Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 17:30, курсовая работа
Материалдың емес активтер — өндірісте ұзаң мерзім пайдалануға болатын (1 жылдан астам), физикалық негізі жоқ ақшаға жатпайтын активтер. Бүл активтерді анықтауға болады, кәсіпорын тарапынан бақылауда болып, оны пайдаланудан кәсіпорын болашақ экономикалық тиімділік күтеді.
Өндіріс дизайнын тіркеу өндірілетін бұйым түріне, үлгісіне немесе моделіне сәйкес келетін патентке ұқсайды. Өндіріс дизайнын тіркеу сыртқы нысанда қорғаған кезде ғана патент қызмет көрсетуді қорғайды.
Авторлық құқық - бұл әдеби, музыкалық шығармалардың өнертапқыштар және тағы басқа авторларының заңмен қарастырылатын, қорғалатын формасы.
Тауар маркалары немесе тауар атаулары - бұл компанияларға, өнімдерге немесе қызметтерге берілген атаулар, символдар немесе басқа да анықталатын ұқсастықтар. Олар иемденуді көбейту үшін тіркелінуі мүмкін. Франшизалар нақты бағытты және нақты қызметті пайдалану құқығын иелену үшін шаруашылық субъектілерінің мемлекеттік меншікті пайдалану құқығын иелену немесе коммунаддық қызмет көрсету үшін үкімет органдарымен ұсынылады.
Жалға
алынған меншіктің құнын
Мерзімі ұзартылған шығындар, яғни оларды бухгалтерлік есепте болашақта табыс әкелуі мүмкін қызметтерге кеткен шығындар деп атайды. Олар баланста алдын ала төленген ұзақ мерзімді шығындар ретінде көрсетіледі. Мерзімі ұзартылған шығындар физикалық формасы жоқ ұзақ мерзімді активтер ретінде жіктеледі.
Ұйымдық шығындар - бұл қызметті ұйымдастыру кезінде пайда болатын шығындар.
Материалдық емес активтерді бағалау кезінде бастапқы құн принципі қолданылады. Яғни материалдық емес активтер, активтерді сатып алумен байланысты барлық шығындарды қосатын сатып алу құны бойынша бағаланады. Сатып алу кұны - бұл барлық төлемдер немесе алынған активтердің ағымдағы нарықтың құны. Материалдық емес активтерді есепке алу кезінде өте маңызды сұраққа материалдық емес активтерді пайдалану мерзімін анықтау жатады. Қызмет ету мерзімін анықтағанда келесі факторлар ескерілу қажет:
• қызмет ету мерзімін ең жоғары шектейтін заңды, реттеуші және келісілген ереже;
• болжалды қызмет мерзімін өзгертуі мүмкін жаңарту немесе ұзарту үшін шарттар;
• қызмет ету мерзімін азайтатын тозу, сұраныс және басқа да экономикалық факторлар;
• жұмыстардың орындалуының күтілген мерзімге сәйкес келетін кызмет мерзімі;
• материалдық емес активтің бар бәсеке қабілеттілігін шектейтін бәсекелестердің және басқа да субъектілердің күтілген әрекеті;
• материалдық емес активтердің жиынтығына кіретін басқа активтердің қызмет ету мерзімі.
Материалдық емес активтердің құны активтердің қызмет ету мерзімінде жүйелі түрде жазылу керек. Материалдық емес активтердің амортизациясы оның пайдалы кызмет ету мерзімі жүйелік негізде жүзеге асырылады. Амортизацияны пайдалану өдісі активтердің экономикалық тиімділігін банктерде пайдалану моделін сипаттау керек. Егер мұндай үлгі нақты анықталған болмаса, амортизацияны теңбе тең аудару әдісін пайдалану керек. Материалдық емес активтердің тиімді қызмет ету мерзімін қарастыру керек. Халықаралық стандартқа сәйкес материалдық емес активті пайдалануда оның ағымдық, баланстық құны кәсіпорын үшін экономикалық тиімділігін жоғарылатуы мүмкін. Бұндай жағдайда амортизациялық емес күнды жазу керек және активтің бағамын азайтуды көрсететін шығынды мойындау керек. Сату кезінде айырбастауда немесе материалдық емес активтердің қандай да басқа жолымен келуі, түсімнен пайданы сипаттай отырып материалдық емес активтің шотымен оның амортизациялық емес құны жазылу керек. Материалдық емес активтерде келесідей бухгалтерлік жазулар жасалынады:
• алынған материалдық емес төлемге:
Дт 1856 «Күрделі қаржы салымы бойынша дебиторлар»
Кт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»
1081
«Банктің корреспонденттік
2010
«Сыйақы аудармай талап
2203
«Басқа банктердің
• материалдық емес активтерді кірістегенде:
Дт 1659 «Материалдық емес активтер»
Кт 1856 «Күрделі қаржы салымы бойынша дебиторлар»
2856 «Күрделі қаржы салымы бойынша кредиторлар»;
• амортизацияларды есептеу:
Дт 5788 «Материалдық емес активтер бойынша амортизациялық аударымдар»
Кт 1699 «Материалдық емес активтерге есептелген амортизация»;
• есептелген амортизация сомасына материалдық емес активтерді есептен шығару кезінде:
Дт 1699 «Материалдық емес активтерге есептелген амортизация»
Кт 1659 «Материалдық емес активтер»;
• қалдық құнға:
Дт 5852 «Негізгі құрал-жабдықтарды және материалдық емес активтерді сату шығыстары»
Кт 1659 «Материалдық емес активтер».