Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2012 в 22:41, курсовая работа
Капитал экспорты, әсіресе оның тікелей инвестицияны саны ұлттық өндірісті халықаралық өндіріске айналдырып, халықаралық өнім шығаруды ынталандырады .Яғни, инвестициялар ел ішіндегі капиталдың шетелдегі экономикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы.
Бұл мақсатарға жету барысында мынадай міндеттер шешілуі тиіс:
Инвестиция жайлы жалпы түсінік алып, оның қажеттілігін білу керек;
Корпоративтік бірлестіктердің инвестициялық саясатынының жағдайымен танысу;
Опциондық әдістердің қолданылуын қарастырып, білу;
Жалпы опцион дегеніміз не, соны анықтау қажет.
Кіріспе...................................................................................................3
І Корпоративтік инвестициялық саясаттың теориялық негіздері
1.1 Инвестицияның мәні,қажеттілігі..............................................................4
1.2 Инвестициялық саясаттың корпорация қыз-
метіндегі ролі, түрлері.....................................................................................7
1.3 ҚР корпоративтік бірлестіктердің инвести-
циялық саясатының жағдайы........................................................................11
ІІ Корпоративтік инвестициялық саясатты жасаудағы опциондық әдістердің қолданылуын талдау
Опциондық келісімдер..............................................................................14
Опциондық әдістерді пайдалануды талдау.............................................17
Опциондарға баға белгілеу теориясы......................................................20
Қорытынды.....................................................................................................25
Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................................26
Капитал экспорты, әсіресе оның тікелей инвестицияны саны ұлттық өндірісті халықаралық өндіріске айналдырып, халықаралық өнім шығаруды ынталандырады .
Капиталды
шетке шығару мынаны сандарда жүргізіледі:
өнеркәсіп, сауда т.б. кәсіпорындарына
тікелей инвестициялар; портфельдік инвестициялар
(шетелдік облигацияларды, акцияларды
және басқа да құнды қағаздарды
алу үшін); орта және ұзақ мерзімді халықаралық
несиелер мен қарыз капиталдарын өнеркәсіп
және сауда корпорацияларына, банктерге
т.б. мекемелеріне беру; капиталдың ауысуы
мен шетелдік инвестициялардың айырмашылығын
ажырата білу қажет.
1.3 ҚР корпоративтік бірлестіктердің инвестициялық саясатының жағдайы
Іскерліктің корпоративтік түрі заман талабына сай пайда болған жаңа ұғым. Корпорация - дамыған шет елдерде кең тараған, үлестік жеке меншікті, жалданып жұмыс істейтін кәсіпкерлігі жоғары басқарушылар қызметтеріне сүйеніп, кәсіпкерлік қызметті ескеретін ұйымдастырудың бір түрі. Кәсіпкерліктер мемлекеттік те, жеке меншік те болады. Кәсіпкерліктің заңды дәрежесі түсім салығын реттеу жүйесін анықтайды. Корпоративтік бірлестіктер мемлекеттік басқару бөлімдерінде тіркелген тікелей өз атынан іс жасай алатын заңды тұлға. Олар да өз меншіктерінде үлестері де болады, қарыздануы да мүмкін және де олар біреуді айыптауы немесе істі болулары да мүмкін.
Қаржылық жүйе теориясы тұрғысынан қарасақ, корпоративтік басқару дегеніміз, индустриялық аймақтағы альтернативалық қолданушылар арасында қорларды ретімен бөлуді және жинақтарды инвестиция ретінде қолдануды қанағаттандыратын келісімдер деуге болады. Ал заң тұрғысынан, корпоративтік басқару – кәсіподақты құру және ұйымдастыру негізіндегі заңды концепциялар мен істердің, дәлірек айтқанда, акционарлердің құқығына қатысты әрекеттердің жалпы атауы.
Алайда, корпоративтік басқаруды анықтауда ең негізгі екі бағыт бар.
Олардың бірі корпоративтік басқаруды шешім қабылдаудың көпірі ретінде бағаласа, екіншісі – іскерліктің корпоративтік түрінен, яғни, жеке меншік иелері институттары мен басқарушылар институттарын бөлуден туындаған салдарға негізделген және корпоративтік келісімдерге қатысушылардың қандайда бір тобының құқықтарын менеджерлердің тиімді емес іс-әрекеттерінен қорғауға бағытталған анағұрлым жиі қолданылатын көзқарас. Екі жағдайда да корпоративтік басқарудың мәні корпоративтік келісімдердегі есепке алынатын қатысушы жақтардың мөлшеріне тәуелді. Нақтырақ, бұл акция иелерінің құқығын қорғау болып табылады. Келесі бір көзқарас бойынша, мұнда акция иегерлерімен қатар, қаржылық инвесторлар тобын құрайтын несие берушілерді де жатқызады. Сонымен, корпоративтік басқару – бұл әрі қаржылық инвесторлардың (мемлекет, жұмысшылар, кәсіпорындар мен серіктестер), әрі қаржылық иегерлердің (несие берушілер, акция иегерлері) құқығын қорғау.
Акция
иегерлері корпоративтік
Акционерлік
компанияларда акционерлік
Қ.Р.
өндіріс шаруашылығы әрекетінің
маңызды бір бөлігі оның өндірістік
экономикалық потенциалын сақтау және
әрі қарай дамыту мақсатында жүзеге
асырылады. Кәсіпорынның бұл саладағы
әіс әрекеттері инвестициялық әрекеттер
деп аталады. Қ.Р. кәсіпорынның инвестициялық
әс әрекеттері нақты инвестициялық мемлекеттік
қолдау туралы заң күші жарлығына өзгертулер
мен толықтырулар енгізу туралы салықтар
және бюджетке міндетті түрдегі төлемдер
туралы шетел инвестициялары туралы жарлығымен,
т.б. нормативтік актілермен реттеледі.
Қ.Р. инвестициялық жобалардың тиімділігін
анықтаудың методологиясы мен әдістері,
меншік формасына қарамастан, Ресейде
жасалынған және 31 наурыз 1994 жылы бекітілген
инвестициялық таңдап алу жайлы Методикалық
нұсқауларды қолдану арқылы негізделеді.
ІІ Корпоративтік инвестициялық саясатты жасаудағы опциондық әдістердің қолданылуын талдау
2.1 Опциондық келісімдер
Опцион еңбек ұжымының мүшелеріне тегін берілетін немесе жеңілдік шартымен сатылатын және кейіннен жазылым құнының беретін бағалы қағаздар. Опциондар кез келген активке берілуі берілуі мүмкін, алайда жылжымайтын мүлік пен бағалы қағаздарға берілетін опциондар өте кең таралған. Опционды иеленуші тұлға оны сатуға немесе сатып алуға құқылы, бірақ міндетті емес, опционның ең негізгі сипаттамасы да осы қасиеті болып табылады. Осылайша, егер опционды орындауда келеңсіз жағдайлар туындаса, опционның иегері оны орындаудан бас тартуға құқылы. Опциондар пайда болғалы бірнеше жылдар өтсе де, олар әлі кең таралған жоқ. Осыған дейін опциондық келісімдер шарттары сатушы мен сатып алушы арасында келісімдердің әрқайсысында тікелей қарастырылатын. Сондықтан 1973 жылы ең бірінші болып «Chicago Board Option Exchange» опциондық биржасы пайда болды.
Опциондық келісімдердің пәніне мыналар жатады:
Сонымен қатар, фьючерстік опциондар да кеңінен қолданылады. Олар келесі активтердің біріне бағытталған қандайда бір фьютерстік опциондарды сатып алу немесе сату құқығын береді:
Енді опциондық келісімдер жүргізудегі негізгі ұ,ымдарға тоқталсақ. Опцион колы деп, арнайы келісілген мерзімде қандай да бір бағамен белгілі бір опциондарды сатып алу құқығы. Опцион путы - арнайы келісілген мерзімде қандай да бір бағамен белгілі бір опциондарды сату құқығы. Опцион бағасы деп, опционды сатып алушының сатушыға беретін төлем мөлшері алынса, орындау құны деп, опционды ұстап тұрушының 100 акцияны сату немесе сатып алуына болатын акциялардың құнын айтады.
Мысалы,
IBM акциялараының опцион колдарын орындау
құны 100 доллар болған. Әдетте, опциондық
биржадағы айналымдағы опциондардың опциондық
құндары әртүрлі путтері де, колдары да
бар.
2.2 Опциондық әдістерді пайдалануды талдау
Экономикада опциондық әдістерді пайдалану барысында нарық қатысушыларының барлығына таныс бірқатар терминдер қолданылады. Солардың бірнешеуіне тоқталып кетейік.
Колл опцион – белгіленген мерзім ішінде нақты бір бағамен акциялардың берілген санын сатып алуға құқығы. Мысалы, IBM компаниясының 100 доллар тұратын акциясына 90 күндік колл опцион оны ұстаушыға 90 күн ішінде 100 доллармен оның акциясын сатып алуға құқық береді
Пут опцион – келісілген мерзім ішінде белгіленген бағамен нақты бір акция санын сатуға құқық береді
Опцион бағасы – опционды жазып берген тұлғаға сатып алушы төлеуі қажет сома. 1991жылы 22 қарашада «Ford» компаниясының акциясына пут опцион бағасы 5.375 доллар құраса, IBM компаниясының акциясына колл опцион бағасы 4.625 долларды құрады. Биржадада айналыста болатын акцияға опциондық келісімдерді 100 акциямен сатады, яғни IBM компаниясының акциясына колл опционына төленетін соманың ең төменгі бағасы 100 акцияға 4.625 доллар болады.
Орындалу бағасы – опционды ұстаушы 100 акцияны сатуға немесе сатып алуына болатын акция бағасы. IBM компаниясының акциясына колл опционның орындалу бағасы 100 доллар болса, «Ford» компаниясының акциясына пут опционның орындалу бағасы 30 долларға тең. Әдетте, опциондық биржаларда айналыста болатын акциялар орындалу бағасы әртүрлі болатын колл және пут опциондарды иеленеді.
Опцион уақытының өтуі – опцион орындалуы мүмкін болатын соңғы күн. Опциондық биржаларда опцион уақытының өту күні болып, опциондық келісімдер бітітін ай қарастырылады.
Европалық және американдық опциондар . Европалық опциондар Опцион уақытының өтіп кетуі сәтінде орындалуы мүмкін. Басқаша айтқанда, ол опционды ұстаушыға қарапайым акцияны нақты белгіленген күні сатып алуына құқық береді. Американдық опциондар нақты белгіленген күні немесе сол мерзімгі дейінгі кез –келген уақытта орындалуына құқық береді.
Опциондық баға белгілеу теориясын талқылаудан бұрын мына мысалды қарастырайық. Тез бұзылатын азық – түліктер бойынша лицензия берумен айналысатын «Butler» компаниясының акциясына біржылдық колл опцион сатылады дейік. Әрбір опционның 35 доллар орындалу бағасы бар, бірақ «Butler» акциясы 40 долларға сатылады. Егер бір жылдан кейін опцион мерзімі бітететін болса, онда «Butler» акциясын не 30 не 50 доллардан сатады. Бұл жағдайда колл опцион бағасы қандай болады? Осыған жауап берейік.
1.Опцион
мерзімі өткен сәтте түсу мүмкіндігін
талдау. Бұл сәтте акция бағасы не 30 не
50 долларға тең болады, және опцион бағасы
мерзімі өткен сәтінде «Butler» акциясының
бағасына тәуелді болады. Осылай, мерзімі
өткен сәтінде мынадай жағдай белгілі
болады:
Акция бағасы. Опцион құны
Төмен
Жоғары
Бағаны шашу 20 .. 15
Акция бағасы. 0.75 акция құны Опцион құны
Төмен 30 22.50 0
Жоғары 50 37.50 15
Бағаны шашу 20 .. 15.50 15
3. Колл опционды бағалау. Тәуекелсіз портфель мерзімі жеткен сәтте 22.50 доллар тұруы тиіс. Егер тәуекелсіз мөлшерлеме 8% ға тең болса портфельдің дисконнттық құны 22.50:1.08=20.83 доллар болады. «Butler» компаниясының акциясы бағасы 40 долларға тең болса, тәуекелсіз портфель акциялар бағасы 0.75* 40 доллар=30 долларға тең инвестиция талап етеді.
Әрине бұл мысал шындыққа жанаспайды, себебі «Butler» компаниясының акция бағасы бір жылдан кейін нөльге тең болуы мүмкін. Бірақ бұл мысал инвестор тәуекелсіз портфель құра алатынын көрсетеді,және портфель табыстылығы тәуекелсіз пайыздық мөлшерлемеге тең болатын еді.
Келесі
бөлімде опциондарға баға белгілеу
теориясын қарастырамыз. Ол
2.3
Опциондарға баға белгілеу
теориясы
Опцион – белгілі уақыт аралығында опционды ұстаушыға немесе белгілі – бір активті алдын-ала белгіленген бағамен сату немесе сатып алуға құқығын білдіреді.
Опцион оны ұстаушының шешімі бойынша іске асырылуы мүмкін. Оның маңызды бір ерекшелігі болып мынау табылады: яғни, опцион оны ұстаушыға ешқандай жағымсыз әсерлер әкелмейді. Себебі, одан кез-келген уақытта бас тартуға болады. Егер опцион болашақта табыс әкелетін болса, онда ол осы уақытта нақты бір құндылыққа ие, ол аз көлемде болуы мүмкін. Опциондар пайда болғанына көп болғанымен тауарлық опциондармен мәміле жасау 1800- жылдардың ортасында басталды, опциондарға баға белгілеу теориясы 1973 жылы қабылданды. Осы жылы Фишер Блэк және Майрон Шоулз опциондарға баға белгілеу моделі туралы жұмысын басып шығарды.
Опционның уақыты жеткеннен кейін позицияның құны анықталған болады және эффективтік нарық жағдайында атқару бағасына теңеседі, Рх ағымдағы құн (өзіндік құн) позициясы Рх –ке , тәуелсіз мөлшерлеме дисконттыққа тең болуы керек:
Рs + PP- Pc = Px/(1+KRF)t, (1)