Корпоративтік табыс салығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2012 в 10:06, курсовая работа

Описание работы

Салық - өркениет үшін төленетін төлем. Қазақстан Республикасының Салық Кодексі 2010 жылғы қабылданған Заң күші бар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер» туралы Жарлығы барлық салық түрлері туралы түсінік береді.
Менің курстық жұмысымның тақырыбы негізгі салықтардың бір түрі болып саналатын корпоративтік табыс салығы.

Содержание

КІРІСПЕ
1 Корпоративтік табыс салығын есептеуде жылдық жиынтық табыc
1.1 Корпоративтік табыс салығы, оның субъектілері және объектілері
1.2 Жылдық жиынтық табысты есептеудегі шегерімдер және корпоративтік табыс салығының ставкасы
1.3 Жылдық жиынтық табыс негізінде корпоративтік табыс салығының есептеу және төлеу тәртібі
2 ХҚЕС және ҰҚЕС бойынша корпоративтік табыс салығы
2.1 ХҚЕС 12 «Пайдаға салынатын салықтар»
2.2 ҰҚЕС №2 бойынша табыс салығын есептеу

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа содержит 1 файл

KTC.doc

— 177.00 Кб (Скачать)

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ                                                                                                                     

1 Корпоративтік табыс салығын есептеуде жылдық жиынтық табыc   

1.1 Корпоративтік табыс салығы, оның субъектілері және объектілері                            

1.2 Жылдық жиынтық табысты есептеудегі шегерімдер және корпоративтік табыс салығының ставкасы                                                                                     

1.3 Жылдық жиынтық табыс негізінде корпоративтік табыс салығының есептеу және төлеу тәртібі                                                                                                    

2 ХҚЕС және ҰҚЕС бойынша корпоративтік табыс салығы                    

2.1 ХҚЕС 12 «Пайдаға салынатын салықтар»                                                     

2.2 ҰҚЕС №2 бойынша табыс салығын есептеу                                                 

 

ҚОРЫТЫНДЫ                                                                                                                                                                                                        

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ                                                 

 

 

 

 

                                                       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

            Салық - өркениет үшін төленетін төлем. Қазақстан Республикасының Салық Кодексі  2010 жылғы қабылданған Заң күші бар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер» туралы Жарлығы барлық салық түрлері туралы түсінік береді.

          Менің курстық жұмысымның тақырыбы негізгі салықтардың бір түрі болып саналатын корпоративтік табыс салығы.Осы жұмысты орындау барысында ең бірінші корпоративтік табыс салығына тоқталмай тұрып жалпы салық түсінігіне, оның экономикалық мәніне, қазақ жеріндегі салықтың даму процесстеріне, оның даму жолдарына, Қазақстан Республика болып құрылғаннан кейінгі салықтың ел экономикасындағы алған орнына, салық салуда болған өзгерістерге тоқтала кеткенді жөн көрдім.      

       Жалпы салық дегеніміз- халықтан жиналып алынатын алым. Салықты төлеу нысандары мен әдістерінің дамуына үш ірі кезеңді айтуға болады:

        Бірінші кезең - Дамудың бастапқы кезеңінде ерте заманнан орта ғасыр басына дейін мемлекеттің салықты анықтау және жинауға арналған қаржылық ақпараты болмады. Қаражаттың тек жалпы сомасы анықталып, салық жинау қалаға немесе қауымға жүктелген.

       Еінші кезең- екінші кезеңде елде мемлекеттік мекемелер желісі, оның ішінде қаржылық желі құрылып, мемлекет қызметінің бір бөлігін өз мойнына алады: Салық салу үлесін орнатады, салық салу процесін қадағалайды, бұл процесті кең мәселе төңірегінде анықтайды.

      Үшінші  кезең - жаңа кезең. Мемлекет салық белгілеу және төлеуге байланысты қызмет өз қолына алады, салық салу ережелері белгіленеді. Үкіметтің аймақтық органдары өзіндік деңгейі бола тұрып, мемлекет көмекшісінің ролін атқарады.

         Салықтар кез-келген өркениетті мемлекеттердің негізгі кіріс көзі. Қазақстан Республикасы аумағында қолданылып жүрген заңды тұлғалардан алынатын барлық салықтар мен алымдардың ішінде  табыс салығының алатын орны ерекше. Жалпы алғанда, пайда дегеніміз шығыстарды шегергеннен кейінгі табыс, ал табыс-шаруашылық субъектілерінің өз тауарын,қызметін, жұмысын сатқаннан түскен түсім. «Табыс» категориясы қашанда «пайда» ұғымынан кең екендігі белгілі.Ал салық дегеніміз табыстан белгілі бір белгіленген ставка бойынша мемлекетке қаржы төлеу.Салықтың ставкасы белгілі заңдар мен экономикалық актілерде көрсетіледі.

Салықтардың  ішіндегі ең негізгілерінің қатарына табыс салығы жатады.Табыс салығы - дегеніміз табыс табу мақсатында қызмет ететін ұйымдардың жалпы табыстарынан өздерінің шығындарын алып тастағаннан кейінгі қалған табыстарына салынатын салық. Оның қазіргі ставкасы 20%.

         Корпоративтік табыс салығының қатысушыларының әрқайсысының өзінің ерекшеліктері болады. Оның объектілері мен субъектілері қызмет ету сферасы бойынша салық төлеуінде де ерекшілітері болады.Оларды жалпы айтып кететін болсақ:

 

Табыс салығының салық  салу объектілері: ҚР аумағында         резидент емес заңды тұлға, заңды тұлғалар,жеке кәсіпкерлер, резидент заңды тұлға.

Табыс салығының салық салу объектілері болып:

1)салық салынатын табыс;

     2)төлем көзінен салық салынатын табыс;

     3)ҚР-да  қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның таза табыс корпорациялық табыс салығы салынатын объектілер болып табылады.

           Сонымен қатар табыс салығының табыс салынатын субъектінің қызмет етіп жатқан саласына қарай салықтық ставкаларда әр түрлі болып келеді. Мысалға алатын болсақ Қазақстан Республикасының өндірістік  жеке кәсіпкерлікпен айналысатын заңды немесе жеке тұлғаларға салық ставкасы 20%, ал ауылшаруашылығымен айналысатын заңды немесе жеке тұлғаларға табыс салығы 10 %.

        Бухгалтерлік есеп жүргізу барысында ХҚЕС және ҰҚЕС қолдану басты шарттардың бірі болып табылады. Әр стандартты қолдану барысында оларда белгіленген заңдардың қатаң сақталуы тиіс.

        Жоғарыда айтылған мәліметтер  туралы Қазақстан Республикасында  қабылданған актілерді,айта кететін болсақ, ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік » туралы заңы ,ҚР Қаржы министрлігінің №185 бұйрығы Бухгалтерлік есеп  шоттарының типтік жоспары, Халықаралық Қаржы Есебінің Стандарттары, №2 Ұлттық  Қаржы Есебінің Стандарттары, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Салық кодексі сияқты заңдарды  қолдана отырып және де шоттар мен әр түрлі мысалдар келтіре отырып толықтай тоқталатын боламыз.

 

 

 

 

1 Корпоративтік табыс салығын есептеуде жылдық жиынтық табыс

1.1 Жылдық жиынтық табыс және оның субъектілері және объектілері

 

      Салықтар кез-келген өркениетті мемлекеттердің негізгі кіріс көзі. Қазақстан Республикасы аумағында қолданылып жүрген заңды тұлғалардан алынатын барлық салықтар мен алымдардың ішінде  табыс салығының алатын орны ерекше. Жалпы алғанда, пайда дегеніміз шығыстарды шегергеннен кейінгі табыс, ал табыс-шаруашылық субъектілерінің өз тауарын,қызметін, жұмысын сатқаннан түскен түсім. «Табыс» категориясы қашанда «пайда» ұғымынан кең екендігі белгілі.Ал салық дегеніміз табыстан белгілі бір белгіленген ставка бойынша мемлекетке қаржы төлеу.Салықтың ставкасы белгілі заңдар мен экономикалық актілерде көрсетіледі.

Қазақстанда қабылданған  салықтық есеп ережесіне сәйкес, табыс – бұл есепті кезеңдегі активтердің өсуі немесе міндеттемелердің азаюы. Табыс алынған немесе алынуға тиіс өткізу құны бойынша бағаланады. Өткізу құны салық төлеуші мен сатып алушы немесе активтерді қолданушы арасындағы келісіммен анықталады.

Корпорациялық табыс  салығының құрылу негізі. Корпорациялық табыс салығы корпорациялардың табысына салынатын тікелей салық. Сондай-ақ бюджеттің реттеуші кірісі болып табылады.    Корпоративтік табыс салығы бюджет түсімдерінде едәуір орын алады (27,7%).

Бюджеттің кірісін реттелетін және бекітілетін салықтар құрайды.

Реттелетін  салықтар –қалыпты мөлшер бойынша бюджеттің әр деңгейі арасындағы бөлінетін салықтар.

Бекітілетін салықтар –тек бір бюджетке түсетін салықтар.

Табыс салығының салық салу субъектілері болып:

ҚР ҰБ мен  мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, ҚР резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ ҚР-да қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе ҚР-дағы көздерден табыс алатын резидент емес заңды тұлғалар жатады. (Салық кодексі 14-тарау. 77-бап.)

Заңды тұлға  дегеніміз ҚР-ның не шет мемлекеттің заңдарына сәйкес құрылған дербес мүлкі бар, сол мүлікпен құқықтар мен міндеттерге мүліктік және мүліктік емес қатынастарды жүзеге асыратын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым.

Резидент заңды  тұлға –ҚР-ң заңдарына  сәйкес құрылған немесе оның нақты басқару органдары Қазақстанда болатын заңды тұлға.

Резидент емес заңды тұлға –ҚР аумағында кәсіпкерлік қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын, сондай-ақ тұрақты мекеме құрмай ҚР-нан табыстар алатын шетел заңды тұлғалары.

Табыс салығының салық салу объектілері болып:

1)салық салынатын табыс;

     2)төлем көзінен салық салынатын табыс;

     3)ҚР-да  қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның таза табыс корпорациялық табыс салығы салынатын объектілер болып табылады. (Салық кодексі 14-тарау. 78-бап.)

    Салық салынатын табыс жылдық жиынтық табыс пен көзделген шегерімдер арасындағы айырма ретінде анықталады.

               Резидент-заңи тұлғаның жиынтық жылдық табысы салық кезеңі ішінде Қазақстан Республикасы мен одан тыс жерлерден алынуға тиіс(алынған) табыстардан тұрады. Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме  арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңи тұлғаның жылдық жиынтық табысы салық заңнамасына сәйкес анықталады, оған тұрақты мекеменің қызметіне байланысты табыстардың барлық түрлері жатады.(Салық кодексі 14-тарау. 80-бап.)

         Салық кодексіне сәйкес жылдық жиынтық табысқа мына төмендегілерді қоса, салық төлеушінің табыстарының барлық түрлері кіріктіріледі:

  1. тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) өткізуден түсетін табыс;
  2. үйлерді, ғимараттарды, құрылыстарды, сондай-ақ амортизациялауға жатпайтын активтерді өткізу кезіндегі құн өсімімен түсетін табыс;
  3. міндеттемелерді  есептеп шығарудан түсетін табыстар;
  4. күмәнді міндеттемелер бойынша түсетін табыстар;
  5. мүлікті жалға беруден түсетін табыстар;
  6. Қазақстан Республикасының заңнамасымен провизиялар жасауға рұқсат етілген банктер мен операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жасаған провизиялардың мөлшерін азайтудан түсетін табыстар;
  7. борышты талап етуді басқаға беруден түсетін табыстар:
  8. кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе тоқтатуға келісім үшін алынған табыстар;
  9. шығып қалған тіркелген активтер құнының ішкі топтың құн балансынан асып түсуінен алынатын табыстар;
  10. кен орындарын игеру зардаптарын жою жөніндегі қорына аударылған соманың асып түсуінен алынатын табыстар ;
  11. ортақ үлестік меншіктен түсетін табысты бөлу кезінде алынатын табыстар;
  12. бұрын негізсіз ұсталып, бюджеттен қайтарылған айыппұлдардан басқа, борышкерге салынған немесе ол мойындаған айыппұлдар, өсімпұлдар және санкциялардың басқа да түрлері, егер сомалар бұрын шегеріп тасталмаған болса;
  13. бұрын жүргізілген шегерімдер бойынша алынған өтемақылар;
  14. өтеусіз алынған  мүлік, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер;
  15. дивидендтер;
  16. сыйақылар;
  17. оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі;
  18. ұтыстар;
  19. роялти;
  20. әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде алынған    табыстардың шығыстардан артығы.

       Алынған  жиынтық жылдық табыс түзетілуі, яғни салық төлеушінің бұл табысынан мыналар алынып тастауы тиіс:

  1. Қазақстан Республикасындағы төлем көзінен бұрын салық салынған, Қазақстан Республикасының резидент-заңи тұлғасынан алынған дивидендтер;
  2. Эмитент өз акцияларын орналастыру кезінде алған олардың құнының номиналдық құнынан асып кетуі және эмитенттің өз акцияларын өткізу кезіндегі құн өсімі;
  3. Қор биржасының “А” және “В” ресми тізімдерін тұрған акциялар мен облигацияларды өткізу кезіндегі құн өсімімен алынған табыс;
  4. Мемлекеттік бағалы қағаздармен жасалған операциялардан түскен табыстар;
  5. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған ретте ізгілік көмек түрінде алынған және мақсатты түрде пайдаланылған мүліктің құны;
  6. Мемлекеттік кәсіпорынның Үкімет шешімі негізінде мемлекеттік органнан немесе мемлекеттік кәсіпорыннан өтеусіз негізде алған негізгі негізгі құрал-жабдықтардың құны;
  7. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамаға сәйкес алынған және жеке зейнетақы шоттарына жіберілген инвестициялық табыстар.

 

1-кесте. Корпоративтік табыс салығын(КТС) есептеу (шоттар)

 

Операция

ХҚЕС бойынша шоттар корреспонденциясы

дебет

кредит

1

Есептік кезеңге КТС есептелді

7110

3110

 

Уақытша айырмашылықтар нәтижесінде  пайда болған немемсе жойылған КТС-на жатады:

   
 

-бюджетке төлеу

7710, «Кейінге қалдырылған КТС  бойынша шығындар»шоты

4310

 

- шығындардың пайда болуының нәтижесіндегі есептемелер

2810

3310

2

КТС бойынша аванстық және соңғы  төлемдер сомасы төленді

7710

1010,1030

3

Есептік кезең соңында 7710 шотын жабу

5510

7710

Басқада салықтар мен  төлемдер

1

Жеке табыс салығы есептелді

3350

3120

 

*жалақыдан ЖТС ұсталынды

3350

3120

2

Әлеуметтік салық(ӘС) есептелді

2920,7110,7210,8110,8210,8310,8410

3150

 

*ӘС бюджетке төленді

3150

1010,1030

Информация о работе Корпоративтік табыс салығы