Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 23:47, реферат
Сыбайлас жемқорлықтың жаңа қарқынмен кең өріс алуы ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басына келеді. Бір жағынан, іс-шараларды мемлекеттік реттеу дәрежесі көтеріліп, осыған тең орай шенеуніктіктердің билігі күшейе түсті. Екінші жағынан, ірі кәсіпкерлік пайда болып, олар өз мақсатына жету үшін «мемлекетті сатып алуға» кірісті. Дамыған елдерде (Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін Батыс Еуропа елдерінде) саяси партиялардың маңызы өскен сайын партиялық сыбайлас жемқорлық кең етек ала бастады.
2)
3) Қазақстан Республикасы бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру барысында әкімшілік реформа өткізуде. Бұл әкімшілік реформа сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында мемлекеттер арасындағы көрсеткіште Қазақстанның орнын белгілейді. Мемлекет басшысы Н. Назарбаев Қазақстан Республикасы Парламентінің ашық сессиясында өзінің құзіретті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды ұтымды жолдарын қалыптастыруды ұсынды. Соған сәйкес: «Мемлекеттік басқару, мемлекеттік қызмет және әкімшілік реформа сыбайлас жемқорлыққа қар¬сы күреске бағытталады», - деп баяндады. Осы орайда барлық қарым-қатынас заң шеңберінде жүзеге асып және сол заңда нақты әрекеттер көрсетілуі керектігіне біз мән беруіміз керек.
Әкімшілік реформалардың мақсаты - мобильді және кәсіби мемлекет аппаратын құру. Қазіргі уақытта орындалып жатқан әкімшілік реформа мемлекеттік қызметтің жоғарғы кәсіби біліктілігін жүйелеуге тырысады, яғни мемлекеттік аппараттағы сыбайлас жемқорлықты жоюға жағдай жасайды.
Әкімшілік реформа мемлекет құрылымын қалыптастыру ғана емес, өз азаматтарының мүддесін қорғауға арналған. Бұл халықтың мемлекетке сенімділігін және мемлекеттің даму барысында осы реформаларды түсіну мен мойындауын көрсетеді.
Әкімшілік функцияларды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік қызметкерлер халыққа мәжбүр¬леу сипатында емес, яғни пәрмен (команда) бермей еркін түрде түсіндіріп, қызмет көрсету қажет. Бұл қазіргі таңда Мемлекеттік қызметкерлердің ар-намыс кодексінде көрсетілген. Бірақ, өкінішке қарай осындай заң бұзушылықтарға жиі жол беріліп жатады.
Жалпы мемлекеттік қызмет көрсетудің әлеуметтік мақсаттары:
1) Қызмет көрсетуге ешбір кедергісіз жол берілу;
2) Жоғары сапалы қызмет көрсету;
3) Сыбайлас жемқорлықтың көрсеткішін жою.
Еліміздің кез келген тұрғыны белгілі бір мәселелерді шешу үшін, яғни анықтама, рұқсат алу, тіркеу жасау әрекеттеріне мемлекеттік қызметкерлермен тікелей байланысқа түседі. Осы кезде азаматтар кезекке тұрудан шаршау немесе әртүрлі жеке мәселелеріне байланысты лауазымды тұлғалармен келісім жүргізу арқылы заңсыз әрекеттерге жол береді, яғни, жұмысын басқа тәсілмен шешуді іздейді. Демек, сыбайлас жемқорлыққа жол беріледі, пара береді, мемлекеттік қызмет көрсетуге ақы төлейді.
Көрсетілген заң бұзушылықтар орын алмау үшін мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен жағдайын міндетті түрде дамытып, қалыптастырып, барлығының құқықтық нормаларға сәйкес жүзеге асырылуын қамтамасыз ету қажет.
Қазақстан әкімшілік реформаны Сингапур елінің саясатына сәйкес жүргізеді, себебі оның саясаты бізге жақындау.
Осы әкімшілік реформа Қазақстанды алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарына шығаруға арналған көмекші жоспар екені даусыз.
Халықаралық тәжірибенің ең тиімділерін есепке ала отырып, корпоративтік басқарудың қағидасына негізделген қазіргі мемлекеттік қызметті құруға міндеттіміз.
Осыған байланысты біздің басты мақсаттарымыз:
1. Мемлекеттік аппараттың функционалдық тиімділігін және кәсіпқойлығын жоғарылату;
2. Мемлекеттік аппараттың қалыптылығын, тұрақтылығын, басқаруын жоғарылату;
3. Бизнес және халыққа арналған мемлекеттік қызметтің жоғары деңгейге жетуі;
4. Сыбайлас жемқорлықты төмендету;
5. Халықты әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуге тарту;
6. Мемлекеттік қызметкерлердің жауаптылығын жоғарлату.
Елдің ортасында қазіргі таңда «Қазақстанға әкімшілік реформа керек пе?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Бұл глобализациялық (жаһандану) процесстің басталуына қатысты болып отыр. Қазіргі таңда әлемде экономикалық дамуына байланысты бәсекелестікте әрбір мемлекет жеке корпорация ретінде қатысады.
Мемлекеттік сектор негізгі штаб болып табылады. Осыған байланысты мемлекеттің құқықтық базасы бақылаушы және реттеуші функцияларды атқарады. Егер мемлекеттің ішкі қатынасы реттелмеген болса, басқа елдермен бәсекелестікті туындату мүмкін емес. Сол себепті мемлекет тиімді нәтиже алу үшін, өз-өзін реформалау және не тиімді, не тиімсіз екенін түсіну қажет. Мемлекеттің рөлі Қазақстанды бәсекеге қабілетті елге айналдыру. Экономиканың дамуына мүмкіндік беру, стратегиялық бағыттар беру, халыққа сапалы қызмет көрсету және мемлекеттік меншікті тиімді басқару.
Қорыта айтқанда, екі тарап арасындағы қарым-қатынас, яғни билік пен азамат арасындағы қарым-қатынас, қоғамның қалыпты дамуын қамтамасыз етуде өте үлкен маңызға ие. Сол себепті мемлекет белгілеген норма адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын және мемлекеттің заңға сәйкес тұрақты қызмет етуін қамтуы тиіс.
Яғни, әкімшілік заңнаманың алдағы уақыттағы дамуы осы мақсатқа жету керек. Әкімшілік жауаптылық -азаматтардың мемлекет алдындағы жауаптылығы деген ұғымнан гөрі батыс елдеріндегі әкімшілік заң-намасында көрсетілгендей бұл - мемлекеттік аппараттың және өздерінің азаматтары арасындағы жауаптылығы деп жазылыпты. Сондықтан әкімшілік жауаптылық тек азаматтардың жауапкершілігі ғана емес мемлекеттік қызметкерлердің әрекеттерінен туындаған жауаптылықты айтып кең мағынада қарастыруымыз керек. Сондықтан әкімшілік қатынастарды реттейтін заңнама басты ұстаным стандартына сәйкес болуы тиіс.