Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Января 2012 в 10:28, реферат
Салықтар – тауарлы өндіріспен бірге, қоғамның топқа бөлінуінің және мемлекеттің пайда болуымен, оған әскер, сот, қызметкерлер ұстауға қаражаттың қажет болуынан пайда болды.
Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық – экономикалық құрылысы мен саяси іс бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі, ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық тетігі, мемлекеттің кірістерін және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.
Салық салу өлшем
бірлігі – салық базасын сандық
тұрғыдан көрсетуге пайдаланылатын салық
салу ауқымының өлшем бірлігі. Мысалы,
автокөлік двигателінің қуаты көлік құралдарына
салынатын салық ауқымы болып табылады,
ал қуат ат күші, киловатт өлшемінде көрсетілуі
мүмкін; алаң жер салығының ауқымы болып
табылады, бұл ір елде түрлі өлшемде: гектар,
акр, шаршы метр өлшемдерінде көрсетіледі;
бензинге акцизді есептеу кезінде литр,
баррель, галлон қолданылады.
Салық ставкасы –
салық базасының өлшем
Салық салу практикасында
ставкалар тұрақты және процентті
болып бөлінеді.
Тұрақты ставкалар
– табыс көзіне қарамастан салық
салу бірлігіне абсолюттік сомада белгіленеді
(мысалы, мұнайдың 1 тоннасына, газдың 1
текше метріне).
Проценттік ставкалар
– салық базасына қарай алынатын
табыстың мөлшеріне байланысты салық
өлшем бірлігіне салынады.
Проценттік ставканың
3 түрі бар:
үйлесімді;
прогрессивті;
регрессивті.
Үйлесімді салық
ставкалары – салық объектісіне
(оның мөлшерін саралауды есепке алмай)
бірдей проценттік қатынаста іс-әрекет
етеді.
Прогрессивті ставкалар
– салық салынатын табыстың артуына
сәйкес өсіп отыратын салық ставкалары.
Нәтижесінде салық төлеуші салықтың үлкен
абсолюттік сомасын ғана емес, сонымен
бірге оның үлесін де төлейді. Мұндай ставкалар
ең алдымен табысы көп тұлғаларға ауыртпалық
түсіреді.
Регрессивті ставкалар
– табыстың өсуіне қарай төмендейді
және табысы көп тұлғаларға тиімді болып
келеді, ал табысы аз адамдардың иығына
ауыртпалық түсіреді.
Салық жеңілдіктері
– заңға сәйкес төлеушілерді салықтан
толық немесе ішінара босату. Салық жеңілдіктеріне
мыналар жатады:
салық салынбайтын
минимум – салық салудан толық
босатылатын салық объектісінің
ең аз бөлігі;
табыстың есептелген
сомасынан шегерілетін
салық салынатын табыстың құрамына енбейтін сома (мысалы, босату кезіндегі ұйғарымды жәрдемақы, жеке табыс салығы бойынша өтемақы төлемдерінің с...