Микронесиелік ұйымдар

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Мая 2012 в 18:25, реферат

Описание работы

Микронесиелік ұйымдар — бұл микрнесие берумен айналысатын ұйымдар болып табылады. Микронесие беру жүйесі өз негізін ел Президентінің халыққа Жолдауынан алады. «Қазақстан — 2030: қауіпсіздікті нығайту және барлық қазақстандықтардың игілікті жағдайын жақсарту» (10.10.1997), онда «Ауылдың анағұрлым күрделі проблемалары 2000 жылы микронесие беру арқылы шешілетін болады...» делінген.

Работа содержит 1 файл

Микрокредиттік ұйымдар.docx

— 29.51 Кб (Скачать)

        Микронесиелік ұйымдар — бұл микрнесие берумен айналысатын ұйымдар болып табылады. Микронесие беру жүйесі өз негізін ел Президентінің халыққа Жолдауынан алады. «Қазақстан — 2030: қауіпсіздікті нығайту және барлық қазақстандықтардың игілікті жағдайын жақсарту» (10.10.1997), онда «Ауылдың анағұрлым күрделі проблемалары 2000 жылы микронесие беру арқылы шешілетін болады...» делінген.

 «Елдегі жағдай және ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары: қоғамды демократияландыру, жаңа жүз жылдықтағы экономикалық және саяси реформа туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 199жылғы Жолдауына (30.09.1998) сәйкес Үкімет алдына сегіз нақты міндеттер қойылды, олардың анағұрлым маңыздылары мыналар болды:

  1. жыл ішінде кемінде 30 анағұрлым қамтамасыз етілген азаматтарға бірінші кезекте ауылда жұмыс орындарын құру үшін 3 жыл мерзімге 400 АҚШ долларына баламалы сомада микронесие беру;
  2. 1998 жылдан бастап кемінде 100 миллион АҚШ доллары сомасында шағын және орта бизнесті дамытуға, фермерлік шаруашылыққа, жұмыс орындарын құруға несиелер беру.

Осылайша, Елбасының осы Жолдауы Қазақстан Республикасының анағұрлым қамтылған азаматтарына микронесие берудің 1998 2000 жылдарға арналған бағдарламасын (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 12.02.1998 жылы №14 Қаулысы) қабылдау үшін алғышарт балды. Осы Бағдарламаға сәйкес азаматтарға, ресми тіркелген жұмыссыздарға, олар мемлекеттік әлеуметтік қолдаудың кез келген түрінен ерікті бас тартқан жағдайда өз ісін жасауға микрокредиттер берілді.

Микрокредиттік  жүйе құру жөніндегі жұмысты жалғастыруда 2003 жылғы наурызда Қазақстанда«Микрокредиттік ұйымдар туралы» арнайы Заң қабылданды. Бұл Заң микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асырумен байланысты қарым-қатынастарды реттейді.

Осы Заңға сәйкес микрокредиттік ұйымдар коммерциялық ұйымдар - шаруашылық серіктестіктер және коммерциялық емес ұйымдар — қоғамдық қорлар нысанында құрылады. Кредитмөлшері 1000 мәрте АЕК мөлшерімен шектелген болатын. МКҰ микрокредиттер беруден басқа қызметтін, қосымша түрлеріне ие. МКҰ өз қызметін микрокредиттер беру ережелері бар болғанда ғана жүзеге асыруға құқылы.

Микрокредит беруді дамытудың мемлекеттік саясатында тағы бір ілгерілемелі қадам 2006 жылғы желтоқсанда қолданыстағы заңға өзгерістер мен толықтырулар еңгізу болып табылады.

Енгізілген өзгерістерге сәйкес микрокредиттік ұйымдардың қызметтерін біздің республиканың кез келген азаматы, бизнес субъектісі, қызметшілер, яғни кез келген жеке немесе занды тұлғапайдалана алады. Микрокредиттік ұйымдар беретін кредиттің максималды сомасы 1,0 млн. теңгеден (1000 есе айлық есептік көрсеткіш — АЕК) 8,7 млн. теңгеге дейін (8000 АЕК) ұлғайтылды. Бұл Қазақстанда езіндік бизнесті ашу үшін талап етілетін сомаға жақын шамамен 70000 АҚШ долларын құрайды. (Мысалы: шаштараз немесе дүкен ашу үшін Астана қаласының жақсы ауданынан бір белмелі пәтер сатып алу, шамамен 50 000 АҚШ доллары тұрады, бұл 6,3 млн. теңгеге жақын. Осы пәтерді қайта жабдықтауға 1,0 млн. теңге және жабдық, мандайша жәнешикізат сатып алуға — қалған 1,4 млн. теңге қажет болады).

Бүгінгі күні микронесиелендіру  – тек кедейшілікпен күрестің құралдарының бірі ғана емес, институциональды, жеке инвесторларға да, оның үстіне оларға әлеуметтік миссияны жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, капитал салудың пайдалы саласы болып табылады. Мысалға алатын болсақ, әлемде әлеуметтік қормалмаған халықтарды қолдаумен, және сол уақытта қамтамасыз етілген халықтан депозиттерді тартатын, микронесиелендірумен айналысатын банктер бар. Бұл ретте бұндай банктерде депозиттер бойынша мөлшерлемелер қарапайым банктерге қарағанда кішкене болса да төмен. Сіздер сұрайсыздар: жеке тұлға егер басқа банктен көбірек пайда табатын болса, осындай банкке өзінің қорларын салуда қандай мүддесі бар? Ал мағынасы осылай бай адамдар микронесиелендіруге өздерінің үлестерін қосады, олар өздері салған ақшалар аймақтағы кедейлікті жоюға жұмсалатынын біледі. Сол арқылы бір уақытта микронесиелендірудің әлеуметтік миссиясы жүзеге асырылады, және елдің ішінде ақша қорларын бөлу және сақтау болып жатады. Бүкіл әлемге танымал банкир және 2006 жылы әлемнің Нобель сыйлығының лауреаты Мұхаммед Юнустың айтуы бойынша «микронесиелендіру тек егер қорларды елдің ішінде тартатын болса ғана толық дамитын болады».

Жеке инвесторлар  үшін микроқаржыландыруға қаражаттарды салу болашағы орасан зор. Егер микронесиелендірудің қазақстандық нарығын негізгі стопормен  инвестициялау тұрғысынан алып қараса, онда оның дамуында Қазақстанның микронесиелік  ұйымдарының акционерленуге, яғни жеке инвесторлар сатып алу үшін бағалы қағаздарды шығару мүмкіндігі жоқ.

Сіз үшін «әлеуметтік  ықпал» түсінігі қандай мағына береді?

Біріншіден, бұл  біздің мақсатты топты қолдау: кәсіпкерлерді, ауыл тұрғындарын, яғни әл-ауқаты бірінші  кезекте елдегі әлеуметтік жағдайға әсер ететін адамдардың санаты. Бұл  жағдайда микронесиелендіру өзіне  мемлекеттің әлеуметтік қызметтерін  алады: әлеуметтік қорғалмаған халықтың әл-ауқатын және өмірінің сапасын  жақсарту.

Екіншіден, әлеуметтік ықпалды аталған бастаманы бастаған ұйымның көзқарасынан «қос мақсат»  деп аталатын – әлеуметтік және қаржылық нәтижелерге әуендестікпен  жету ретінде сипаттауға болады.

Экономиканың  бір заңдылығы – қазынада жатқан капитал өлі күйінде, әрекетсіз  жатпауға тиіс. Өйткені, ақшаның айналымда  болып, қолданыста жүруі банкирлерге  де, былайғы жұртқа да пайдалы екені  еш түсіндірмені қажет етпейтін ақиқат. Міне, осы тұрғыдан келгенде, еліміздің  қазіргі таңдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайын, жалпақ жұртшылықтың тұрмысын жөнге келтіретін бірден бір сала – микроқаржыландырушы ұйымдар екені даусыз. Дей тұрғанмен, халыққа тиімді қаржылық айналым жүйесін жұлмалап, алпауыт банктер мүддесі жолында жанын сала мәлімдемелер жасап жүргендер де баршылық. Өкініштісі – сол бағытта жар салып жүргендер қалың көпшіліктің жағдайын емес, жеке бастарының қамын ойлап жүр ме деген дүдәмал ой. 
Микронесиелік ұйымдар құру қажеттігі айқын сезілген 2000 жылдардың бас кезінде бұл мәселе кеңінен талқыланып, 2003 жылы Қазақстан Республикасының «Микронесиелік ұйымдар туралы» заңы қабылданды. Ал, іс жүзінде осы заң қабылданғаннан бері біз қозғап отырған мәселе, яғни еліміздегі микронесиелік ұйымдардың рөлі мен экономикадағы орны туралы түрлі даулар туындап, бірде басылып, бірде өршумен келеді.  
Президент Н. Назарбаев Қазақстан қаржыгерлерінің VІ Конгресінде сөйлеген сөзінде: «Микронесиелеу жүйесін дамыту жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет. Шағын бизнестің субъектілері үшін, әсіресе, ауылды жерлерде, қаржылық ресурстарға қол жеткізу үшін қажетті жағдайлар жасалуы тиіс» деп атап көрсеткен болатын. Десек те, неге екені белгісіз, бүгінгі таңда осы микронесиелеу ұйымдарының жұмысын тоқтатып, яки болмаса, мүмкіндігін шектеуге құштар белгілі бір мүдделі топтар мен адамдар шығып жатқан сияқты. Көздегендері бір қарағанда түсінікті болғанымен, ар жағындағы астарын аңғару аса қиын шаруа. Ал, микронесиелеу ұйымдары, өз кезектерінде, өздерін тәжірибеде үздік көрсете білді. Жалпы, қазіргі таңда Қазақстанда 1712 микронесиелеу ұйымдары тіркелген. Олардың қатарында көп жылдық тарихы мен алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибесі бар ұйымдармен қатар, осы бизнесте алғашқы қадамдарын енді бастап келе жатқан жас компаниялар да бар. Ал, Статистика агенттігінің деректеріне қарағанда, 2008 жылы 147 мың қарыз алушы жалпы сомасы 32,4 миллиард теңге көлемінде микронесие алған. Болжанған деректерге назар аударсақ, 2009 жылы 160 мың қарыз алушы жалпы сомасы 40 миллиард теңге мөлшерінде микронесие алған екен. Осы мәліметтің өзі микронесиелеу ұйымдарының халық өміріндегі алатын орны мен маңызының қаншалықты екенін байқатып тұрған жоқ па?  
2010 жылдың мамырында Астана қаласында өтетін, әлемнің 50-ден астам елінен 500-ден аса делегат жиналатын Халықаралық микронесиелеу конференциясы осындай дамуға ықпал етуге тиіс. 

Қазіргі кезде несиелендіру саласының тағы да бір жетістігі — бұл микронесилендіру болып табылады. Мемлекеттің микронесиелендіру  қызметін енгізуі микрокәсіпкерлер қызметін қаржыландырудың негізгі  көзі ретінде орын алды.

Микронесиенің негізгі критерийлары болып мыналар табылады:

-      несиенің салыстырмалы кішігірім көлемі;

-      шағын кәсіпкерлік субъектілерінің несие бағытын қолдануы;

-      несиелендірудің қысқа мерзімдері (көбінесе бір жыл іші);

-      несиені ұсыну және қайтару шарттарының иілмелілігі.

Әлемдік тәжірибе микронесиелендіру жүйесін реттеу деңгейіне әсер ететін микронесиелік ұйымдардың негізгі үш моделін бөліп қарастырды:

-      микронесие беретін институттар, бірақ бұлар заңнамалық құқық негізінде жинақтарды тарту қызметін жүргізу алмайды және мемлекеттік реттеу және қадағалау қызметіне жатпайды;

-      микронесиені  жүзеге асыратын институттар. Бұл институттар елдің орталық банк жағынан пруденциалдық реттеуге жатқызылады;

-      мемлекеттік органдар жағынан толық пруденциалдық реттеуге жататын, міндетті және ерікті депозит жинақтарын тарту құқын иеленетін микронесие беретін институттар.

Микронесиелендіру еңбек қызметін тұрақтандыру бағытындағы қаржылық көмек болып табылады. Қазіргі таңда елімізде микронесиелендіру қызметін жүргізу ең маңызды фактор болып табылатын категориялардың  бірі ретінде қолданылады. Бұл құрал барлық аймақтарда, облыстарда, аудандарда, жергілікті жерлерде  қаржыландырудың ең басты қайнар көзі ретінде қолданылады.

Шағын кәсіпорын өзінің іс — әрекетінде көптеген қиындықтарға кездеседі:

Біріншіден, шағын кәсіпорындардың негізгі проблемасы — ресурстық базаның жетіспеушілігі: материал — техникалық және қаржылық.  Шын мәнінде халық шаруашылығында бос жерге кең жаңа сектор құру көзделіп отыр. Ондаған жылдар бойы шағын кәсіпорын секторы болған емес. Олай болса осындай жұмысты ұйымдастырып, алып кететіндей кәсіпкерлерде болған жоқ. Тұрғындардың көпшілігінің босы артық ақшасы болмады, ал өз ісін бастап кәсіпкер болу үшін өзінің қаражаты жоқ. Сақтық кассаларындағы ақшалар күйіп кетті. Сондықтан өз ісін жүргізу үшін тек қана несие керек болды.

Екіншіден, шағын кәсіпкерліктің заңға сүйенерлік базасы жоқ деуге болады.

Үшіншіден, шағын кәсіпкерліктің іс — әрекеттерін терең талдау жасайтын жүйе жоқ. Олардың істеген жұмысынан қорытынды табу қиын, қандай көрсеткіштер арқылы талдау жасап мемлекеттік жеңілдік беру керек екендігін анықтау қиын. Көбіне тек таныстық керек, ондай жағдайлар коррупцияға апарады.

Шағын кәсіпорындардың әлеуметтік қызметі  жұмысқа қамтылмаған көптеген жұмыс  күшін қамту, ол әлеуметтік қайшылықты қиындықтар — жұмыссыздықты жоюға септігін тигізеді. Шағын кәсіпорындар мемлекеттің жан — жақты қамқорлығына мұқтаж, себебі ол тұрақсыз кәсіпкерлік құрылым ретінде  нарықтың тұрақсыздығына тәуелді. Бұлай дейтін себебіміз, кәсіпкерлік қызметті жүргізуді ең алдымен мемлекет, содан кейін кәсіпкер қолдайды. Соған байланысты оны жүргізудегі қиыншылықтардың алдын – алу шараларын жүргізеді.

 Рубрика: Экономика, Қаржы, Бухгалтерлік іс, Банктік іс, Салық


Информация о работе Микронесиелік ұйымдар