Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2011 в 12:49, лекция
Бюджет жүйесі бұл мемлекеттің орталықтандырылған қорларды, бюджеттерді, оларды құрудың және пайдаланудың әдістерін қалыптастыруға бағытталған заңды және жеке тұлғалармен қаржылық қатынастарының жиынтығы, сонымен қатар осы қатынастарды басқару органдарының жиынтығы.
Мемлекеттік
бюджет және бюджеттік
құрылым
1.
Бюджет жүйесінің
құрылымының принциптері,
бюджет жүйесі
Бюджет жүйесі бұл мемлекеттің орталықтандырылған қорларды, бюджеттерді, оларды құрудың және пайдаланудың әдістерін қалыптастыруға бағытталған заңды және жеке тұлғалармен қаржылық қатынастарының жиынтығы, сонымен қатар осы қатынастарды басқару органдарының жиынтығы.
ҚР бюджет жүйесінің құрылымы төменде келтірілген:
Бюджеттік
қарым-қатынастардың негізін 24.04.04ж.
қабылданған Қазақстан
3. Бюджет
тапшылығы
Бюджет тапшылығы — бюджеттің шығыс бөлігінің кіріс бөлігінен басым болуын білдіреді. Өте жақсы нұсқа: егер кірістер мен шығыстар тең болса - бұл теңестірілген бюджет. Шығыстар кірістерден көп - теріс айырма -бұл дефицит.
Дефицит әр түрлі болуы мүмкін:
1. Экономиканы дамыту үшін ірі мемлекеттік салымдар салу қажеттілігіне байланысты болуы мүмкін. Онда ол қоғамдық үрдістердің дағдарысын емес, экономикалық конъюнктураны, мемлекеттік ынталандыруды, қоғамдық өндіріс құрылымында прогрессивтік дамуды камтамасыз етуді білдіреді.
2. Дефицит төтенше жағдайлармен (соғыс, табиғи апат, т.б.) байланысты, яғни колдағы резерв жетпей, ерекше қаражат көзін жұмсауға тура келгенде болады.
3. Дефицит
экономикадағы дағдарысты білдіруі мүмкін.
Бюджет тапшылығын тәмендетудің мынадай
әдістері бар:
1) шығыстар тұрақты, кірістер өседі;
2) кірістер тұрақты, шығыстар төмендейді;
3)
кірістер өседі, шығыстар төмендейді (дефицит
екі есе
қысқарады).
Дефицитті қаржыландыру - оны жабу үшін қосымша ақша қаражаттарын іздеу қажет.
Бюджет тапшылыгын қаржыландырудың жолдары:
1) ақша белгілерінің эмиссиясы; Бұл жол қолайсыз әлеуметтік-экономикалық салдары бар инфляцияға әкеледі.
2} мемлекеттік займдар. Бұл жағдайда қаржыландыруға бос ақша қаражаттары бар компания, банктер т.б. қатынасады, бұл кеңінен қолданылатын әдіс,
3) шетел займдары. Оны халықаралық қаржы үйымдары, банктер береді.
4) ұлттық байлыкты пайдалану. Мұнда мемлекет өз активтерін басқа субъектілерге сатады.
Салық ставкаларын өсіру бюджет тапшылығының қаржыландыру әдісі емес, оны қысқарту тәсілі болып табылады.
Бюджет дефицитімен күресу барысында мыналарды басшылыққа алу керек:
1) бюджет дефициті - келеусіз құбылыс, ақша манипуляциясы арқылы оны жою ол экономикасы мен қаржысы үшін өте жағымсыз болып табылады.
2} бюджет балансын, оның кірістерінің шығыстардан артық болуын қарқынды дамушы экономиканың нышаны ретінде қарау керек. Әлемдік тәжірибе дәлелдегендей, қоғам дамуының жекелеген кезеңдерінде әрбір ел үшін бюджет дефициті қалыпты құбылыс;
3) бюджет дефицитінің мөлшері жалпы ұлттық өнім көлемінің 1-3%-нан артпауы керек:;
4) бюджет дефицитін жабуға мемлекеттік несиенің әр түрін (ішкі, сыртқы) қолдануға болады;
5) бюджет дефицитін жою үшін экономиканың өзін «сауықтыру» керек.
Бұған мыналар жатады:
-
коғамдық өндіріс пен шаруашылық жүргізудің
ерекше
ліктерін ескеретін қаржы жеңілдіктері
мен санкцияларын
кеңінен қолдану;
-
экономиканың мемлекеттік секторы мен
мемлекеттік
қаржыландыруды қысқарту;
- әскери шығындарды қысқарту;
- әлеуметтік шығындарды қаржыландыруды ғана сактау;
-
Ұлттық Банктің үкімет құрылымдарына
несие беруге
тыйым салу.
Шетел капиталын тарту бірнеше міндетті шешеді: бюджет шығындары қыскарады, тауар мен қызмет өндірісінің базасы ұлғаяды, жаңа салық телеушілер қалыптасады, төлем балансы жақсарады.
Бюджет
кірістерін өсіріп, шығыстарын төмендетіп,
бюджет дефицитін реттеуге бағытталған
шараларды басқа да экономикалық дағдарысқа
қарсы шаралармен бірге қолдану мемлекеттің
қаржы жағдайын түрақтандыруға, әлеуметтік-экономикалық
дамуға ықпал етеді.
Информация о работе Мемлекеттік бюджет және бюджеттік құрылым