Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 18:58, реферат
Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарды. Қаржы – нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге айырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1) Қаржы қатынастары
2) Қаржы қатынастары нарықтық экономикада әлеуметтік- экономикалық мәселелерді шешуші процесс
ІІІ. Қорытынды.
ІV. Қолданылған әдебиеттер
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қаржы және экономика мектебі
Қаржы және бухгалтерлік есеп кафедрасы
Реферат
ТАҚЫРЫБЫ: «Нарықтық экономика жағдайында қаржы қатынастардың дамуы»
Алматы,2012
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1) Қаржы қатынастары
2) Қаржы қатынастары нарықтық экономикада әлеуметтік- экономикалық мәселелерді шешуші процесс
ІІІ. Қорытынды.
ІV. Қолданылған әдебиеттер
Нарықтық қатынастардың құрылымында да,
мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде
де қаржы зор рөл атқарды. Қаржы – нарықтық
қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік
саясатты жүзеге айырудың құралы. Бұл
орайда қаржының әлеуметтік-экономикалық
мәнін түсіне білудің, оның іс-әрекет етуінің
ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан
экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен
қаржы ресурстарын неғұрлым толық және
ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын
көре білудің маңызы зор.
Қоғамдық өнімді бөлумен және осының негізінде
ақшалай қорланымдарды, табыстарды және
қорларды жасаумен, оларды ұлғаймалы ұдайы
өндірістің мақсаттарына және қоғамдық
дамудың қажеттіліктерін қанағаттандыруға
пайдаланумен байланысты болатын экономикалық
қатынастар қаржы туралы ғылымның мән-мағынасы
болып табылады. Қаржы ресурстары мен
мақсатты ақша қорлары, олардың қалыптасуы,
қозғалысы және пайдаланылуы қаржының
объектісі, ал қоғамдық өмірдің ұйымдастырушысы
ретіндегі мемлекетті қоса алғанда қызметтің
өндірістік және өндірістік емес сфераларының
сан алуан шаруашылық, қоғамдық және басқа
ұйымдары оның субъектілері болып табылады.
Қаржы туралы
ғылымда және қаржыны зерделеу кезінде
танып білудің негізгі әдісі – материалистік
диалектикалық-тарихи әдіс қолданылады,
ол нақты тарихи жағдайларды ескере отырып,
қаржы қатынастары мен құбылыстарын олардың
дамуы мен өзара байланыстылығы негізінде
зерттеуді болжайды.
Экономикалық өмірде қаржының сыртқы
көрінісі қоғамдық өндірістегі
әр түрлі қатысушылар қаражаттарының
қозғалысы түрінде болып жатады.
Құбылыстар бетінде бұл қозғалыс ақшалай
соманы шаруашылық жүргізуші субъектілердің
бір-бірімен қолма-қол ақшасыз жасасатын
есеп айырысулары; негізгі капиталға жұмсалатын
амортизациялық соманы есептеу; табысты
(пайданы) бөлу және кәсіпорындарда, фирмаларда
ішкі шаруашылық арналымның қорларын
қалыптастыру; мемлекеттік бюджеттеріне
салық төлемдерін аудару; қайырымдылық
қорларына қаражат төлеу; экспортталатын
тауарлар үшін кеден баждарын төлеу және
тағы басқа операциялар қолма-қол ақшасыз
немесе қолма-қол ақшамен есеп айырысу
түрінде бір иеленушіден басқа иеленушіге
беруі болып табылады. Осының барлығында
және осыған ұқсас қаржы операцияларында
ақша қатынастарының қозғалысы болып
жатады.
«Қаржы» ұғымы ақша нысанындағы қоғамдық
өнімді бөлумен байланысты болатын экономикалық
қатынастардың кең ауқымын қамтиды. Тауар-ақша
қатынастарының жалпы қамтуындағы сипатқа
ие болып отырған нарықтық экономика жағдайында
қаржы нақтылы және үздіксіз болып жататын
ақша айналымын ақша ағынын бейнелеп көрсетеді.
Мемлекет қаржысы әдетте мемлекеттік
бюджетке шоғырландырылады. Мемлекеттік
бюджетте әртүрлі қаржы көздері жинақталып
және шоғырланып, белгілі бір уақыт аралығында
мемлекеттің әртүрлі қызметтеріне жұмсалынып
отырады. Жалпы кез-келген мемлекет макроэкономикалық
даму жағдайында өз қаржы қорларының толықтығы
мен жеткіліктігінсіз өзге мемлекеттермен
қатынастарға түсе алмайды, өзіндік қаржы-несие
жүйесін құра алмайды және өндірісін дамыта
алмайды. Демек мемлекет дамуының ерекше
маңызды бағыты және жолы ол мемлекет
қаржы қорларына тікелей байланысты. Қазақстан
Республикасы егемендігін алғаннан бастап,
елдің қаржы жүйесін қалпына келтіруге
және жетілдіруге, қаржыларды жинақтаудың
негізгі бөлімі – салық жүйесі мен салық
қызметін дұрыс жолға қоюға, кәсіпорындар
мен ұйымдардың қаржылық жағдайын жақсарту
мен дамытуға ерекше көңіл бөліп отыр.
Алайда бүгінгі таңда, мемлекеттік қаржылық
жүйеде мәселелер де аз емес.
1) Қаржы қатынастары дегеніміз не?
Қаржы қатынасы – салық салу және мемлекеттік шығынды іске асыру үрдісінде пайда болатын экономикалық қатынас. Бұл қатынас, бір жағынан мемлекеттің өмір сүруін қамтамасыз етеді, екінші жағынан, мемлекет пен белгілі бір ұлттық сұраныстарға сәйкес қоғамдық өндірісті және басқа да салаларды реттеу үшін қолданылады. Қаржысыз бұл қоғамда қандай да бір қатынастың реттелмеуі түсінікті, яғни бұл қоғамда қаржы үлкен маңызға ие екенін көреміз.
Бүгінде
ҚР-ның қаржы жүйесі қаржы
Қаржыны басқару – бұл қаржы қатынастарының бүкіл жиынтығының тиімді жұмыс істеуіне жетуді және мұның негізінде тиісті қаржы саясатын жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет шараларының жиынтығы.
Қаржы қатынастарының
алғашқы екі бөлігі жалпымемлекеттік
яғни орталықтандырылған қаржыларға жатады
және макродеңгейдегі экономика
мен әлеуметтік қатынастарды реттеу
үшін пайдаланылады. Шаруашылық жүргізуші
субъектілердің қаржылары
Қаржы қатынастары
өзінің негізінде бөлгіштік қатынастар
болып табылады.Қаржының арқасында
экономиканың барлық құрылымдық бөліктерінде
және шаруашылық жүргізудің түрлі деңгейлерінде
қоғамдық қоға құнын қайта бөлудің
сан алуан процестері жүзеге асады.Қаржы
қатынастарының бөлгіштік сипаты экономикалық
категория ретінде олардың
2)Қаржы қатынастары нарықтық экономикада әлеуметтік- экономикалық мәселелерді шешуші процесс
Қазіргі жағдайда жасалынған қаржы қатынастары концепсиясының мақсаты шаруашылықты дамыту, қоғамдық өндіріс тиімділігі барынша арттыру негізінде халық тұрмысының неғұрлым жоғарғы дәрежесіне жету. Қаржы стратегиясының әлеуметтік бағыттылығы халықтың тұрмыс жағдайын арттыруға жұмсалатын қаржы ресурстарын көбейтудің мүмкіндіктерін іздестіруде ғана емес. Сонымен қатар экономикалық саясаттың басты мақсатына деген принципті жаңа көзқараста көрінеді. Тұрмыс дәрежесі енді өндіріс дамуын, қаржы ресурстарының бағыты мен оны пайдалану құрылымын анықтайтын мөлшері болып табылады.
Әлеуметік бағдарламаның орталық пункті шығармашылық және жоғары өнімді еңбек дербестік пен ынтаны көрсету, шынайы кәсіпкерлік үшін жағдайлар жасау болып табылады. Сонымен қатар бір мақсатта бірінші кезекте аз қамтылған азаматтарды (зейнеткерлерді, көп балалы отбасыларын), сондай — ақ табысы тіркелген тұлғаларды (бюджет мекемелері, ғылым денсаулық сақтау, білім беру және басқаларының қызметкелерін ) әлеуметтік қорғау жүйесі қарастырылады. Әлеметтік қорғау ең алдымен табыстарды индекстеу арқылы, яғни оларды бюджетті қаржыландыру есебінен, жеке жағдайларда өтемдер есебінен де тұтыну бағыттарының индексіне сәйкес арттырып отыру жолымен қамтамасыз етіледі.
Жаңа қаржы стратегия меншіктің әртүрлі нысандарын нарықтық қатынастардың дамуын, тауар нарқының толық құқықты жұмыс істеуін, жұмыс күшін, капиталдарды ескере отырып жасалған. Қоғам өмірінің экономикалық және әлеуметтік салаларына қаржымен ықпал жасаудың негізгі әдістері мыналар:
- қаржы ресурстарын шебер пайдалану;
- салық салу;
- қаржыландыру;
- қаржы нарқы және басқалары.
Қаржы саласындағы дағдарыстың дәлелі мыналар:
-ақшаның үдейі түсіп отырған эмиссиясы және онымен қосарланып отырған инфиляция;
-ішкі және сыртқы мемлекеттің борыштың өсуі;
-залал шегіп отырған және рентабельдігі аз кәсіорындар санының көп болуы;
-шаруашылықта өнімсіз шығындардың едәуір соммасы.
Дағдарыс құбылыстары
мемлекеттің қаржылары
Қаржы реттеуіштердің бір бөлігі (мысалы: салықтар ) қоғамдағы қайта бөлу процестерінің негізгі ауқымын және соның негізінде мемлекетке қажет ақша қорларын қалыптастыруды қамтамасыз ете отырып, автоматтық режимде (оның негізгі параметрлерін мемлекет анықтайды ) іс — қимылын жасауға қабілетті.
Күрделі экономикалық және қаржы ахуалы шаруашылықты жүргізудің тиімділігі төмендеп отырған жағдайда шаруашылықтың қаржысын сауықтыруға бағытталған шаралардың кешені жасалды. Басты бір жағдай кәсіпкерлік қызметінің бостандығын мойындау болып отыр. Шаруашылықты жүргізудің сан алуан нысандарын енгізу бәсекені дамытуда, қоғамдық қажеттіліктерді жақсы қанағаттандыруда, ресурстарды сақтауда, өнімнің ассортименті мен техникалық базаны жаңартуда еңбек ұжымының әлеуметтік проблемаларын шешуде инициатива көрсетуде жағдайлар жасайды.
Әлеуметтік басқа қызметтерге бағытталатын қаржы ресурстарын өсіру ең алдымен қорғанысқа, басқаруға және басқаларға жұмсалатын шығындарды щұғыл қысқарту, мемлекеттік қаражатарды үнемдеу есебіне қарастырылады. Алайда мемлекеттік шығындарды қысқарту тек қысқа мерзімді пайда беруі мүмкін. Саяси, экономикалық және әлеуметтік сипаттағы сан алуан себептердің ықпал жасауымен мемлекеттің шығындары үнемі өсіп отырады. Осыған байланысты қазіргі қаржы саясаты мемлекеттің қаржы ресурстарының үнемі өсіп отыруын қамтамасыз етуге бағытталған шараларды қарастырады.
Қаржы нарығының дамуымен байланысты халық шаруашылығын дамыту және жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін халықтың, кәсіпорындар мен ұйымдардың ақшалай табыстары мен жинақтарын тартуын өркениеті әдістері кеңіне қолдануда. Мемлекеттік облигациялар мен қазынашылық билеттерді шығару тәжірибесін кеңейе түсуде.
Экономиканы көтеру және осының негізінде елдің қаржы мүмкіндіктерін күшейте түсу үшін оның экономикасына шетелдік инвестицияларды тартудың үлкен маңызы бар. Олар түрлі нысандарда жүзеге асырылуы мүмкін. Дүниежүзілік тәжірибе тура шетелдік инвестициялардың зор пәрменді болатындығын дәлелдеп отыр.
Қайсы бір қажеттіліктерді болмасын қанағаттандыру тек қаржы ресурстары болған жағдайда ғана қамтамасыз етіледі. Бұл қаржы саясаты нақты қаржы мүмкіндіктерін ескере отырып жасалынады және жүргізіледі дегенді білдіреді. Шығындар қаржы ресурстары көбейгенде ғана өсуі мүмкін. Сонымен акцент тұтынуға жәрдем беруден өндірісті қаржыландыруға жылжиды. Экономикалық және қаржы саясатының бүкіл шаралары, біржағынан, халыққа өзінің табыстарын арттыруға мүмкіндік беруге, кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.
Қаржы қатынастарын жүргізу, оны нақты шаруашылық өмірде ойдағыдай жүзеге асыру үшін қаржы механизмі қолданылады. Ол экономикалық және әлеуметтік даму үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында қоғам қолданатын қаржы қатынастарын ұйымдастыру нысандарының, қаржы ресурстарын қалыптастырып, пайдалану әдістерінің жиынтығы. Қаржы механизмі қаржы қатынастарын ұйымдастырудың түрлерін, нысандарын және әдістерін, оларды сан жағынан анықтаудың амалдарын қамтиды.
Қаржы әдісін қаржы қатынастарының шаруашылық процеске ықпал жасауының тәсілі ретінде анықтауға болады. Қаржы әдістері екі бағытта жұмыс жасайды: қаржы ресурстары қозғалысын басқару желісі бойынша және нарықтық – коммерциялық есеп желісі бойынша. Қаржы әдістерінің іс- қимылын ақша қорларын жасап, пайдаланудан көрінеді.
Қаржы механизмінің жұмыс істеуін құқықтық жағынан қамтамасыыз ету басқару органдарының заң актілерін, қаулыларын, бұйрықтарын, циркулярлық хаттарын және басқа құқықтық құжаттарды қамтиды.
Халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуді жақсарту мақсатымен әлеуметтік сала мекемелері мен ұйымдарында жаңа шаруашылық механизмі енгізілді. Бюджеттен олардың қажеттіліктерін қаржыландыру бір тұрғыда жұмсалатын әлеуметтік шығындардың есебіне немесе басқа көрсеткіштерге қарай анықталатын ұзақ мерзімді тұрақты нормативтердің негізінде жүзеге асырылады. Әлеуметтік сала меекемелеріне ақылы қызмет көрсетуге, алған табыстарын өзгеше жұмсауға құқық берілген.
Нарықтық қатынастардың дамуы, басқарудың әдістерін жетілдіру мүлікті жеке басты сақтандыруды ұйымдастыру мен басқару саласына оң нәтижелерге жеткізді; кооперативті сақтандыру дамуда, акционерлік сақтық қоғамдары пайда болуда; сақтандырудың жаңа түрлері енгізілуде; сақтандырудың міндетті және ерікті нысандары арасындағы ара — қатынас өзгеруде. Сақтық механизмін жақсарту сақтанушыларға сапалы қызмет көрсетуге, сақтық ісінің тиімділігін арттыруға бағытталған.
Елдегі жүргізіліп жатқан реформаларға сәйкес мемлекеттің қаржы саясаты мен қаржы жүйесінің қызметі нарық жағдайында қажетті қаржы ресурстарын жұмылдыруға, оларды бюджетке толық және дер кезінде түсіріп отыруға, әлеуметтік — экономикалық дамудың мемлекеттік бағдарламаларында қаралған шараларды үздіксіз қаржыландыруға және материал, еңбек және ақша ресурстарын мақсатты әрі ұтымды пайдалануға бақылауды күшейтуге бағытталған. Бұл мақсаттар Қазақстан Республикасының әлеуметтік экономикалық дамуының, қоғамдық өмірдің барлық салаларын қайта құрудың стратегиясын қаржымен қамтамасыз ету қажеттілігінен туындайды.
Қазіргі жағдайда жасалынған қаржы қатынастар концепсиясының мақсаты шаруашылықты дамыту, қоғамдық өндіріс тиімділігі барынша арттыру негізінде халық тұрмысының неғұрлым жоғарғы дәрежесіне жету. Қаржы стратегиясының әлеуметтік бағыттылығы халықтың тұрмыс жағдайын арттыруға жұмсалатын қаржы ресурстарын көбейтудің мүмкіндіктерін іздестіруде ғана емес. Сонымен қатар экономикалық саясаттың басты мақсатына деген принципті жаңа көзқараста көрінеді. Тұрмыс дәрежесі енді өндіріс дамуын, қаржы ресурстарының бағыты мен оны пайдалану құрылымын анықтайтын мөлшері болып табылады.
Нарықтық экономикада өндірістік қорларды жақсы пайдалануда кәсіпорындардың ынталығын арттыру үшін ерекше қаржы әдістерін қолданудың, олардың қаржы қызметін қатаң регламенттеудің қажеттігі болмай қалады. Нарықтық бәсеке кәсіпорынды өндіріс тиімділігі, қаржыны жоспарлаудың сапасын арттыру, қаржы ресурстарын пайдалануға ішкі шаруашылықтық қаржылық бақылауды тереңдету туралы үнемі қамқорлық жасап отыруға итермелейді. Сонымен бірге мемлекет тарапынан нарықтық қатынастарды қаржылық реттеудің маңызы артады. Ол кәсіпорындар табысына /пайдасына / салық салу (ставкаларды, салық жеңілдіктерін өзгерту, салық салу объектілерін саралау арқылы ) қосымша салықтар енгізу.
Қаржы қатынастары шаруашылық жүргізудің бүкіл жүйесімен және оның жоспарлау, болжау, экономикалық ынталандыру, ұйымдастыру, және басқару сияқты құрамды бөліктерімен тығыз байланысты. Оның үстіне, қаржы қоғамдық қатынастар жүйесінің серпінін (динамикасын) анықтаушы неғүрлым жалпы ұғым ретіндегі әлеуметтік механизмнің ұқсас құрамды бөліктерімен де өзара іс — әрекет етеді.
Информация о работе Нарықтық экономика жағдайында қаржы қатынастардың дамуы