Шағын және орта бизнес

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2012 в 14:48, курсовая работа

Описание работы

Бітіру жұмысы тақырыбының өзектілігі. Соңғы жылдары шағын және орта бизнес Қазақстан Республикасының экономикасындағы ролі артып келе жатыр. 2002 жылы Қазақстандағы шағын және орта бизнес секторымен өндірілген жиынтық өнімдердің ЖІӨ - ге қатынасы 17% - ды құрады, ал 2003 жылы осы сектор субъектілерінің бұл макроэкономикалық индикаторындағы үлесі 20% - дан астам шамаға жетті.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................

1.тарау. Өтпелі кезең жағдайында шағын және орта бизнесті дамытудың объективті қажеттілігін...........................
1.1 Шағын және орта бизнес түсінігі........................................
1.2 Қазақстан экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлі ............................................................................
1.3 Шағын және орта бизнесті дамытудағы нарықтық экономикалы елдердің тәжірибесі
2. тарау. ҚР шағын және орта бизнестің даму тенденциялары .............................................................................
2.1.ҚР – дағы шағын және орта бизнестің жағдайы.............
2.2. «Сұлтан» ЖШС – тің қазіргі жағдайы (сандық талдау)............................................................................................
3.тарау. ҚР – дағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту проблемалары................................................................................
3.1. «Сұлтан» ЖШС мысалдағы дағдарысқа қарсы басқару...........................................................................................
3.2.ҚР – дағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту проблемалары мен оларды шешу жолдары............................
Қорытынды....................................................................................
Қолданылған әдебиеттер.............................................................

Работа содержит 1 файл

Шағын және орта бизнес.doc

— 810.00 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРТЫНДЫ.

 

1. Кәзіргі  уақытта нарықтық қатынастар  жүйесінде кәсіпорындар келесідей  айрықша ерекшеліктермен сипатталады,  мөлшері, жұмыс істеушілер саны, қай салаға жататындығы, негізгі және айналым қорларының құны, шығарылатын өнім көлемі.

 Сонымен  кәсіпорындардың  3 түрін бөліп  көрметуге болады: ірі, орта және  шағын, олардың кешені бірін-бірі  толықтыра отырып, экономиканың  тұтас ағзасын құрайды.

Ірі кәсіпорындар-нарыққа  негізгі өнім шығарушылар болып табылады. Ірі кәсіпорындар-экономика «қанқасы», экономикалық тұрақтылықтың базисы.

Шағын және орта кәсіпорындар, үнемі жаңарып тұратын  номенклатурасымен және ассартиментімен, азғана партияда өнім дайындау, шектеулі тұтынушылар жағдайында елеусіз материалдар мен шикізатты қолдану қажет болған жағдайда пайда болады. Сонымен, шағын кәсіпорындар нарықтың салыстырмалы толған кзінде жекелеген тапсырыстарды есепке алып өнімді аяқтайды, яғни ұсақ – түйек өнімдер өндіріледі. Сонымен қатар, шағын кәсіпорындар қызметтінің барлық саласында нөлдік нәтиже алумен байланысты жоғары тәуекелгеие болып табылады.Бұл әрі инновациялық қызмет, әрі жаңа технологияны игеру.Өнімнің жаңа түрін игеру. Шағын кәсіпорындардың капиталымен тәуекел, іріге қарағанда қоғамға аз шығындар алып келеді, сондықтан мемлекет шғын кәсіпорындарды құру және дамыту үшін арнайы жеңілдікттер тәртібін тағайындау керек.

Сондай-ақ шағын  бизнес сферасына өздерінің тәуелсіз меншігі бар, шаруашылық еркіндікке ие және өз қызметі сферасыда үстемділік етпейтін фирмалар жатады. Кпөтеген шетелдік зерттеулер шағын кәсіпорындарға 500 адамнан аспайтын жұысшылар бар және сату көлеме 20 млн. доллардан аспайтын фирмаларды жатқызады.Бірақ бұл көрсеткіштер шартты болып табылады.

Қазақстанда шағын және орта бизнеске бірнеше инвесторлармен құрылатын, географиялық шектелеген зоналарда қызмет ететін және нарықтың шектеулі үлесіне ие, басқаруды құрушылар жүзеге асыратын, барлық негізгі стараегиялық шешімдерді өздері қабылдайтын кәсіпорындар жатады.басқару сипаты икемділігімен, формалділіктің жоқтығымен шешімін қабылдау барысында, өндіріс саласында да, басқару саласында да жұмысшылардың өз-ара алмасуының жоғарылығымен ерекшеленеді.

Шағын және орта бизнестің ерекшелігі қызмет ету  сферасы болып табылады. Ірі кәсіпорындар жаппай өндіріс жағдайында, тұрақты тауар номенклатурасымен және көтерме сатыпалушылармен жұмыс істейді. Шағындар ұсақ партиалармен шығарады,жеке тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандырады, нарықттық арнайы сегментіндегі және екінші реттік шикізат өндірісінің қалдықтарын пайдаланады. Мысалы, автомобиль өндірісі-ірі кәсіпорын қызметіне жатса, автомобильді жөндеу-шағын жәнеорта бизнес қызметі.

Шағын және орта бизнестің келесі бір тиімді ерекшелігі калликтивті еңбекке ұмтылуы, жұмыс  орның сақтап қалуға тырысу және пайдаға қатысуға негізделген жұмыстың нәтижесінің максималды болуына мүдделілік болып табылады.Ірі компаниалар кәсіби менеджерлерді жалдайды, ал олар акционерлердің барлық талпыныстарының ерекшеліктерін білмейді нәтижесінде басқару проблемаларына алып келеді, ал шағын кәсіпорындарда құрушының өзі менеджер, бір тұлға, сондықтан бұл жерде ешқандай түсініспеушілік мәселесі туындамайды.              

2. Соңғы жылдары  шағын және орта бизнесті дамыту  мен кәсіпкерлік қызметті қолдау  бойынша бірқатар шаралар әзірлеген болатын. Ол өзінің нәтижесін берді, статистиктердің айтуы бойынша, тіркелген кәсіпкерлердің санының артуы, жұмыспен қамтылған халықтың үлесіне де әсерін тигізген. Шағын кәсіпорындардың өнім өдірудің жалпы көлеміндегі үлес салмағы артып келеді. Шағын және орта бизнестің ролінің артуын кәсіпкерлер форумының тұрақты жүргізілуі шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының құрылу, барлық екінші деңгейлі банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие берудің минимал мөлшерін тағайындауы (банктің несие қоржынының негізгі қраыздан 10%-тен за болмау), орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау Агенттігінің құрылуы, шағын кәсіпкерлікті өқлдау бойынша әкімдердің қызметің қатаң қадағалау, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыстарына жағдай жасау және жеңілдіктер беру.

1992-96 жылдары  кезеңінде кәсіпкерлікті қолдау  және дамыту, екі мемлекеттік  баңдарламаның жүзеге асыру шағын  бизнестің құрылуы мен қалытасуына  негіз бола алабы. Бұл кезеңде  шағын кәсіпкерлікпен айналысатындардың  үлесі жалпы жұмыспен қамтылғандардың саны ішінде келесі қатынастарды құрады: 1992 жылы-6%,1993жылы-4%, 1994 жылы-4%,1995жылы-5%,1996 жылы-5,2%. Қызмет етуші субъектілерінің саны 24030бірлікке дейін артты.2000 жылы тіркелгендердің саны118429бірлік, олардың ішінде 107134- шағын кәсіпорындар, және 59244-қызмет етуші кәсіпорындар болды.

Сонымен, көріп  отырғанымыздай, ойланып ұйымдастырылған  шағын және орта бизнес саясаты стагнациялық экономикадан шығудың бала жолы бола алады, өйткені ол екі макразкономикалық  проблемалармен байланыстырады-жұмыспен қамту және өндірістің жандануы. Шағын кәсіпорындар экономикаға барлық көрсеткіштер бойынша өзгерістер алып келуі мүмкін. Өзін жұмыспен қамтуды ынталандыру және шағын кәсіпорынды ашу ең аз шығынмен жұмыссыздық мәселесінен шығатын жол ретінде қарастырылады. Соңғы 10 жылдықты дамыған елдердегі эконмиканың дамуы тенденциясы шағын бизнес саласына өтумен байланысты. Осы салаға бәсекелестікті ынталандыру, кәсіпкерліктің жандануы, қоғам ресурстарын толығырақ қолдану жіне инновациялық процесті күшейту сияқты негізгі үміт арттырған. Батыс елдерінде шағын бизнес тиімді дамуды қамтамасыз ету және мемлекеттік экономикалық саясатты қосу салсына айналған. Мемлекеттік протекционистік шағын бизестің нақтылануы қажет еткен, адрестілігін, жеңілдіктер тек шағын кәсіпорындарға беріледі. Шағын кәсіпорындарды ажырату барысында сандық сипаты бойынша, әр елдегі экономикалық жағдайға байланысты әртүлі пікірлер қалыптасқан. Жалпы сипаттамасы ұйымдастырылуының қарапайымдылығы, жаңа өнім шығаруға тез бейімделе алуы, нарыққа қызмет ету, яғни нақты тапсырыстармен сатуға, сондай-ақ шағын кәсіпорындарды басқару және мешікті біріктіру дәрежесі болып табылады.

3. АҚШ тәжрибесі  көрсетіп отырғандай, шағын бизнес  ортаның өзгерісіне тез бейімделгіш.  Шағын кәсіпорындардың жаппай  ликвидациясы кәсіпкерлерге кері ісерін тигізбейді. Жұмысшы күшінің және капиталдың территориялық және саналық ағымы жақсарады, тұтынушы сұранысының және жоғары өндіріс шығындарының өзгруіне өндіріс қимылының жеделдігі жоғарлайды. Бір шағын кәсіпорын жабылса,екіші біреулері ашылады.

Кәзіргі уқытта АҚШ халқының 53% шағын және орта бизнес саласында жұмыс істейді. АҚШ  тәжрибесі шағын бизнес ірі өндірістің өзгерістерге, жаңа міндеттемелерге  бейімделуін және икемділігін көтеретіндігін көрсетіп отыр.

Бұдан басқа, 1976 ж. арнайы шағын бизнес мүдделер қорғайтын адвокаттық кеңес құрылды, ол тікелей Президент пен Сенатқа бағынады. Адвокаттық кеңес енгізгі міндеттері: 

    • мемлекеттік заңдардың, жобалардың, ережелер мен салықтардың шағын бизнестің дамуына әсерін зерттеу.
    • Шағын бизнеске әсер ететін факторларға экономикалық және статистикалық зерттеулер жүргізу, шағын бизнес потенциалын бағалау, шағын бизнес мәселелері мен қажеттіліктерін зерттеу т.б. 

Қазақстандық  тәжрибеде шағын бизнеске көмектесудің «инкубаторлық» жобасын қолдаған жөн. «Инкубатор» термині алғаш кәсіпкерлікпен айналысушыларға көмек көрсету мақсатында университет, ұйымдар, кампаниялар,федералдық үкімет органдары жандарына ашылған ұйымдарға қолданылады. «Инкубатордың» басты міндеті-шағын, әсіресе инновациялық бизнесті алғашқы қолдау. Инкубатролар жанынан құрылған кәсіпорындар тәжрибе жинайды, одан ары даму үшін көмек алады, нарықтағы өз орындарын бекітеді. Дамудың белгілі бір деңгейіне жеткенненсоң, әдетте үш жылдан соң, фирмалар бизнес- -инкубаторлардан шығып өз бетінше қызмет етеді. Ал босаған орындарға бизнесті нөлден бастап жатқан жаңа фирмалар келеді.

Ұлыбритания тәжрибесі көрсетіп отырғандай, шағын  бизнес, өндіріс көлемін ұлғайтуда, тауарлар мен қызметтер ассортиментін  кеңейтуде, өнім сапасын көтеруде маңызды  роль ойанйды. Шағын бизнес адамдарға өзінің творчествалық мүмкіндіктерін көрсетуге мүмкіндік береді. Ұлыбританияда шағын кәсіпкерліктің дамуына консервативті үкімет саясаты-қаржылық жеңілдіктер, кңес беру қызметтері мен бизнес техникасын оқытатын курстардыңболуы ықпал етті.

Кәсіпорындарды  шағын фирмалар категориясына жатқызудың кең таралған қағидаларының бір-ондағы жұмысшылардың саны. Мысалы, 10 адамнан  аз жұмысшылары бар фирмалар ұсақ болып табылады, 10-49 адамдар- шағын, 50-499-орташа, 500- ірі фирмалар. Экономикалық саясатты жүзеге асырарда мемелекеттің мақсаттарының бірі-шағын фирмаларды қолдау. Шағын бизнеске ерекше жағдай жасау концепциясы Францияда кенінен тарады.шағын бизнесті дамыту үшін үкіметтен қаржылық, салықттық және әкімшілік шараларды қосатын жоба дайындалды. Фрацуз үкіметі қаржылық ынтаға көп көңіл бөледі. Ол жаңадан кәсіпорын құруға, фирмалардың басқа аймақтарға аусуына, инвестицияның өсуіне шағын және орташа фирмалардың ынтымақтастығын реттеуге арналған жеңілдіктерді ұсынады. Мемлекет ұсақ және шағын фирмаларға несие беретін бір қатар ұйымдар құрды. Оның ішінде- аймақтық даму қоғамы, өнеркәсіптік даму институты, жаңалық еңгізуді қаржыландыратын кампаниялар және т.б.фрацияда несиелерді кепілдендіретін 50-ге жуық ұйымдар бар.80-ші жылдың басында несиелерді кепілдеудің ұлттық қоры құрылды. Қор шағын жіне орташа фирмаларды тәуекел капиталды ұсынатын кампанияның қарамағында. Ол шағын бизнеске әртүрлі қаржылық ұйымдармен ұсынылатын займдардың 65%-зы кепілдеуді қамтамасыз етеді. Қоғам шағын фирмаларға құрал алу үшін және оны жұмыс бабында ұтап тұру үшін қаржылық ресурстар бөледі.

60 ж. бастап  Израилде экономикаға үлкен ықполды  акционерлік қоғамдар түріндегі  ірі кәсіпорындар көрсетті. Дәл  осы сектор үлкен табыс берді,  бірақ 80 ж. аяғындағы Шығыс  Европа және КСРО елдеріндегі экономикалық және саяси жағдайдың тұрақсыздануірі масштабты иммиграцияға әкелді. Осы кезде Израиль Үкіметі алдында жаға азаматтарды жұмысқа орналастыру сұрағы туды. Соған байланысты шағынжіне орта бизнестідамытуды жолдамдатты.

4. Бұл сұрақта  Қазақстандық кіші және орта кәсіпкерліктің кәзіргі кздегімен соңғы жылдардағы жағдайы қарастырылады.

Дамыған индустриялды мемлекеттерде шағын бизнестің  өзі ғана жалпы ішкі өнімнің 50%-дан  астамын алады. Біздің елімізде болса, шағын бизнесті және оған орта бизнесті қосқанның өзінде олардың ЖІӨ-гі сыбағалы үлнесі 30%-дан аспайды. Мәселен, 2005жылдың нәтижелері бойынша еліміздегі шағын және орта бизнес субъектілерінің ЖІӨ-гі үлесі 17% болды,ал2006 жылы бұл пайыздық қатыныс 20% шамасында болды.Бұл статистикалық мәліметтер осы сектордың ұлттық экномикадағы елеулі еместігін көрсетеді.

Бірақ шағын  бизнес субъектілерінің  елеулігі бөлшек сауда саласында байқалады.Осы  саладағы олардың үлесі 90%-ға жетеді.

Мұдай жағдайдың  қалыптасуы ең алдымен осы сектордың  бәсекелестік еместік қабілетімен байланысты.

Шағын және орта кәсіпкерлік секторындағы қалыптасып отырған жағдайдың қандай екенің көру үшін енді статистикалық мәліметтерді келтірейік.

Қазақстандық  экономиканың соңғы 5 жылдағы қарқынды өсуі өзінің бастауын әлемдік рыноктардағы шикізат ресурстарына бағалардың шарықтауынан және үкіметтің сауатты нарық реформаларды жүргізуінен алады. Олардың нәтижесінде Қазақстандық экономикаға ақша массасының (мұнай долларының түсімінен) қысымы артып барады. Сол себепті қазіргі кезде біздің елімізде инвестициялау объектілерінің тапшылығы байқалуда. Сондықтан көптеген тұлғалар өз істерін ашуға тырысады.

5. «Сұлтан»  ЖШС ауыл шаруашылық саладағы  кәсіпкерлік субъект болып табылады.бұл  жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің  негізгі (операциялық) қызметіне егін шаруашылығы, мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы жатқызылады. Мәселен, өткен 2006жылдың қортындылары бойынша жоғарыдағы шаруашылық- экономикалық қызметтердің бағыттарындағы егін шаруашылығы 56%-ды, мал шаруашылығы 20%-ды, өсімдік шаруашылығы 17%-ды және басқа қызметтер 7%-ды алады. Шруашылық қызметтің осы бағыттары бойынша үлестеумен ең басымдысынан батап ранжирлеу өткізу көлемі бойынша жүзеге асырған. Бұл мәліметтерден көріп отырғанымыздай шаруашылық-экономикалық қызметтің бағыттарынан ең басымдысы егін шаруашылығы болып тұр. Мұндай жағдайдың қалыптасуы ең бастысы осы бағытты жүзеге асырудың басқа қызмет бағыттарын асыруға қарағадағы жоғары ретабельділік. Егін шаруашылығы қызметінің жоғары рентабельділігіне өткен жылғы бидай нарығындағы қолайлы конъектура, яғни бидай ауыл шаруашылық өніміне жоғары Қазақстан нарығындағы бағалар себепші болады.

Көріп отырғанымыздай бұл серіктестіктің операциялық  қызметі әртараптанғандығымен және нарықтың конъюктурасына тез бейімделу  қабілетімен сипатталады.Сонымен жоғарыдағы қаржылық-экономикалық талдау «Сұтан» серіктестігінің несиелік тартымдылығын және қаржылық жағдайы талдауға бағытталған. Әдетте бұндай талдауларды несиелік талдау немесе сараптау деп атайды. 

6. «Сұтан»   ЖШС-нің бітіру жұмысының осы  сұрағындағы қаржылық талдауды несие алу кезінде тәжрибеде қолдануға болады. Дағдарыстармен күйзелістерді спонданды түрде пайда болған жағдаймен статикалық процесс ретінде қарастыруға болмайды, оның өсуіндегі қателіктерге алып келуі мүмкін де, кәсіпорынның өмір сүруі екі талай болуы мүмкін. Егер қателікті даму уақытысында анықталса, онда нормалды даму курсына бағғытталған коррекциялау жасауңа болады. Курстың дұрыс коррекциясын әзірлеу үшін дағдарыстың және дағдарыстық процестің даму сатыларының барысы жөніндегі нақты білімдермен дағдыларға ие болу керек.

Дағдарыстың процесі байланыстар-қатынастар бар  құрылымын бұзатын немесе оны  қайтадан қалыптастыратын жалпы  дамуды білдіреді.

Кәсіпорынның  дағдарысы әдетте уақыты жағынан  шектелген болады. Ол басқарылатын немесе белгілі бір шектерде асқынуын жіберуге болмайтын немесе фирманың ішкі мен сыртқы факторларына байланысты болуы мүмкін. Күйзелістік процесстер кәсіпорынға, оның құрылымына , инновациялыұ әлеуметіне және т.б. байланысты түрлі созылмалығымен , интенсивтілігімен және ауырлығы түрлі дәрежедегі салдармен сипатталады.

3.1. сұрағында  біз «Сұтан» жауапкершілігі шектеулі  серіктестіктің 2005ж. және 2006жылғы қаржылық –экономикалық талдадық. Бұл талдаудан біз бұл серіктестігінің дебиторлық берешегінің 2005 жылдан 2006 жылға қарағанда шамамен 10есеге өскендігін көрдік, яғни оның шамасы 2286мың теңгеден 21508 мың теңгеге дейін жетті. Осыған орай жақын болашақта осы ағымдық активтерге қатысты «Сұлтан» серіктестігінде проблемалар туындауы мүмкін. Бұл проблемалар дебиторлық берешектерді уақытылы өтемеуінен активтердің сапасын төмендетіп, айналмалы капитал мен қаражаттаға деген осы шаруашылық субъектінің тапшылығын тудыруы мүмкін. Ал бұл, «Сұлтан» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қаржылық- экономикалық жағдайын төмендетуге септігін тигізетін потенциалды фактор болады.

Осыған орай «Сұлтан» жуапкершілігі шектеулі серіктестігінің  дебиторлық берешектің 10есеге өсуіне қатысты потециалды проблеманың  осы кәсіпорынның  жағдайын нашарлатпауы үшін біздің пікіріміз бойынша оның өнімдерді несиеге беру саяасатын жетелдіру қажет. Бұл жетілдіру ең алдымен кешіктірілген дебиторлық берешектер бойынша асқтандыру резервтерін қалыптастыруы тиіс. Екіншіден, дебиторлық берещектің өсуі қаражатты сыртқы көздерден тартуы кезіндегі «Сұлтан» ЖШС-інің қаржылық-экономикалық жағдайын төмендетіп, несиелік тартымдылығы төмендетпеу үшін осы проблеманы активтердің өзін қаражатар тарту процесіне қатыстыру қажет. Дебиторлық берешекті осы процеске қатыстырудың басты бағыты -- несие алу кезінде дебиторолық берешекті немесе серіктестіктің қарыздың өтелуін талап ету құқығын кепілдік қамтамасыз ету ретінде несие берушіге ұсыну.

Информация о работе Шағын және орта бизнес