Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 16:17, реферат
Табыс кәсіпорын қызметіндегі атқаратын ролі үлкен, ол кәсіпорынның мүлкінің ұлғаюының, қарыз қаражаттар тартудың, жалпы әлеуметтік-экономикалық дамуының алғы шарты болып табылады. Табыс таппай кәсіпорын кредиторлар мен инвесторлар тарапынан қосымша қаражаттар тарту мүмкіндігіне үміт арта алмайды. Сонымен қатар, табыс кәсіпорынның ішкі қаржылық мұқтаждықтарының негізгі көзі болып қоюмен шектеліп қана қоймайды, ол қоғам өмірінде, мемлекеттік бюджет ресурстарының, бюджеттен тыс қорлардың және қайырымдылық қорларының қаражаттарының қалыптасуында да үлкен роль атқарады.
Кіріспе…………………………………………………………………………………………….3
Кәсіпорын табысының ұғымы және экономикалық мәні……………………………..4
Табыстың кәсіпорын қызметіндегі ролі және функциялары………………………….5
Кәсіпорын табысының қалыптасуы және орналастырылуы ………………………...7
Қорытынды……..………………………………………………………………………………...9
Табысты үлестірудің негізгі принциптері келесілер:
Кәсіпорын қарамағында қалатын табыс (таза табыс) екі бөлікке бөлінеді. Бірінші бөлігі тұтыну қорларына, екінші бөлігі жинақтау қорларына бағытталады.
Тұтыну қорларына бағытында қолданылатын табыс кәсіпорынның мүлкін арттыру мақсатында өндірістік активтерді, жаңа технологияларды енгізуге, сондай-ақ, қосымша еңбек ресурстарын тартуға жұмсалады. Кәсіпорынның капиталын ұлғайтуға орналастырылған табыс өндірілген өнімнің көлемін арттыруға, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге, түптеп келгенде шаруашылық субъектінің келешектегі әлуетті (потенциалды) табыстылығын арттырудың алғы шарты болып табылады.
Сондай-ақ, табыс тек
өндіріс процессіне орналастырылып
қана қоймай, сонымен қатар, жұмысшылар
мен қызметкерлердің әлеуметтік
мұқтаждықтарын қамтамасыз етуге, олардың
біліктілігі мен
Жинақталу қорларына бағытталатын табыс алуан түрлі қосымша қорларды қалыптастыруға жұмсалады: әлеуметтік сақтандыру қоры, резервтік қорлар, экологиялық қор және тағы да басқа қорлар. Бұл кәсіпорындардың келешекте болуы ықтимал күтпеген шығындар мен зияндардың орнын толтыруға, қоғам өміріне өндіріс барысынан келетін зияндарды өтеуге, сондай-ақ, қолайлы жағдайлары туындаған кездерде резервтік қорлардағы қаражаттар есебінен қосымша күтпеген табыстарды алу мүмкіндіктерін жүзеге асыруына көмегін тигізеді.
Табыстың экономикалық мәні бүгінгі экономикалық теорияның ең бір күрделі және әрқилы ұғымдарының бірі болып табылады. Экономикалық көзқарас бойынша табыс дегеніміз – бұл ақша шығыстары мен кірісерінің айырмасы болып табылады. Шаруашылық тұрғыдан қарастыратын болсақ, табыс – бұл кәсіпорынның есепті кезеңнің басындағы және соңындағы мүліктік жағдайының айырмасы болып табылады. Бұл жерде табыс ұғымы кәсіпорынның өзінің қаржылық-шаруашылық қызметінен алатын алуан түрлі табыстарының шығындар көлемінен басым болатын жағдайын білдіреді.
Белгілі бір шығындар шығармай әдетте қажетті табыс алу әсте мүмкін емес. Өз кезегінде, табыс алмай кәсіпорынның дамуын жүзеге асыру және әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкін емес. Осы орайда табыстың кәсіпорын қызметіндегі, сонымен қатар қоғам өміріндегі ролі маңызды болып табылады.