Ұлттық валюта

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 19:22, реферат

Описание работы

Бүгінгі күні мұражайдың қоры 5 мың материалдық мәдениет заттарын жинастырған. Бұл жерде XII — XIV ғасырлардағы, қола және күміс монеталар, революцияға дейінгі Ресейдің, уақытша үкіметтің, РСФСР және КСРО-ның ақша белгілері, сондай-ақТМД елдерінің ақша белгілері сакталған. Мұражай корында күны 5 және 10 рубль 1898-1899 жылдары шығарылған Николай II патшаның бейнесі бар орыс алтын монеталары, Ұлы Петр, Екатерина II, Николай II бейнесі бар күміс монеталар бар. Сондай-ақ неміс рейхсмаркалары, орысполяк монеталары және Қытай, Мексика, Польша, Австро-Венгрия монеталары да бар.

Работа содержит 1 файл

ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА.docx

— 23.98 Кб (Скачать)
 
 
 
Кез келген мемлекеттің тарихына оның бір-ақ рет  енгізілетін өз валютасының тарихы да кіреді. Басқа көптеген елдердің ұлттық валютасының тарихы сан ғасырлар бойы қалыптасқан. Ал теңгенің – Қазақстан  Республикасы ұлттық валютасының тарихы Президенттің 1993 жылғы 15 қарашадағы жарлығынан басталды. Бұл меншікті ұлттық валютаға көшу Қазақстан өз дербес ақша-кредит саясатын жүргізу мүмкіндігіне ие болды.   Осы күн тарихи датаға айналды, бұл күнді Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы Күні ретінде атап өтеді. 
Ұлттық валюта – теңге Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында барлық төлем түрлері бойынша, сондай-ақ ешбір шектеусіз банктік шоттарға есептеу үшін және аудару үшін қабылдауға міндетті заңды құралы болып табылады. 
Ұлттық валюта – теңге (қолма-қол ақша) банкнота және монета түрінде айналысқа енгізілді.  Банкнота - Ұлттық Банктің Алматы қаласындағы Банкнот фабрикасында, ал монета -  Өскемендегі  монета сарайында дайындалып шығарылады.   
Ұлттық Банк іс жүзінде жақсы жағынан көрінген технологияларды қолдана отырып, ақша белгілерін қолдан жасаудан қорғауды жетілдіру жөніндегі жұмысты тұрақты жүргізіп келеді. Республикада ұлттық валютаны енгізгеннен бергі уақытта ақша белгілерімен айтарлықтай жұмыс тәжірибесі жинақталды.  
Жаңа үлгідегі ақшаны айналысқа енгізу туралы шешім бірқатар объективті себептер мен қажеттіліктерден туындады. 2006 жылдың 15 қарашасында екінші қатардағы жаңа үлгідегі банкноталар айналысқа енгізілді.  
Ескі үлгідегі теңгені 2006 жылғы жаңа теңгеге ауыстыру рәсімі әдеттегі нарықтық қатынастар режиміне өтті. Бүгінгі күн жаңа үлгідегі ақшалар ескі үлгідегі банкноттарды ығыстыра отырып, біздің әмиандарымыздан өз орынын алды. 
Тайландтың Бангкок қаласында 2007 жылғы 7-9 мамырда үкіметтік емес халықаралық ұйымы ұйымдастырған «Валюта мәселері жөнідегі халықаралық қауымдастық» конференциясында “Ең үздік жаңа валюта” конкурсында ҚР Ұлттық Банкінің номиналы 1000 теңгесіне орын берілді. Ол біздің дизайнерлеріміз және мамандарымыздың қорғаныш элементтерін әзірлеу бойынша жұмысының нәтижесі болып табылады. 
Қазақстанның ұлттық валютасы - тенге айналысқа енгеннен бері, яғни 16 жыл тарихында көптеген ескерткіш және мерейтойлық  қымбат металдан жасалған монеталар айналысқа шығарылды. Монеталар – ерекше әрі тарихи дерек көзі.  Олар бүгінгі күнге тарихи тұлғалардың тұтас бір портреттік галереясын, түрлі ескерткіш бейнелерді алып келді, олардағы суреттерде мифологиялық сюжеттер, тұрмыс-салт көріністері бейнеленген. Монеталар – халықтардың экономикалық және саяси тарихын, олардың материалдық және рухани мәдениетін жан-жақты зерделеу үшін тамаша материал. Олар елдің және тарихи дәуірдің «бет-бейнесі» сияқты. Ұлттық Банктің шығарған монетаның әрбір сериясының Қазақстан Республикасының дамуында өз тарихи орны бар. Қазақстан Ресубликасының 1995 жылғы наурызындағы №2155 «Қазақстан Ресубликасының Ұлттық Банкі туралы» Заңының 42-бабына сәйкес,  монеталар мынадай түрге бөлінеді: 
- инвестициялық монеталар - инвестициялау және жинақталған ақша қаражаты объектісі болып табылатын, қымбат металдан дайындалған монеталар;   
- коллекциялық монеталар - коллекциялау және жинақталған ақша қаражаты объектісі болып табылатын, қымбат металдан және қымбат емес металдан шектеулі тиражбен дайындалған мерейтойлық, ескерткіш және арнайы соғылған монеталар;   
- айналыста жүретін монеталар - қымбат емес металдан дайындалған және қолма-қол айналысына арналған монеталар. 
Инвестициялық монеталардың – коллекциялықтан айырмашылығы, біріншіден, неғұрлым айтарлықтай ірі таралымен шығарылады, екіншіден, соғылу сапасы бір сатыға төмен. Егер ескерткіш монеталар, әдетте,  коллекцияларда сақталып, негізінен нумизматтар арасында айналатын болса, инвестиялықтар еркін нарықта құймалармен тең қолданылады. 
Инвестиялық монеталар Қазақстан Ресубликасында «Жібек Жолы» деп аталады, олар 1996 жылғы 19 ақпанын бастап айналысқа шығарылды. 
Қазақстанда инвестиялық монеталар тиімді инвестициялау және жинақ қаражатын сақтау үшін шығарылады. 
«Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары» сериясынан («Бесікке салу», «Тұсау кесу», «Қыз қуу», «Беташар») күміс номиналы 500 және Нейзильбер қоспасынан номиналы 50 теңгелік монеталар шығарылды. Бұлар ескерткіш монеталар – Қазақ халқының әдет-ғұрыптары және ұлттық мәденитін кеңінен таратуға арналған.  
«Ертеде соғылған монеталар» сериясы («Драхма», «Дирхем», «Отрар» монетасы, «Сарайшық» монетасы) Қазақстан аумағындағы археологиялық қазбалар кезінде табылған монеталарға арналған. 
«Қазақстанның мешіттері мен шіркеулері» сериясы («Түркістан», «Айша-бибі мавзолейі», «Жошы-хан мавзолейі», «Бабаджа-хатун кесенесі», «Орталық мешіт», «Нұр-Астана мешіті» және т.б. ) Қазақстанның бүкіл мәдениетін кеңінен танытуға, діни ұғымды, жеке тұлғанының рухани және адамгершілік тұрғыдан өзін-өзі жетілдіру жолындағы ілім ретінде танытуға арналған.  
 «Қазақстанның қызыл кітабы» сериясы («Дудақ», «Сайғақ», «Қар Жолбарысы», «Тянь-Шянь аюы», «Жалбағай» және т.б.) Қазақстанның сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар әлеміне арналаған.  
 Соңғы 4-5 жылда қымбат металлардан қазақстандық монеталарға нумизматтардың, сол сияқты халық тарапынан сұраныстың өсу үрдісі байқалады. 
Ұлттық Банкі Маңғыстау филиалының ұсынысымен «Қазақстанның мешіттері мен шіркеулері» сериясынан сынымы 925/1000 күмістен, массасы 31,1 грамм, номиналы 500 теңге «рroof» сапасымен жасалған, таралымы ең көп -15000(он бес мың) дана «Бекет-ата ғибадатханасы» ескерткіш монетасының дизайыны бекітілді. Осы монетаның жергілікті халықтың 2010 жылы айналысқа шығатынын  есіне саламыз. 
Ұлттық Банктің қымбат металдан жасалған монеталары жыл сайын өтетін халықаралық нумизматикалық конкурстарына 2000 жылдан бері қатысып, монета жоғары техникалық соғу сапасы жағынан осы байқаулардан бірнеше рет жүлделі орындарға ие болды.  
 Бүкіл әлем нумизматтары қымбат металдан жасалған Қазақстан ескерткіш және мерейтойлық  қымбат металдан жасалған монеталарын өте жоғары бағалады. 
 Нумизматтар және Қазақстандағы ақша айналысының тарихына қызығушылық білдіретін көпшілік үшін 1993 – 2009 жылдардағы кезеңде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған барлық монеталар туралы ақпаратты қамтитын «Қазақстан монеталары» атты жарнамалық бірнеше каталогтар, сондай-ақ Қазақстандық ақша белгілері туралы сурет альбомдарын шығарды.  
Қазақтың өз ақшасы, ұлттық валютасы – теңге айналысқа шығып, елдің тәуелсіздігінің нығаюына, халықтың және кәсіпорындардың сеніміне ие болып, өзінің 16 жыл тарихында тәуелсіз егемен мемлекеттің міндетті рәмізі екенін дәлелдеп, мемлекеттің қаржы-несиелік саясатына орасан зор ықпалын тигізді. Теңгенің де алдағы уақытта атқарар игі істері мол.  
 Осы салада қызмет ететін облыс қаржыгерлерін төл мерекелерімен құттықтаймыз.

диаметрі — 100 mm., «proof» сапасымен жасалған.

Ұлттық  Банктің мұражайы

Ұлттық Банктің  мұражайы туралы. Қазақстандық валютаны жасау тарихын болашақ ұрпаққа  сақтап калу мақсатында 1997 жылы 13 қарашада Ұлттық Банктің мұражайы ашылды.

Бүгінгі күні мұражайдың қоры 5 мың материалдық мәдениет заттарын жинастырған. Бұл жерде XII — XIV ғасырлардағы, қола және күміс  монеталар, революцияға дейінгі  Ресейдің, уақытша үкіметтің, РСФСР және КСРО-ның ақша белгілері, сондай-ақТМД елдерінің ақша белгілері сакталған. Мұражай корында күны 5 және 10 рубль 1898-1899 жылдары шығарылған Николай II патшаның бейнесі бар орыс алтын монеталары, Ұлы Петр, Екатерина II, Николай II бейнесі бар күміс монеталар бар. Сондай-ақ неміс рейхсмаркалары, орысполяк монеталары және Қытай, Мексика, Польша, Австро-Венгрия монеталары да бар.

Жәдігерлер арасында ерекше, мысалы «жібек ақшалар», «опиумдық  ақшалар»дегендер де аз емес. Құны 5000 теңге  салмағы 1 кг 925 сынамды күмістен жасалған Қазақстан тәуелсіздігінін, 10 жылдығына  арналған күміс монета мұражайға  келушілерді өзінің өлшемімен және дизайнымен таңғалды.

Бұл жерде Түркістанның 1500 жылдығына, Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған алтын монеталар, ұлттық валютаның 10 жылдығына арнап  шығарылған бірінші түрлі-түсті  күміс монеталар, «Қазақстан Петроглифтері», «Қазақстанның кызыл кітабы», «Қазақстанның  қолөнері», «Сәулет және тарихи ескерткіштер», «Көшпенділер алтыны», «Ертеде соғылған монеталар» сериясындағы монеталар  сақгалған. Мұражайға келушілер  арасында Қазақстандық теңге сарайы шығарған — «Қызыл бөрі», «Регель  қызғалдағы», «Шабандоз» алтын және күміс монеталар үлкен қызығушылық  тудырады.

Эмиссиялық банктің  басты міндеті айналысқа қажетті  ақша мөлшерін шығару және артық мөлшерін айналыстан алу. Әрине, ақшаны айналысқа  қажетті мөлшерден артық шығару оның құнсыздануына жол береді. 1993 жылы 15 қарашада айналымға 1, 3, 5, 10, 20, 50, 100 номиналдағы теңгелік банкноталар; 1, 3, 5, 10, 20 теңгелік монеталар және 1, 2, 5, 10, 20, 50 тиындық монеталар жіберілді.

1993 жылы алғашқы  тиындар қағазбен басылып шыққан  болатын. Аз уақыттан кейін  осы қағаз тиындар айналымнан  алынып тасталынып, олардың орнына  монета нысанындағы тиындар айналымға  жіберілді.

ҚҰБ кейінірек  айналымға мынадай ақша белгілерін шығарды:

  • 1994 жылғы банкноттар, номиналы 200, ол 1993 жылғы үлгі бойынша және номиналы 500 теңге, ол 1994 жылғы үлгі бойынша;
  • 1995 жылғы банкноттар, номиналы 1000, ол 1994 жылғы үлгі бойынша;
  • 1996 жылғы банкноттар, номиналы 2000 теңге, ол 1996 жылғы үлгі бойынша;
  • 1997 жылғы монеталар, номиналы 1, 5, 10, 20, 50 теңге;
  • 1999 жылғы банкноттар, номиналы 5000 теңге, ол 1998 жылғы үлгі бойынша;
  • 2003 жылғы банкноттар, номиналы 200 және 500теңге, ол 1999 жылғы үлгі бойынша (өзгертілген дизайн);
  • 2001 жылғы банкноттар, номиналы 1000 және 2000 теңге, олар 2000 жылғы бойынша (өзгертілген дизайн);
  • номиналы 100 теңге банкнот 2001 жылғы үлгі бойынша;
  • мерейтойлық номиналы 5000 теңге банкнот, ол 2001 жылғы үлгі бойынша, бұл ақша түрі мемлекетіміздің 10 жылдықтәуелсіздігіне байланысты;
  • 5000 теңгелік банкнот 2001 жылғы үлгі бойынша;
  • 2002 жылы номиналы 100 теңгелік монета 2001 жылғы үлгі бойынша;
  • номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар, олар 1999 жылғы үлгі бойынша;
  • 2003 жылғы номиналы 10000 теңгелік банкнот, ол 2003 жылғы үлгі бойынша.

Қазақстан Ұлттық Банкі 2006 жылы айналымға жаңа дизайнды банкноттар дайындап шығарды, бұл банкноттар 200 теңгеден 10000 теңгеге дейін.

Қазақстанның 2006 жылы 15 желтоқсан айына дейін  ақша айналысында: 10000, 5000, 2000, 1000, 500, 200, 100, 50, 20, 10, 5, 3 және 1 теңгелік банктік  билеттер, 20, 10, 5, 3 және 1 теңгелік металл монеталармен бірге 500 теңгелік алтыннан мерейтойға арнап, дайындалған монеталар, алғашқыда көлемі 64x100 мм. су тамғылы  қағазға басылған 50, 20, 10, 5, 2 және 1 тиындар  кейіннен олардың орнына осы номиналдарда металл тиындар шығарылды.

Бірақ, бүгінгі  күні 1 теңгеге дейінгі тиын монеталар  айналыстан алынған, сондай-ақ 100 теңгеге  дейінгі номиналдағы банкноталар (қағаз түріндегі) айналыста жүрмейді, олардың орнында металдан жасалған монеталар қолданыста жүр. Әрине, ірі  номиналда банкноталардың айналыста  болуы, еліміздегі орташа жалақы мөлшерінің жоғарылауымен байланысты.

2006 жылы 15 қарашада  Қазақстан Республикасының Ұлттық  Банкі 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000 теңгелік  банкноталардың келбетіне өзгерістер  енгізіп шығарды. Мұндағы шаралар  банкнотадағы адам бейнесінің  болмауын және олардың қорғаныс  қабілетінің жоғары болуын көздейді.

Ескі үлгідегі және 2006 жылғы үлгідегі ақша белгілерінің айналыста қатар жүру кезеңі 1 жыл. Ескі және жаңа үлгідегі ақша белгілерінің айналыста қатар жүру кезеңінде  занды төлем құралы болып табылады, Қазақстан Республикасының бүкіл  аумағында төлемнің барлықтүрлері  бойынша, сондай-ақ ешбір шектеулерсіз банктік шоттарға есептеуге және аударым жасауға міндетті түрде  қабылданады. Ескі және жаңа үлгідегі ақша белгілерінің айналыста қатар  жүру кезеңі аяқталғаннан кейін ескі үлгідегі ақша белгілері Қазақстан  Республикасының бүкіл аумағында  төлемнің барлык түрлері бойынша  занды төлем құралы болуын токтатады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы занды және жеке тұлғалардан  ескі үлгідегі ақша белгілерін қабылдау мен айырбастаудың көрсетілген  онжылдық мерзімін үзартуға құқылы.

Бүгінгі күні ұлттық валютамыз Орта Азиядағы тұрақты  валюталардың біріне айналуда. Айналымға  енгізген бастапқы кездері ұлттық валютаға деген сенімділіктің төмендігі  және елдегі экономикалық дағдарыстардың болуы, оның құндылығына теріс әсер етті. Соның салдарынан теңгеміз АҚШ  долларына қатысты құлдырады  десе болады. Айталық, теңге енгізілгенде 1 АҚШ долларының бағасы 4,75 тиынға тең  болса, 2000 жылы ол 155 теңгеге дейін  құнсызданды. Бір жағынан мұндай құбылыс объективті, себебі, кез  келген жаңа валютаның тарихы тереңде  жатқан немесе экономикасы дамыған  мемлекеттің ақша бірлігімен бәсекеге түсе алмасы анық. Екінші жағынан, ол кезендер ұлттық экономикамыздың жаңадан  қалыптасу кезендерін сипаттайды. 2001 жылдан бастап осы күнге дейін  теңгеміз АҚШ долларына қатысты  тұрақтанып, 2001 жылы оның АҚШ долларына  қатысты бағамы 155,6 теңгеден 2005—2006 жылдардың ортасына дейін 117,4 теңгеге  дейін төмендесе, 2009 жылдың сәуірде  ұлттық валютаның девальвацияланып, 150,8 теңгеге дейін қайта көтерілді.

Теңгенің АҚШ  долларына қатысты құнсыздануын біріншіден айналыстағы ақша массасының өсуімен, екіншіден мұнай өнімдеріне деген бағаның өсуінің нәтижесінде  пайда болған инфляция дейгейінің 8,5 пайызға жоғарылауымен байланыстыруға болады. Мұндағы ақша массасы екі  жолмен өсіп отыр, біріншісі, мұнай  өнімдерін сыртқа сатудан түскен валюталық түсімдердің өсуінен, ал екіншісі, отандық банктеріміздің соңғы жылдары шетелдік қаржы  нарықтарынан арзан займдар тарту  көлемінің артуынан болып отыр.  

Информация о работе Ұлттық валюта