Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 20:48, курсовая работа
Мемлекет экономикасында қаржы жүйесінің атқаратын қызметтері өте маңызды болып табылады. Қаржы жүйесінің жағдайына қарап экономиканың жағдайын болжауға болады. Қаржы жүйесінің қызметі экономикалық қатынастар жиынтығын туғызып, ақша қаражатын ұлғаймалы ұдайы өндірісте құру, пайдалануды жүзеге асырады және басқа да қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға жұмсалады.
КІРІСПЕ 3
1 ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ ЖӘНЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ (тема)
1.1 Қаржы жүйесінің ұғымы және Қазақстан Республикасының қаржы
жүйесінің құрылымы 5
1.2 Қаржылардың атқаратын қызметтері және басқа экономикалық
категориялармен өзара байланысы 7
1.3 Шет мемлекеттердің қаржы жүйесінің құрамы мен құрылымы 10
2 ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ НЕМЕСЕ 2004 - 2006
ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
2.1 Жалпы мемлекеттік қаржылар – қаржы жүйесінің негізгі буыны ретінде 14
2.2 Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы 18
2.3 2004-2006 жылдардағы қаржы жүйесінің даму тенденциясын талдау 21
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ
МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ
3.1 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін жетілдіру мәселелері 23
3.2 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін дамытудың алғышарттары 24
ҚОРЫТЫНДЫ 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 29
ҚОСЫМШАЛАР 31
Даму ұлттық шаруашылықты
басқару жүйесінің маңызды
Шаруашылық жүргізуші
субъектілер қаржысы өзіне
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрамына материалдық өндірістің барлық кәсіпорындары және нарықтық экономика жағдайында өзінің қызметін коммерциялық есеп негіздерінде жүзеге асыратын өндірістік емес сфераның бір бөлігі кіреді. Материалдық өндіріс сферасының кәсіпорындары бүкіл қоғамның тіршілік әрекетінің негізі болып табылатын материалдық өнімдер мен игіліктерді жасайды. Бұл сферада жасалған өнімнің бір бөлігі оның салалары ішінде (өндірістік тұтынудың өнімдері) тұтынылады, басқа бөлігі түпкілікті тұтынуға, соның ішінде өндірістік емес сфераға да бағытталады. Ал өндірістік емес сфера қызметтердің нысанын қабылдайды, қызметтерді жасаудың процесі оларды тұтыну процесімен тоқайласады.
Бұл айырмашылықтар сфералардың қаржысын ұйымдастыруға–қаржыландыру, өнімдер мен қызметтер құнының жасалу процестеріндегі қаржы қорларының қозғалысы кезінде де, қорланымдарды, табыстарды немесе пайданы бөлу және пайдалану кезінде де әсерін тигізеді. Мысалы, материалдық сфера қорларының қозғалысында өндірістік қосалқы қорларды, аяқталмаған өндірісті жасаумен, дайын өнім және өндірістік емес сфераға сипатты емес бірқатар басқа процестердің қозғалысымен байланыстылары елеулі орын алады. [10. 147-б]
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы қызметтің сипаты бойынша коммерциялық және коммерциялық емес деп бөлінеді. Сыныптаудың бұл белгісіне қатысты қаржыны ұйымдастыру қызметті қамтамасыз етудің түрлі қағидаттарына; коммерциялық есепке немесе белгілі бір деңгейде шаруашылық жүргізуші субъектілердің қажеттіліктерін жабатын бюджеттік қаржыландыруға есептелген. Егер мекеме коммерциялық және коммерциялық емес қызметті ұштастыратын болса, онда бұл қызмет тиісті қаржылық зардаптарға ұшыратады; мұндай қызметтің өзін-өзі қаржыландырылуын ұйымдастыру, салықтар мен басқа міндетті төлемдерді төлеу, алынған табыстарды немесе пайданы бөлу.
Коммерциялық қызметтің
мақсаты табыс алу болып
Коммерциялық емес қызмет табыс (пайда) алуға емес, бүкіл қоғам үшін, халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуге қажет функцияларды орындауға бағытталған. Коммерциялық емес ұйымдарға заңды тұлға – мекеме, қоғамдық бірлестік, тұтыну кооперативі, қоғамдық қор, діни бірлестік нысанындағы мекемелер жатады. Ал коммерциялық ұйымдарға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестігі, өндірістік кооператив нысанындағы мекемелер жатады. [ 8.135-б]
Шаруашылық жүргізуші субъектілерді сыныптаудың маңызды белгісі меншіктің белгілі бір нысанына тиістілігі болып табылады. Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасында меншіктің екі нысаны қабылданған: жеке меншік және мемлекеттік меншік. Жеке меншік азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктері ретінде болады. Жеке меншіктің айрықша түрі қоғамдық ұйымдардың меншігі. Ал мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық меншік болып ажыратылады.
Меншіктің бұл нысандарының ішінде шаруашылықты жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандарының көптеген түрлеін туғызатын әр түрлі шаруашылық құрылымдары қалыптасуы мүмкін:
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы жалпы қаржылар сияқты бөлу және бақылау функцияларын орындайды. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының бөлу функциясы қаражаттардың жеке-дара ауыспалы айналымының процесінде өндірілген өнімнің құны белгіленген экономикалық нормативтер (салық мөлшерлемелері, амортизациялық аударымдардың нормалары, несие үшін пайыз) негізінде бөлінеді. Мұның өзі қаржының ұдайы өндіріс процесінде құнды бөлу және қайта бөлуге қатысуын айқындайды. Ақшалай қорлар мен қорланымдарды экономикалық тұрғыдан негіздеп бөлу қаржының ұдайы өндірістік тұжырымдамасын да іске асырудың басты шарты болып табылады.
Бөлу - өндіру мен тұтыну арасындағы байланыстырушы буын. Бұл процесс кәсіпорындардың өнім өткізуден түсім – ақша алуы және оны өндірістің жұмсалынған қаражаттарын өтеуге және таза табысты (пайданы) жасауға пайдалану арқылы болып жатады. Табыстың бір бөлігі қайта бөлу ретінде орталықтандырылған қорларға – мемлекеттік бюджетке, бюджеттен тыс қорларға түседі, ал қалған бөлігі еңбекке ақы төлеуге, әлеуметтік мұқтаждарға, өндірісті кеңейту және дамыту жөніндегі шығындарды қаржыландыруға шаруашылықтың қарамағында қалады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының бақылау функциясы кәсіпорын экономикасында маңызды рөл атқарады: есепсіз және бақылаусыз шаруашылық жүргізуге болмайды. Ақшамен бақылау тек шаруашылық жүргізуші субъектілердің ішінде ғана емес сонымен бірге оның басқа субъектілерімен, жоғарғы ұйымдармен және қаржы-несие мекемелерімен өзара қарым - қатынастарында да жүзеге асырылады. Субъектілер арасындағы өзара қатынастарда бақылау жеткізілім тауарларға, көрсетілген қызметтерге және орындалған жұмыстарға ақы төлеу кезінде болады. Қаржы-несие органдарымен өзара іс әрекет кезінде бақылау бюджет алдындағы міндеттемелердің орындалуы кезінде, банк несиелерін алған және қайтарған кезде жүзеге асырылады.
Сөйтіп шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы дегеніміз өнім өндіріп, сату кезінде ақшалай табыстарды, қорланымдарды және қорларды жасаумен, бөлумен және пайдаланумен байланысты экономикалық қатынастар.
2.3 2004-2006 жылдардағы қаржы жүйесінің даму тенденциясын талдау
Өткен уақыттағы Қазақстанның экономикасы және қаржы сферасының дамуының әр түрлі этаптарын кезеңдерін анықтауға болады, сондағы әрбір кезеңде мемлекеттің экономикасын, оның ақшалай және қаржы-несиелік жүйесін өзгерту шаралары шешілген. Өткізілген қаржылық саясаттың ішіндегі ең ірісі 1993 жылдың аяғында жүргізілген ақшалай реформа болып табылады.
Дүние жүзінің барлық
елдерінде оперативтік қаржы
жоспары мемлекеттік бюджет болып
табылады. Оны жасаудың керектігі
мемлекеттің ақша ресурстарының
көздері мен ауқымын анықтаудың
және жалпы мемлекеттік қажеттілікте
Қазақстан Республикасының мемлекетік бюджетінің табыстарының талдауы бойынша 2005 жылы барлық салықтардың және басқа да түсімдердің өсімі 2004 жылмен салыстырғанда 2,5 есе, ал 2004 жылы 4,2 есе өскені байқалды. Салықтық емес түсімдердің мемлекеттік бюджетке түсуі 2004 жылы 5,6%-ке төмендеді. Бұл салыстырулар терең ойларға апарады. Заңдылық деңгей және салықтық емес түсімдердің жолдары қандай дәрежеде қарастырылғаны, капиталмен жүргізілетін операциялардың тәжірибеде қаржылық бақылау қаншалықты орындалатындығы белгісіз.
2006 жылдың 3 тоқсанындағы
жедел деректерге 1171 ірі және 3672
орта кәсіпорындардың (
Кезең-кезең бойынша жүргізілген реформалардың сфералары: ақша жүйесі, банктер, салықтар, бюджет, инвестициялар, жекешелендіру. Бұлардың барлығы Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін нарықтық жаңалықтарды енгізумен қатысты жаңа негізге келтірді. [6. 123-б]
Қазақстан Республикасының
мемлекеттік бюджеті Қазақстан
Республикасының Қаржы
2006 жылдың 1 желтоқсанында табыс жылдың нақтыланған бюджетіне қатынасы бойынша 97,4 %, мемлекеттік бюджет шығындары – 87,5 % орындалды. [13. 9-б]
Салық түсімдері құрылымында негізгі үлес корпоративтік табыс салығына – 33,3 % (660,2 млрд. теңге) және ҚҚС (қосылған құнға салығына) – 22,9 % (453,7 млрд. теңге) келеді. Қосылған құнға салығы бойынша 2005 жылдың тиісті кезеңдегіден 40%-ға асатын түсімдердің ең көп өсімі байқалады. [17. 10-б]
Бюджеттің барлық шығындар көлемінен әлеуметтік қызмет көрсетуге 49,1 %, жалпы мемлекеттік қызмет көрсетуге және қорғанысқа – 18,3 % келеді.
Жергілікті бюджетке осы кезең ішінде түскен табыс 942,1 млрд. теңгені құрады, бұл 2005 жылдың тиісті кезең деңгейінен 38,1 %-ға артық (682,1млрд.теңге), шығындар – 876,4 млрд. теңге, 27,4 % (2005 жылдың 1желтоқсанына 687,8 млрд. теңге) жоғары. [4. 15-б]
Операциялық сальдо – 65,7 млрд. теңгені, бюджеттік таза несие беруге – 0,7 млрд. теңгені, қаржы активтерінің операциясы бойынша сальдосы – 7,4млрд. теңгені құрады. Бюджет профициті 59 млрд. теңге деңгейінде анықталды.
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ
МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ
3.1 Қазақстан Республикасының
қаржы жүйесін жетілдіру
Он бес жылдық тәуелсіздігіміздің ең басты экономикалық мазмұны орталықтандырылған жоспарлы жүйеден нарыққа өту болды. Сол жылдары нарықты тиімді қалыптастыру үшін институционалды және негізгі алғы шарттар құрастырылды.
Бұл жолдың әрбір этаптарында көзделген шараларға сәйкес бір стратегиялық мақсатқа бағытталған нақты, басты мәселелер шешіліп отырды.
Қазақстан экономикасын реформалау процесінде маңызды рөлді сыртқы капитал атқарады. Себебі оның құрылымдық өзгерісіне қаражат пен жабдық қажет болды, алайда, мемлекеттің өзінде олар шектелген болатын.
Тағы бір ескере кететін жайт, бұл өтпелі кезеңде және қазіргі кездегі мемлекеттің экономикалық өсуі үшін тікелей инвестициялардың маңызы.
Республиканың тәуелсіздік
жылдарының ішінде олардың көлемі 40
млрд АҚШ долларына дейін жетті.
Бүгінгі күнге дейін қазақстанд
Мемлекеттің әлеуметтік қызметі тек қана, әдетте, «әлеуметтік қамтамасыз ету» деген атауға ие, тікелей шараларды (ақшалай төлемдер және тегін әлеуметтік қызметтерді ұйымдастыру) қолданып қана емес, сонымен бірге жанама реттеу арқылы да жүзеге асырылып отыруы қажет. Ал, мұндай реттеудің оңтайлы түрі салық саясаты.
Мемлекет тарапынан
жүргізілетін әлеуметтік бағдарлама мен
экономикалық саясаттың түрлі элементтері
арасында жеткілікті түрдегі нақты
байланыс бар. Сондықтан, мемлекеттің
қаржы ресурстарын