Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 11:42, реферат
Пайыздық тәуекел – бұл несие берумен байланысты банктің тартылған қаражаттарының орташа құнының, яғни депозиттер және қарызға алынған ақшаларды несие мерзімі кезінде несие бойынша орташа пайыздық мөлшерлемеге жету мүмкіндігі тәуекелі. Пайыздық тәуекел тұрақты болып табыла ма, немесе оны болдырмау активтерден түсетін табыстың (несие бойынша мөлшерлеме) өзгеруін тартылған қорлардың шығындарында (яғни, банктік несие беру үшін қаражат алу құны) мерзімі және көлемі бойынша өзгерулерді толығымен баланстау мүмкін болса.
Банк өтімділігі оның сыртқы қаражат көздерінің, яғни банкаралық несиелерге деген тәуекелдігімен сипатталады. Банкаралық несие өтімді қаражаттарға деген қысқа мерзімді жетіспеушілікті жоя алады, бірақ осы несиенің жалпы тартылған ресурстардың құрамындағы үлесі жоғары болса, онда банк банкроттықа ұшырауы мүмкін. Егер банктің сыртқы көздерге тәуелділігі жоғары болса, онда лның бизнес үшін өз басының дамуы перспективаларының жоқтығын көрсетеді.
Банк активтері мен пассивтерінің арасында мерзімі мен сома бойынша сәйкестілігі де банк өтімділігін анықтайды. Банктің клиенттер алдында міндеттемелерді орындауы инвестицияланатын ақша қаражаттары мерзімдері мен салымшылары берген ақша қаражаттарының мерзімдері сәйкес болуын білдіреді.
Менеджмент, яғни жалпы банктің қызметін және өтімділігін басқару жүйесі де банк өтімділігін анықтайтын ішкі факторлардың біріне жатады. Банкті басқару сапасы мыналармен анықталады:
Елдегі жалпы саяси және экономикалық жағдай банк операцияларының дамуының және банк жүйесінің сәтті жұмыс істеуінің алғышарттарын қалыптастырады, банктер қызметінің экономикалық негізінің тұрақтылығын қамтамассыз етеді, банктерге деген отандық және шетелдік инвесторлардың сенімділігін арттырады. Осы аталған жағдайларынсыз банктердің тұрақты депозиттік базаны құруы, операциялардың рентабельдігіне қол жеткізуі, өз құралдарын дамытуы, активтерінің сапалығын жоғарылатуы және басқару жүйесін жетілдіруі мүмкін емес.
Бағалы қағаздар нарығының дамуы өтімді қаражаттар құрудың оңтайлы вариантын қамтамасыз ете алады, себебі көптеген шетел мемлекеттерінде банктің активтерін ақшалай қаражаттарға тез арада айналдыру жолы қор нарығының жұмысымен байланысты.
Банкаралық нарықтың дамуы уақытша бос ақшалай ресурстарды банктер арасында жылдам қайта бөлуге көмектеседі. Банк өз өтімділігін ұстап тұру үшін банкаралық нарықтан әр түрлі мерзімге, сонымен қатар бір күнге болсын, қаражаттарды тарта алады. Банкаралық коньюктураға, банкаралық нарықтың ұйымдастырылуына және банктің беделіне байланысты.
Орталық банктің қадағалау қызметінің тиімділігін өтімділікті басқарудағы коммерциялық банктер мен мемлекеттік қадағалау органы арасындағы қарым қатынас дәрежесін көрсетеді. ҚазақстанРеспубликасы Ұлттық Банктің екінші деңгейіндегі банктер үшін өтімділіктің белгілі бір нормативтерін белгілеуге мүмкіндігі бар. Көрсеткіштер банктің өтімділік жағдайын неғұрлым нақты көрсететін болса, соғұрлым банктің өзі және қадағалау органы өтімділікпен байланысты проблеманы уақытысында шешуге мүмкіндігі бар.
Банктің өтімділігі тұрақты өзгерісте болатын көптеген факторлармен анықталынатын банк қызметінің сапасын сипаттайды. Сондықтан банктің өтімділігі бірте бірте қалыптасатын және тұрақты факторлармен және әр түрлі үрдістермен сипатталатын динамикалық жағдайды білдіреді.