ҚР−да қадағалауды ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесі және ҚР−да жүзеге асыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 09:13, лекция

Описание работы

1.Банктік қадағалаудың негізгі макробағыттарының мақсаты мыналар болып табылады:
− Салымшыларды тиімсіз банктік басқару мен жемқорлықтан қорғау;
− «Жүйелік тәуекелдің» алдын алу мақсатында банктік сектордың тұрақтылығын ұстау. Бұл мынаны білдіреді, бір банктің банкротқа ұшырауы өзімен бірге басқа банктерді алып кетуі мүмкін, ал бұл өз кезегінде бүкіл жүйеге деген сенімге нұқсан келтіреді.
− Банктік салымшылардың қызығушылықтары қорғалатын елдерде сақтандыру қорларын қорғау.

Содержание

1.Шет мемлекеттердің банктік қадағалау жүйесі.
2.АҚШ−тағы банктік қадағалау жүйесі.
3.Италиядағы банктік қадағалау жүйесі.
4.Франциядағы банктік қадағалау жүйесі.
5.Ресейдегі банктік қадағалау жүйесі.

Работа содержит 1 файл

Банктік қадағалау. 3 тақырып..doc

— 34.00 Кб (Скачать)

ҚР−да  қадағалауды  ұйымдастырудың  шетелдік  тәжірибесі  және  ҚР−да  жүзеге  асыру. 

1.Шет   мемлекеттердің  банктік  қадағалау  жүйесі.

2.АҚШ−тағы  банктік   қадағалау   жүйесі.

3.Италиядағы  банктік   қадағалау   жүйесі.

4.Франциядағы   банктік    қадағалау  жүйесі.

5.Ресейдегі   банктік   қадағалау   жүйесі. 

1.Банктік  қадағалаудың  негізгі  макробағыттарының  мақсаты  мыналар  болып  табылады:

  • Салымшыларды  тиімсіз  банктік  басқару  мен  жемқорлықтан  қорғау;
  • «Жүйелік  тәуекелдің»  алдын  алу  мақсатында  банктік  сектордың  тұрақтылығын  ұстау. Бұл  мынаны  білдіреді, бір  банктің  банкротқа  ұшырауы  өзімен  бірге  басқа  банктерді  алып  кетуі  мүмкін, ал  бұл  өз  кезегінде  бүкіл  жүйеге  деген  сенімге  нұқсан  келтіреді.
  • Банктік  салымшылардың  қызығушылықтары қорғалатын  елдерде сақтандыру  қорларын  қорғау.

      АҚШ, Франция, Германия, Япония  банктік  қадағалаудың  аралас  жүйесі  қолданылады, яғни  ол  жүйе  бойынша  Орталық  банк  өзінің  міндеттерін  басқа  мемлекеттік  органдармен  бөліседі. Ұлыбритания, Италия, Нидерландыда  банктік   қадағалау  тек  Орталық  банктің  мойнына  артылады. Канада  және  Швейцарияда  қадағалау  органдары  Орталық  банктен  бөлінген.

      Банктік  қадағалау  жалпы  мағынада  өзіне  мыналарды  қосады: банктерді  бақылау, орындарда  құжаттарды  тексеру, инспекторлық  бақылау  жүргізу.

      Аталған  бақылау  түрлері  елдің  ерекшеліктеріне   байланысты  жұргізіледі. Мысалы: Ұлыбританияда  құжаттарды  тексеруге  көп  көңіл  бөледі, АҚШ  орындарда  инспекторлық  жұмыстарды  жүргізгенде  банктің  жалпы  жағдайын  зерттеуге  назар  аударады. Көптеген  елдерде  банктің  бухгалтерлік  және  қаржылық  есебіне  сүйене  отырып  талдау  жасап  қорытынды  шығарады. Бақылау  органдары  сыртқы  және  ішкі  банктік  аудит  қызметтерімен  өзара  байланыса  отырып  тексеріс  жүргізеді.

      Франция, Ұлыбританыия, Нидерландыға  коммерциялық  банктердің  қызметі  ішкі  және  сыртқы  бақылау  жүйесін  өзара  байланыстыра  жүргізу  тән.   Бұл  мемлекеттерде  дистанционды  қадағалау  жұмыстары  әлде  қайда   тез  жасалады, өйткені  оларда  мемлекеттік  қадағалау  органдары  жеке  аудиторлық  фирмалармен  тығыз  байланысты.

      Аталған  елдердің  орталық  банктері  коммерциялық  банктердің  сыртқы  аудиторларымен  расталған   жылдық, айлық, кварталдық  есептерін тексереді, сонымен қатар коммерциялық  банктердің  төлемқабілеттілігін, өтімділігі, валюталық позициясы және  мерзімі өтіп  кеткен  және  өтелмеген кредиттер туралы, кредиттік тәуекел туралы  ақпараттарды  тексереді, талдайды, зерттейді.

       Ұлыбританияда  банктің  төлемқабілетті  еместігі  және  өтімді  еместігі  туралы  есепті  сыртқы  аудиторлар  тапсыра  алады, ал  Франция  мен  Нидерландияда  бұл  қызметті  тек  Орталық  банк  атқарады. Нидерландының  банктері  жыл сайын сыртқы  аудиторлармен жиналыс жүргізеді, ол  коммерциялық  банкке  зиян  келтірген жағдайда  жауапты болады.

      Дамыған  елдердегі  қадағалау  тәжірибесі  формаларының  әр  алуандығымен  және  жүргізу  органдарының  әр  түрлілігімен  ерекшеленеді. Ережеге  сәйкес  қада,алау  қызметтерін  Орталық  банк  бөлімшелері, қаржы  министрлігі  және  тәуелсіз  парламенттік  және  президенттік  ведомствалар  мен  есептеулер  атқарады. Мысалы:  АҚШ−та  депозиттерді  сақтандырудың  федералдық  корпорациясы (ДСФК).

       Қадағалау  органдарының  қызметі  мемлекеттің  тарихи және  экономикалық      даму  ерекшеліктерін  бейнелейтін  құқықтық  акттер  мен  аңдар  жүйесіне  байланысты  бағытталған.

2.АҚШ−та  қадағалаудың  тарамдалған жүйесі  федералдық  және  штаттық  деңгейде  құрылған. Ұлттық  банктің  қызметі  екі  федералдық  органдар−ақша  айналымын  бақылау  қызметі  және  депозиттерді  сақтандырудың  федералдық  корпорациясымен  реттеледі  және  бақыланады. АҚШ−тың  қадағалау  органдары, яғни  федералдық  деңгейдегі  ақша  айналымын  бақылайтын  қызметт  және  штаттық  банктер  үкіметінің  бөлімі  ұлттық  немесе  штаттық  банктердің  ашылуына, лицензия  беру  туралы, бөлімшелердің  ашылуына  рұқсат  қағаз  беру  туралы, басқа  банктерді  қосып  алу  немесе  жұту  мәселелері  жөнінде, сонымен  қатар  банк  капиталы  құрылымының  өзгерісі  жайындағы  шешімдерді  қабылдайды.

         Сондай−ақ  АҚШ−тың  қадағалау  органдарының   міндеттеріне мыналар  кіреді:

    • Кезең  сайын  кешенді  түрде  жалпы жағдайын, саясатын  тексеру;
    • Жабылу  үстіндегі  банктердің  өтімділігін  анықтау;
    • Заңнамалардың  шартын, ережелерін, сілтемелерін, тәртібін  жасау;
    • Болған  жағдайды  түзетуге  байланысты  шараларды  жүргізу;
    • Банк  туралы  статистикалық  және  есептік  ақпараттарды  жариялау.

           Сонымен  қатар  банк  клиенттерінің  тұтынушылық  құқықтарын  қорғау  міндеттерін  атқарады. Ол  тек  банктік  мекемелерге  қатысты  емес, сонымен  қатар  қаржы  және  несие  мекемелеріне  де  қатысты.

          АҚШ−та депозиттік  мекемелердің  қызметін  реттеу  және  бақылау органдарының  қызметіне мыналар жатады:

    • Банктік  холдингтік  компаниялардың  қызметін  реттеу  және  бақылау;
    • АҚШ  территориясындағы  шетел  банктік  мекемелердің  қызметін  бақылау  және  реттеу;
    • Басқа  компанияларды  қосып  алу  және  холдингтік  компаниялар  туралы  заңға  сәйкес  банктік  капитал  құрылымын  реттеу, қабылданған  өзгерістер мен  енгізулерді  қоса  алғанда;
    • Шетелдегі  американдық  коммерциялық  мекемелердің  қызметін  реттеу.

          Батыс  Европада  АҚШ−қа  қарағанда  банктік  қадағалау  орталықтандырылған.

    3.Италияда  банктік  және  қаржылық  қадағалау  министрлікаралық  несие  мен  қор  комитеті, қор  биржасы  мен  қаржылық  компанияларды  ұлттық  бақылау  комиссиясы  және  Италия  банкісі арқылы  жүзеге  асады. Қор және  несие комитеті  қор салымдарын  қорғау  және  несиелік  саясат  сферасындағы  қадағалауды жүргізеді. Оның  барлығы қаржы министрлігімен  қадағаланады  және  басқарылады.

           Ал  Италияның  Ұлттық  банкі  комитеттердің  қадағалау  ұсыныстары  мен  шешімдерін  құрайды. Қор  және  қаржы  биржасын  ұлттық  бақылау  комиссисы  бағалы  қағаздар  нарығындағы  қаржы  және  несие  мекемелерінің  қызметін  бақылайды.

              Италиядағы  қадағалау  қызметінің  негізгі  принциптері  1993жылы  қабылданған «Банктер  туралы»  жаңа  заңда  нысанға  алынған. Оның  ішінде  банктік  және  қаржылық  қадағалау  органдарының  лауазымы  банкті  тікелей  басқару  және  қадағалау  процедуралары  анықталған.

     1980жылдары Италияда  банктік группаларға, холдингтік  нысандағы ұйымдарға көп көңіл   бөліне  бастады. Осыған  байланысты  қадағалаудың  біріктірілген түрі  жасалды,  ол  бойынша әр  банкке  бөлек емес, қадағалау барлығына бірдей  жүргізіледі.

 

4.Францияда  банктік  қызметті  қадағалау  және  бақылау  қызметі  Банктік  комиссияға  жүктелген. Банктік  комиссия−Франция  банкінен  тәуелсәз  және  онымен  тығыз  байланысты  мемелекеттік  әкімшілік  орган. Франция  банкінің  басқарушысы  комиисияға  басшылық  етеді. Банктік  комиссияның  міндетіне  несиелік  мекемелер  қызметінің  шартын, қызметкерлердің  мамандық  этикасының  орындалу  шартын  зерттеу  жатады.

      Банктік  комиисия  өзінің  жұмысында  қадағалау  органдарының  бөлімшелерінің  кезең  сайынғы қаржылық  құжаттарды  тексеру нәтижелерін басшылыққа  алады. Ревизия берілген  бұйрыққа  сәйкес  кез келген  құжаттарға  жүргізіледі.

          Комииссия  әр  алуан  дисциплинарлық  санкцияларды  айдалана  алады. Ол  басшыларға  ескерту  және  қызметін  тоқтату  немесе  шектеу  туралы  бұйрық  шығарады, уақытша  бір  немесе  бірнеше  басшыларды  босата  алады, лицензияны  алып  кете  алады  және  айыппұл  төлете  алады.

      Орталық  банктің  басты  мақсатының  бірі−банктерді  болашақта  болатын  мүмкін   қолайсыз  жағдайлар  туралы  ақпарат  беру  немесе  оның  алдын  алу.

      Тәуекел  болған  жағдайда  Орталық  банк  мынадай  шараларды  пайдаланады:

  1. Несиелеудің  кейбір  түрлерін  шектеу;
  2. Банктің  ішкі  бақылауын  күшейту;
  3. Банктің  жоғарғы  менеджерлерін  ауыстыру  немесе  жетілдіру;
  4. Капиталын  көбейту.

    Бұл  шаралар  жүзеге  аспаған  жағдайда  айыппұлдық  санкциялар  жүйесі  пайдаланылады. Ал  ол  да  жарамағанда, соңғы  нұсқа−банкрот  деп  жариялап,  жұмысын  тоқтату.  

    5.Ресей  банкі  несиелік  ұйымдарды  үнемі  қадағалап  отырады. Ол  Ресей  банкінің  нормативтік  актілері  мен  банктік  заңнамаларға  сәйкес  жүзеге  асады.  1996 жылы  30 қаңтарда  қабылданған «Несиелік  ұйымдардың  қызметін  реттеу  тәртібі  туралы»  Ресей  Федерациясының  Орталық  банкінің  жарлығы  бойынша  реттеледі.

          Банктік  реттеу  мен  қадағалаудың  басты  мақсаты−банктік  жүйенің  тұрақтылығын  ұстап тұру.

        Аталған  заңның  74 бабында былай делінген: «Ресей  банкі несиелік  ұйымдардың  банктік сферада  жұмыс  жасауы  үшін  оларды  тексерістен  өткізеді. Жалпы  банктік  қадағалау  мен  бақылау  жүргізіледі. Заңды  бұзу  немесе  бағынбау  болған  жағдайда, осы  заңға  сәйкес  жауапқа  тартылады.»

        Банктерді  тексеруді  тек  қана  Ресей  банкі  орындамайды, сонымен  қатар  Ресей  банкінің  директорлар  кеңесі  және  аудиторлық  фирмалар  жүзеге  асырады.

          Егер  несиелік  ұйым  орын  алып  отырған  бұзушылықты  жоймаған  жағдайда, Ресей  банкінің  белгілеген  шарттары  мен  заңы  бойынша  Ресей  банкінің  мынадай  құқықтары  бар:

    1. Несиелік  ұйымның  төленген  жарғалық  капитал  көлемінің 1%  тең  және  жарғылық капиталдың  минималды  көлемінің  1%  аспайтын  айыппұл  талап  етуге;
    2. Несиелік  ұйымнан  талап  ете  алады:
      1. Активтер  құрылымын  өзгертуге  және  несиелік  ұйымның  қаржылық  сауықтыру  шараларын  жүргізуге;
      1. Несиелік  ұйымның  басшысын  өзгертуге;
      2. Несиелік  ұйымды  қайта  ұйымдастыру;
    1. Несиелік  ұйымның  міндетті  төлемдерін  алты  айға  дейін  өзгерту;
    1. Басқа  орындардан  филиалдарын  ашуға бір жылға дейін рұқсат  етпеу;
    2. 18  айға  дейін несиелік  ұйымның әкімшілік басқаруын уақытша өзгертіп  тағайындау;
    3. Федералдық  заң  тәртібіне  сәйкес  банктік  операцияларды  жүргізуге  лицензияны  алып  кету.
 

         
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе ҚР−да қадағалауды ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесі және ҚР−да жүзеге асыру