Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 12:27, реферат
Қаржылық есептілік мекеме қызметінің қаржы жағдайы мен қаржы нәтижелерінің құрылымдалған ұсынуы болып табылады. Қаржылық есептіліктің мақсаты-пайдаланушыларды экономикалық шешім қабылдау үшін кәсіпорынның қаржылық жағдайы және ондағы өзгерістер, қызмет нәтижелері туралы пайдалы ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін қаржылық есептілік белгілі жорамал негізінде құрастырылады, сапалы сипаттамаларға ие болады және белгілі элементтер жөнінде ақпараттар болуы тиіс. Сондай-ақ мекеме басшылығына сеніп тапсырылған ресурстарды басқару нәтижелерін де көрсетеді.
НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК НЫСАНДАРЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Аязбекова Ж.С. аға оқытушы
Жамбыл-гуманитарлық техникалық университеті, Тараз қаласы
Қаржылық есептілік
мекеме қызметінің қаржы жағдайы
мен қаржы нәтижелерінің
1 – «Қаржы есептілігін ұсыну» IAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандартына сәйкес жалпы мақсаттағы қаржы есептілігі - бұл өздерінің нақты ақпараттық қажеттіліктеріне сай келетін есептіліктің ұсынылуын талап етуге мүмкіндігі жоқ пайдаланушылардың қажеттіліктерін қамтамасыз етуге арналған есептілік. Қаржылық есептіліктің нысандары мыналарды қамтиды:
- бухгалтерлік баланс;
- пайдалар мен залалдар туралы есеп;
- ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есеп;
- меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп;
- есеп саясатының елеулі элементтерінің қысқаша сипаттамасын және басқа да түсіндірме ескертпелерді қоса, ескертулер.
Қаржылық есептіліктің құрамына, сондай-ақ мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметінің ерекшелігі ескеріліп, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті беру туралы Заңы мен Ұлттық қаржылық есептілік стандартының талаптарына сәйкес қосымша кестелер мен басқа да ақпараттар кіруі мүмкін.
Қаржылық есептілікті жасау тәртібі және оған қойылатын талаптар Халықаралық стандарттарға және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес белгіленеді.
Бухгалтерлік баланс мекеменің қаржылық есептілігінің негізгі нысаны болып табылады. Ол мекемелердің белгілі бір күнгі жағдай бойынша активтерін, міндеттемелері мен капиталын көрсетеді. Қаржылық жағдайды бағалаумен тікелей байланысты қаржылық есептіліктің элементтері активтер, міндеттемелер және капитал болып табылады. Бухгалтерлік баланс көрсеткіштері актив және пассив болып бөлінеді. Бухгалтерлік баланстың активінде шаруашылық құралдардың жағдайын сииаттайтын көрсеткіштер жалпыланады, ал пассивінде ұйымның шаруашылық қызметіне қолданған шаруашылық құралдарының пайда болу көздерін сипаттайтын көрсеткіштер қарастырылады. Баланстағы барлық баптар экономикалық мазмұны бойынша бес бөлімге топтастырылады: активінде екі бөлім: қысқа мерзімді активтер, ұзақ мерзімді актвитер, пассивінде үш бөлім: меншікті капитал, ұзақ мерзімді міндеттемелер, қысқа мерзімді міндеттемелер.
Мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесін бағалаумен тікелей байланысты қаржылық есептіліктің элементтері болып пайдалар мен залалдар танылады. Қызмет нәтижесі пайда және залал туралы есепте берілген мекеменің табыстары (кірістері) мен шығыстарының өзара байланысы болып табылады. Пайда мен залал туралы есеп қаржылық есептіліктің маңызды құжаттарының бірі болып саналады, ол белгілі есепті кезеңдегі қызметтің нәтижелерін бағалауды қамтамасыз етеді.
Пайдалар мен залалдар туралы есептің өзінде міндетті түрде кезең ішінде мынадай сомаларды көрсеткенде кем дегенде мынадай желілік баптар болуы тиіс: табыс, қаржыландыру жөніндегі шығындар, қауымдасқан компаниялар мен бірлескен кәсіпорындардың пайдалары мен залалдарында үлес қосып қатысу бойынша есептеу әдісіне сәйкес ескерілген мекеменің үлесі, салық бойынша шығыстар, тоқтатылған қызметтен алынған салық салудан кейінгі жиынтық пайда немесе залал, пайда немесе залал.
Қазіргі заманғы талдау тәжірибесінде шаруашылық ұйымның экономикалық тиімділігінің деңгейі жөніндегі ақпарат болып табылады. Ол қаржы нәтижелерін қалыптастыратын процестерді анықтап талдау және есепті кезеңдегі басқарушылық шешімдерді бағалау үшін пайдаланылады.
Кәсіпорынның жеткілікті төлем қабілеттілігі мен ұйым жұмысының жоғары пайдалылығының арасындағы оңтайлы балансты қолдау нарықтық экономиканың ең маңызды міндеті болып табылады. Осы міндет шешімінің негізгі көзі ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп болып табылады.
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепте өзіне ақша қаражаттарындағы өзгерістер мен операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтен болған өзгерістерге бөліп, мекеменің есепті кезеңдегі ақша қаражатының баламалары туралы ақпаратты қамтиды. Ақша қаражаттарының баламалары инвестициялаудан немесе басқа мақсаттардан гөрі қысқа мерзімді ақша міндеттемелерін өтеу үшін қолданылады. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп оны қаржылық есептіліктің қалған нысандарымен бірге пайдаланған кезде ақпарат береді, онда өзгеріп отыратын жағдайлар мен мүмкіндіктерге бейімделу үшін пайдаланушыларға мекеменің таза активтеріндегі өзгерістерді, оның қаржы құрылымын және түсімдер мен ақша қаражаттары төлемдерінің деңгейі мен мерзімдеріне әсер ету қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.
Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның қызметі мен оның дамуы негізінен өзін-өзі қаржыландыру, яғни меншікті капиталдың есебінен жүзеге асырылады, тек меншікті капитал жетіспеген жағдайда ғана қарыз қаражат тартылады. Мекеменің есепті кезеңдегі қаржылық есеп берудің жеке нысаны түрінде ұсынылады. Бұл есепте мынандай ақпараттар қамтылады:
- меншікті капиталдағы барлық өзгерістерді;
- меншікті капитал
иелерімен операциялар жасау
нәтижесінде туындайтындардан
Капиталдағы өзгерістер туралы есеп есепті кезеңдегі болған капиталдың құрылымдық және сандық өзгерістері туралы ақпаратты ашып көрсетеді.
Қаржылық есептіліктің сандық деректерінің мазмұнын жақсы анықтау үшін қажетті мәліметтер беретін негізгі талдамалы құжат. Түсіндірме жазбаның басында мекемеге енетін құрамдық бөлігінің құрамын, олардың шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштерін сипаттаумен ашып көрсетіледі де, мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметінің жүргізілген жағдайларын сипаттайды. Түсініктеме жазбада баланстың негізгі баптарына толық сипаттама беріледі, пайдалар мен залалдар туралы, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы, капиталдағы өзгерістер туралы ақпараттар ашылады.
Қаржылық есептілікті жасаудың негізгі әдістемелік көздері болып Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп пен қаржы есептілік туралы» Заңы, халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары, Ұлттық қаржы есептіліктің №2 стандарты, қаржылық есептілікті әзірлеу және тапсыру үшін тұжырымдамалық негіздеме, қаржылық есептілікті жасау бойынша әдістемелік нұсқаулықтар, бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары және оны қолдану бойынша әдістемелік нұсқаулықтар, бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары және оны қолдану бойынша нұсқаулықтар танылады.
Қаржылық есептілік есептеу мен үздіксіздік қағидаларына сәйкес жасалады.
Есептеу қағидасы - жасалған шаруашылық операцияларының, сондай-ақ мекеменің шаруашылық қызметінің нәтижесі болмайтын, бірақ оның қаржылық жағдайына әсер ететін оқиғалардың нәтижелерін оларды төлеу мерзіміне қарамастан іске асыру фактісі бойынша табысты тануды қамтамасыз етуі болып табылады. Қаржылық есептілік пайдаланушыларды тек ақша қаражаттарын төлеу мен алуға байланысты өткен операциялар туралы емес, сондай-ақ келешекте ақша төлейтін міндеттемелер туралы, келешекте ақша түрінде алынатын ресурстар туралы ақпарат береді.
Үздіксіздік қағидасы
- қаржылық есептілікті дайындаған
кезде мекеменің басшылығы
Қаржылық есептілікті жасаудың көрсетілген қағидаларын бұзу мекеменің нақты мүліктік және қаржылық жағдайын бұрмалауға әкеледі.
Сонымен, қаржылық есептілік өткен операциялар және өзге де оқиғалар туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді, бұл пайдаланушылар үшін экономикалық шешімдер қабылдау кезінде өте қажет.
Есептілікті құрастыру - есептің ең соңғы кезеңі, оның ақпараты қысқа мерзімде беріледі. Барлық ұйымдар үшін есеп беру мерзімі күнтізбелік жыл болып саналады, ол 1-ші қаңтардан бастап, 31-ші желтоқсанда аяқталады. Жаңадан құрылған ұйым үшін бірінші есептік жыл оның мемлекеттік тіркеуден өткен мерзімнен бастап, сол жылдың 31-ші желтоқсанда бітеді. Жылдық қаржылық есептер есеп беру жылынан кейінгі жылдың 30-шы сәуірінен кешікпей ұсынылады. Қаржылық есептілікті құрастыру процесінің негізгі талабы олардың дұрыс рәсімделуі. Қазақстан Республикасында қаржылық есептілік ұсынылады:
- құрылтайшы
құжаттарына сәйкес меншік
- тіркелген
жері бойынша Қазақстан
- мемлекеттік
қадағалау және бақылау
Қаржылық есептілікке мекеменің басшысы және бас бухгалтері, дара кәсіпкер қол қояды да, олар оның уақытылы тапсыруына және шындығына жауап береді.
Қаржылық есептілік құрылтайшыл
Қорытындылай
келе, қаржылық есептілік мекеменің
өткен кезеңдегі қаржылық-
Қаржылық есептілік мекеменің өнімді өндірудің және өткізудің жалпы көлемі мен түрлері бойынша қабылдаған тапсырыстарын орындауын жүйелі тексеруге, материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру мен экономикалық көрсеткіштерін жақсарту және мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметінің болашақта өркендеудің ішкі пайдаланбаған резервтерді анықтап, оларды іске қосуға мүмкіндік береді. Қаржылық есептіліктің көрсеткіштерін талдау нәтижелері болашақ кезеңге тапсырыстарға түзетулер енгізу үшін, сондай-ақ ел экономикасының дамуында пропорция белгілеу кезінде пайдаланылады.
Әдебиеттер тізімі:
1. Дүйсембаев К.Ш. Қаржы есептілігін талдау. Оқулық. Алматы: «Экономика» баспасы, 2011ж.
2. Нұрсейітов Е.О. Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп. Оқулық құралы. Алматы: «LEM» баспасы, 2009ж.
3. Сейдахметова Ф.С. Қазіргі замандағы бухгалтерлік есеп. Оқу құралы. Алматы: «LEM» баспасы, 2008ж.
Информация о работе Жамбыл-гуманитарлық техникалық университеті, Тараз қаласы