Кәсіпорынның қаржылық ресурстарын қалыптастыру және оларды пайдалану

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 17:14, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан – 2030 Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» халыққа Жолдауында: «Біз – саналы да жігерлі халықпыз. Егер ойын ережелері айқын белгіленіп, олардың орындалуы объективті негізде қамтамасыз етілсе, онда Қазақстан азаматтарының нарықтық экономикаға тез бейімделетініне менде күмән болмайды.» /1,30б./, – деп айтқандай, қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылық жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты.

Содержание

КІРІСПЕ..............................................................................................................3
КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫ РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
Кәсіпорынның қаржы ресурстарын пайдаланудың мәні, түрлері және
қағидалары.......................................................................................................5
Кәсіпорынның қаржы ресурстарын пайдалану ерекшеліктері….............13
Қаржы ресурстарын пайдалану модельдері мен әдістері..........................
КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ РЕСУРСТАРЫН ҚАЛЫПТАС-
ТЫРУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫ ТАЛДАУ
(«Барлау Өндіру «ҚазМұнайГаз» АҚ мысалында)
Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін талдау...............................25
Қаржы ресурстарды пайдалану көрсеткіштерін талдау.............................34
Кәсіпорынныі рентабельділік көрсеткіштерін факторлық талдау............50
КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫ РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУ
ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Кәсіпорынның қаржылық стратегиясын жасау...........................................57
«Барлау Өндіру «ҚазМұнайГаз» АҚ-ның қаржы ресурстарын пайдалану
көрсеткіштерін болжамдау модельдері......................................................63
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................64
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................68

Работа содержит 1 файл

курстык жумыс.doc

— 978.00 Кб (Скачать)

Өзін-өзі қаржыландыру–нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын-дардың шаруашылық қызметінің табысты болуының міндетті шарты. Бұл қағидат өнім өндіру мен кәсіпорынның өндірістік-техникалық базасын ұлғайту жөніндегі шығындардың толық өтелуіне негізделеді, ол әрбір кәсіпорын өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын меншікті көздері есебінен жауып отыратындығын білдіреді.

Өзін-өзі қаржыландыру кәсіпорындардың толық қаржы  дербестілігімен және жауапкершілігімен  тығыз байланысты. Оларға өздерінің  меншікті ресурстарын өз бетінше ұйымдастырып басқаруға, тартылатын және қарыз қаражаттарын іздестіріп, айналымға салуға құқық берілген. Мемлекет кәсіпорындардың қаржы ресурстарын қайта бөле алмайды. Қаржы қатынас-тарын мемлекет тарапынан реттеу бюджетке салық алудың, амортизациялық қорды қалыптастырудың, валюталық түсім-ақшаны бөлудің, бағалы қағаздарды өткізудің, шығындары өзіндік құнға жатқызудың және т.б. жүйесі мен тәртібін белгілеу арқылы жүзеге асырылады.

Қаржылық жауапкершілік  пен мүдделік – бір процестің  – шаруашылық жүргізудің тиімділігін арттырудың ынталандырмаларын жасау мен іске асыру процесінің екі жағы.

2. Жоспарлылық қағидаты  кәсіпорынның қаржылық қызметі  өндірістің мақсаттарына, міндеттеріне, оларға жетудің белгіленген әдістеріне  жетудің дәйектілігі мен мезгіліне  қарай оның параметрлерін есептеу арқылы алдын ала қарастырылатынын білдіреді.

3. Кәсіпорындар мен  ұйымдар меншігінің барлық нысандарының  теңдігі қағидаты қатынастардың  тұрақтылығы мен меншіктің түрлі нысандары – мемлекеттік, жеке меншік, шетел мемлекеттерінің және олардың заңи ұйымдары мен азаматтарының, халықаралық ұйымдардың нысандары дамуының мемлекет кепілдігінде жүзеге асырылады. Меншіктенуші өз білгенінше өзінің мүлкіне иелік жасайды, пайдаланады және басқарып ұйымдастырады, оған қатысты заңға қарсы келмейтін кез келген іс-әрекет жасайды, мүлікті кез келген шаруашылық және заңмен тиым салынбаған өзге де қызмет үшін пайдаланады.

4. Кәсіпорындардың қаржысын пайдалануды ұйымдастырудың қажетті қағидаты – басқарудың барлық деңгейлеріндегі қаржы резервтерінің (резервтік капитал, тәуекел қоры) болуы. Қаржы резервтері әр түрлі әдістермен өндірістік және әлеуметтік қорлардың мөлшеріне пайызбен, пайда немесе табыстан тұрақты нормативтер бойынша аударымдар арқылы жасалуы мүмкін. Қаржы резерві уақытша болатын қаржы қиыншылықтарын жоюға және шаруашылықтардың қызметіне қажет қалыпты жағдайларды қамтамасыз етуге, сондай-ақ, әдетте қаржы жоспарында қаралмайтын өндірістік және әлеуметтік дамумен байланысты шығындарды қаржылан-дыруға арналған.

 

 

1.2 Кәсіпорынның  қаржы ресурстарын пайдаланудың ерекшеліктері

 

Кәсіпорыннның сәтті  қызметі қаржы ресурстарын тиімді пайдаланусыз мүмкін емес. Қаржы ресурстарын рационалды пайдалануды қажет ететін мақсаттар төмендегідей:

  • кәсіпорынның бәсекелестік жағдайда өмір сүруі;
  • банкроттықтан және ірі қаржылық сәтсіздіктен қашу;
  • бәсекелестермен күресте көшбасшылық;
  • кәсіпорынның нарықтық құнын жоғарылату;
  • кәсіпорынның экономикалық потенциал өсімінің қолайлы қарқыны;
  • өндіріс пен өткізу көлемдерінің өсімі;
  • табысты жоғарылату;
  • шығындарды төмендету;
  • рентабельді қызметті қамтамасыз ету және т.б.

Кәсіпорын таңдаған мақсатқа жету көбіне кәсіпорынның қаржы ресурстарын пайдаланудың жетілгендігіне тәуелді болады.

Қаржы ресурстарын басқару қызмет ету қисыны 2 суретте көрсетілген.

Шаруашылық жүргізуші субьектінің қаржы ресурстарын пайдалану жүйесінің ұйымдастырушылық құрылымы, сонымен қатар оның оның кадрлық құрамы кәсіпорынның мөлшеріне, оның қызметінің түрлеріне байланысты әр түрлі әдістер арқылы құрылуы мүмкін. Ірі компания үшін қаржылар бойынша вице-президентпен басқарылатын және құрамында бухгалтерия мен қаржылық бөлімі бар арнайы қызметті бөлген жөн. Шағын кәсіпорындарда қаржылық менеджердің рөлін көбіне бас бухгалтер атқарады /9, 11б./.

Кәсіпорынның қаржы ресурстарын пайдалануды тәжірибеде мамандан-дырылған ұйымдастырусыз жүргізу мүмкін емес.

Кәсіпорын мен корпорацияларды  басқарудың қаржылық механизмі –  бұл оның экономикалық және әлеуметтік даму міндеттерін шешу мақсатында қаржыларды пайдаланудың нысандары, әдістері мен  тәсілдерінің жиынтығы. Мемлекеттің  басқарушы ісіне әсер етуі ретінде қаржылық механизммен басқарушылық шешімдерді қабылдау процесі өте тығыз байланысты. Мысалы, салықтық жоспарлау көмегімен салықтық ауыртпалықтың төмендеуі, негізгі құралдардың амортизациясын жеделдету жүйесін қолдану және т.б.

Кәсіпорындар мен корпорацияларда  қаржылық механизмнің әрекет етуінің  негізгі қағидалар болып келесілер  табылады: кешенділік, функционалдылық, біркелкілілік және бейімденушілік /12, 53б/.

Кешенділік – бұл  бір-біріне қосымша болатын қызметті реттеуші қаржылық тетіктерді қолдану. Мысалы, өнімді, қызметті өткізуден түскен түсімді қалыптастыру мен пайдалану бюджеттік жүйе мен мемлекеттік бюджеттік емес қорлар, инвестициялар мен инновацияларды қаржыландыру төлемдерімен тығыз байланысты.

Функционалдылық – қойылған мақсаттарға сәйкес қаржылық механизмнің қызмет етуін қамтамасыз ету.

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

Бейімдену – қоршаған экономикалық ортаның өзгерісін  есепке алу және серіктестермен шаруашылық қатынастарды реттеу процесіне түзетулер енгізу мүмкіндігі.

Біркелкілілік – реттеуші фактор ретінде қаржылық механизмнің бір  түрлілігі. Басқарудың барлық субъектілері бірлік азаматтық заңнама шегінде  және міндетті түрде әр кәсіпорын  немесе корпорацияның қызметінің ерекшеліктерін есепке ала отырып қызмет етеді. Қаржыларды пайдаланудың  мақсаттары мен міндеттері басқарудың функцияларының бейнесі болып табылады.

Қаржыларды пайдалану келесі функцияларды атқарады:

  • Өндірістік немесе кәсіпорын қаражаттарының айналымын ақшалай ресурстар көздерімен, ақшалай ағымдарын қалыптасуымен қамтамасыз ету. Шаруашылық және қаржылық қызмет процесінде кәсіпорын толық көлемде және теңдестірілген меншікті, тартылған және қарыздық көздермен қамтамасыз етілуі қажет. Қаржыларды пайдалану процесінде ақшалай ағымдар қалыптасады және кәсіпорынның даму және меншік иесінің табысын арттыру мақсаттарына сәйкес негізгі және айналым капитал құрамында, қаржылық нарықта ақшалай қаражаттарды орналастырудың оптимизациялау және рационализациялау сұрақтары шешіледі.
  • Бөлу немесе кәсіпорынның ақшалай ресурстарын пайдалану және бөлу, ақшалай ағымдарының қалыптасу функциясы. Бұл функцияның орындалу процесінде кәсіпорынның капитал немесе мүлкінің құнын, меншік иесінің табысын арттыру немесе оны сақтау үшін қаражаттарды, есептер, төлемдер мен аударымдарды аванстау мен инвестициялау нұсқауларын таңдауда, шаруашылық жүргізуші басқа субъектілермен қатынастарды таңдауда кәсіпорында бар қаржылық ресурстарды пайдаланудың рационализациясы сұрақтары шешіледі.
  • Бақылау функциясы. Берілген функцияның мазмұны кәсіпорын ресурстарының айналымын түрлі әдістер мен тәсілдер арқылы нақты бақылау мүмкіндігіне негізделеді. Қаржылық көрсеткіштер мәндерінің өзгерістерін сандық бақылау қаржылық жағдайды, капитал мөлшерін, оның өтімділігі мен төлемқабілеттілігін, сонымен қатар меншік иесінің табыс көлемінің өсімін нақты бағалауға мүмкіндік береді. Инвестициялау және қаржыландыру процестерін пайдалану көмегімен болашаққа қаржы ресурстарын тиімді пайдалану мен оларды сақтау  және түрлі факторларды есепке ала отырып, капитал құны мен оның құрылымын бағалау жүзеге асырылады.

Қойылған мақсаттарға  жету үшін қаржылық қызметтің негізгі  міндеттерін келесідей көрсетуге  болады:

  • өткен шаруашылық тәжірибені бағалау, талдау және есепке алу, және даму мақсаттарына сәйкес болашақ кезеңге оның экстрополяциясы.
  • Шаруашылық жүргізудің сыртқы ортасындағы мүмкін өзгерістердің және даму беталыстарын, пайдаланылатын қаржы ресурстардың құрылымын өлшеу қажеттілігін болжамдау, бағалау, талдау және есепке алу.
  • Капитал мен табыстарды сақтаудың перспективалары мен страте-гиялық мақсаттарын бағалау, талдау және есепке алу.
  • Қабылданатын шешімдер немесе жүргізілетін өзгерістердің жедел сипаттамасына бағытталу.
  • Қаржылық заңнамалар талаптарын нақты орындау және өндірістік емес жоғалтуларды төмендету үшін нормалар мен нормативтерді сақтау.
  • Қабылданған шешімдерді орындалуын және қаржы ресурстарды маневрлеу мүмкіндігін бақылау.

Қаржыларды пайдалану процесі өзімен бірге кәсіпорын экономикасын жалпы басқаруының негізігі бөлігін құрайды және ол келесі кезеңдер арқылы жүреді:

- талдау;

- жоспарлау;

- орындау, түзету;

- бақылау.

Кәсіпорынның қаржылық менханизмі келесі элементтерді қамтиды:

  • қаржылық әдістер;
  • қаржы құралдары (тетіктер);
  • нормативтік қамтамасыз ету;
  • құқықтық қамтамасыз ету;
  • ақпараттық қамтамасыз ету /13, 77-80б./.

Қаржылық механизм құрамында  құралдар мен әдістердің өзара қатынасында  қазіргі кездегі тәжірибеде тауарлық және қор нарығының дамуына байланысты белгілі өзгерістер туындады. Сонымен, қор нарығында қаржылық құралдарға екі контрагент арасында кез келген келісімшарт жатады, оның нәтижесінде бір серіктесте қаржылық актив пайда болса, екіншісінде үлестік және қарыздық сипаттағы қаржылық міндеттеме пайда болады. Мұнда қаржылық құралдар бірінші және екінші деңгейлі болып сипатталады. Олардың біріншісіне несиелер мен қарыздар, акциялар мен корпоративтік облигациялар, дебиторлық және кредиторлық қарыздар және т.б. жатады. Екінші деңгейлі қаржылық құралдарға келесілер жатады: қаржылық опциондар, фьючерстер, форвардтық контрактілер, пайыздық және валюталық своптар және т.б. Екінші деңгейлі қаржылық құрал (дериватив) екі негізгі «өндірістік» сипатына ие:

  • оның негізіне белгілі бір базисті актив енгізілген (тауар, акция, облигация, вексель, валюта, қор индексі және т.б.);
  • оның бағасы базистік активтің құны негізінде анықталады.

Көптеген қаржылық құралдар мен операциялардың негізіне бағалы қағаздар (мемлекеттік және корпоративтік  акциялар мен облигациялар) жатқызылған. Бұдан басқа, бағалы қағаздар үлестік (акциялар) және қарыздық (облигациялар) болып бөлінеді. Олар ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік реттеу мен бақылау объектісі болып табылады.

Тәжірибеде кәсіпорынның қаржылық механизмнің бірлік жүйесінен  жеке элементтерінің жойылуын болдырмау  маңызды. Бұл шартты ескермеу шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық теңдігін жоғалтуға әкеледі.

  1. Кәсіпорынның қаржы ресурстарын пайдаланудың модельдері мен әдістері

 

Қаржылық ресурстарды  пайдалану тиімділігі активтер айналымдылығы  мен рентабельділік көрсеткіштерімен сипатталады. Демек, айналымдылық мерзімін және шығыстарды төмендету және түсімді жоғарылату есебінен рентабельділікті көтере отырып, пайдалану тиімділігін арттыруға болады.

Айналым қаражаттардың айналымдылығын жылдамдату үлкен шығыстарды талап етпейді және өндіріс пен өнімді өткізу көлемдерінің өсуіне әкеледі. Бірақ инфляция айналым қаражаттарын жылдам құнсыздан-дырады, олардың көп бөлігін кәсіпорын шикізат пен отын-энергиялық ресурстарды сатып алуға жұмсайды, сатып алушыларды төлемеуі қаражат-тардың маңызды бөлігін айналымнан алып тұрады.

Кәсіпорында айналым капталы ретінде ағымдағы активтер қолданы-лады. Айналым капитал ретінде қолданылатын қорлар белгілі кезеңге өтеді. Өтімді активтер дайын өнімге айналдырылатын алғашқы материалдарды сатып алуға жіберіледі; өнім несиеге сатылады, ал бұл жағдай дебиторлар шотын қалыптастырады; дебитор шоттары төленіледі, олар өтімді активтерге айналады.

Айналым капитал қажеттіліктеріне пайдаланылмайтын кез келген қорлар пассивтерді төлеуге жұмсалады. Бұдан басқа, олар негізгі капитал  сатып алуға жұмсалуы немесе меншік иелеріне табыс ретінде төленілуі мүмкін.

Айналым капиталын үнемдеу  әдістерінің бірі, яғни оның айналымдылығын арттыру әдісі өндірістік қорларды басқаруды жетілдіру болып табылады. Кәсіпорын өндірістік қорларды жасауға  қаражаттар бөлетіндіктен, сақтау шығындары тек қойма шығыстарымен ғана байланысты емес, сонымен бірге тауарлардың бүліну немесе ескіру тәуекелімен, капиталдың уақытша құнымен, яғни тәуекелдің эквивалентті деңгейіндегі басқа инвестициялық мүмкіндіктер нәтижесінде алынуы мүмкін табыс нормасымен байланысты.

Кез келген көлемде, белгілі бір түрде ағымдағы активтерді сақтаудың экономикалық және ұйымдастырушылық-өндірістік нәтижелері берілген актив түрі үшін арнайы сипатқа ие. Дайын өнімнің үлкен қоры күтілмеген жоғары сұраныс жағдайында өнім жеткіліксіздігі мүмкіндігін төмендетеді.

Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық ресурстарын қалыптастыру және оларды пайдалану