ҚР-ның Ұлттық қоры

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2012 в 23:47, курсовая работа

Описание работы

Тіпті үлкен экономикадан хабары жоқ ортаңғы деңгейдегі қазақстандықтың өзі еліміздегі Ұлттық қордың барын біледі. Алайда ол не үшін құрылды, кім және қалай басқарылатынын аздаған адамдар ғана біледі.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................3-4

1. бөлім ҰЛТТЫҚ ҚОРДЫ ҚАЛЫПТАСТАСТЫРУДЫҢ ҚАЙНАРКӨЗІ........................................................................................................................5
1.1.Мемлекеттің қаржы жүйесіндегі Ұлттық қордың ролі мен мәні..............5-7
1.2. Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдалану жөніндегі есепті құру, қарау
және бекіту..........................................................................................................8-12
1.3. Ұлттық қордың кіріс көздері мен пайдалану бағыттары......................13-16

2.бөлім ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚОРЫ ................17
2.1.Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын мемлекеттік басқару......17-19
2.2.Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының кірісін құқықтық реттеу.................................................................................................................20-22
2.3.Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының шығысын құқықтық реттеу ...............................................................................................................23-27

ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................................................29

Работа содержит 1 файл

Курсовой Ұлттық қор.docx

— 182.75 Кб (Скачать)

ҚР-ның  Білім және ғылым министрлігі

Л.Н.Гумилев  атындағы Еуразия Ұлттық университеті

Экономикалық  факультеті

«Қаржы» кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         Тақырыбы:ҚР-ның Ұлттық қоры

 

 

 

 

Орындаған: Нұрланов Н. Қ-23                                                                              Қабылдаған: э.ғ.д, доцент          Байжолова Р.А

 

 

 

 

Астана 2011

ЖОСПАР

 

Кіріспе..................................................................................................3-4

 

1. бөлім ҰЛТТЫҚ ҚОРДЫ ҚАЛЫПТАСТАСТЫРУДЫҢ  ҚАЙНАРКӨЗІ........................................................................................................................5

1.1.Мемлекеттің қаржы жүйесіндегі  Ұлттық қордың ролі мен мәні..............5-7

1.2. Ұлттық қорды қалыптастыру  мен пайдалану жөніндегі есепті  құру, қарау

және бекіту..........................................................................................................8-12

1.3. Ұлттық қордың кіріс көздері  мен пайдалану бағыттары......................13-16

 

2.бөлім ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ   ҰЛТТЫҚ ҚОРЫ ................17

2.1.Қазақстан Республикасының Ұлттық  қорын мемлекеттік басқару......17-19

2.2.Қазақстан Республикасының Ұлттық  қорының кірісін құқықтық реттеу.................................................................................................................20-22

2.3.Қазақстан Республикасының Ұлттық  қорының шығысын құқықтық реттеу ...............................................................................................................23-27

 

ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................28

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................................................29

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Тіпті үлкен  экономикадан хабары жоқ ортаңғы  деңгейдегі қазақстандықтың өзі  еліміздегі Ұлттық қордың барын біледі. Алайда ол не үшін құрылды, кім және қалай басқарылатынын аздаған адамдар  ғана біледі.  
              Қор 2001 жылы құрылды. Бұл оқиға тек Қазақстанға ғана белгілі боп қалған жоқ. Осы қабылданған стратегиялық шешімнің арқасында Қазақстан, «голланд дертіне» шалдығуға жол бермеуге батыл қадам жасаған бұрынғы КСРО елдерінің ішіндегі алғашқылардың бірі болды. Бұл қорды құруымен Қазақстан өзінің ТМД-дағы экономикалық реформа бойынша алда екендігін тағы да дәлелдеді. Айта кету керек, мұны ірі халықаралық қаржы институттары мысалы, Әлемдік банк немесе Еуропалық жаңарту және даму банкі бірнеше рет атап өтті. Біздің жолымызбен Ресей жүрді. Қазақстанның Ұлттық қоры дамушы елдер үшін және бұрынғы КСРО-ның сыртындағы елдер үшін модель ретінде пайдаланылады. Мысалы, дүние жүзіндегі ірі газ өндірушілердің бірі болып табылатын латинамерикалық Тринидад және Тобаго мемлекеті өздерінің жинақ қорын құруы кезінде Әлемдік банк оған Қазақстанның тәжірибесіне жүгінуге кеңес берді. Сөйтіп, Қазақстан Респуб-ликасының Ұлттық қорын бақылап отырған сыртқы бақылаушылардың көзқарастарына қарағанда, оның қызметі табысты екендігіне күмән жоқ. Үкіметтің Ұлттық банктегі шотында шоғырландырылатын, мемлекеттің қаржы активі түріндегі, сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүлік түріндегі активтерді Қазақстаннның Ұлттық қоры болып табылады. Ұлттық қоры мемлекеттің қорланымдарын қалыптастыру, сонымен бірге дүниежүзілік бағалардың конъюкторасына Республикалық және жергілікті бюджеттердің тәуелділігін төмендету мақсатында жасалынады. Ол мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржы активтерінің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануына, экономиканың шикізат секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған.

Тақырыптың өзектілігі- Ұлттық қор болмаса жалпы осы Қазақстан Респупликасының дамуы жүзеге аспайды. Осы ұлттық қордың көмегімен көптеген операциялар орындалады. Ұлттық қор жалпы ел эканомикасына әрдайым ықпалын тигізіп отырады.Ұлтық қорда ақша қоры көп болса, яғни эканомикалық даму ахуалы жоғары болады.

Осы курстық жұмыстың негізгі мақсаты  болып-Қазақстан Республика-сы Ұлттық қорының   экономикадағы маңызы, қоғамдық өндірістегі өмір сүруі және т.б.табылады. Жалпы бұл курстық жұмыс Қазақстан Републикасының Ұлттық қорының қаншалықты  қоғамдық өмірдежәне еліміздің дамуында  манызды рөл атқаратыны туралы жазылған . 

 Осы жұмысты  жазу барысында басты назар  келесі мән-жайларға аударылды:

  • Мемлекеттің қаржы жүйесіндегі Ұлттық қордың алатын ролі
  • Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдалану
  • Ұлттық қордың  кірісі мен шығысын  құқықтық реттеу

Курстық жұмыстың міндеттері:

  • Ұлттық қордың құрылуының негіздерін қарастыру
  • Қазақстандағы Ұлттық қордың орнын анықтау
  • Қазақстан Республикасындағы Ұллық қордың маңыздылығына тоқталу

Курстық жұмыстың зерттеу объектісі қаржы  ресурстары мен ақшалай қорлар, олардың  қалыптасуы, қозғалысы және пайдаланылуы, сонымен бірге, Қазақстан Республикасының  Үкіметі, Ұлттық қор – Қазақстан  Республикасының Үкіметі, жергілікті атқарушы органдар, бюджетке түсетін  түсімдерді алуға және бақылауға  жауапты мемлекеттік органдар, республикалық  және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын  мемлекеттік мекемелер, олардың  ведомстволық бағыныштағы ұйымдары, бюджет қаражаттарын алушылар, мемлекеттің  гранттарын, активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды пайдаланатын жеке және заңи тұлғалар.

Курстық жұмыстың зерттеу пәні Ұлттық қордың басты назарды ұстайтын нысандары: табыс, пайда, өзіндік құн, мемлекеттік  бюджеттің кіріс-шығысы, олардың  тиімді бөлінуі. Қоғамдық өнімді бөлумен  және оның негізінде ақшалай қорларды жасаумен, оларды қоғамдық дамудың  қажеттіліктерін қанағаттандыруды бақылайтын қаржылық бақылау.

Курстық жұмысты жазудағы ақпарат көздері  курстық жұмыстың жазылу барысында  Ұлттық қор, құрылымы және қызмет етуі туралы жазған экономикалық ілім классиктері  мен шетелдік және қазіргі отандық  экономистердің еңбектері негізге  алынды: Ільясов, Кулпыбаев, Шеденов, Фишер, Сейтқасымов, Ғабитов, Мақыш, Құдайбергенов  және тағы басқалар. Сонымен қатар, экономикалық қаржылық сферадағы деректер мен жаңалықтарды жариялап отыратын мерзімді баспасөз құралдары.

Бұл курстық  жұмыста  Ұлттық қордың мәнін, оның экономикадағы рөлін, құрылымы мен  құрамын және оның қоғам өміріндегі  маңыздылығын толықтай және де көбірек  қамтыдым.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.бөлім  Ұлттық қорды қалыптастырудың  қайнар көзі    1.1.Мемлекеттің  қаржы жүйесіндегі Ұлттық қордың  ролі мен мәні.

Елдің бюджет жүйесіне республикалық, жергілікті және төтенше бюджеттермен қатар Қазақстан  Республикасының Ұлттық қоры да кіреді. Бюджет кодексінде берілген анықтама бойынша ҚР Үкіметінің Ұлттық банктегі шотында жиналатын материалды емес активтерден басқа қаржы активтер Ұлттық қорды құрайды.

Ұлттық  қор елдің тұрақты әлеуметті-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, экономиканың шикізаттық салалардан тәуелділігі мен қолайсыз сыртқы факторлар әсерін төмендету  мақсатпен құрылған. Бұл қордың тағы бір маңызды арнауы болып бірқатар қоғамдық мұқтаждықтарды қаржыландыру үшін мемлекетке қажетті қаржы активтер мен басқа да мүліктерді қорландыру табылады.

Мемлекеттің қаржы жүйесіндегі Ұлттық қордың рөлі  мен мәні оның атқаратын  функциялары бойынша да көріністе. Ұлттық қор жинақтаушы және тұрақтаушы функцияларды іске асырады. Бірінші  функциясы арқылы негізінде экономианың  шикізаттық секторы түсімдерінің белгіленген  бөлігінен құрайтын қаржы активтерін қорландыруды  қамтамсыз етеді. Екінші функциясы шикізаттық ресурстардың әлемдік бағалары  коньюктура-сының  мемлекеттік қаржылар ахуалына әсерін тегістеуді қамтамасыз етеді.

Ұлттық  қор құралдарының негізгі қайнар көздері ретінде республикалық  және жергілікті бюджеттерден бөлінетін  ресми трансферттер, сондай-ақ осы  қорды басқарудан түсетін инвестициялық  тбыстар қарастырылады. Республикалық  бюджет арқылы ресми трансферттер келесідей  анықталады:

  • шикізаттық сектор субъектілерінің нақты түсімдері мен олардың  

      бекітілген жылдық көлемдері  араларындағы айырмасы мөлшерінде;

  • шикізат табу мен өңдеу салаларына жататын мемлекеттік  

       мүліктерді жекешелендіруден түскен  түсімдер мөлшерінде;

    • шикізаттық сектор субъектілері түсімдерінің жоспарлы сомаларының 10 пайыз мөлшерінде.

Жергілікті  бюджеттер бойынша ресми трансферттер көлемі ауылшаруашылық арнаудағы жерлерді сатудан түскен түсімдер мөлшерінде анықталады.

Ұлттық  қорды тиімді басқару мақсатпен  Қазақстан Республикасының Президенті маңында кеңесші орган- Ұлттық қорды  басқару жөніндегі кеңес құрылады. Бұл орган қорды тиімді пайдалану  мен оның құралдарын қаржы активтеріне  жайғастыру бойынша ұсыныстар жасайды. Осы Кеңесті құру мен құрамын  анықтап , оның ережелерін бекітетін  Ел Президенті.

Кеңсе келесі функцияларды атқарады:

  • қорды қалыптастыру мен пайдалануының тиімділігін ұлғайту жөнінде  

     ұсыныстар жасайды және дәйектейді;

  • қорды пайдалану бағыттар мен көлемдері жөнінде ұсыныстар  

      қарастырады және жасайды.

  • қорды жайғастыру үшін рұқсатталған қаржы активтер мен басқа да

      мүліктер тізбесі жөнінде ұсыныстар  жасайды.

Қазақстан Республикасының Үкіметі қорды  басқару кезінде мына өкілеттіктерді жүзеге асырады:

1.Есептемені  жасау ережелерін, ақшаны қорға,  есепке алу және оны пайдалану  тәртібін әзірлеп бекітеді;

2.Ұлттық  банкпен бірлесіп ақпараттық  материалдардың және қорды басқару  мен байланысты қызмет бойынша  қаржылық есептеменің графигін  жасап, бекітеді;

3.Президентке  қордың қалыптастырылуы және  пайдаланылуы туралы есепті және  Парламентке қорды қалыптастыру  және пайдалану жөніндегі ақпаратты  ұсынуды қамтамасыз етеді;

4.Қордың  жыл сайынғы сыртқы аудитін  жүргізуді қамтамасыз етеді;

5.Қорды  қалыптастыру мен пайдаланудың  бұхгалтерлік есебін қамтамасыз  етеді;

6.Қордың  қызметімен байланысты өзге өкілеттіктерді  жүзеге асырады.

Қорды сенімгерлік  басқаруды Ұлттық банк пен Үкімет арасында жасалынған сенімгерлік басқару  туралы шарт негізінде Ұлттық банк жүзеге асырады:

1.Қорды  оның бір бөлігін сыртқы басқарушыны  басқаруға беруді қоса дербес  инвестициялау;

2.Инвестициялық  операцияларды жүзеге асырудың  ережелерін әзірлеп, бекіту;

3.Үкіметке  қорды сенімгерлік басқарудың  нәтижелері туралы есепті ұсыну;

4.Сенімгерлік  басқару туралы ережелер мен  шартта қарастырылған өзге өкілеттіктер.

Қорды тиімді сенімгерлік басқаруды қамтамасыз ету мақсатнда Ұлттық банктің  шешімімен арнаулы лауазымды  тұлғаны (Ұлттық банк төрағасының орынбасарынан  төмен емес деңгейде) - өкілетті өкілді анықтайды, оның өкілеттігіне Ұлттық банктің  атынан қорды сенімгерлік басқару  жөнінде шешімдерді оперативті қабылдау кіреді.

Қазақстан Республикасының өкіметі мен  Ұлттық банк қорды басқару мәселелері бойынша болжамды іс-әрекеттер мен  қол жеткен нәтижелер туралы бір-біріне ақпарат беріп отыруға міндетті.

 

1.2.Ұлттық  қорды қалыптастыру мен пайдалану  жөніндегі есепті құру, қарау  және бекіту.

 

Ұлттық  қорды қалыптастыру мен пайдалану  механизмі мемлекеттің және шетелдердің  жалпы экономикалық ахуалына, макроэкономикалық  тұрақтылық пен фиксалдық саясатқа, елдің даму басымдылықтарына және әлемдік  пен ішкі тауар, сонымен қатар  қаржы нарықтарының коньюктурасына байланысты белгіленеді. Ұлттық қорды пайдалану Бюджеттік кодексте анықталады және оның құралдары  негізінде республикалық бюджет түсімдерінің бекітілген жіне нақты көлемдері арасында айырмашылық болған жағдайда сол айырманың орнын толтыруға, сондай-ақ Президент белгілеген мақсаттарға ресми трансферттер түрінде жұмсалады.

Ұлттық  қорды қалыптастыру мен пайдалану  есепті құру ҚР Үкіметінің құзіретіне кіреді. Жыл сайын Үкімет Ұлттық банкпен бірге аудит нәтижелерінің  негізінде қордың іс-ірекеті жөнінде  жылдық есепті құрады. Бұл есепте Ұлттық қор құралдарының түсуі мен пайдалануы жөнінде жылдық мәліметтері көрсетіледі, қорды басқару бойынша Ұлттық банктің әс-әрекеті сипатталады, сондай-ақ қорды басқару жөніндегі  басқа да мәліметтер келтіріледі.

Белгіленген формамен және бекітілген тіртіппен  жасалған Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдалану жөніндегі есеп ҚР Президенті бекіткеннен кейін  ақпарат ретінде Қазақстан Республикасы Парламентіне ұсынылады. Ұлттық қордың іс-әрекеті мен оны басқару  жөніндегі жылдық есеп пен жүргізілген  аудит нәтижесі бойынша ақпарат  бұқаралық ақпарат құралдарына  жарияланады.

Қордың  қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есеп мыналарды кіріктіруі тиіс:

  1. Ұлттық қордың түсімдері және пайдаланылуы туралы есеп;
  2. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ұлттық қорды сенімгерлікпен басқару жөніндегі қызметі туралы есеп;
  3. Ұлттық қорды басқару жөніндегі өзге де мәліметтер.

Ұлттық  қорды басқаруға байланысты қызметтің  транспаренттілігін қамтамасыз ету  мақстаында жыл сайын аудит жүргізіледі. Аудиторды немесе аудиторлық ұйымды таңдау конкурстық негізде және Үкімет белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы  мен пайдаланылуы туралы 2007 жылғы  есеп туралы ақпарат. 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 8 шілдедегі № 630 Жарлығымен Қазақстан  Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы  мен пайдаланылуы туралы 2007 жылғы  есеп бекітілді.

Информация о работе ҚР-ның Ұлттық қоры