Проблемы и перспективы развития межбюджетных отношений регионального и местного бюджета

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 18:42, курсовая работа

Описание работы

Жалпы, әлеуметтік экономикаға тоқталсақ ол дегеніміз - саясат негізінде, мықты бәсеке, еркін кәсіпкерлік және меншіктің көп түрлігіне негізделген халықтың қажетті өмір сүру деңгейін, халықты әлеуметтік қорғаудың кепілдігін қамтамасыз ететін әлеуметтік экономикалық қатар жүйесі. Демек, әлеуметтік экономика дамыған мемлекеттерде әрекет етеді.

Содержание

1. Қазақстанда әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі.
2. Мемлекетті реттеудің экономикалық әдістері.

Работа содержит 1 файл

Курсовая.docx

— 101.06 Кб (Скачать)

                                                 Мазмұны:

 

1. Қазақстанда әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі.

2. Мемлекетті реттеудің экономикалық әдістері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      1. Қазақстанда әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі.

      Жалпы, әлеуметтік  экономикаға тоқталсақ ол дегеніміз  - саясат негізінде, мықты бәсеке, еркін кәсіпкерлік және меншіктің  көп түрлігіне негізделген халықтың  қажетті өмір сүру деңгейін, халықты  әлеуметтік қорғаудың кепілдігін  қамтамасыз ететін әлеуметтік экономикалық қатар жүйесі. Демек, әлеуметтік экономика дамыған мемлекеттерде әрекет етеді. 
      Әлеуметтік экономиканың негізгі мақсаты адамның еркін дамуын, азаматтың және жалпы ел тұрғындарының сапалы өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуге негізденеді. Мұндай мақсатқа жету құралы болып ғылым мен техниканың және адами факторлардың бүкіл әлемдік қолдану кезінде серпінді дамыған экономика болып табылады.

      Әлеуметтік - экономикалық  даму - қоғамның ұзақ уақыт бойы біртіндеп, баяу, жүйелі сандық және сапалық өзгеруінің негізгі түрлерінің бірі. Сонымен қатар қоғамның кез келген жаңа қалпына бұрынғымен салыстырғанда жоғары ұйымдастыру әрі қызметтер бөлінісі тән.

      Экономикалық даму жүйесінде мемлекеттік бюджет басты орын алады. Мемлекеттік бюджет елдің әлеуметтік-экономикалық қажеттіктерін және мемлекеттік құрылысын қамтамасыз ететін күрделі механизм. Алдымен ол мемлекет дамуындағы әр түрлі әлеуметтік жобалардың орындалуын жүзеге асыратын негізгі құрал болып табылады.

      Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасында жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу үрдісі басталды. Алдымен экономиқалық реформалар жүргізілді. Қазақстанда жүргізілген экономикалық реформалар республика органдарының экономикалық басқарудағы рөлін, орны мен функциясын түбегейлі өзгерту жолдарын қарастырды. Министрліктердің ендігі міндеттері-басқару емес, өнеркәсіптердің техниқалық дамуына, салааралық өркендеуіне дұрыс бағдар таңдау жұмыстарымен айналысу.

      Нарықтық экономикаға көшу кезінде басты мәселе - әлеуметтік кепілдікті бекіту. Қазақстан республикасында әлеуметтік кепілдікке мыналар жатады: минималды жалақы, зейнетақы, стипендия, жәрдемақы, оның ішінде уақытша еңбекке жарамсыздық үшін ақы және ақысыз білім алу мен медициналық қызмет көрсету, еңбек жағдайымен байланыстырылған жеңілдіктер, тұрғындар табысын индексациялау, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау құқығы, жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алуға құқығы, меншік құқығы мен одан табыс табу.

      Әлеуметтік-экономикалық  саясатты жүргізудің негізгі  мынадай принциптері бар: баға көтерілгенде компенсацияның түрлі формаларын енгізіп және  индексация жүргізу арқылы халықтың өмір деңгейін қорғау; ең кедей отбасыларға көмектесу; жұмыссыздық жағдайында көмек беру; әлеуметтік сақтандыру саясатын жүзеге асыру; мемлекет есебінен білім беру, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғауды дамыту, мамандандыру бағытында белсенді саясат жүргізу. Жалпы әлеуметтік-экономикалық саясатты жүзеге асыру үш кезеңнен тұрады: саясатты қалыптастыру,  оны халыққа тарату және оны әр адамның қабылдауы.

      Әлеуметтік саясатты  қалыптастыру процесіне түрлі  үкіметтің жасаған бағдарлама, жобалары  және парламент, президенттің  бекіткен заң, жарлықтарын тікелей  жатқызуымызға болады. Ал енді  әр адамның әлеуметтік-экономикалық  саясатты қабылдауы, ол тікелей екінші кезеңнің жүзеге асуына байланысты өз нәтижесін береді. 

      Қаржылық дағдарыс  жұмыссыздық, халықтың тұрмыс  жағдайының төмендеуі секілді  әлеуметтік мәселелердің өсуіне  ықпал етіп, халықтың тұрмыс жағдайына  тікелей әсер етеді. Осы тұста  Қазақстанда  мемлекеттік саясаттың басым бағыты  әлеуметтік сала болып қала берді.  Әлеуметтік саясаттың басым міндеттері қоғамдық өмірде белгілі бір деңгейде теңдікті қамтамасыз етуді көздейді.

      Өткенді сараптасақ, соңғы он жылдағы Қазақстанның  экономикалық-әлеуметтік дамуында алға басушылық бар. 2000 жылмен салыстырғанда ІЖӨ көлемі екі еселенді. Орташа айлық жалақы 5 есеге, ал зейнетақының орташа мөлшері 3 есеге өсті. Өмір сүрудің ең төменгі деңгейінен аз табысы бар халықтың үлесі 4 есеге (50%-дан 12%-ға дейін) азайды. Халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері жақсарды. Күтілетін өмір ұзақтығы 65-тен 68 жасқа дейін ұлғайды. Бала туу бір жарым есеге өсті .  Әрине, экономикалық көрсеткіштердің өсуі әлеуметтік-экономикалық саладағы оң көрсеткіштердің болуына тікелей әсер етеді. Cондықтан да 1993 жылдардан бергі халықтың әлеуметтік-экономикалық тұрмыс жағдайының артуын қалыпты құбылыс деп бағалаймын.

      Елімізде жыл сайын  әлеуметтік   төлемдер мен мемлекеттік қызметкерлер жалақысы, зейнеткерлер зейнетақысы мен студенттер стипендисы кезең-кезеңімен көтеріліп келеді. Мәселен 2010 жылдың 1 сәуірінен бастап  мемлекеттік қызметкерлер жалақысы мен студенттер шәкіртақысы 25 пайызға артып отыр.  Сөйтіп студенттер қауымының шәкіртақысы енді ғана еліміздегі күнкөріс минимумына (12141 теңге) жетейін деп отыр.  Жалақы өсуімен қатар қымбаттайтын базар, коммуналдық қызметтер бағасына мемлекеттік қызметкерлер мен зейнеткерлердің көңілі  толар емес.

      Қорыта айтқанда, Қазақстанда азаматтарымыздың әлеуметтік  қорғалуы Конституциямен кепілдендірілген. Ал әлемдік қаржылық дағдарыс кезінде тұрақтылық пен қоғамның өсіп-өркендеуі мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын тиімді жүргізуіне тәуелді. Ал Қазақстан ұстанған бүгінгі әлеуметтік-экономикалық саясат халықтың тұрмыс жағдайының артуына әсерін тигізіп отыр.

 

      2. Мемлекетті реттеудің экономикалық әдістері.

      Мемлекетті реттеудің құралдары әкімшілік және экономикалық деп бөлінеді. Ол мемлекет билігінің күшіне, яғни тыйым салу, рұқсат беру, күштеуге негізделеді  (мысалы, үкімет Мәскеу шектерінде кәсіпорын салуға тыйым салды.

      Нарықтық  экономикалы дамыған елдерде  реттеудің әкімшілік құралы елеусіз  көлемде пайдаланады. Олардың  қызметінің аясы негізінен қоршаған  ортаны қорғаумен, әлеуметтік  әлсіз қорғалған тұрғындар үшін жағдай жасаумен шектеледі.

   Мемлекетті реттеудің  экономиканың негізгі құралдары:

   - қазыналық саясат, яғни шығындар мен салықтардың  құқықтық

     аумағындағы  саясат;

   - ақша саясаты; 

   - табыстарды реттеу  саясаты;

   - әлеуметтік саясаты;

   - баға бегіленімін  мемлекеттік реттеу;

   - сыртқы экономикалық  реттеу;

   Мемлекеттік реттеудің  экономикалық құралдары ақша - кредит қаржылары мен бюджеттік саясатқа бөлінеді.

   Негізгі экономикалық  құралдар:

   - есепке алу мөлшерін  реттеу (Орталық банкпен жүргізілетін,   

      дисконттық саясат);

   - елдің қаржылық институттары  орталық банкте сақтауға 

      міндетті, ең аз  резервтер мөлшерін белгілеу  мен өзгерістері; 

   -мемлекеттік мекемелердің бағалы қағаздар рыногындағы мемлекеттік міндеттемелер эмиссиясы олармен сауда жасау және өтеу сияқты операциялары.

      Экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістері:     

2-ге  бөлінеді – административті.    

1) Административтік әдістер – құқықтық инфрақұрылымды құрумен байланысты.     

Административтік  әдіс мыналарға негізделеді:    

- тыйым салу;    

- рұқсат ету;    

- сөгіс беру;    

- айып салу;    

- т.б. жазаларды пайдалану.    

2) Экономикалық әдістер – жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың өзгеруіне, ұлттық өндіріс көлемінің өзгеруіне, халық шаруашылығының барлық салаларының іс-әрекетіне әсерін тигізеді. Экономикалық әдіс екіге бөлінеді:    

а) тура әдістер:    

-    мемлекеттік тапсырыс;    

-    инвестиция бөлу;    

-    дотация, субсидия.    

ә) жанама әдістер:    

-    салық салу;    

-    болжау;    

-    жоспарлау;    

-    бағдарламалау;    

-    несие беру.

Тікелей реттеу әдістері көбінесе экономикалық процестердің өзіне және оның шамасын  әсер етумен байланысты. Олар, әдетте, белгілі бір адрестік сипаты болады, яғни белгілі бір обьектіге бағытталған. Бұл, негізінен, экономиканы шамадан тыс монополизациялауды шектейтін, бәсекелестікті дамытатын, тұрғындардың төлем қабілеті бар жағдайларын қолдайтын, әлеуметтік қорғау саясатын жүзеге асыратын шараларды қамтиды.

Нарықты жанама реттеу әдістері негізінен адрессіз, бірақ  барлық шаруашылық субьектілер үшін міндетті болып табылады. Олардың қызметі көбінесе экономикалық қарекеттің шарттары нәтижесіне әсер етумен байланысты

к реттеу әдістері      

Енді экономикалық  процестерде әсер ету үшін  мемлекет әдістерінің кейбіреуін  қалай қолданады, осыған тоқтала  кетейік:

Қазыналық  саясат – мемлекеттік бюджет жағдайын, салық салуды және мемлекеттік шығындардың өзгерісін реттеу мақсатында үкімет тарапынан  жүргізілетін шаралар. Бұл шаралар жұмыспен толық қамтылуды, төлем балансының тепе – теңдігін және экономиканың өсуін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.

Несие ақша саясаты.  Мемлекет нақты салалық және аймақтық проблемаларды шешу, ерекше мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін мақсатты жеңілдікпен пайдаланатын несие береді. Сонымен бірге ол бюджеттен тыс ерекше даму қорын да құра алады. Несие және ақшалық реттеудің жиі қолданылатын түрлеріне мыналар жатады:

а) несиенің пайыз  нарқының өзгеруі. Мысалы, өндіріс салаларын дамыту үшін пайдаланылатын несиелік қаражаттарға осы пайыз төмен деңгейімен болғаны абзал;

ә) эмиссиялық банктің  есептеу нарқын өзгерту. Есептеу нарқы (дисконттық) - бұл банк вексельднрін, яғни жеке адамдар мен мекемелердің қысқы мерзімді міндеттемелерін сатып алған жағдайда банктен өндіріа алынатын қарыз пайызының нормасы.

б) эмиссиялық банкке ақша салудың  міндетті минимумын арттыру. Эмиссиялық банктегі коммерциялық банктердің депозиттері  ақша салымдарынанжәне міндетті ақша салымдарынан тұрады. Орталық банк, міндетті ақша салымдарының мөлшерін арттыра отырып жеке банктердің несие қаражаттарын шектейді, ал олардың мөлшерін азайту арқылы жеке банктердің несие экспансиясына мүмкіндік туғызады;

в) “ашық нарықтағы  операциялар”. Бұл жағдайда мемлекет өзінің облигацияларын сатуға немесе сатып алуға тырысады. Бірінші жағдайда жеке несие жүйесінің қарыз капиталының қаражаттары алынады, ол ұдайы өндіріс процесін қиындатады. Екінші жағдайда, керісінше, несие жүйесі қосымша қаражаттармен толтырылады, ал ол ұдайы өндіріс процесін көтермелейді. 

Бағаны  және табысты реттеу саясаты.  Фискалдық және несие саясаты көп жағдайда баға мен табыстарды реттеудің құралы бола алмайды. Сондықтан мемлекет барынша түкелей әсер ету құралдарын қолдануға тырысады. Осы мақсатта мемлекет баға мен табыстардың өсуінің жоғарғы шегін белгілейді, кейде олардың өсуіне тыйым салынады. Дегенмен тікелей шектеулер табыстың пайда немесе дивиденд сияқты түрлеріне тартылмайды. 

Әкімшілік реттеулер.  Оларға кейбір әдейі ерекшеленген салалар, мысалы қоғамдық пайдалану салаларына (электроэнергетика, көлік)  бақылау шаралары, қор биржаларының үстінен қойылатын әкімшілік бақылау, әділ бәсеке күресі деп аталатын тәртіпті сақтауға бағыттылған бақылау және басқа да осы секілді істер кіреді.  

Қысқа мерзімдік реттеулер.Оның мақсаты - бірнеше нәтиже алуға есептелген ұдайы өндіріс процесіне әсер ету болып табылады. Бұл жерде әңгіме экономикалық дағдарыстың қанат жаюын шектеу, бәсеңдету, жандану кезеңінің басталуын жеделдету, өндірістік өрлеу кезеңін тұрақтандыру немесе одан ары қарай созу туралы болып тұр.

Нарыққа өту жағдайында қысқа мерзімді реттеулер бағаның  шамадан тыс өсуімен күрес немесе инфлцияны тоқтату үшін қолданылады. Қысқа мерзімді реттеудің бұндай бағыты дефляциялық сасат деп аталады. 

Ұзақ  мерзімді реттеу– бірнеше жыл бойынша нәтиже алуға есептелген ұдайы өндіріс процесіне мақсаты бағытта әсер ету болып табылады. Оған белгілі бір уақыт кезеңі бойынша  экономиканың даму қарқынын ұстап тұру, кейбір салаларды артықшылықпен дамыту арқылы қоғамдық өндірістің құрылымын өзгерту, технологиялық қайта құру, ғылыми –техникалық прогресті дамыту мақсатында жедел амортизоциялау сасатын жүргізу жатады.

Экономикалық әдістердің тұтас  жүйесі нарықтық экономика жағдайында мынадай міндетті істерді орындайды: реттеуші, теңгерімші және бөлуші. Экономикалық әдістердің көмегімен тауарларды өндіру мен айырбастауда, тауарлардың экспорты мен импортының көлемі мен бағытында және басқа да экономикалық процестерде құрылымдық жылжулар реттеледі.  
Нарықты қалыптастыру мен қалыпты жағдайға түсіруде экономикалық әдістердің ең тиімді пайдаланылатын бағыттарының бірі – жекелеген қызмет салалары мен түрлерін саралау тәсілдемесі болып табылады. Бұл саралау ең алдымен экономикалық ынталандыруды күшейтуді талап ететін өндірістің артықшылығы бар салаларында, яғни басым салаларында қолданылуы керек, салық және процент мөлшерлемерінде, еңбекақы деңгейінде, қысқа мерзімде және ұзақ мерзімді кредиттерде артықшылықтарға ие болу қажет.

 

 

 

 

 




Информация о работе Проблемы и перспективы развития межбюджетных отношений регионального и местного бюджета