Кәсіпкерлік

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2011 в 17:53, реферат

Описание работы

Облыстық статистика басқармасының мәліметі бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілері санатындағы тіркелген заңды тұлғалар саны 10414 бірлік.2005 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда – 107 %. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар 7461немесе тіркелгендердің 72 %.

Работа содержит 1 файл

кәсіпкерлік.doc

— 144.00 Кб (Скачать)

     Кәсіпкерлік

     Облыстық  статистика басқармасының мәліметі бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілері санатындағы тіркелген заңды  тұлғалар саны 10414 бірлік.2005 жылдың осы  мерзімімен салыстырғанда – 107 %. Жұмыс  істеп тұрған кәсіпорындар 7461немесе тіркелгендердің 72 %.  

     Шағын бизнес кәсіпорындарында жұмыс істейтіндердің саны- 46018 адам (2006 жылдың 01.01 не), бұл 2005 жылдың осы мерзімен салыстырғанда – 14,8 % артық.

     Жеке  кәсіпкерлер саны- 44303 адам (2006 жылдың 01.01 не), бұл 2005 жылдың осы мерзімен салыстырғанда – 117. Жеке кәсіпкерлікте жұмыс істейтіндердің саны- 77156 адам.

     2006 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша  тіркелген шару қожалықтарының  саны- 15259, 2005 жылдың І тоқсанындағыдан 7 % көп, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары- 14159. Жұмыс істеп тұрған шару қожалықтарында жұмыс істейтіндердің саны- 32963 адам.

     2005 жылы шағын бизнес кәсіпорындарының- заңды тұлғалардың шығарған тауарлары (жұмыстар, қызметтер) 44,1 млрд. теңге, алдыңғы жылдың деңгейіне- 129 %.

     2005 жылғы 4 тоқсанда шағын бизнес  кәсіпорының қызметкерінің орташа  айлық еңбек ақысы 23161 теңгң  болды, алдыңғы жылдың 4 тоқсанының  көсеткішіне- 120 %.

     Ағымдағы  жылдың І тоқсанында шағын кәсіпкерлік  субъектілерінен  салық түсімдері 3241 млн. теңге құрады.

     2005 жылы шағын кәсіпкерлік субъектілерінен   салық түсімдері 10,9 млрд. теңге, 2004 жылдың көрсеткішіне- 125 %.  

     2006 жылдың І тоқсанында  шағын кәсіпкерлік саласында 2613 жаңа жұмыс орыны құрылды.

     Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамытудың кешенді шараларын  қамтамасыз ету мақсатында облыстың кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті облыстың шағын кәсіпкерлігін дамытудың және қолдаудың 2006- 2008 жылдарға арналған Өңірлік бағдарламасын жасады. Бағдарлама 2006 жылдың 1 ақпанында Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының ХVІ сессиясының шешімімен бекітілді.

     Бағдарламаны  іске асыру шеңберінде 2008 жылға дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің санын 4800 бірлікке  көбейту , бұл салада жұмыс істейтіндер санын 18600 адамға жеткізу жоспарлануда. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің тауарлары мен қызметтерін сатудан табыс деңгейі 20,4 % артады.

     Бағдарламаны  іске асыру жөніндегі іс-шаралар  Жоспарына сәйкес кәсіпкерлікті  дамытуда әкімшілік кедергілерді жою  жөніндегі жумыс тобының 3 отырысы  өткізілді. Оның қызметінің барысында  Өскемен қаласында кәсіпкерлерге  құрылысқа жер алу үшін рұқсат құжаттарын рәсімдеу схемасы біршама қысқартылды. Кәсіпкерлердің төтенше жағдайлар саласында мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі басқармасымен, қоршаған ортаны қорғау аумақтық басқармасымен, санитарлық- эпидемиолиялық қадағалау департаментімен, ШҚО бойынша мемлекеттік сәулет- құрылыс бақылау басқармасымен өзара іс-әрекет кезінде әкімшілік кедергілерді жою мәселелері қаралды.

     Мемлекеттік органдардың жанындағы кәсіпкерлік  мәселелері туралы сараптама Кеңестерінің қызметтері жандануда. Ағымдағы жылдың І тоқсанында ШҚО салық комитетінің жанындағы, ШҚО санитарлық- эпидемиолиялық қадағалау департаментінің жанындағы сараптама  Кеңестерінің, ШҚО бойынша кедендік бақылау департаментінің жанындағы консультативтік Кеңестің отырыстары өткізілді.

     Кәрсіпкерлікті  қаржылай қолдау мақсатында «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ осы жылдың 3 айында 115,7 млн. теңге сомасына 8 жобаны қаржыландырды.

     Ағымдағы  жылдың қаңтар-ақпан айларында облыстың екінші деңгейдегі банкілері шағын  кәсіпкерлік субъектілеріне 7800 млн. теңге кредиттік қаражат берді. Шағын кәсіпкерлікке берілген кредиттің меншік үлесі жалпы көлемнің 35,1% құрайды.  

     Екінші  деңгейдегі банктердің ШКС берген кредиттері

     Кәсіпкерлікті қаржылай қолдаудың балама көздерін құру жөнінде жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі күнге облыстың қалалары мен аудандарында 11 кредиттік серіктестік құрылды. Оларды құру жөнінде Абай, Аягөз, Бесқарағай, Күршім, Шемонаиха аудандарында, Өскемен қаласында жұмыс жалғастырылады.

     Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының қатысуымен Өскемен және Семей қалаларында екі шағын кредиттер ұйымдары құрылды.

     Жаңа  өндірістер ұйымдастыру, қызметтер  саласын дамыту мақсатында осы жылдың І тоқсанында кәсіпкерлердің меншігіне  коммуналдық меншіктің пайдалыста жоқ 8 объектісі берілді. Кәсіпкелік қызметті ұйымдастыру үшін 57 пәтерді қайта жобалауға рұқсат берілді, 45 жер учаскесі бөлінді.

           Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 наурыздағы № 3398 Жарлығы шыққан уақыттан кәсіпкерлерге берілген жер  учаскелері, қайта жобаланған пәтерлер       

     Облыста өткізілетін тауарларды, қызметтерді және жұмыстарды  мемлекеттік сатып алу конкурстарына шағын кәсіпкерлік субъектілерін белсенді қатысулары қамтамасыз етіледі. 2006 жылдың І тоқсанында шағын кәсіпкерлік субъектілерінен мемлекеттік сатып алу сомасы 1451 млн. теңге құрады, жалпы соманың 35 %.

     «Шағын  кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өңірлік  филиалның жанынан кісіпкерлікті  қолдау Орталығы құрылған. Орталық кәсіпкерлерге мына бағыттарда көмек көрсетеді: ақпараттық- зерттеу және маркетингтік қызмет, құқықтың консультация, экономикалық сараптау жәле талдау, бухгалтерлік есеп. 2006 жылдың І тоқсанында әртүрлі бағыттар бойынша 186 консалтингтік қызымет көрсетілді.

     Шығыс Қазақстан инновациялық «Жәрдем» орталығының  құрамында бизнес- инкубатор жұмыс  істейді. 2006 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша онда 17 кәсіпорын орналастырылған.

     Семей қаласында, Абай, Тарбығатай, Үржар  аудандарында  «Казагромаркенинг» АҚ кәсіпкерлікті қолдау орталықтарының қызметі жүзеге асырылуда. Негізгі функциялары болып құқықтық, марктингтік, бухгалтерлік қызметтер көрсету, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін оқыту саналады.

     2006 жылғы сәуірдің 12-де менеджменттің  (ИСО 9000, 14000, 22000 сериялы, OHSAS 18000) халықаралық жүйесін енгізу мәселесі жөнінде семинар өткізілді. Семинарды ұйымдастырушылар- облыстың кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті, «Стандарттау және сертификаттау қазақстан институты» РМК қатысуымен техникалық реттеу және метрология Комитетінің  ШҚО бойынша басқармасы. Семинардың жұмысына облыстың шағын және орта бизнесі кәспорындарының 60 астам басшылары, мүдделі ұйымдардың, инфрақұрылым объектілерінің өкілдері қатысты.

     2006 жылғы 23 ақпанда Өскемен қаласында облыс әкімі В.В. Храпуновтың қатысуымен шағын және орта бизнесті дамыту мәселері жөнінде облыстық кеңес өтті.

     Мемлекеттік басқару органдары мен шағын  және орта бизнестің жетекші кәсіпорындарының, кәсіпкерлердің қоғамдық ұйымдары басшыларының  бірлескен кездесуі шеңберінде шағын кәсіпкерліктің әрі қарай даму перспективасы және қолайлы бәсекелік орта құру талқыланды.

     Бүгінгі күні облыста экономикалық әлеуетті және облыстың бәскелелік басымдылығын іске асыру негізінде шағын кәсіпкершілікті  одан әрі дамыту мақсаты қойылып отыр.

     Кеңестің  қорытындысы бойынша облыс әкімі  кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау және олардың құқықтары мен мүдделеріне  кепілдікті қамтамасыз ету мәселелері жөнінде қалалар мен аудандардың  әкімдеріне, мемлекеттік органдардың  басшыларына  бірқатар нақтылы тапсырмалар берді.

     Облыс әкімінің тапсырмаларын орындау  жөнінде аудандар мен қалалардың әкімдері әрбір өңірде бинесті дамытудың  негізгі бағыттары нақтыланған 2006- 2008 жылдарға арналған шағын кәсіпкерлікті  дамыту мен қолдаудың бағдарламасын жасады.

Информация о работе Кәсіпкерлік