Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 22:20, реферат
1.Кіріспе
2.Тауарлық-материалдық қорлар шоты бойынша жүргізілетін операциялар
3.Тауарлық-материалдық қорларды бағалау әдістері.
4.Қорытынды
Реферат
Тауарлық-материалдық қорларды бағалау әдістері.
1.Кіріспе
2.Тауарлық-материалдық қорлар шоты бойынша жүргізілетін операциялар
3.Тауарлық-материалдық қорларды бағалау әдістері.
4.Қорытынды
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі барысында өздерінің өндірген дайын бұйымдары, сату үшін сатып алған тауарлары, сатып алған бірақ әзір ұйымға келіп түспеген тауарлары (жолдағы тауарлар), аяқталмаған өндіріс, басқаларға көрсеткен қызметтері, сондай-ақ жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету барысында пайдалануға арналған қосалқы бөлшектері, отындары, ыдыс және ыдыстық материалдары, жартылай фабрикаттар және басқа да материалдары сол ұйымның тауарлы-материалдық қоры түріндегі ағымдағы активі болып табылады. Олардың өндіріс құралдарынан өзгешелігі, өндіріс құралдары шаруашылық үдерісіне ұзақ уақыт қатысып, өздерінің табиғи пішінін сақтай отырып өндірілетін өнімге өз құнының бір бөлігін қосып отыратын болса, еңбек заттары өндірісте пайдаланылған кезде өздерінің бастапқы құнын түгелдей өндірілетін өнімге ауыстырады. Шығарылатын өнімнің, атқарылатын жұмыстың өзіндік құнның көп бөлігі еңбек заттарының құнынан тұрады. Сонымен қатар еңбек заттары өндірістік қор болып табылады.
1)Тауарлық-материалдық қорлар шоты бойынша жүргізілетін операциялар
№ |
Операциялардың мазмұны |
Дебет |
Кредит |
1 |
2 |
3 |
4 |
1 |
Жабдықтаушылар мен жеткізушілерден келген материалдар есеп айырысу құжатының келгеніне қарамастан кіріске алынды. |
20 бас шот 1300 |
671 3310 |
2 |
Сатылып алынған материалдардың құны кассадан төленді. |
201-206 1310-1315 |
451,452 1010, 1020 |
3 |
Есеп беруге тиісті тұлғалар арқылы сатылып алынған материалдық құндылықтардың құны. |
201-206 1310-1315 |
333 1250 |
4 |
Заңды тұлғалар мен жеке адамдардан өтеусіз келіп түскен материалдар |
201-206 1310-1315 |
727 6160 |
5 |
Негізгі құралды бұзғаннан, істен шығарғаннан алынған материалдық құндылықтар |
201-206 1310-1315 |
722 6210 |
6 |
Кәсіпорындар мен ұйымдардың өз өндірісінде өндіріліп, дайындалып өз қажетіне пайдалануға арналған материалдарды кіріске алу. |
201-208 1310-1317 |
900,920 8010, 8030 |
7 |
Алынған материалдар және олар үшін кеткен шығындар арнайы банктердегі шоттардан төленеді. |
201-206 1310-1315 |
421-423 1070 |
8 |
Пайдалануға болатын өндірістік ақаулардан алынған материаларды кіріске алу. |
201-208 1310-1317 |
900 8010 |
9 |
Түгендеу кезінде артық шыққан материалдарды кіріске алу. |
201-206,208 1310-1315,1317 |
727 6160 |
10 |
Еншілес және тәуелді серіктестермен бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардан келіп түскен кіріске алынған материалдар. |
201-206, 208 1310-1315, 1317 |
641-643 3320 |
11 |
Материалдық құндылықтарды дайындайтын жұмыскерлерге есептелінген еңбекақы. |
201-206 1310-1315, |
681 3430 |
12 |
Өдіріс пен шаруашылыққа пайдалану үшін жіберілген материалдар:
|
901 8011 921 8031 931 8041 821 7210 |
20 бас шот 1300 |
13 |
Салынып жатқан (аяқталмаған) құрылысқа жіберу мақсатымен есептен шығарылған материалдар. |
126 2418 |
201-206, 208 1310-1315,1317 |
14 |
Өндірістік ақауды жөндеу үшін есептен шығарылған материалдар. |
901, 921 8011, 8031 |
201-206 1310-1315 |
15 |
Түгендеу барысында бүлінген және жетпей қалған материалдарды есептен шығару. |
821 7210 |
201-206, 208 1310-1315, 1317 |
16 |
Басқа ұйымға әріқарай жөндеуге берілген матералдар. |
207 1316 |
201-206, 208 1310-1315, 1317 |
17 |
Кәсіпорындар мен ұйымдардың жөндеуден алынған материалдарына |
201-206, 208 1310-315,1317 |
207 1316 |
18 |
Жөндеуден алынған материалдар үшін есептелінген сома. |
201-206, 208 1310-1315,1317 |
671, 641, 643, 687 3310, 3320 |
19 |
Сатылған, есептен шығарылған материалдық құндылықтардың нақты өзіндік құн. |
845 7450 |
201-206, 208 1310-1315,1317 |
20 |
Түгендеу барысында жоқ болған табиғи кему мөлшерінен артық-кем шыққан материалдарға жауапты адам табылмаған жағдайда. |
821 7210 |
201-206, 208 1310-1315, 1317 |
21 |
Түгендеу барысында жоқ болған материалдарға жауапты адам табылып, ол адамның төлеге тиісті есептелінген сомасы. |
333 1250 |
201-206, 208 1310-1315, 1317 |
22 |
Басқа заіды тұлғаларға, кәсіпорындар мен ұйымдарға немесе жеке адамдарға қайтарымсыз берілген материалдар. |
845 7450 |
201-206, 208 1310-1315,1317 |
23 |
Ақау немесе басқа да себептерге байланысты жабдықтаушыларға қайтарылған материалдар:
|
671 3310 334 1410 |
201-206, 208 1310-1315, 1317 |
3)Материалдық қорлар бухгалтерлік есепте мына әдістер негізінде бағаланады:
Арнайы сәкестендірілген есептеу әдісі
Арнайы сәйкестендірілген есептеу әдісі әдетте бірімен бірін алмастыруға болмайтын немесе кәсіпорында ерекше тәртіппен пайдаланылатын (асыл металдардың, асыл тастардың т.б.) нақтылы бір материалдық қорлардың бағасын есептеуге арналған. Бұл әдіс жұмсалынған материалдар мен істелген жұмыстардың нақты өзіндік құнын есептеп шығаруды көздейді. Сондай-ақ бұл есетпеу әдісі сатылып алынғанына немесе кәсіпорынның өзінде өндірілгеніне қарамастан арнаулы жоспарлауға арналған материалдардың өзіндік құнын есептеуге арналған.
Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі
Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі бойынша кәсіпорынға кіріске алынған әрбір материалдық қорлардың бағасы оның кіріске алынғандағы шоты бойынша бағасын анықтау мүмкін болмаған жағдайда жүргізіледі. Материалдық қорлар түрінің орташа өзіндік құны ұйымдағы материалдардың есепті айдың басындағы қалған қалдығының құнымен ай бойы кіріске алынған материалдар құнының жиынығын материалдардың ай басындағы сандарының қалдығымен ай бойы кіріске алынған тиісті материалдарының сандарының қосындысына бөлу арқылы анықталады.
ФИФО әдісі
ФИФО есптен шығарылған материалдық қорларды олардың алғашқы кезекте кіріске алынғандарының өзіндік құны бойынша бағалау әдісі болып табылады. Бұл әдіс қағидасы бойынша материалдық қорлардың бірінші кезекте кіріске алынғаны, алғашқы болып, яғни бірінші шығыс етіледі деп жорамалданады. Басқаша айтатын болсақ, барлық келіп кіріске алынған материалдар бірінен соң бірі кіріске алынғандағы тізімі бойынша шығыс етіледі деп есептелінеді. Бұл жағдайда ай соңында кәсіпорынның қоймасында қалған материалдардың бағасымен бағаланады.
ЛИФО әдісі
ЛИФО әдісі кәсіпорынға ең соңғы кезекте кіріске алынған материалдар тобы бірінші болып шығыс етіледі немесе жұмсалады деген қағидаға негізделген, яғни алғашқы жұмсалатын немесе шығыс етілетін материалдар кәсіпорынға ең соңғы кіріске алынған материалдардың тиісті өзіндік құны бойынша бағаланады. Ал ай срңында кәсіпорында қалған материалдар алғашқы кіріске алынған материалдардың өзіндік құны бойынша бағаланады.
Өндіріске жұмсалынған және материалдардың қоймадағы қалдықтары ФИФО және ЛИФО әдістері бойынша мына түрде есептелінеді. Мысалы: А – түрлі материалдар тобы
Саны (дана) |
Бағасы (теңге) |
Сомасы (теңге) | |
А) Қаңтар айының бірінші жұлдызына кәсіпорынның қоймасындағы материалдардың қалдығы |
50 |
100 |
5000 |
Қаңтар айында кіріске алынған материалдық қорлар | |||
1-Топтамада 2-Топтамада 3-Топтамада 4-Топтамада 5-Топтамада |
100 80 90 100 70 |
110 120 130 140 150 |
11000 9600 11700 14000 10500 |
Кіріске алынған материалдық қорлардың жиынтығы | |||
440 |
--- |
56800 | |
Бастапқы қалдықпен қоса есептегендегі қалдығы | |||
490 |
--- |
61800 | |
Ай бойы материалдық қорлардың шығыс етілгені | |||
ФИФО әдісімен бағалағанда |
250 |
28200 | |
ЛИФО әдісімен бағалағанда |
250 |
34900 | |
Ай соңындағы материалдық қорлардың қалдығы | |||
ФИФО әдісімен бағалағанда |
240 |
33600 | |
ЛИФО әдісімен бағалағанда |
240 |
26900 |
Бұл кестеден көріп отырғанымызда йшығыс етілген 250 дана материалдық қорлардың құны бойынша есептелінеді.
ФИФО әдісі бойынша:
Бірінші кіріс етілгенде, соның ішінде: айдың басындағы кәсіпорынның қоймасындағы материалдардың қалдық саны 50 дана сомасы 5000 теңге, бірінші топтамада кіріске алынғаны 100 дана сомасы 11000 теңге, екінші топтамада кіріске алынғаны 80 дана сомасы 9600 теңге, үшінші топтамада кіріске алынған материалдардың тек қана 20 данасы сомасы 2600 теңге шығыс етіледі. Барлығы 250 (50+100+80+20) дана, сомасы 28200 (5000+11000+9600+2600) теңгенің материалдары.
ЛИФО әдісі бойынша:
Соңғы кіріс етілгендер, соның ішінде: бесінші топтамада кіріске алынғаны 70 дана, сомасы 10500 теңге, төртінші топтамада кіріске алынғаны 100 дана, сомасы 14000 теңге, үшінші топтамада кіріске алынған 90 дана материалдардың сомасы 11700 теңге, 80 данасы сомасы 10400 теңге шығыс етіледі. Барлығы 250 (70+100+80) дана сомасы 34900 (10500+14000+10400) теңгенің материалдары.
Материалдық қорларды ФИФО және ЛИФО әдістерімен бағалау барысында материалдардың талдамалық (аналитикалық) есебін олардың түрлері бойынша ғана жүргізіп қоймай, егер олар әр түрлі бағамен сатылып алынған болса, онда келіп түскен материалдарды олардың топтамасы бойынша есептеу керек.
Материалдар баланста нақты өзіндік құны бойынша көрсетіледі. Сонымен қатар материалдар өздерінің топтамалық (синтетикалық) есебінде нақты өзіндік құнымен көрсетіледі де, ал талдамалық есебінде жоспарлы есептуе бағасымен немесе келісілген бағасы бойынша көрсетіледі. Егер кәсіпорын материалдардың талдамалық есебін келісілген бағасы бойынша есептейтін болса, онда олардың нақты құны материалдық қордың сатып алынған құны мен дайындау-тасымалдауы шығындарының қосындысынан тұрады. Бұлардың құрамына теміржол тарифі, көлік, ұшақ, басқа да тасымалдау құралдарының тарифтері, жарналар, материалды тиеуге, түсіруге кеткен шығындар, материалдық қорларды дайындаушылардың іссапары шығындары, қамсыздандыруға төленген төлем және басқа да шығындар жатады. Егер материалдық қорлардың талдамалық есебі жоспарлы есептеу бағасы бойынша есептелетін болса, онда олардың нақты өзіндік құны жоспарлы есептеу құнына баға өзгеруінен болатын ауытқуларды қосу немесе алу арқылы анықталады.
Бұл бағаны кәсіпорынның немесе ұйымның өзі жоспарланған дайындау-тасымалдау шығындарын ескере отырып есептен шығарады. Жалпы материалдық қорларды есептеуде заттай және ақшалай өлшемдер қолданылады.
Қорытынды
Еңбек заттары бір тектес емес. Олардың бір-бірінен өндірісте атқаратын міндеттеріне қарай, сондай-ақ физикалық және химимялық қасиеттеріне қарай өзара айырмашылықтары бар. Сондықтан да материалдар есебін дұрыс ұйымдастырудың ең басты мәселесі - оларға экономикалық жағынан дәлелденген жіктеу жасау болып табылады.
Материалдар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін материалдардың номенклатуралық тізімі мен баға көрсеткішін дайындаған дұрыс.
Материалдардың номенклатурасы деп өндірісте пайдаланылатын материалдардың белгілі бір түрлеріне олардың аты, сапасы, мөлшері және т.б. көрсеткіштері бойынша жасалған жіктеу тізімін айтады.
Материалдық қорлар бухгалтерлік есепте мына әдістер негізінде бағаланады: арнайы сәйкестендірілген есептеу әдісі, орташа өзіндік құнын есептеу әдісі, ФИФО әдісі, ЛИФО әдісі.
Материалдар өздері сақталып тұрған жері бойынша, яғни кәсіпорын қоймасында және кәсіпорын бухгалтериясында есептелінеді. Материалдық қорлардың қоймадағы есебінің дұрысұйымдастырылуы олардың дұрыс сақталынуына, қоймадағы жұмыстың дұрыс жүргізілуіне және олардағы жұмыстың қалай қойылғандығына байланысты.
Материалдардың бухгалтерияда аналитикалық есебі сандық және ақшалай өлшемде жүргізіледі. Мұндай есепті ұйымдастырудың көп қиындығына байланысты бухгалтерияда талдамалы есепті ұйымдастыру жұмысы үздіксіз жетілдіріліп келеді.
Өндірістік қорларды кіріске алу және шығысқа шығарудың бастапқы құжаттары материалдар есебін ұйымдастыруға, өндірістік қорларға аудит жүргізуге негіз болатын есептік көрсеткішті жинақтауда маңызды рөл атқарады. Тікелей бастапқы құжаттары аралық материалдар ресурстарының қозғалысына, сақталуына, тиімді пайдалануына алдын ала, ағымдағы және күнделікті бақылауды жүзеге асырады.
Шаруашылық жүргізуші шаруашылықтың қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есеп бас жоспарының «Материалдар» бөлімшесінің синтетикалық шоттарында шикізаттардың, сатып алынған жартылай фабрикаттардың, құрастыру бұйымдарының, конструкциялардың, отындардың, ыдыстардың және ыдыстық материалдардың, қосалқы бөлшектредің, құрылыс материалдардың сақталуын, пайдалануын және есебінің ұйымдастырырлуын аудиторлық тексеруді қойма шаруашылыған тексеруден бастаудың маңызы зор.
Информация о работе Тауарлық-материалдық қорларды бағалау әдістері