Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2011 в 21:56, статья
опр щшр т
30 қыркүйек 09:27
Есеп комитеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
қаржылық бақылауын дамытудың 2020 жылға
дейінгі тұжырымдамасын әзірлеп жатыр
Есеп комитеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
қаржылық бақылауын дамытудың 2020 жылға
дейінгі тұжырымдамасын әзірлеп жатыр.
Бұл туралы
бүгін Есеп комитетінің төрағасы Омархан
Өксікбаев Ереванда өтіп жатқан ТМД-ға
қатысушы мемлекеттердің жоғары қаржы
бақылау органдары басшылары кеңесінің
X сессиясында мәлімдеді, деп хабарлады
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау
жөніндегі есеп комитетінің баспасөз
қызметі.
«Мемлекеттік
қаржылық бақылау жүйесінің тиімділігін
артыру үшін Есеп комитеті Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік қаржылық
бақылауының дамытудың 2020 жылға дейінгі
тұжырымдамасының жобасын әзірлеп жатыр»,
- деп атап өтті Омархан Өксікбаев.
Осы Тұжырымдаманың
мақсаты тиімді және халықаралық стандарттарға
жауап беретін мемлекеттік аудит жүйесін
Қазақстанда құру, деп түсіндірді Есеп
комитетінің басшысы.
«Тұжырымдама
жүйелі және құрылымдық міндеттер шешуді
көздейді. Олардың ішінде - қаржылық бақылаудың
жоғары органының және Қазақстан Республикасының
мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесіне
кіретін басқа да органдардың мәртебесін
арттыру және оларды институционалдық
нығайту.
Тұжырымдамада
мемлекеттік қаржылық бақылаудың бірыңғай
әдiснамалық және әдістемелік базасын
жасау қарастырылған. Бақылау іс-шараларының
нәтижелері бойынша қабылданған шешімдерді
іске асырудың тетіктерін жетілдіру өте
маңызды болып отыр», - деді Омархан Өксікбаев.
Сондай-ақ,
«жақын уақытта мемлекеттік қаржылық
бақылау жүйесінің кадрларын дайындау
мен олардың біліктілігін арттырудың
тиімді жүйесін құру сияқты өзекті проблеманы
шешу қажет», деді ол.
Омархан Өксікбаевтың
айтуынша, Тұжырымдаманы қабылдаудың
басты мақсаты мемлекеттік қаржылық бақылау
жүйесін халықаралық аудиттің стандартарына
және мемлекеттік аудитке көшіру болып
табылады.
«Осы мақсатта
сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау
туралы Заң жобасы әзірленетін болады.
Бұл нормативтік құқық акті қаржылық бақылаудың
жоғары органына, сондай-ақ мәслихаттарға
бағынатын және есеп беретін өңірлік мемлекеттік
органдарға қолданылуы тиіс.
Заң жобасының
басты міндеті бүгінгі күнде мемлекеттік
қаржы бақылау саласындағы сыртқы бақылау
органдарының қызметіне қатысты барлық
нормалар мен қағидаларды бір жүйеге келтіру
болып табылады.
Жергілікті
жерлерде сыртқы мемлекеттік қаржылық
бақылауды жүзеге асыратын органдардын
мәртебесі айқындалатын болады», - деді
Омархан Өксікбаев.
Екінші кезенде
көпшілік мақұлдаған нарықтық экономикасы
бар демократиялық елдердегі мемлекеттік
аудиттің моделіне ауысу қарастырылған.
Сонымен қатар,
2013-2015 жылдары республиканың мемлекеттік
мекемелерінің халықаралық қаржылық есептіліктің
стандарттарына көшуіне байланысты Есеп
комитетіне мемлекеттік қаржылық бақылаудың
қызметін халықаралық мемлекеттік аудит
стандарттарына көшіріп, кәсіби мемлекеттік
аудитордың сертификатын беруге кірісу
қажет», - деді ол.
Тәуелсіз Мемлекеттер
Достастығына қатысушы мемлекеттердің
жоғары қаржы бақылау органдары басшыларының
кеңесі ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің
жоғары қаржы бақылау органдары арасындағы
ынтымақтастықты ұйымдастыруды қамтамасыз
ету, өзара іс-қимылды үйлестіру және тәжірибе
алмасу үшін 2000 жылы құрылған болатын.
Дереккөз: ҚазАқпарат