Қаржының бақылау қызметі и м және қаржылық бақылау

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 18:42, реферат

Описание работы

Қаржылық бақылаудың іс жүзіндегі көптеген типтері, түрлері және нысандарын мынандай белгілері бойынша жіктемелеуге болады:
1) Бақылау қызметінің субъектісі мен сипаты: мемлекеттік, ведомстволық пен сыртқы ведомстволы, корпоративтік, меншік иесінің бақылауы, комиссиялық және жекелік;
2) Бақылау объектісі: ішкі, сыртқы, техникалық, экономикалық, басқарушылық техникалық, экологиялық, заңдылық және т.б.;
3) Бақылау аясы: халықаралық, қоғамдық, тәуелсіз, парламенттік, үкіметтік, соттық, салалық, салааралық, ішкі-шаруашылық;

Работа содержит 1 файл

11.docx

— 16.55 Кб (Скачать)

1.4 Қаржылық бақылаудың 

 түрлері мен типтерінің жіктемесі

 

 Қаржылық бақылаудың іс жүзіндегі көптеген типтері, түрлері және нысандарын мынандай белгілері бойынша жіктемелеуге болады:

1) Бақылау қызметінің субъектісі мен сипаты: мемлекеттік, ведомстволық пен сыртқы ведомстволы, корпоративтік, меншік иесінің бақылауы, комиссиялық және жекелік;

2) Бақылау объектісі: ішкі, сыртқы, техникалық, экономикалық, басқарушылық техникалық, экологиялық, заңдылық және т.б.;

3) Бақылау аясы: халықаралық, қоғамдық, тәуелсіз, парламенттік, үкіметтік, соттық, салалық, салааралық, ішкі-шаруашылық;

4) Бақылау нысаны: аудит, тексеру, тақырыптық тексеру, зерттеу, шолулы, талдау, қаржылық бухгалтерлік сараптама:

5) Өткізу мерзімі: алдын ала, жедел, ағымдағы, келесі, жылдық, тоқсандық, ай сайынғы, он күндік және тәуліктік;

6) Қамту толықтығы: толық, ішінара, кешенді, камеральдық операциялық, тақырыптық, жаппай, іріктеулі, бір және көп мәнді;

7) Бақылаудың түрлері: орындалудың  бақылауы, сәйкестігін бақылау, есеп беруді бақылау, тиімділігін бақылау мен арнаулы бақылау;

8) Бақылау әдістері: құжаттық, нақтылық, атқарымдық, жүйелік, логикалық,  ыңғайласпалық, ұйымдастырушылық, математикалық,  құқықтық, компьютерлік, мониторингтік, технологиялық;

9) Бақылаудың кезеңдгігі: бір жолғы қайталамалы, жүйелі, жоспарлы, төтенше және т.б.

 Әкімшілік - әміршілдік жүйедегі  жоғарғы органдар өз басқарылымындағы томенгі буындардың оларға бағыныштылығын, соған сәйкес әрбір төмен тұратын буынның берілген бұйрықты сапалы орындағаны жөнінде ақпарат жинау үшін тексеру қызметін жүргізілуін және оның өткізілген нәтижесі бойынша ұйымдық шараларды қабылдануынқатаң талап ететін.

 Нарық экономикасында сатылас есеп берудің элементтері белгілі бір дәрежеде ол да қалады (мысалы, министрліктерде, бас ұйымның бөлімшелеріне бағынатын салалық құрылымдар мен ведомстволарда). Бірақ, сатылас қана емес, компанияның серіктестерімен, кредиторларымен, акционерлерімен және т.б. деңгейлес байланыстарды жөнінде нақты ақпараттардың қажеттігі туындайды. Мұнда қаржылық бақылаудың басқа түрі – оның ішінде тәелсіз аудиттің қажеттігі пайда болады.

 Қаржылық бақылаудың маңызды  нысаны- тексеру мен аудит болып саналады. Оның арасында бақылауды өткізудің бір-біріне ортақ ұқсастығы бола тұра, оларда арнаулы ерекшеліктері бар. Мыналар бас ерекшеліктерінің белгілері болып қызмет етеді:

 

11

 Мақсат қою; 

1) Құқықтық негіздер;

2) Гносеологиялық тамырлар;

3) Әдіснамалықпен келу;

4) Басқарушылық және тәжірибелік  міндет;

5) Принциптер;

6) Өткізудің қорытындысы; 

 Қаржылық бақылаудың негізгі түрлері:

1. Ревизия- мемлекеттік, ведомстволық және сыртқы ведомстволық жүйедегі жетілдірілген қаржылық-шаруашылық операцияларындағы заңдылығын, сенімділігін, мақсатқа сәйкестігін және экономикалық тиімділігін анықтауға тиісті қаржылық бақылаудың құрамды бөлігі.

 

 Субъектінің шаруашылық қызметіне  және құжаттарында көрсетілуіне  байланысты құбылыстар мен үдерістер ревизияның мәні болып табылады.

 Ревизияның ауқымды өкілетті  органның нақты мақсатымен және оны өткізудің бағдарламасымен белгіленеді.

 Ревизия- ведомстволық, жоспардан тыс, жоспарлы, толық, толық емес, жаппай, іріктеме, толассыз, тақырыптық, кешенді, құрамдастырылған, қосымша, қайталамалы және т.б. түрлерге бөлінеді.

2. Аудит классикалық түсінікте  – сол кәсіпорындарда жұмыс істемейтін дипломды тәуелсіз аудитормен (бухгалтермен) жүзеге асатын қаржылық бақылаудың сыртқы тәуелсіз түрі. Оның мақсаты білікті маманның белгілі бір критериге сәйкестілік деңгейін белгілейтін және экономикалық іс пен оқиға туралы объективті, толық, анықты, алдын ала ойластырылмаған пікір мен қорытындыларды тапсырыскерге немесе сол қорытындыларды алуға мүдделі пайдаланушыға беру.

 Аудит түрлері, нұсқалары, теоретикалық, құқықтық, әдіснамалық және ұйымдық негіздері мен тұрпаттары қаржылық бақылаудың нысаны мен қаралатын бағыттарына байланысты білімнің тереңделуіне орай нақтыланып, толықтырылады.

3. Дерек көздері жөніндегі аудит пен ревизияны өткізудің негізгі болып құжатты және нақты бақылауды айырады.

3.1. Құжатты бақылаудың мәні  – барлық шаруашылық операцияларын құжаттардың деректері бойынша тексеруде. Тексеруші құжатты құрастыру тәртібі мен кәсіпорындағы құжат айналымының сызбасын жақсы білу қажет.

3.2. Нақты бақылау – бұл объектінің нақты жағдайын, ресурстардың барлығын, есеп айырысу жағдайы мен олардың есеп деректеріне сәйкес келуін тексеру. Бақылаудың бұл түрі тексерілуші объектінің нақты жағдайын, яғни оның табиғи күйіндегі деректері (қайта есептеу, өлшеу, зертханалық талдау және т.б.) бойынша тексеру.

4.1. Алдын ала бақылау- шаруашылық операциясы жасалудан бұрын алдын ала өтетін бақылау. Ол ескерту сипаттамасына ие.

 

12

4.2. Жедел бақылау шаруашылық жүргізуші субъектінің қызметінің ауытқуын өз уақытында анықталуына, сондай-ақ уақытында соған сәйкес шешім қабылдауға көмектеседі.

4.3. Ағымдағы бақылау қысқа уақыт аралығында өткізіледі. Ол шаруашылық жағдайындағы жылдам өзгерістерді реттеуге мүмкіндік береді.

4.4. Кезектегі бақылау кәсіпорыннның өткен кезеңіндегі қызметін терең зерттеумен ерекшеленеді, ол алдын ала, жедел және ағымдағы бақылауды өткізуге байқалмаған жетіспеушіліктерді ашуға көмектеседі.

5. Кешенді, тақырыптық, есептік, жалпылай, ыңғайласпа, және басқа да тексерудің түрлері қаржылық бақылаумен басқарушылық аудиттің тақырыптары мен сұрақтары сәйкес келетін осы кітаптың келесі бөлімдерінде қаралған.

1

2

3

4

5

Категория: Жалпы тарих | Добавил: AgesSa

Просмотров: 2003 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 3.4/13


Информация о работе Қаржының бақылау қызметі и м және қаржылық бақылау