Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 18:47, реферат

Описание работы

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық қызмет сферасындағы өндірістік қатынастардьщ айырықшалықты ерекшеліктері, таза қаржы қатынастарының басқа ақша қатынастармен өте тығыз байланысты, бірқатар ғалымдардың пікірі бойынша кәсіпорындар мен салалар қаржысы қаржы жүйесінің жалпы мемлекеттік қаржылардан ортақ белгілерінен гөрі көбірек айырмашылығы бар буыны болып табылады дегенге жеткізеді. Олардың пікірінше, егер бүл буынға кәсіпорындардың ақша қатынастарының бүкіл жиынтығын қосса, онда дербес экономикалық категорияның – кәсіпорындар мен ұйымдардың ақша шаруашылығының бар екендігі жөніндегі мәселені қоюға болады.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы
2.2 Шаруашылық жүргізуші субъектісінің кірісі мен
шығысының теориясы.

2.3 Шаруашылық жүргізуші субъектілердің түрлері және олардың қызметін ұйымдастыру.

ІІІ. Қорытынды

Работа содержит 1 файл

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы.docx

— 55.30 Кб (Скачать)

- шаруашылык серіктестіктер;

- акционерлік қоғамдар;

- өндірістік кооперативтер;

- мемлекеттік кәсіпорындар.

Коммерциялық емес ұйымдар заң актілерімен қаралған діни бірлестіктерден, қоғамдық қорлардан, тұтыну кооперативтерінен, акционерлік қоғамдардан, коғамдық бірлестіктерден және тағы басқа ұйымдық нысандарынан құрылуы мүмкін. 
1. Шаруашылық серіктестіктер. Құрылтайшылардың (қатысушылардың) қосқан үлесі бөліп көрсетілген жарлық капиталы бар коммерциялық ұйымдар шаруашылық серіктестігі болып табылады. Құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарының есебінен құрылған, сондай-ақ серіктестіктің шаруашылық қызметінде шығарылған және сатып алынған мүліктер серіктестіктердің меншігіне жатады.

Қазіргі кезде шаруашылық серіктестіктер толық және коммандиттік серіктестіктер болып құрылады.

Толық серіктестік мұндай серіктестіктің қатысушылары толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда оның міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлікке ортақ жауапкершілікте болады.

Коммандиттік серіктестік — серіктестік міндеттемелері бойынша өзінің барлық мүлкімен (толық серіктестер) қосымша жауап беретін толық серіктестіктерден және серіктестіктің кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыруына араласпайтын, жауапкершілігі серіктестік (салымшылар) мүлкіне өздері салған салымдардың жиынтығымен шектелетін қатысушылардан тұрады. Коммандиттік серіктестіктердің қызметіне араласатын толық серіктестіктің құқылы ережесі және олардың міндеттемелері бойынша жауапкершілігі толық серіктестіктің тәртібімен анықталады.

2. Қосымша және жауапкершілігі шектеулі серіктестік. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС). ЖШС жарлық капиталы бір немесе бірнеше серіктестік тұлғалардың ұйымдастыруымен құрылған жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп танылады, олардың қосқан үлесі құрылтайшылардың құжаттарында бөліп көрсетіледі; олар өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде ғана алған міндеттемесі мен тәуекелділік залалы бойынша жауап береді. Серіктестікке қатысушылардың саны елуден аспауы керек. Ол бір ғана тұлғадан тұратын, басқа да серіктестіктердің жалғыз қатысушысы ретінде болуына болмайды.

Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік. Мұндай серіктестіктің қатысушылары оның міндеттемелері бойынша өздерінің жарғылық капиталдағы салымдарымен, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда — қосымша өздері еселеген мөлшерінде салған салымдармен өздеріне тиесілі мүлкіне жауап береді.

3. Акционерлік қоғам — өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражаттарды тарту мақсатында акция шығарумен айналысатын занды тұлға. Қоғам акционерлері өзінің міндеттемесі бойынша жауап бермейді және олардың кызметімен байланысты өздеріне жататын акцияларының құнының шегінде тәуекелділіктен алған зиянды шегеді. Акционерлік қоғам ашық, жабық және ашық халықтық қоғам болып бөлінуі мүмкін.

Ашық акционерлік қогам — өздерінің шығарған акциясын ашық, жеке, жабық түрде орналастыруына құқығы бар. Мұндай қоғамның қатысушылары өздеріне тиесілі акцияларды басқа акционерлердің келісімінсіз иеліктен шығара алады.

Жабық акционерлік қогам. Мұндай қоғамның акциялары тек қана өз құрылтайшылары ішінде немесе алдын ала белгіленген тұлғалар шеңберінде таратылады. Егерде жабық акционерлік қоғамның акционерлерінің саны жүзден асып кетсе, онда келесі үш айдың барысында акционерлердің жалпы жиналысында қоғамның типін өзгертуге, яғни ашық акционерлік қоғамға айналуына шешім қабылдауына болады.

Ашық қоғамның акциялары, бағалы қағаздардың нарығына қарап бағаланады және ондағы активтердің құны екі жүз мың айлық есепті керсеткішті құраса және акционерлердің саны бес жүзден кем болмаса, онда ол ашық халықтық қоғам болып табылады.

4. Өндірістік кооператив — бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізінде, олар өзінің еңбек етуімен тікелей қатысуының негізінде және мүліктік пайларын (үлестерін) мүшесі ретінде біріктірудің негізінде құрылған азаматтық ерікті бірлестік. Кооператив мүшесі екіден кем болмауы тиіс. Кооператив мүшелері занда қаралған тәртіп пен деңгейде қосымша (субсидиарлық) міндеттемелері бойынша жауапкершілікте болады. 
5. Мемлекеттік кәсіпорын. Мемлекеттік кәсіпорындарға жататындар: 
- шаруашылыкты жүргізу құқына негізделген мемлекеттік кәсіпорын. Ол өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікке жауап береді, бірақ мемлекет міндеттемелері үшін жауапты болмайды;

- ағымдағы (оперативтік) баскару құқығына (қазыналық кәсіпорын) негізделген мемлекеттік кәсіпорын, Қазақстан Республикасы үкіметінің немесе жергілікті атқару органының шешімімен құрылады. Қазыналық кәсіпорынның шаруашылық қызметі оның Жарғысында көрсетілген (белгіленген) мақсаттармен және міндеттермен анықталады. Қазақстан Республикасы немесе жергілікті әкімшілік-аумақтық бөлініс қазыналық кәсіпорынның міндеттемелері бойынша жәрдем беру жауапкершілігін өз мойнына алады.

6. Коммерциялық емес ұйымдар. Оларға: мекемелер, қоғамдық бірлестіктер, қоғамдық қорлар, тұтыну кооперативтері, діни бірлестіктер, қауымдастық (одақ) нысанындағы бірлестіктер жатады.

Шаруашылық жүргізуші  субъект қызметінің мақсаттарын  оның меншік иесі белгілейді. Ол егер заңмен тыйым салынбаса және субъектінің жарғысына жауап беретін болса, онда ол кез келген қызмет түрін жүзеге асыруына болады. 
Мемлекеттік мүлікті басқаруға уәкілетті органдар, басқа заңды және жеке тұлғалар субъектінің құрылтайшылары бола алады. Шаруашылық жүргізуші субъектіні бір немесе бірнеше құрылтайшылар құрып, ол мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап заңды тұлға құқығына ие болуы мүмкін. Меншік иесінің рұқсатымен шаруашылық жүргізуші субъект заңды тұлға құқығы бар еншілес субъектілерді, сондай-ақ филиалдар, өкілдіктер, бөлімдер және басқа да ерекшеленген бөлімшелер құра алады.

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы