Несиелік келісім шарт

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 17:59, реферат

Описание работы

Несиелік келісім- шарт екі жақтың өзара міндеттемелерін және жауапкершіліктерін анықтайды. Несие беру келісім шарты бекітілгенге дейін банк қарыз алушының несие қайтару қабілеттілігін мұқият талдауға, қарыздың өтелмеуіне әсер ететін факторларын; қарыз алушының атағын, бұрын алынған ссудасын уақытында өтеуі, басқа міндеттемелерге қатынасын, қарыз алушының экономикалық және қаражаттық жағдайын, балансы бойынша төлем қабілеттілігін және несиені пайдалану тиімділігін және тағы да басқа мүмкіндігін зерттеуге міндетті.

Работа содержит 1 файл

Кіріспе.docx

— 24.54 Кб (Скачать)

 

Кіріспе

Несиелік келісім- шарт  екі жақтың өзара міндеттемелерін  және жауапкершіліктерін анықтайды. Несие беру келісім шарты бекітілгенге дейін банк қарыз алушының несие қайтару қабілеттілігін мұқият талдауға, қарыздың өтелмеуіне әсер ететін факторларын; қарыз алушының атағын, бұрын алынған ссудасын уақытында өтеуі, басқа міндеттемелерге қатынасын, қарыз алушының экономикалық және қаражаттық жағдайын, балансы бойынша төлем қабілеттілігін және несиені пайдалану тиімділігін және тағы да басқа мүмкіндігін зерттеуге міндетті. Онда: несиелеу мақсаты және обьектісі, несиенің мөлшері, ссуданы беру мерзімі және қайтару шарттары; несиені қамтамасыз ету формасы; несие үшін төленетін сыйақы мөлшерлемесі; несиенің қозғалысын және клиенттің қаржылық жағдайын бақылау үшін қарыз алушының беретін құжаттарының тізімі; олардың берілу мерзімдері, сондай-ақ несиелеу процесіндегі банктің бақылау қызметі көрсетіледі. Қарыз беруші банк қарыз алушыдан негізгі қарызын да, оған төленетін пайызын да өндіріп алуға және оларда кепілдік мүліктерін талап етуге құқығы бар. Тауарлы-материалдық құндылықтарды, өнімдерді және басқа да кепілдік салуға болатын мүліктерін ұсынған жағдайда банк несие береді. Қарыз алушының мүлкіне банк олардың арасында жасалған келісім шарт бұзылған жағдайда ғана иелік ете алады.

Несиелік келісім-шартты жасамастан бұрын, қарыз алушының (қарызданушының) несиені өтеу қабілеттілігінің, қарызданушының репутациясының, қаржылық және экономикалық жағдайын, баланс өтімділігін, айналым  қаражатының пайдалану тиімділігін  басқа да жағдайларын жан-жақты  талдап зерттейді.  Тұрақты түрде  несиеленетін қарызданушының банкке қойған кепіліне бухгалтерлік баланстың мәліметтері  бойынша бақылау жасалынады. Олардың  әрбір тоқсан сайын запастары  мен шығындарының өзгерісі, дебиторлық және кредиторлық қарызы талданады, ал керек болған жағдайда, қойма  мәліметері және бухгалтерлік есептегі натуралдық көрінісі зерттеледі.

 

 

 

 

2.1. Несиелік  келісім  шартының мәні 

        Қарыз беруші банк қарыз алушыдан негізгі қарызын да, оған төленетін пайызын да өндіріп алуға және оларда кепілдік мүліктерін талап етуге құқығы бар. Тауарлы-материалдық құндылықтарды, өнімдерді және басқа да кепілдік салуға болатын мүліктерін ұсынған жағдайда банк несие береді.  Қарыз алушының мүлкіне банк олардың арасында жасалған келісім шарт бұзылған жағдайда ғана иелік ете алады. Сондай-ақ, кепілге алу міндеттемесі қарыз алушы төлеуге қабілетсіз және банкротқа ұшыраған кезде, кепілге салынған мүлікті өткізуден түскен түсімді несиені өтеуге жатқызылады. Кепілге салу жөніндегі келісім тұрғын үйді кепілге салуды қоспағанда, нотариалдық куәліксіз жазбаша түрде жасалады. Қарыз алушыға тиесілі тауарлы-материалдық құндылықтарды немесе шығарылуына қарай дайын өнімді кепілге салу кепілге салудың бір түрі болып табылады. Кепілге салуға ақшалай бағаланатын мүліктер, соның ішінде бағалы қағаздар да ұсынылуы мүмкін. Кепілге салынған құндылықтар әдетте қарыз алушының иелігінде қалады, қарыз алушы кепілге салынған тауарлы-материалдық құндылықтарды басқа құндылықтарға ауыстырған жағдайда сатуға немесе өз өндірісінде қайта өңдеуге құқылы. Кепілге салынған бағалы қағаздар несие келісіміне қол қойылғаннан кейін, банкке сақталуға беріледі және несие толық өтеліп ол бойынша пайыз төленгеннен кейін қарыз алушыға қайтарылады. Борышкер кепілге салумен қамтамасыз етілген міндеттемесін орындамаған жағдайда «Кепілге салынған» мүліктің құнынан банктің талабын қанағаттандырі соттың шешімі бойынша жүзеге асырылады. Банк мүлікті кепілге салуға қабылдаған кезде, әсіресе, кепілге салынған мүлікті сақтау кезінде оның толық сақталуы қамтамасыз етілмеген жағдайда, қарыз алушының есебінен оның толық сақталуын талап етуге құқылы. Кепілге салынған мүлік жойылған жағдайда, егер ол сақтандырылған болса, банк талабын сақтандыру өтемінен қанағаттандырудың айрықша құқығын пайдалана алады. Банк шартта белгіленген тәртіпке сай, қарыз алушының кепілге салған мүлігінің құнына несиенің сомасын өндіріп алуға құқылы.

 Кепілдеме негізінен  жазбаша түрде ұсынылады және  ол несиені пайызымен бірге  өтеудің міндеттемесі болып табылады. Қарызданушы кепілдеме хатын  өзінің шоты тұрған жердегі  банк мекемесіне ұсынады. Бұл  жерде қарыз да, оның проценті  де толығымен өтелгенге дейін  сақталады. Қарызданушы банкісіне  кепілші-банктің кепілдеме қабылдағаны  жөнінде (яғни, банк мөрімен бекітілген  кепілші-банктің басшысы мен бас  бухгалтерінің қолы қойылған) белгісі  бар көшірме ұсынылады. Кепілдеме  қарыз берілгенге дейін беріледі. Ол қарыз бойынша төлемді кейінге  қалдыруы жөнінде банкке барған қарыз алушыдан да талап етілуі мүмкін. Толтырылған кепілдеме хаты төменде келтірілген.  Кепілшінің шотынан даусыз түрде қаржыны есепьтен шығару төлем-талап тапсырмасы ұсынылған кезден бастап жүзеге асырылады. Қарыз алушының өтелмеген несиесі үшін жауапкершілігін сақтандыру «Сақтандыру жөніндег» ҚР-ң Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Банк қарыз алушыға берілген несиені сақтандыру компаниясымен несиелік тәуекелділігімен өз еркімен сақтандыру жөніндегі шарт жасасу жолымен, өз бетінше сақтандыра алады. Бұл жағдайда банк несиелік шартта қарыз алушының несиені өтемегені үшін жауапкершілігін өз еркімен сақтандыру шарты бойынша банк төлеген сақтандыру төлемінің сомасын банкке қарыз алушының қайтаруын қарастыруы мүмкін.

 Қарыз алушыға несие  жасалынған шартына сай беріледі. Бұл келісімде несиенің мақсаты,  мөлшері және мерзімі, құжаттар  тізімі және олардың банкке  ұсынылу мерзімділігі, несиенің  мақсатты пайдалануының және  қамсыздандырылуын тексері нысандары,  несие бойынша қарыздарды өтеудің  барысында кепілге салынған мүліктерді  өткізудің рәсімдеу тәртібі, қамсыздандыруды  тексеру үшін банкке ұсынылатын  ақпараттардың мазмұны ашылады. 

 Банк қарыз алушыға  несиелік қызмет көрсетә үшін  онымен бір жылға немесе одан  ұзақ мерзімге шарт жасайды  және әрбір несие берудің жағдайын  әрбір клиент бойынша жеке  дара анықтайды.  Қысқа мерзімді  несие, әдетте, 12 айдан аспайтын  мерзімге несиеленетін материалдық  құндылықтардың айналымдылығына  және шыққан шығынның өзін-өзі  ақтауына негізделіп беріледі. Жекелеген  жағдайларда өндіріс циклінің  ерекшелігіне байланысты несиелер  неғұрлым ұзағырақ мерзімге де, бірақ екі жылдан аспайтын  мерзімге де берілуі мүмкін. Несие,  әдетте, қарыз алушының есеп айырысу  шотында қаражаттың бар болуына  қарамастан, қолма-қолсыз тәртіпте  беріледі немесе оның есеп  айырысу шотына аударылады.

 Банк несиелік келісім-шартты  жасамастан бұрын, қарыз алушының (қарызданушының) несиені өтеу қабілеттілігінің, қарызданушының репутациясының, қаржылық  және экономикалық жағдайын, баланс  өтімділігін, айналым қаражатының  пайдалану тиімділігін басқа  да жағдайларын жан-жақты талдап  зерттейді.  Тұрақты түрде несиеленетін  қарызданушының банкке қойған  кепіліне бухгалтерлік баланстың  мәліметтері бойынша бақылау  жасалынады. Олардың әрбір тоқсан  сайын запастары мен шығындарының  өзгерісі, дебиторлық және кредиторлық  қарызы талданады, ал керек болған жағдайда, қойма мәліметері және бухгалтерлік есептегі натуралдық көрінісі зерттеледі.

 

2.2 Несиелік келісім шартының мазмұны

Несиелік келісім-шарттың  мазмұны келісуші жақтардың өздері анықтайды. Бұл жерде отандық банктер, оның типтік формаларын пайдаланады.

Несиелік келісім-шарттың мазмұнында несиелеу механизмі, оның негізгі элементтері және банк ссудаларының қозғалысы қарастырылады. Несиелеу тиімділігі осы элементтердің банктік жұмысына қалай іске асырылуына және өзара үйлесетіндігіне тікелей байланысты болып келеді. Ал, несиелеу механизмінің негізгі элементтеріне  несие түрлері және обьектілері, сомасы, несиенің бағасы, несиелеу әдістері және ссудалық шоттар түрлері, ссуданың қамтамасыз етілу және қайтарылу тәсілдері, банк бақылауы жатады. Экономикалық түсініктегі “механизм” белгілі бір қызметті жандандыруға және бір нәрсені іске қосуға болатын құралды білдіреді. Бұл мағынасында “механизм” термині басқаруда жиі қолданылады. Яғни, оның мәні экономикалық, оның ішінде несие саясатының міндеттерімен байланысты болып келеді.

Несиелеу механизмін кеңес  экономистері жалпы несиелік механизмнің  “техникалық қабаты” ретінде  бөліп қарастырылады. Несиелеу механизмі  – несиенің берілу және қайтарылу  әдіс-тәсілдерін және несиелеу процесстерін, сондай-ақ несиенің қозғалысына бақылауларды қамтитын несиелік механизмнің құрамдас бөлігі.

Басқаша айтқанда, несиелік механизм бұл несиені пайдалану  механизмін білдіреді. Несиелеу механизмі  – бұл несиенің ғылыми тұрғыда  тану механизмін сипаттайды.

 Мысалға, банк пен  клиенттің бірлескен қызметін  жүзеге асырғанда, екі жақтың  құқығы мен міндеттемелері және  қаржыландыру тәртібі мен олардың  арасында табысты үлестіруі қарастырылған  бірлескен қызмет туралы келісім–шарт   жасалады.   Клиентті   несиелендіру  банк пен клиент арасындағы  жасалған несиелік келісім –  шарт негізінде жүргізіледі және  де ол қарыздың мерзімі, шарты  мен беру тәртібін және оны  өтеуін, сондай-ақ екі жақтың құқықтарымен  міндеттемелерін қарыз бойынша  кепілдеме мен пайыздық мөлшерлемелерді  реттейді.

Кейбір банктерде несиелік келісім-шарт пен бірге несиелік хаттамада қолданылады. Соңғысы ағымдағы жылға жасалады. Оларда жеке сәттер нақтыланады, мысалға, несиенің және түрлерін берудің шарттары мен тиімділіктің жалпы және өзіне тән белгілері.Депозиттік шоттарды ашу және жүргізу туралы келісім-шартта депозиттің ашылу мерзімі, ол бойынша пайыз төлеу тәртібі. Осы депозиттік шоттан қаражаттарды алу тәртібі жайлы мәліметтер  қарастырылады.

Барлық айтылған келісім  –шарттар клиентпен қарым-қатынасының  сипатын анықтап, олардың арасындағы келіссөз бір-бірінің қызметін алдын-ала, жан-жақты танып білудің нәтижесінде  жасалады

 

2.3.Несиелік келісім  шартының қажеттілігі

Жалпы, несиелік келісім шарт несиелеу процесінің бір бөлігі. Банктердің тәжірибесінде қолданылатын несиелеу процесінің өзіндік кезеңдері болады. Несиелік процес несиеге деген өтінішті өңдеуден басталып, несиенің толық  қайтарылуымен аяқталады. Әр кезеңде  пайдаланылатын несиелеу механизмнің  элементтері несиелік операциялардың сапалы сипатын бере отырып, олардың  жүзеге асырылу техникасын білдіреді. Несиелеу процесі мынадай кезеңдерді қамтиды:несиеге деген өтінішті қарау;несиелік қабілетін талдау;несиелік келісім-шарт жасау; несие беру; несиелік мәміленің орындалуына бақылау  жасау.

Ең бірінші несиеге деген  өтінішті қарайды. Кез келген несиелік операциялар осыдан басталады. Мұндай құжаттарда қарыз алушы мен сұралатын  несие туралы негізгі мәліметтер: мқсаты, мөлшері, түрі, мерзімі, мүмкін болар қамтамасыз ету мүлкі көрсетіледі. Банктің қоятын талаптарына байланысты өтінішке қосымша, яғни несиелік операциялар  сипатына байланысты құжаттар беріледі.

Екіншіден, клиенттің несиелік қабілетін талдайды. Қарыз алушының несиелік қабілеті – қарыз алушының алған ссудасы бойынша қарызды уақтылы және толық көлемде қайтаруқабілетін бағалау сипатталады. Несиені қайтара алмау тәуекелі көптеген факторлардың әсерінен болуы мүмкін, сондықтан да, банк клиентке несие беруге шешім қабылдаудан бұрын оның несиелік қабілетін талдайды. Бұл көрсеткіш банктің өтімділігіне ықпал етеді.

Қарыз алушының несиелік қабілетіне талдау жасау барысында мынадай  факторлар есепке алынады: Біріншіден, ссудаға қатысты қабілеттігі. Қарыз алушыға ссуданы бере отырып, қарыз алушының атынан шығатын тұлғаның құқықтық қуатын анықтайтын Жарғысы және нұсқаумен танысуға тиіс. Екіншіден, қарыз алушының іскерлік беделі. Несиелік мәмілеге тиісті беделі деп қарыз алушының қарызды қайтаруға дайындығын ғана түсінбейді, сондай-ақ келісім-шартқа байланысты барлық міндеттемелерді оындауы түсіндіріледі. Үшіншіден, табыс алу қабілеті. Банк қарыз алушының ссуданы қайтаруға жеткілікті қаражатты табу қабілетіне баға беруі қажет.

Қарыз алушының табыс алу  қабілетін анықтау барысында  сату көлеміне, баға шығындарына, шығыстарға әсер ететін факторлар есепке алынады. Бұл факторларға: қарыз алушы  кәсіпорынның орналасқан жері, оның тауарлары  мен қызметтерінің сапасы, шикізат  құны, қызметкерлердің біліктілігі  жатады. Неиселеудегі шетелдік тәжірибеде бұл факторларға қоса жарнамалау тиіділігі, бәсеке сияқты факторлар  есептеледі. Осыдан кейін барып несиелік келісім шарт жасалынады.

Банк несиелік келісім-шарттың  орындалуына, қарыз алушының алған  несиені пайдалануына және толық  қайтаруына бақылау жасайды. Осы  мақсатта қарыз алушының шаруашылық қызметіне, оның қаржылық жағдайына  талдау жасап, қажет болған жағдайларда, орнында ақшалай және есеп айырысуқұжаттарын, бухгалтерлік жазуларды, есептік материалдарды  тексереді. Осы жерде қарыз алушыдан алған барлық қаржы ақпараттар түрлері  мен басқа да ақпараттар, сондай-ақ басқа да көздер пайдаланылады. Әрбір  банктің өзінің клиенттің несиелік ісін жүргізу жуйесі болады.

Несиелік келісім-шартқа байланысты өз міндеттемелерін орындамаған  қарыз алушыларға қатысты, банк: қарыз  алушыға әрі қарай несиелеуді тоқтату туралы ескерту жасауға; несиелік шартында қарастырылғандай, беруді тоқтатуға құқы бар. Қарыз  алушы несиелік келісімнің шарттарын  жүйелі түрде орындамаған жағдайда банк несиені мерзімнен бұрын  қайтаруды талап етуге құқылы.

Несиелеу процесіне жасалатын  бақылау банктің несиелік портфелін  мерзімді түрде тексеріп отырумен де толықтырылады. Өйткені, банктің несиелік портфелі оның табыс көзі және несиелік операцияларды жүргізу барысында  тәуекел көзі болып табылады.

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қорытындылай келе, қазіргі несиелеудің басты ерекшелігі бойынша банк қарыз алушының несиелік қабілетін тексеріп болғаннан кейін, несиелік шарт жасау үшін несиелеу субьектісімен қатынсқа түседі. Несиелеуге байланысты барлық сұрақтарда банк пен қарыз алушы келісім-шарт негізінде шешеді. Онда: несиелеу мақсаты және обьектісі, несиенің мөлшері, ссуданы беру мерзімі және қайтару шарттары; несиені қамтамасыз ету формасы; несие үшін төленетін сыйақы мөлшерлемесі; несиенің қозғалысын және клиенттің қаржылық жағдайын бақылау үшін қарыз алушының беретін құжаттарының тізімі; олардың берілу мерзімдері, сондай-ақ несиелеу процесіндегі банктің бақылау қызметі көрсетіледі.

Несиелік келісім-шарттың орындалуына, қарыз алушының алған несиені пайдалануына және толық қайтаруына бақылау жасалынуы қажет. Осы мақсатта қарыз алушының шаруашылық қызметіне, оның қаржылық жағдайына талдау жасап, қажет болған жағдайларда, орнында ақшалай және есеп айырысуқұжаттарын, бухгалтерлік жазуларды, есептік материалдарды тексереді. Осы жерде қарыз алушыдан алған барлық қаржы ақпараттар түрлері мен басқа да ақпараттар, сондай-ақ басқа да көздер пайдаланылады. Әрбір банктің өзінің клиенттің несиелік ісін жүргізу жуйесі болады.

Информация о работе Несиелік келісім шарт