Несиелік тәуекелді сақтандыру және борышкердің жауапкершілігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2011 в 20:39, реферат

Описание работы

І..Несиелік тәуекел
ІІ. Валюталық тәуекелді сақтандыру
ІІІ. Банкілік несие шарты бойынша жауаптылық

Работа содержит 1 файл

несиелік сақтандыру.doc

— 71.50 Кб (Скачать)
 
 

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

      АЛМАТЫ  ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      Несиелік  тәуекелді сақтандыру және борышкердің  жауапкершілігі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      Орындаған: Акжолова У.

      Тексерген: Базарова А. 
 
 
 
 

                                        АЛМАТЫ,2010 

      І..Несиелік тәуекел

      ІІ. Валюталық тәуекелді сақтандыру

      ІІІ. Банкілік несие шарты бойынша жауаптылық 

      І.Несиелік тәуекел - қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиян шегуін сипаттайды.

      Коммерциялық  банктегі несиелік тәуекелді басқару  жүйесі екі сабжүйеден тұрады:

  • басқаратын субъект;
  • басқарылатын объект.

      Басқару субъекті – бұл аранйы еңбек, ақпарат, материалдық және қаржылық ресурстарды пайдалана отырып, несиелік тәуекелді басқару процесін жүзеге асыратын банктің құрылымдық бөлімшесі.

      Отандық банктер тәжиібесінде несиелік тәуекелді  басқару субъектілеріне мыналарды  жатқызуға болады:

  • директорлар кеңесі;
  • басқарма;
  • несиелік комитет;
  • активтерді және пассивтерді басқару жөніндегі комитет;
  • тәуекел басқармасы;
  • шағын және орта бизнесті несиелендіру департаменті;
  • ипотекалық несиелеу департаменті;
  • ірі жобалар бойынша несиелеу тәуекел басқармасы;
  • проблемалық несиелер басқармасы;
  • несиелік бөлімдер;
  • несиелік менеджер;
  • несиелік-тәуекел менеджері.

      Басқарылатын  объектіге банктің берген несиелері және олармен байланысты несиелік тәуекел жатады.

      Несиелік  тәуекел- бұл қарыз алушының банктен алаған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиян шегуін сипаттайды.

      Несиелік  тәуекелдентуындайтын зияндар банктің  несиелеу несиелеу және өзге де соған  теңестірілген баланстық және баланстан  тыс операцияларын жүргізу барысында  пайда болуы мүмкін.

      Мұндай  операцияларға мыналар жатады:

  • берілген және алынған несиелер
  • есепке алынған вексельдер
  • факторинг
  • форфейтинг
  • лизинг
  • төленген аккредитив бойынша төлеушіге қоятын банктің талаптары
  • кепілзат бойынша банктің талаптары

Жалпы несиелік тәуекел дәрежесі мынадай  факторларға тәуелді:

  • елдегі және өңірдегі экономикалық және саяси жағдайлар;
  • банктердің жекелеген экономика салаларына несие беруі;
  • қарыз алушылардың несиелік қабілеті мен беделіне;
  • қарыз алушының банкроттығына;
  • қаржылық қиындықтарға ұшыраған клиенттерге берілген несиелер үлесінің жоғары болуына;
  • жаңа, таныс емес компанияларға берілетін несиелер;
  • жақын арада тартылған немесе жаңа клиенттерег берілген несилер үлесінің жоғары болуы;
  • қарыз алушының тарапынан болатын алдамшылық әрекеттерге;
  • несиелік қоржынның диверсификациялану деңгейіне;
  • инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің туралығына;
  • берілген несиелердің түрлеріне,мөлшеріне, нысандарына,сондай-ақ қамтамасыз етілу түріне.

      Қарыз алушының несиелік тәуекелін басқару  банктегі несиелік үдерісті ұйымдастыру  шегінде жүзеге асырылады.Несиелеудің әрбір кезеңінде несиелік тәуекелді басқарудың өзіндік ерекшеліктері болады.

      Қазіргі банктік тәжиірбедегі қарыз алушының заңдарына құқықтық сараптама жасалуға тиіс.

      Несиелік  шектеу бұл:

      1.несие берушінің қарыз алушыға беретін несиесі бойынша несиелік қатынастың шекті деңгейі;

      2.қарыз алушының өз айналымында несиелік қаражаттарды пайдаланудың ең жоғарғы шегін білдіреді.

      Несиелік  тәуекелді басқарудың келесі бір  әдісіне несиелерді сақтандыру жатады.

      Несие беруге байланысты тәуекелді сақтандырудың үш түрі қолданылады:

  • қарыз алушының берілген несиеге кепілге қойған мүлкін сақтандыру:
  • қарыз алушының еңбекке қабілеттілігін сақтандыру;
  • қарыз алушының өмірін сақтандыру.

      Сақтандырудың ерекшелігі қарыз алушының мүддесін қорғай отырып, бір мезетте банкке берілген несиенің қайтарылуына кепілдік беріледі.

      Берілген  несиеге қарыз алушы кепілдікке қойған мүлікті сақтандыру объектісіне  құрал-жабдықтар,станоктар,көлік құралдары,,шикізат  және материалдар, дайын өнімдер  және таға басқалары жатады. Сақтандыру тәуекелі ретінде әдетте әртүрлі апат салдарынан (өрт, топан су, найзағай) мүліктің бүлінуі немесе жойылуы, басқа да жағдайлар, үшінші біреудің  қылмыстық әрекеті алынады.

      Банктің сақтандыру өтемін алу құқығы біріншіден несие толық немесе ішінара қайтарылмағанда, екіншіден сақтандыру шарты күшінде тұрғанда кепілге қойылған мүлік жойылу нәтижесінде сақтандыру оқиғасы туындаған жағдайда күшіне енеді. Егер қарыз алушы сақтандыру оқиғасы бола тұра несиені өтеп шықса, онда сақтандыру өтемі банкіге немесе мүлік иесіне төленеді.

      Қарыз алушының еңбекке жарамдылығын сақтандыру сақтанушының денсаулығына жоғалтып, несиені қайтару мен пайызды төлеу міндеттемесін орындау мүмкіндігін жоғалту мүмкін жағдайда жүргізіледі. Сақтандыру шарты несиені толық қайтарып беру мерзімі аяқталғанша жасалады. Сақтандыру оқиғасы туындаса, сақтандыру компаниясы банк қарызын өтеуді қамтамасыз етеді.

      ІІ.Тар мағынасында валюталық тәуекел бұл- валюта бағамының өзгеру нәтижесінде зиян шегу қаупін білдіреді. Кең мағынасында, валюталық тәуекел  бұл банктің несилік, валюталық және өзге банктік опрацияларды жүргізу барысында ұлттық валютаның шетел валютасына қатысты бағамының өзгеруінен туындайтын валюталық шығын.

      Валюталық тәуекел негізінен банктің шетел  валютасымен қаражаттарды тартып, оларды орналасытру нәтижесінде туындайды.

      Банктік тәжиірбеде валюталық тәуекелдің бірнеше  түрлері қолданылады:

  • айырбас қбағамының өзгеру тәуекелі;
  • конверсионды операциялар тәуекелі;
  • трансляциялық тәуекелдер;
  • форфейтинг тәуекелі.

      Айырбас бағамының өзгеру тәуекелі.Валюта бағамы-бір елдің ақша бірлігінің екінші бір елдің ақша бірлігіне қатысты бағасы.Валюталардың бағамдырын анықтау бағамдау (котировка) деп аталады. Бағамдау екі түрге: тікелей және жанама болып бөлінеді. Тікелей бағамдауда шетел валютасының құны ұлттық валютамен бейнеленеді.

      Тікелей бағам = ұлттық валюта / шетел валютасы

      Жанама  бағамдауда ұлттық валютаның шетел  құны валютамен бейнеленеді.

      Жанама  бағам = шетел валютасы / ұлттық валюта

      Кросс бағам- бұл үшінші валютаға байланысты анықталатын екі валютаның шекті  қатынасы.

      Конверсиондық тәуекел- бұл нақты бір валюталық операциялар бойынша туындайтын валюталық шығын.

      Трансляциондық  немесе бухгалтерлік тәуекел банк балансының активткрі мен пассивтерін қайта  бағалау барысында туындайтын тәуекел.

      ІІІ.Несие бойынша жауаптылық тұрақсыздық айыбы мен зияндарды өтеудің нысаны ретінде болады.Бұл ретте тұрақсыздық айыбы барынша шарттық сипатқа ие.Несиені дер кезінде қайтармағаны үшін,сонымен несие шарты қағидаттарын басқаша бұзғаны үшін онда банктің тұрақсыздық айыбын немесе жоғарыда аталған туындыгер айтқан «жоғары пайыздарды» өндіріп алуы көздеуі мүмкін.Бұл ретте сот негізгі  берешекті және несиені пайдаланғаны үшін есептелеген сыйақыны шағымдық тәртіппен реттелген сомалардың шектерінде ғана өндіріп алу туралы дауды қарайды, себебі несие шартының ерекшелігі сол,көнелік мерзімдеріне қарамастан несиені пайдалаған үшін сыйақы төленеді.Мысалы, «ҚР-ғы банктер және банк қызметі туралы» заңының 37-бабына сәйкес заем алушыларға банктердің несие шарттарын жөндеп орындамауы бойынша талаптарына шағымдық және көнелік мерзімдері қолданбайды.Зияндарды өтеу және санкцияларды өндіріп алу туралы даулар көнелік мерзімдердің шектерінде қаралады. Сот Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 297-бабына сәйкес ол несие берушінің зияндарымен салыстырғанда шамадан тыс көп болса, тұрақсыздық айыбын азайтуға құқылы. Міндеттемелерді бұзғаны үшін азаматтық-құқықтық жауаптылығының нысаны ретінде дер кезінде қайтармағаны үшін тұрақсыздық айыбының ерекшелігі сол, несиенің мерзімде қайтарылмау дәйегінің өзі заем алушының Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 359-бабы талап ететіндей дәлелдеудің кінәсі жоқ кінәсіне айналады. Тұрақсыздық айыбын төлеуі немесе несие шартында оның мөлшері анық анықталмауы туралы ереже жоқ болатын жағдайда тұрақсыздық айыбының мөлшері Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 353-бабына сәйкес анықталады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      Қарыз алушының несиелік тәуекелін басқару әдістері 

      
 
қарыз алушының несиелік тәуекелін  басқару
 
 
      
бір қарыз алушыға  шектеу қою мәмілені  құрылымдау және қаржыландыру шартын анықтау міндеттемені  қамтамасыз ету қарыз алушының тәуекелін  сақтандыру қарызды синдиинцирлеу мүдделердің  қақтығысын жоққа  шығару

                                  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Несиелік  тәуекелді басқару  үдерісінің кезеңдері 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 
 
 

Сөзжұмбақ «Заңнама» 
 
 

        1

        з

             
          2 а        
         
         
         
         
        3   ң
          4 н        
        5 а      
        6   м          
        7   а
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Сұрақтар: 

Информация о работе Несиелік тәуекелді сақтандыру және борышкердің жауапкершілігі