Несие жүйесінің түсінігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2011 в 11:06, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі Қазақстан экономикасы, соның ішінде несие – ақша және қаржы шаруашылығы: ақша несие жүйесін реформалау; қатаң инфляция жағдайында бізде бұрын-соңды болмаған жаңа ақша-несие қатынастары; нарық экономикасымен және меншіктің көп түрлі формасына бейімделген екі буынды банктік жүйенің қалыптасуы; жоғары дәрежеде монополияланған мемлекеттік банктік құрылымдардың әкімшіл-әміршіл басқару жүйесінен- пайда табуға, коммерциялақ жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған жеке және ұжымдық қатар маңызды өзгерістерді жүзеге асыруда.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3


І Бөлім. Несие жүйесі


1.1. Несие жүйесі туралы ұғым.............................................................................5

1.2. Несие жүйесінің дамуы ................................................................................11



ІІ Бөлім. Қазақстан Республикасының несие жүйесі


2.1.Несиелік жүйені құру принциптері..............................................................15

2.2.Қазіргі несие жүйесінің дамуы.....................................................................18

2.3.Несиелік және банктің мекемелер................................................................19

2.4.Несие жүйесі және оның Қазақстандағы дамуы.........................................25


ІІІ Бөлім. Әлемдегі несие жүйесінің қазіргі даму тенденциясы




Қорытынды...........................................................................................................33


Қолданылған әдебиеттер ....................................................................................36


Қосымша ................................................................................................................

Работа содержит 1 файл

Несие жүйесінің түсініг 39 бет.doc

— 192.50 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасы Білім  және ғылым министрлігі 
 
 
 
 
 
 
 
 

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Несие жүйесінің түсінігі

                   
 
 
 
 
 

                                       Орындаған: 

                                       Тексерген:  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Жоспар 
 

Кіріспе......................................................................................................................3 

І Бөлім. Несие жүйесі 

1.1. Несие жүйесі  туралы ұғым.............................................................................5

1.2. Несие жүйесінің  дамуы ................................................................................11 
 

ІІ Бөлім. Қазақстан Республикасының несие жүйесі 

2.1.Несиелік жүйені  құру принциптері..............................................................15

2.2.Қазіргі несие  жүйесінің дамуы.....................................................................18

2.3.Несиелік және  банктің мекемелер................................................................19

2.4.Несие жүйесі  және оның Қазақстандағы дамуы.........................................25 

ІІІ Бөлім. Әлемдегі несие жүйесінің қазіргі даму тенденциясы 

 

Қорытынды...........................................................................................................33 

Қолданылған әдебиеттер ....................................................................................36 

Қосымша ................................................................................................................ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                                 Кіріспе 

      Қазақстанның экономикасы Ресейдің экономикасының бір бөлігі ретінде әр деңгейде дамып келеді. Қазақстанның шаруашылығы бір жағынан, Ресейдің және әлем нарығының тауар айналысының, екінші жағынан, темір жолдарын салу жұмыстарын жедел қолға алу тиімділігін қатар қарастыра отырып, темір жолдарды жүргізу арқылы Қазақсстанның ауыл шаруашылық  өнімдері мен шикізаттары (ет, тері, жүн т.б.) сыртқа  шығарылып отырған.

      Қазақстанның Ресей нарығына  интенсивті түрде енуі, нәтижесінде  Ресейлік орталық-өнеркәсіптік аудандармен  өзара экономикалық байланысы одан әрі кеңейді.

      Елімізде өтіп жатқан нарықтық  қатынатстар тек экономиканы  дамыту үшін ғана емес, бүкіл  қоғамдық өмір үшін де орасан  зор маңызы бар екен дегін  Республикамыздың тәуелсіздігінің  15 жыл ішінде атқарылған жұмыстар  көз жеткізе дәлелдейді.Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және жыл сайын келгшенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтыды.Сондықтан бұған дейін ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігінің, қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр.

      Елімізде жүргізілген экономикалық  реформа банк ісінің дамуында  жаңа кезеңге алып келді. Нарыққа  өту жағдайында банктердің және  басқа несиелік институттардың  даму перспективасы, оның іс  жүзінде іске асуы жайлы сұрақтар  ерекше өзекті мәселелеге айналып отыр.

       Аталған міндеттерді шешу мүмкіндігі  Қазақстандық, сонымен қатар шетел  банктердің қызмет етуінің практикалық  ұғынуының зерттеу және іс  жүзінде жұмыстың ең прогрессивті, ұтымды нысандары мен әдістерін  ендіру негізінде ғана жүзеге  асады. Бұл зерттеу тақырыбымның өзектілігін анықтап отыр.

       Соңғы жылдарда қаржы нарықтарының- ақша және капитал нарықтарының  – құрылуының қарқынды процесі  жүріп жатыр. Капитал нарығының  дамуы жинақтарды шоғырландырудың  және қаражаттарды инвестициялаудың  екі біріктірілген өзара байланысты процесті жетілдіруінсіз мүмкін емес. Жинақ табыстар мен тұтынудың айырмасын көрсетеді.

      Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Қазіргі Қазақстан экономикасы, соның ішінде несие – ақша және қаржы шаруашылығы: ақша несие жүйесін реформалау; қатаң инфляция жағдайында бізде бұрын-соңды болмаған жаңа ақша-несие қатынастары; нарық экономикасымен және меншіктің көп түрлі формасына бейімделген екі буынды банктік жүйенің қалыптасуы; жоғары дәрежеде монополияланған мемлекеттік банктік құрылымдардың әкімшіл-әміршіл басқару жүйесінен- пайда табуға, коммерциялақ жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған жеке және ұжымдық қатар маңызды өзгерістерді жүзеге асыруда.

      Курстық жұмыстың  мақсаты: Несие жүйесі туралы ұғым және дамуы туралы мәселесін толық ашу. Яғни несиелік жүйені құру принциптерін, қазіргі несие жүйесінің дамуын, несиелік және банктің мекемелері және несие жүйесі  және оның Қазақстандағы дамуын қарастыру.

       Курстық жұмыстың  міндеті: Бұл жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

     Бірінші тарауда, несие жүйесі туралы ұғым және несие жүйесінің дамуын қарастырдым.

    Екінші тарауда, несиелік жүйені құру принциптерін, қазіргі несие жүйесінің дамуын, несиелік және банктік мекемелер, несие жүйесі және оның қазақстандағы дамуы туралы толық мәселесін аштым.

     Үшінші тарауда,  әлемдегі несие жүйесінің қазіргі  даму тенденциясы туралы мәселесін талқыладым.

       Несие жүйесі-жалпы банктердің (ұлттық  және коммерциялық) және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктік емес мекемелердің жиынтығы.  
 
 

І Бөлім. Несие жүйесі

1.1.Несие жүйесінің түсінігі, ролі мен маңызы және оның құрылымы 

     Нарықтық  экономикада несие-банк жүйесі маңызды  роль атқарады. Ол арқылы кәсіпорындар, ұйымдар мен халықтың ақшалай есеп айырысулары мен төлемдерінің едәуір көлемі жүргізіледі, сондай-ақ ол уақытша еркін ақша құралдарын, халықтың жинақ ақшалары мен табыстарын белсенді әрекет етуші капиталға айналдырады, көптеген әр алуан несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық сенімділік, кеңес беру және басқа да операцияларды орындайды. Өндіріске қатысты екінші кезекте бола тұра, несие жүйесі оған үнемі және едәуір дәрежеде ықпал етті. Ол ақша жинақтарының масштабын бірнеше есеге кеңейтеді, ақша құралдарының бір саладан екінші салаға құйылуын қамтамасыз етіп, сол арқылы өндіріс тиімділігінің өсуіне ықпал етеді.

     Несие жүйесінің ролі мен маңызы бірқатар көрсеткіштермен сипатталады: несиелік салымдардан жалпы көлемі, кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі және айналым капиталының қалыптасуындағы банктік ссудалардың үлесі, жалпы төлем айналымы және т.б. [4]

     АҚШ несиелік қатынастардың даму дәрежесі, банктік операциялардың шаруашылықтың  өндірістік және тұтынушылық аясын  қамтуы, несиелік мекемелер жүйесінің әр алуандығы және тармақтылығы, қаржылық капитал топтарының қуаты бойынша әлемнің басқа елдерінен алда келеді.

     Американдық несие жүйесінің әрекет ету ауқымы жөнінде төмендегі цифрлар түсінік  бере алады. Несие мекемелері арқылы қолма – қолсыз есеп аудару жолымен жүзеге асырылатын жылдық төлемдік айналымның басым бөлігі 80-жылдардың басына қарай 60-65трлн. Доллар деп бағаланған.

     Несие жүйесі арқылы американдық шаруашылықта қолданылатын ақша капиталының орташа есеппен ¾ бөлігі өтеді.

     Несие мекемелері арқылы айналатын ақша қаржыларының орташа жылдық сомасы 1989 жылы 700 млрд. долларды құрады.

     Несие жүйесі өз қызметін атқарған кезде  несиелік қатынастар туындайды. Несиелік мекемелер және әр түрлі субъектілер  арасында қайтарымдылық және төлем  шарттары негізнде уақытша еркін ақша қаражатын жинақтау және қайта бөлістіру жөніндегі экономикалық байланыстары несиелік қатынастардың мазмұнын анықтайды.

     Бірақ несиелік қатынастардың мазмұны  ақша капиталының жинақталуымен  және оны заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың уақытша пайдалануына берумен ғана шектелмейді. Несиелеу процесінде өндірістік құнға, яғни ұдайы өндірістің ақша айналымына арналған төлем құралдарының қосымша массасы қалыптасады. Төлем айналымының үлкен ағымы несие жүйесі арқылы өтеді, ол несиелік қатынастардың мазмұнын толықтыра отырып, төлеушілер мен несиелік мекемелер арасында, несиелік мекемелер мен алушылар арасында экономикалық қатынастарды қалыптастырады.

     Несие жүйесі елдегі ақша айналымын реттейді, заңды және жеке тұлғаларға әр түрлі  қызметтерді көрсетеді, соның нәтижесінде несиелік экономикалық қатынастар туындайды.

     Несиелік  қатынастардың екі түрлі сипаты бар және шаруашылық субъектілері үшін де, несие жүйесі мекемелері үшін де бірдей дәрежеде қажет болады. Несие  мекемелерінде ақшаны сақтау – несиелік ресурстардың құрылуын, ал оларды экономика мен халықтың қажеттілігі үшін орналастыру – несие беруді білдіреді.

     Екі жақты қатынастар мыналардың арасында болады: шаруашылық ұйымдары мен несие  жүйесі, несие жүйесі мен халық, мемлекет пен несие жүйесі, несиелік мекемелер арасында, әр түрлі мемлекеттердің несиелік мекемелері арасында.

     Жоғарыда  анықтағанымыздай, несиелік қатынастар несие экономикалық категориясының әрекет етуі кезінде ақша формасында жүзеге асырылады. Несиелік қатынастардың  сыртқы көрінісін несие формасы сипаттайды. Ол несиелік қатынастардың мәні мен ұйымдастырылуын синтездейді. Несиелік қатынастардың формасы мен мазмұны диалектикалық бірлікте болады. Несиелік қатынастардың формасы олардың мазмұнына сәйкес келіп және олардың дамуын ынталандыруы тиіс. Өндірістік қатынастардың өзгерісі несиелік қатынастар мазмұнының және несие формасының өзгеруіне әкеледі.

     Несие екі формада болады: тауарлық және ақшалай. Тауарлық несие коммерциялық несиенің алғашқы негізін қалайды. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің ссуданы бір-біріне беруі кезінде бұл несие ақша формасына өзгереді. Оның мәнісі мынада, яғни алушы субъект несие беруішге алынған тауарлық несиенің дәлелі ретінде вексель, кепілдік қағаздарды немесе басқа құжаттарды жазып береді, несие беруші оларды ақша формасында ссуда алу үшін банкке ұсынады. Бұл жерде несиелік қатынастардың жүргізуші субъектілері ретінде шаруашылық субъектілері және банк саналады. Оның мазмұнындағы өзгерістер салдарынан несиелік қатынастардың тауарлық формасы ақша формасына ұласады. Осылайша, тауар формасы негізінде несиенің, ең алдымен банктік несиенің ақшалай формасы туындайды және дамиды. [2]

     Несиелік  қатынастардың, несие формаларының және несиелік мекемелердің жиынтығы кең мағынадағы несие жүйесі түсінігінің  құрайды.

     Тар мағынадағы несие жүйесі – бұл несие-қаржы қатынастарын ұйымдастырушы, ақша жүйесін реттеуші және елде басқа да қаржы қызметтерін көрсетуші несие мекемелерінің желісі.

     Басқаша айтқанда, несие жүйесі банктік және басқа несиелік мекемелердің, несиелік операцияларды жүзеге асыруды ұйымдастырудың құқықтық формалары мен тәсілдемелерінің жиынтығымен сипатталады. Несиелік қатынастарды ұйымдастырудың екі жүйесі бар: банктік және банктік емес инститтутар шеңберінде. Сәйкесінше несиелік жүйенің екі негізгі буыны қалыптасады: банктік мекемелер және мамандандырылған несие-қаржы мекемелері.

     Несие жүйесі несиелік операциялардың көлемінің  функционалдық мамандануымен және несиелік мекемелердің санымен, сонымен  бірге шаруашылықты жүргізудің жекелеген  субъектілеріне ұсынылатын қаржы-несие қызметтерінің санымен сипатталады.

Қазіргі кездегі несие жүйесі бұрынғы  жүйеден төмендегі белгілер бойынша  өзгешеленеді:

  • банктік капиталдың және банктік монополиялардың шоғырлануы және орталықтануы;
  • несиелік мекемелердің әр алуан түрлері арасындағы бәсекенің күшеюі;
  • банктік капиталдың өнеркәсіптік капиталмен байланысуы және қаржылық капиталдың қалыптасуы;
  • несиелік, соның ішінде монополистік мекемелер қызметінің ғаламдануы мен интернационалдануы және континент аралық халықаралық несиелік монополиялардың пайда болуы.

Информация о работе Несие жүйесінің түсінігі