Несиенің қажеттілігі мен маңызы

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2011 в 18:03, курсовая работа

Описание работы

Несие – ақша сияқты тарихи экономикалық дәреже болып табылады. "Кредит" деген сөз, "Қарыз", "несие" деген "kredo" – сенемін деген мағына беретін латынша "kreditium" деген сөзінен шығады. Ол экономикалық дәреже ретінде әр түрлі экономикалық қоғамдарда қызмет етеді. Ол тауар өндірісінің пайда болған кезінен бастап қарапайым формаларында: бай және кедей қоғамдарда көрінеді. Несие қатынастары ақша қатынастары сияқты үнемі даму үстінде болады. Алғашқы несие табиғи түрде қоғамның дәулетті топтарынан мүліксіз шаруалар мен кәсіпкерге тұтыну мұқтаждығы мен қарыздарды өтеу үшін ұсынылған.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................... 2
І. Несиенің мәні және несие қатынастарының пайда болуы.................. 6
1.1 Несие теориясы және оның дамуы...................................................... 6
ІІ. Несие қызметінің түсінігі, қажеттілігі, маңызы...................................20
2.1 Несиенің қызметі..................................................................................21
2.2 Несиенің қажеттілігі мен маңызы
2.2 Несие мен ақшаның өзара әрекеті........................................................23
2.3 Несиенің экономикалық рөлі және оны қолданудың шектері..........25
Қорытынды...............................................................................................28
Пайдаланған әдебиеттер..

Работа содержит 1 файл

МОЯ курсовая.doc

— 153.00 Кб (Скачать)

    Алайда, бұл тек қайтарымның негізін  жасайды. Уақытша пайдалануға алған ақшалай қаражатты қайтаруға босаған қаражаттар қарыз алушыға мүмкіндік берген кезде ғана несиені қайтару басталады. Несиенің қайтарылуы объективті процесс болып табылады, яғни оны мәміленің табиғатын өзгертпей, кейінге қалдыруға болмайды. Несие беруші мен қарыз алушы бекіткен келісімшартқа сәйкес ол заңды бекітілген сипат алады. Халық шаруашылығы деңгейінде несиенің қайтарылуы тұтас алғанда қайтарылудың жиынтығын көрсетеді. Бұл жерде ол алынған несиенің бір ғана белгісін көрсетпейді, экономикалық категория сияқты бар несиенің тұтастығын көрсетеді.

         Несиенің әлеуметтік – экономикалық  негізі оның қоғамдық сипатқа  тән екендігінде. 

         Несиеге толық анықтама берейік.  Несие – кеңейтілген қайта өндіру мақсатында жеделдік, төлемдік, қайтару талаптарына сай оларды ақшаны бөлу және халықтың, экномиканың бос ақшалай  қаражаттардың жұмылдырылуын қамтитын несие капиталының қозғалысы себепті экномикалық қарым – қатынасты көрсетеді.

         Несие мәні қатынастардың несиенің – қайтару, төлемдік, мерзімдік, қолма – қол ақша, мақсатты сипат сияқты маңызды принциптерімен анықталады.

         Белгіленген мерзімді бұзу – несие беруші үшін қарыз алушыға өндіріп алынатын пайызды көбейтілген түрде несиені пайызбен мерзімінен бұрын өндіріп алуға саятын экномикалық санкция қолдануға жеткілікті негіз болып табылады. Несиенің қамтамасыз етілу принципі несие келісімшартында қарыз алушы өз мойнына алған міндеттемелерді бұзуы мүмкін жағдайда несие берушінің мүліктік мүддесін қорғауды қамтамасыз етудің қажеттілігін көрсетеді. Бұл принцип жалпы экномикалық тұрақсыздық кезеңінде өзекті мәселе болып табылады.

         Несиенің объективті қажеттілігі  табиғи және ақшалы түрде жүзеге  асатын ерекшеліктерден кеңейтілген  өндірістік шығарып тастайды. Ол  капитал түрлері үнемі ауысып  тұратынын ұйғарады, меншіктің ақшалай түрі тауарға, тауарлы меншік өндірістікке, өндірістік тауарлар  және тауарлық қайтадан ақша түріне ауысып тұрады, яғни  A - T - Ө - T - A капиталдың ауыспалы айналымы жүреді. Ауыспалы айналымның бірінші кезеңінде ақша өндірісі  

    қорына (машиналар, шикізат жабдықтары және т.б.) ауысып кетеді, екінші кезеңде  - өндірістік процестерді – дайын өнім (тауар) жасалады, өндірістік тауарларға келеді. Үшінші кезеңде тауар сатылып, бастапқы ақша түріне ауысады. Капиталдың осындай ауыспалы айналымы тұрақты түрде бөлек жеке кәсіпорын және жалпы халық шаруашылығында үнемі жүріп жатады. Капиталдың қозғалысы – оның тек ауыспалы айналымы емес, сондай ақ оның айналымы да. Капиталдың айналымы дегенде оның үнемі қаталанатын ауыспалы түсіндіріледі.

         Капитал түрінің ауысуы бір  шаруашылық субъектілерінде ақша  қаржысының уақытша босатылып  және басқа шаруашылық жүргізуші  субъектілерді ақша деген қажеттіліктің  қалыптасуымен қоса жүреді. Әрбір  шаруашылық субъектілерде (кәсіпорын) өзінің жеке ауыспалы айналымдағы капитал болады.

         Ақшалай қаражаттың уақытша босатылуы  және оларға деген өажеттілік  тек материалдық өндіріс саласы  мен айналымда ғана туындамайды.  Ол мемлекетте, бюджеттік және  қоғамдық ұйымдарда, сондай – ақ халықта да болуы мүмкін.

         Қаражатқа деген қажеттілік пен  оның босатылуы арасында туындаған  қарама – қайшылық шаруашылық  жүргізуші субъектілердің қалыпты  қызметі үшін қажет материалдық  және қаржылық ресурстарды нақты  байланыстыратын несиенің жәрдемімен ғана рұқсат етіледі.

         Жеткіліксіз шамада несиенің  объективті қажеттілігі несие  қатынастарын жүзеге асыратын  капитал айналымы мен ауыспалы  айналымның бір қалыпты еместігімен  түсіндіріледі.

         Несиелік қатынастар пайда болатын  және дамитын нақты экономикалық негізде қаражат айналымы мен ауыспалы айналым, яғни несиелік қатынастың материалдық негізі болып құн қозғалысы саналатын болады.

         Қарызға алушы несиені кедей  болғаны үшін алмайды, ол өзінің  меншікті қорларының ауыспалы  айналым мен капитал айналымының оюъективті күшіне толық шамада жетпей тұрғандықтан өз ісін алға бастыру үшін алады.   
 
 
 
 
 
 
 
 

    2.1. Несиенің қызметі. Шын мәніндегі  ақшаларды айналымның несиелік  құралдарымен ауыстыру. 

         Қазіргі кездегі нарық шаруашылығында  шын мәніндегі ақшалар(алтын) ел ішінде айналысқа түспейді, олдардың несие негізінде шығарылған ақша белгілері айналымда болады. Нарық ақшалардың шығарылуы, немесе қолма – қол есептегі ақша қорларын ұлғайту сол мезетте экономиканы несиелеудің ресурсы болып табылады.

         Несиенің мұндай қызметінің дамуы  банк жүйесінің пайда болуымен  байланысты екендігін ескерген  жөн. Ақшаларды банкінің есеп  шотында сақтау ақшалай міндеттемелер  бойынша тауарлар мен қызмет  үшін қолма – қол ақшасыз есептерді жүзеге асыруға, өзара қарыздарды есепке жатқызып жойып отыруға мүмкіндік береді. Мұның өзі ақшаны қолмен санап алыс беріс жасау айналымын және айналым шығындары мен өнімсіз шығындарды едәуір азайтты. Шаруашылық жүргізу субъектілерінің және халықтың есепшоттардағы қаржылық банкілердің несиелік ресурсы болып саналып, есепшоттардағы көрсетілген ақша айналымы банкінің ақша қаржыларының иелерімен несиелік байланыстары болып қалады.

         Несиелеу процесі кезінде ақша  массасының  құрылымына, төлем айналысына  және ақша айналымының жылдамдығына әсер ететін сол ақша айналымы үшін түрліше төлем қаржылары құрылады. Яғни нағыз ақшаларды несиелік ақшалармен және несиелік операциялар ауыстыру жүзеге асырылады. Айналымда ең қарапайым қарыздық міндеттемелер- вексельдерден бастап қазіргі электрондық ақшаларға дейінгі несие ақшаларының түрліше формалары пайда болады.

         Экономиканың дамуының алғашқы сатысында бұл айналымнан алтынды ығыстырып шығарумен байланысты болды. Қазіргі кезде нағыз ақшаларды алмастыратын несие қызметі ақша тасқындарының қозғалысын тездететін қолма қол ақшасыз есептер, несие карточкаларын, вексельдерді, чектерді, депозиттік сертификаттарды қолдану арқылы көрініс танытады.

         Осы кездегі шаруашылықта қолдағы  аұшаны несие операцияларымен  ауыстырудың қажетті шарттары  жасалған. Ақшаларды бір есепшоттан екіншілеріне қолма-қол ақшасыз есеп жасау үшін аудару, өзара талаптарды қанағаттандыруға байланысты, ақша айналымының құрылымын жақсартуға мүмкіндіктер туады.

         Бұл жерде айрықша ескеретін  жәйт – неисе осы қызметінің  барысында ақшаларды жалпылама ауыстырудың емес, оларды экономикалық айналымда уақытша ауыстыру қызметін, яғни несие ақшаның ролін атқарады. ТМҚ – ны алу, қызметтерді төлеу, еңбекақыларды, зейнетақыларды төлеу үшін пайдалануды және т.б.

         Демек, нағыз ақшаларды несиелік ақшалармен және несиелік операциялармен алмастыру, негізінен, екі түрлі жолмен жүзеге асырылады:

      

    -  алтының орнына айналымға экономиканы  несиелеу жолындағы несиелік  ақшалар шығарылады, олар тауарлармен  және қызметтермен қамтамасыз  етіліп, міндетті түрде банкідегі эмитетке қайта келіп түсулері қажет;

       -   несиелеу барысында төлем  қаржылары жасалады, яғни, қолма  – қол  ақшасыз есеп айрысуды  ұйымдастыруға байланысты айналымға  ақшасыз қолма – қол есептер  жасалынатын ақшалар келіп түседі. 
 

         
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

             2.2.   Несие мен ақшаның өзара әрекеті. 

         Адамдар көп жағдайда несиені  ақша сияқты қабылдайды. Бір қарағанда,  несие - әсіресе, ақша түрінде ұсынылатынбанк және несие – түрлі ұғымдар ғана емес әртүрлі қармы – қатынастар да болып табылады.

         Несие мен ақша – түрлі экономикалық категориялар. Ақшаға қарағанда несие тарлау болып келеді. Себебі, несие қарым – қатынастың субъектілері барлық заңды, заңды емес және тұлғалар болып табылады.

         Осыған байланысты несие және  ақша қарым-қатынасының ең бірінші ерекшелігі – қатысушылар құрамының әр түрлі екенін атап өткен жөн. Ақша қарым қатынасына сатып алушы мен сатушы қатысады, ал ақша жалпы балама сияқы ақшаны алушы мен сатушы субъектілері арасындағы қарым қатынас нәтижесінде осындай қалыпқа енеді. Бұл жағдайда тауар мен ақшаның ыңғайластық қозғалысы жүреді.

         Несие қарым – қатынасының   қатысушылары несие беруші мен  қарыз алушы болып табылады, ал  несие құнның қайтарылу қозғалысының  себебі бойынша ерекше қарым  – қатынасты көрсетеді. Бұл  жағдайда құн ыңғайластық қозғалысқа түспейді, өйткені ол несие берушіден қарыз алушыға өтеді және белгіленген мерзім өткеннен кейін өз иесіне қайтады. Несиеге ақшалай қарым – қатынаста жол берілмейтін мерзімі ұзартылған төлем тән. Соған қарамастан ақша мен несие бір – бірімен қатар болып, өзата әрекетке түседі. Сонымен, тауарларды несиеге сату процесінде төлем құралы ретінде несие мен ақша қатысады.

         Несие мен ақша әр түрлі  тұтыну құнына ие. Несие пайыз  келтіретіндігімен ақшадан ерекшеленеді.

         Несие ақша түрінде де, тауар түрінде де ұсынылуы мүмкін.

         Бұл ерекшеліктерге қарамастан  тауар ақша қатынасының талаптарында  ақша мен несие тығыз байланыста  дамып , ұдайы өндірістің барлық  қорына Қызмет көрсету арқылы  өзара бір бірін толықтырады.

         Банк берген несие клиенттерге банктің депозит есепшоттарына жаңа ақша салуға мүмкіндік береді. Клиенттер оларды төлем құралы ретінде жеткізушілердің шоттарын және басқа да төлемдерді өтеу үшін пайдаланады.

          Банк клиенттері, яғни банк еспшотының  иелері бір уақытта ақша және несие қарым-қатынасының субъектілері де болып табылады. Нарық экономикасының жағдайында несие мен ақшаның өзара әрекет етуінің алдағы уақытта күшейе беру тенденциялары көрініс табады. Оған мына себептер бар:

        -  қолма – қол ақшасыз есеп айрысудын кеңеюі, Интернет арқылы есеп айрысудың электрондық жаңа жүйелерінің, төлем карталарының, дебет карталарының пайда болуы, бір жағынан, банк шоттарына ақшаны тартып, оларды несие ресурстарына айналдыру себеп болса, екінші жағынан ақша  
 
 

    айналымын тездетеді, сондықтан ақшаның бір бөлігі есеп айрысу үшін керексіз болып қалады және депозит есепшоттарына банктің несие ресурстарын көбейтіп, тұрақталып қалады;

        -  орталық банктер несиені экономиканы ақша – несие жағынан реттеуінің негізгі құралы ретінде пайдаланады. Оның шегі тарылу немесе кеңеюі арқылы айналымдағы ақша жиынтығына банктің эмиссиялық қызметіне, әсер етеді.

         Болашақта несие мен ақшаның  өзара әрекеті жалғасып, күшейе  береді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

         2.3.  Несиенің экономикадағы ролі және оны қолданудың шектері 

         Несиенің ролін несиелік қатынастардың  жұмыс істеуіне әкеліп соқтыратын  нәтижесімен анықтауға болады. Несие  өзінің қызметі арқылы ұдайы  өндіріс процесіне әсер етеді.  Жоғарыда аталып өткендей, несиенің  өз қызмет саласы бар, ол қозғалыстың барлық құндылықтарымен емес, шаруашылық айналымда пайдаланылмай тұрған, қайта айналып құйылудың бастапқы кезінде қайта бөлінуі мүмкін бөлігімен ғана байланысты. Несиенің көмегімен шешілетін міндеттер қоғамдық дамудың әр түрлі кезеңдеріне өзгеріп отыруы мүмкін.

         Экономика дамуының сатысына  қарамастан, несиенің арқасында  қарыз беру капиталы құрылып,  оның өнім өндіруге пайдалануы  қамтамасыз етіледі. Несие ұдайы  өндіріс процесінің үздіксіздігі  мен тездетілуіне қызмет етеді.  Уақытша бос материалдық және ақшалай қаржыларды қайтарымдық және төлемдік негізде қайта бөлуді қамтамасыз етуші несие кез – келген экономикалық субъект бойынша ағымдағы өндірістік шығындар мен табыстардың арасында, өндірістің маусымдық сипаты мен экономика саласында тауарларды сатып реттеуді арасында, капиталдың жұмсауға қажетті көлемі мен қолда  бар жиынтықтардың арасында болатын қарама –қайшылықтарды шешіп отырады. Ұдайы өндіріс процесін несие арқылы түзету ең алдымен қоғамдық өндірістің үздіксіздігін қуаттап отырудың арқасында қамтамасыз етіледі. Жоғарыда көрсеткеніміздей, қорлар айналысының біркелкілік танытпайтындығына байланысты бір полюсте бос тұрған қаржылар пайда болады, екіншісінде оларға деген тапшылық орын алады. Уақытша қаржылық қиыншылықтарға ұшыраған кәсіпорындарға берілетін несие оларға ұдайы өндіріс процесін жалғастыруға ТМҚ үшін ақы төлеудің қамтамасыз етуге, еңбекақы төлеуге және т.б. мүмкіндіктер тудырады.

Информация о работе Несиенің қажеттілігі мен маңызы