамтамасыз етілуі мемлекеттік қызметші тұрақтылығы  және кәсібилігінің арта түсуіне  кепілдік болып табылады.

СҚО Әділет департаментінің 

бас маманы

Сәуле Уәлиева


Информация о работе Мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен міндеттері