Негізгі құралдардың экономикалық мәні мен маңызы

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2012 в 21:10, реферат

Описание работы

“Негізгі құралдар” бабы бойынша қолданыстағы, консервациядағы немесе запастағы негізгі құралдар бойынша мәліметтер көрсетілед. Бұл бап бойынша заңдарға сәйкес кәсіпорыннң меншігіне сатып алынған жер учаскелерінің құны да көрсетіледі. Аталған бап бойынша негізгі құралдардың бастапқы құны және тозуы және қалдық құны жеке–жеке көрініс табады. Негізгі құралдар баланс валютасына қалдық құнымен енгізіледі. Негізгі құралдардың түгендеу нәтижесі бойынша анықталған бастапқы құны мен қайта есептеу

Содержание

Кіріспе 3
1. Негізгі құралдардың экономикалық мәні мен маңызы 4
2. Негізгі құралдардың тозуы 10
Қорытынды 13
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

құралдардың экономикалық мәні мен маңызы.doc

— 82.50 Кб (Скачать)

Негізгі қорлар және негізгі құралдарға ұзақ мерзімді инвестициялар

кәсіпорынның  қаржылық жағдайы мен қызметі  нәтижесінде жан-жақты әсер

тигізеді.

       Негізгі құралдар қоғамның материалдық  қорын жоспарлы қалыптасуына  және оларды өнім өндірісі мен тұрғындардың мәдени тұрмыстық  қажеттерін қанағаттандыру  үшін біздің экономикамыздың салаларында қолданылуы бойынша өзіндік экономикалық категорияны анықтайды.

       Негізгі құралдардың мөлшерінен, сапасынан және тиімді пайдалануынан  табыстың өсу қарқыны, өндірістің дамуы және кәсіпорынның тұтынушыларының  еңбек және тұрмыс  жағдайларының жақсаруы  тәуелді.

Себебі, негізгі  құралдар кәсіпорынның  экономикалық потенциалын айқындайды:

         Ғылыми-техникалық прогресс негізінде  өнеркәсіпте өндірістік негізгі  қорлардың жаңаруы мен сапалық жетілуінің интенсивті процессі  орын алды. Бұл 2 жолмен орындалады:

жаңа кәсіпорын  құрылысы, сондай-ақ  кәсіпорын реконструкциясымен кеңейтілуі кезінде аса жоғары техникалық          деңгейдегі негізгі  құралдар құрумен;

негізгі құралдарды модернизациялау, сапалық жетілдіру  мен және оларды жаңа техника  түрлерімен ауыстыруыменен.

Негізгі құралдар құрамында абсолютті және салыстырмалы түрде техникалық алдыңғы қатарлы, жаңа  еңбек құралдары артуда. Жаңа негізгі  қорлардың, әсіресе өндіріс құралдарының өсуі еңбекті қарулануды арттырады, ал бұл еңбек өнімділігінің өсуінің басты факторы болып табылады.

   

2. Негізгі құралдардың  тозуы 

Пайдалану процесінде негізгі құралдар өзінің бастапқы заттық формасын сақтай отырып, біртіндеп тозады да, өз құнын жаңадан жасалатынөнімге аударады. Бухгалтерлік  есептің №6 “Негізгі құралдар есебі” стандартына сйәкес тозу – бұл негізгі құралдар объектілерінің  физикалық және  моральдық сипаттамаларынан айырылу процесі.

      Негізгі құралдардың түр-түріне амортизацияны есептеудің түрлі тәсілдері қолданылады, негізгі құралдар объектілерінің физикалық тозуы – бұл пайдалану процесінде олардың  бастапқы құнының бір бөлігінен айырылу , оған: қажалу, сыну, механизмдердің, детальдардың жекелеген бөлшектердің қирауы және сыртқы ортаның әсері салдарынан пайдалану сапасынан айырылуымен сипатталады.

       Негізгі құралдар объектінің  моральдық тозуы бұл жетілдірілген  және өнімді машиналардың, жабдықтардың  және басқа негізгі  құралдардың  пайда болуына байланысты жұмыс істеп тұрған объектінің бастапқы құнының төмендеуі. Бұндай тозуға негізгі  құралдың барлық объекттері  жатады.

       Барлық жағдайларда  негізгі   құралдардың объектілері пайдалану   мерзімі аяқталғанша  бастапқы  түрін сақтайды, бірақ құны нақты  тозу сомасынан төмендейді. Тозудың қалыпты қызмет мерзімі бойы активтің амортизацияланатын құнының жүйелі  бөлінуі түріндегі  құндық шамасы амортизация деп аталады. Пайдалы нормативті қызметті барлық мерзімі бойы әрбір  есепті  кезеңге  амортизациялық  төлемдер субъектінің шығындары болып табылады.

        Амортизацияны есептеу әдістерін  шарушашылық субъектілерінің есеп  саясатында қарастырылады:

Құнды біркелкі шегеру әдісі

Құнды атқарылған жұмыс көлеміне пара-пар шегеру (өндірістік  тәсіл)

Жеделтілген әдістер

қалдықты азайту әдісі

құнды сан сомасы бойынша (кумулятивті) әдіс

          Негізгі құралдардың әрбір түріне  амортизацияны есептеудің қоымша  тәсілдері қолданылады, бірақ  та бір түріне  жыл бойында  тек бір әдіс өзгеріссіз қолданылады.

         Мысалы, «Автоматика» ААҚ-ды  қарастыратын  болсақ, онда есептік саясында  біркелкі әдіс негізгі  құралдың  барлығына қолданылады. Бұл - әдістің  таңдалу  себебі, ол қолдануға  ыңғайлы. Негізгі құрал құнын  қайта бағалау Қазақстан Республика  Үкіметінің қаулысына  сәйкес жүргізілді. Амортизацияны ай сайын біркелкі  шығару  жолымен есептеледі. Қайтадан түскен негізгі  құралға амортизациясын есептеу келесі  айдың бірінші күнінен басталады да, істен шыққан негізгі құралға амортизацияны есептеу  келесі айдың  бірінші күнінен тоқталады. Амортизацияны  есептеудің  таңдап алынған тәсілі есептеу саясатымн  белгіленіп, бір есепті  кезеңнен  екіншісіне дәйекті түрде қолданылуы тиіс. Амортизацияны есептеу әдісі өзгерген жағдайда  осы өзгерістерді  тудырған себептер  ашылуы тиіс. Амортизацияланатын құн дегеніміз бастапқы  және  тарату  құнының  арасындағы  айырмашылық  есептеп шығару әдісі «Автоматика» ААҚ-ң  негізгі  құралдың  барлығына қолданылады. Бұл әдістің таңдалу себебі, ол қолдануға  ыңғайлы негізгі  құрал құнын қайта бағалау Қазақстан Республикасы Үкіметінің  қаулысына сәйкес жүргізілген.

        Ғимарат, құрылыс бойынша амортизация  әр құрылысқа жеке есептеледі. Егер  құрылыс құны тозу нәтижесінде  40 айлық есеп  айырысу  көрсеткішінен  төмен болса, онда құны ағымдағы шығынға теңеліп, шығарып тастауға жатады.

         Егер топтың құндық балансы   салық  жылының аяғында  100 айлық  есеп айырысу көрсеткіші сомасынан  төмен болса, топтың құндық  балансының мөлшері шығарып тастауға  жатады.

      Тозуды біркелкі есептеу әдісі объектінің тозған құнын оның қызмет мерзімі  кезінде өндіріс шығынына біркелкі үлестіріп бөлуді қарастырады.

 Қорытынды 

        Негізгі құралдарға үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар, көлік құралдары,  шаруашылық құрал-саймандар және  т.б. қызмет мерзімі бір жылдан асқан материалдық құралдар жатады. негізгі құралдардың аналиткалық есебі арнайы тізімде тіркеуге жататын карточкаларда әрбір инвентарь объектісі бойынша  жеткізіледі. Объектілердің  саны аз болған жағдайда  есеп инвентарь  кітабында  жүргізіледі.

        Негізгі қорлардың әлеуметтік-экономикалық  маңызы, ең алдымен , еңбек құралдарының  қоғамдық  өндірістің дамуындағы  үлесімен  анықталады. Еңбек  құралдары,  олардың материалдық құрамы көп  жағдайда кез-келген қоғамның  материалды-техникалық сипатын анықтайды. «Экононмикалық дәуірлер не өндіретіндігін емес, қалай еңбек  құралдарымен өндірілетіндігін өзгешелейді. К.Маркс  «Еңбек құралдары тек қана адамдық жұмыс күнінің  дамуының өлшеуіші емес, сондай-ақ ол – еңбек жүзеге асырылатын  қоғамдық қатынастардың  көрсеткіші», – деп жазған. 

Қолданылған әдебиеттер тізімі 

Радостовец В.К., Ғабдуллин Т.Ғ., Радостовец В.В., Шмидт  О.И. «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп» - Алматы, 2003ж.

 Ертісбаев  Е.Қ. «Сауда кәсіпорынның экономикасы» - Қарағанды, 2003ж.

Кривогузова Н.А. «Экономикалық талдау» - Қарағанды, 2004

«Бухгалтер бюллетені» журналы, №3-4, қаңтар 2005ж., «БИКО» баспа  үйі 
 

Информация о работе Негізгі құралдардың экономикалық мәні мен маңызы