Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2011 в 20:02, реферат
Қазіргі нарықтық экономика жүйесінде салықтардың алатын орны өте зор. Салықтар мемлекеттік бюджеттің негізгі бөлігі. Бүгінгі күнде салықтар әлеуметтік сферада және экономикалық реттеуде негізгі инструмент ретінде көрініс табады, өйткені мемлекет салық жүйесінің көмегімен ұлттық табысты қайта бөлу кезінде өзінің әсерін тигізе алады.
Салықтың экономикалық мәні
Қазіргі нарықтық экономика жүйесінде салықтардың алатын орны өте зор. Салықтар мемлекеттік бюджеттің негізгі бөлігі. Бүгінгі күнде салықтар әлеуметтік сферада және экономикалық реттеуде негізгі инструмент ретінде көрініс табады, өйткені мемлекет салық жүйесінің көмегімен ұлттық табысты қайта бөлу кезінде өзінің әсерін тигізе алады.
Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар – бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер болып табылады.
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.
Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады. Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгерді, игерілді, мемлекеттің қажеттіліктері мен сұрау салуларына бейімделеді. Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олар – дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүреді.
Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрылысы мен саяси іс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі – ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің кірістері және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады. Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні, олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады. Белгілі философ Френсис Бэкон салықтарды төлеу әрбір азаматтың қасиетті борышы деген еді.
Қазақстан Республикасы Конститутциясының 35-бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады.
Салықтар
– мемлекет қаржысының тұрақты қайнар
көзі. Мемлекет салықтарды экономиканы
дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты
экономикалық тетік ретінде пайдаланады.
Қазақстан
Республикасында салықтардың
атқаратын қызметтері,
олардың түрлері
Салықтардың мәнін толық түсіну үшін олардың экономикалық маңызын түсіну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын қызметіне тікелей қатысты.
Салықтардың мынадай негізгі қызметтері бар:
Салықтардың бірінші қызметі – фискалдық немесе бюджеттік қызмет. Бұл қызмет арқылы мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлімі құрылып, салықтардың қоғамдық міндеті артады. Себебі, салықтар мемлекеттік бюджеттің кірісін топтастыра отырып, әлеуметтік, әскери, қорғаныс, тағы басқа да шаралардың іске асуын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік бюджеттің кіріс көзін құрайтын негізгі қаржылық көздер – салықтар. Салық өндірістің дамуына барынша өз ықпалын тигізіп, өндірушілердің ынтасын арттыруға жағдай жасауы қажет.
Салықтардың екінші маңызды қызметі ол, реттеушілік қызметі.
Реттеушілік қызметі салық механизмі арқылы іске асырылады. Оның ішіндегі негізгі тетіктер салық ставкалары мен салық жеңілдіктері. Салықтық реттеудің тетіктері тек қана өндірістің дамуын реттеп қана қоймай, сонымен қатар ақша және баға саясаты, шетелдік инвесторларды ынталандыру, шағын және кіші кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарын жүзеге аысруы қажет. Әрине салықтық реттеу тетіктері тиімді қызмет атқару үшін олардың басқа да экономикалық тетіктерімен тығыз байланыста болуы керек.
Салық мөлшерін көбейту мақсатында салық ставкаларын шектен тыс жоғары деңгейде белгілеу өндірістің тоқтауына, өндірушінің өз ісіне деген ынтасын жоғалтуына әкеліп соғатыны көптеген ғалымдар еңбектерінде тұжырымдалып, дәлелденген. Мысалы, табыс салығын салғанда, салық ставкасының деңгейі 35-40 пайыздан аспауы қажет.
Салықтардың түрлеріне келетін болсақ, қазіргі кезде Қазақстан Республикасында олардың 9 түрі бар, сонымен қатар бұлардың құрамына 2005 жылдың 1-ші қаңтарынан салықтың тағы бір түрі енгізілді. Бұл – экспортқа шығарылатын шикімұнай мен газ конденсатына рента салығы болып табылады.
Елімізде осы аталған салық түрлерінің алатын орны өте зор, өйткені олар мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі қаржылық көзі болып табылады.
Салық ісін тиімді ұйымдастыру мақсатында салықтарды белгілі топтарға бөліп жіктейміз.
Салықтарды мынадай ерекшелік белгілері бойынша жіктейміз:
Салық салу объектісіне қарай салықтар тікелей және жанама салықтар болып жіктеледі.
Тікелей салықтар тікелей табысқа немесе мүлікке салынады.
Тікелей салықтарға мынадай салықтар жатады:
Жанама салықтарды тұтынушы төлейді. Тауар немесе қызмет бағасына алдын ала салық енгізілгендіктен, іс жүзінде оны бюджетке сатушы аударады.
Жанама салықтарға мыналар жатады:
Бюджетке түскен соң қолданылатын белгісіне қарай салықтар жалпы және арнайы болып жіктеледі.
Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі
1995
жылдың 24 сәуірінде қабылданған
ҚР Президентінің «Салықтар
Бүгінгі күні республикада салық заңдарының барлық негізгі кемшіліктері ескерілген, әрі жетілдірілген жаңа Салық кодексі дайындалып, 2001 жылдың 12 маусымында қабылданды.
Уақыт ағымының әсеріне, заман талабына сай қабылданған Салық кодексінде келесідей мәселелерді шешуге басты назар аударылған.
Біріншіден,
барлық шаруашылық субъектілеріне салықтандырудың
тең жағдайын жасау. Екіншіден, кейбір
жекелеген категориядағы салық
төлеушілерге берілген жеңілдіктерді
жою арқылы салық жүктемесін жеңілдету.
Үшіншіден, салық заңдылығы жөніндегі
барлық ережелер мен нормаларды тікелей
қызмет ететін заң мөлшерінде біріктіру.
Төртіншіден, салық заңдылығының тұрақтылығын
қамтамасыз ету.
Шет
мемлекеттердің салық
салу жүйесі
Салық
жүйесін көп жылдардан бері дамытып,
біздің елімізбен тығыз сауда және экономикалық
байланыс жасап келе жатқан Ұлыбритания,
Германия, Америка Құрама Штаттарының
салық жүйесімен қысқаша да болса түсініктеме
беру өте орынды. Қазақстан Республикасы
тәуелсіздік алғалы бері 10-11 жыл ішінде
көптеген елдермен тығыз қарым-қатынас
жасап, ел экономикасын дамыту инвестиция
тарту барысында үлкен жетістіктерге
жеткені айқын. Экономиканы реформалаудағы
маңызды саланың бірі – салық жүйесін
реформалау, еліміздің салық жүйесін халықаралық
деңгейге көтеру. Осы орайда дамыған Европа
елдері мен Америка Құрама Штаттарының
салық ісіндегі тәжірибесімен танысу
болашақ салық мамандарына, қаржыгерлер
мен кәсіпкерлерге өз көмегін тигізеді
деп сенеміз.
Ресей Федерациясының салық жүйесі
Ресей Федерациясының салық жүйесінің құрамы және оның құрылымын құрайтын салықтар мен басқа да салықтық нысандағы төлемдердің түрлері тікелей және жанама салықтар, сондай-ақ заңды тұлғалардан, жеке тұлғалардан, заңды және жеке тұлғалардан алынатын салықтар болып бөлінеді. Жанама салықтарға мұнай, газ, көмір, бензин және т.б. өңдеу және кен байыту өнімдері түріндегі өндірістік тауарлар мен спирт, арақ және басқа алкоголь өнімдері, темекі өнімдері, сыра сияқты кең сұранысқа ие тауарлардан қосылған құнға салынатын салық, саудаға салынатын салық, акциздер, кедендік төлемдер-кедендік тарифтер жатады.
Банктердің,
сақтандыру ұйымдарының, басқа да шаруашылық
субъектілерінің пайдаларына
Жеке тұлғалардан алынатын
Енді, осы Ресейдің салық жүйесіне берген қысқаша сипаттаманы нақтыландыру мақсатында, оның негізін құрайтын элементті салықтар жүйесін қарастырып өтеміз.
Ресей салықтары жүйесі федералдық салықтар мен алымдар, регионалдық (аймақтық) салықтар мен алымдар және жергілікті салықтар мен алымдар сияқты үш деңгейден тұрады.
Федералдық
салықтар мен алымдарға: қосылған құнға
салынатын салық; акциздер; ұйымдардың
пайдасына (табыстарына) салынатын
салық; капиталдан түсетін табыстарға
салынатын салық; жеке тұлғалардан
алынатын табыс салығы; мемлекеттік
баж; кедендік баждар мен кедендік алымдар;
жер қойнауын пайдаланғаны үшін алынатын
салық; мемлекеттік әлеуметтік бюджеттен
тыс қорларға алынатын жарнамалар;
минералдық-шикізат базасын
Регионалдық салықтар мен алымдар ретінде ұйымдардың мүлкіне салынатын салық; жылжымайтын мүлікке салынатын салық; жол салығы; көлік салығы; саудадан алынатын салық; ойын бизнесіне салынатын салық; регионалдық лицензиялық алымдар белгіленген. Жер салығы, жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық, жарнамаға салынатын салық, мұраға немесе сыйға салынатын салық, жергілікті лицензиялық алымдар жергілікті салықтар мен алымдарға жатқызылған.
Ресей
Федерациясының Конституциясы, Ресей
Федерациясының Салық кодексі, «Ресей
Федерациясының салық органдары
туралы» РФ Заңы, «Ресей Федерациясының
мемлекеттік салық қызметі