Корпоративті қаржы

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 20:49, реферат

Описание работы

Қаржы дегеніміз - экономикалық категория. Ол ұлттық табиғатты, қоғамдық өнімді бөлу кезінде пайда болған орталықтандырылған ақшалай қорлардың қалыптасуы және оларды өндіріске қолдану, қоғам қажеттілігін қанағаттандыруды айтамыз. Оның обьектісі - қаржы ресурстары болып табылады, ал субьектісі - мемлекет, емес ұйымы болып табылады.

Работа содержит 1 файл

Амиреева А Корпор каржы РЕФЕРАТ.docx

— 44.53 Кб (Скачать)

 

       Өзін-өзі реттеу принципінде кәсіпорынға (корпорацияғa) қолда бар материалдық, еңбек және қаржы ресурсының негізінде өндірістік және ғылыми-техникалық даму жөнінде шешім қабылдауға, сондай-ақ оны іске асыруға толық дербестік беріледі.    

     Кәсіпорын (корпорация) өзінің қызметін тікелей жоспарлайды және шығарылатын өнімге (қызметке ) сұранысты негізге ала отырып өзінің даму келешегін белгілейді. Жедел және ағымдағы жоспарлар өнімді (қызметті) тұтынушылармен және материалдық ресурсты жеткізушілермен жасалған шарттарға (келісімшартарға) негізделеді. Қаржы жоспары өндірістік жоспарда (бизнес-жоспарда) қарастырылған іс-шараларды ақша ресурсымен қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік бюджет жүйесінің мүддесіне кепілдік беруі тиіс. Айналым қаражатын толықтыру негізінен меншік қаржылай ресурстың (таза пайданың), ал өзін-өзі өтеу принципі корпорацияны дамытуға салынған қаражат таза пайданың және амортизациялық аударымның есебінен өтелуге негізделеді. Осы қаражат кэсіпорынға (корпорацияға) тиесілі меншік капиталдың барынша төмен шамадағы нормативтік экономикалық тиімділігін қамтамасыз етуге тиіс.  

      Кәсіпорын өзін-өзі өтеген жағдайда ол қарапайым ұдайы өндірісті өзінің меншікті көзі есебінен қаржыландырады, сонымен бірге бюджет жүйесіне салық төлейді. Іс жүзінде осы принципті іске асыру үшін барлық кәсіпорындар пайдалы жұмыс істеуі және залалды жоюы тиіс.   

    Өзін-өзі өтеумен салыстыра отырып өзін-өзі қаржыландыруда жұмыстың пайдалылығы ғана емес, сонымен бірге жай шектеліп қалмай, керісінше, кең салалы ұдайы өндірісті де қамтамасыз ететін қаржы ресурсын, сондай-ақ бюджеттік жүйесінің кірісін де коммерциялық негізде қалыптастыра алады. Өзін-өзі қаржыландыру принципінде кәсіпорынның (корпорацияның) шартты міндеттемелерді, кредит-есеп айырысу және салық тәртібін сақтау үшін материалдық жауапкершілігі күшейтіледі. Кәсіпорын шаруашылық шарттарды бұзу үшін басқа ұйымдарға айыппұл санкциясын төлеп, сондай-ақ келтірілген залалды өтеуде (тұтынушының келісімінсіз) өнім (жұмыс, қызмет) жеткізу міндеттемелерін орындауға міндетті.   

    Өзін-өзі қаржыландыру принципін жүзеге асыру үшін төмендегі бірқатар талаптарды сақтау қажет, олар:

  • меншік капиталды ағымдағы ғана емес, инвестициялық қызмет бойынша шығынды өтеуге жеткілікті мөлшерде жинақтау;
  • капитал салынатын ұтымды бағыт таңдау;
  • негізгі капиталды ұдайы жаңарту;
  • тауарлық жэне қаржы нарығының қажетіне икемді ден қою.

 

      Айналым қаражатын қалыптастыру көзін меншік және қарыз қаражатқа бөлу шаруашылықтың жекелеген салаларында өндіріс технологиясымен және оны ұйымдас тыру ерекшеліктеріне байланысты. Өндірісі науқанды сипаттағы салаларда (сауда, тамақ өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және т.б.) айналым қаражатын қалыптастыруда қарыз көздерінің үлесі артуда. Өндірісі науқандық емес сипаттағы салаларда (ауыр өнеркәсіп, көлік, байланыс) айналым каражаты құрылатын көздер құрамында көбінесе меншік айналым қаражаты басым.   

   Қаржы резервін құру нарық жағдаяты ықтимал ауытқитын, сонымен бірге өз міндеттемелерін орындамау үшін әріптестер алдында материалдық жауапкершілік артқан жағдайда кәсіпорынның (корпорацияның) тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажет. Акционерлік қоғамда қаржы резерві кәсіпорынның жарғысына сәйкес таза пайдадан қалыптастырылады.    

   Іс жүзінде осы принциптер шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржы саясатын әзірлеуде және қаржыны басқару жүйесін ұйымдастыру кезінде жүзеге асырылуы тиіс. Мұның өзінде:

  • қызмет саласын (коммерциялық жэне коммерциялық емес қызмет);
  • қызметтің түрін (бағытын) (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік, құрылыс, сауда және т.б.);
  • кәсіпкерлік қызметтің ұйымдастыру-құқықтық нысанын ескеру қажет.

 

      Практикада көрсетілген принциптерді сақтау кәсіпорын (корпорация) қаржысының тұрақтылығын, оның төлем қабілеттілігін, кірістілігі мен іскерлік белсенділігін қамтамасыз етеді.

 

 

  1. Корпоративтік құрылымды ұйымдастыру нысандары және олардың артықшылықтары

 

Бизнесті ұйымдастырудың басқа  нысандарымен салыстырғанда корпорацияның  өзінің меншік иелерінен дербес тіршілік ететіні оның негізгі ерекшелігі болып табылады. Корпоративтік шаруашылық жүргізуі келесі экономикалық нысанда  ұйымдастырылуы мүмкін:

  • деңгейлес корпорациялау;
  • сатылас корпорациялау;
  • әр тараптандырып корпорациялау.

Деңгейлес корпорациялау бір тектес өнім нарығында өндіріс ауқымын кеңейту негізінде қалыптастырылады. Ол ұзақ мерзімді мүдделер келтіруі ықтимал зиянды жоя отырып, саладағы бәсекелік жайғасымдарды үзақ мерзімді

келешекке нығайту үшін күреске  ынталандырады. Бұл ретте бәсекеге қабілеттілік ағымдағы пайданың көрсеткіштерімен теңдестірілмейді, біртектес өнім нарығындағы  ұзақ мерзімді артықшылық ретінде карастырылады. Олардың арасынан бұйым сапасы мен  сол бұйым сатылатын бағаны; инновациялық әлеуетті, өндірістік және бұйымды  өткізу қуатының жеткіліктілігін; сату мөлшерінің сақталуын немесе оның ұлғаюын  қамтамасыз ететін ұзақ мерзімді қызмет стратегиясының болуын ерекше атап өту  қажет. Республикада деңгейлес 

корпорациялаудың даму табалдырығы  «Бәсеке және монополиялық қызметті

шектеу туралы» Заңда (14-бап): белгіленген  тауар нарығында жиынтық  үлесі 35%-ды құрайтын нарық субъектілерінің  кез келген нысандағы толықтай немесе ішінара жетіскен келісімі деп белгіленген. Осы табалдырықтан асу бәсекені шектеуге әкеп соқтыруы мүмкін деп  саналады.

Сатылас корпорациялау шикізат өндіруден бастап түпкілікті өнім жасап, оны сатуға дейінгі өндірісті біріктіру негізінде қүрылады. Ол өндірістердің технологиялық өзара  тәуелділігі мен процестердің уақыт пен кеңістікте үйлесетін 5 жүйелілік принципіне сүйенеді. Сатылас корпорациялаудың тиімділігі капиталды шоғырландыруға және ғылыми-техникалық прогрестің ықпалымен қоғамдық еңбекті бөлуді тереңдетуге қол жетіскен үздіксіз өндірісте (химия, металлургия, мұнай және газ өнеркәсібі және т.б.) артады. Сатылас корпорациялау табылдырығына жеткенде технологиялық және кооперациялық байланысты одан әрі кеңейтуден алынатын пайда нормасы төмендейді деп саналады.

Әртараптандырылған  корпорациялау түрлі өндірістерді біріктіру есебінен калыптастырылады. Корпорациялаудың осы нысанында кәсіпкерлік кызметтің тәуекелі, сонымен бірге «біртектес өнім» нарығының жағдайынан тәуелділік төмендетіледі, бұдан да кең экономикалық негіз қамтамасыз етіледі, жаңа қызмет аясында бәсекелік артықшылықка, сондай-ақ сыйымды нарыққа жеткізіледі, ұзақ мерзімді келешекте жоғары пайда алынады. Әртараптандырылған корпорациялаудың даму табалдырығына жеткенде қызмет шеңберін кеңейтуден алынатын пайда нормасы төмендейді деп саналады. Пайда алу мүмкіндігін

айтарлықтай кемітпеу және акционерлердің әл-ауқатына әсер етпеу үшін жаңа өндіріс  құруға жұмсалатын шығын жоғары болмауы  тиіс. 

Әртараптандырылған корпорациялауда  өндірістің тиімді  
теңгерімділігіне кол жеткізу үшін активтердің орынды балансына және жалпы операциялық тұрақтылыққа жетуге мүмкіндік беретін қоржын стратегиясы қолданылады. Корпорациялау нысандарын тиімділік өлшемі бойынша карастырсақ, әртараптандырылған және сатылас сызба тиімді, ал деңгейлес сызба тиімсіз деген пікір қалыптасса да, олардың қайсысының тиімді екенін

дәл айту қиын. Алайда әлемдік тәжірибеде олардың тиімділік дәрежесі бірдей

бағаланбайды. Осы нысандардың  әрқайсысы өзінің тиімділігін экономикалық «тіршілік етуі» құқылы және өндірісті  ұйымдастырудың мына артықшылықтарды қамтамасыз етеді:

Корпоративтік форманың елеулі кемшілігінің бірі - оған  қос дүркін салық салынуы (корпоративтік  табыс салығы және дивидендтік табысқа  салынатын салық) болып табылады, алайда серіктестік нысанында жұмыс  істейтін шағын корпорация тек корпоративтік  табыс салығын ғана төлейді. Бүкіл  әлемде корпорация түріндегі акционерлік  коғамның сан алуан түрі бар. Нарықта  әр елдің жүріс-тұрыс ережесі  әр түрлі, алайда олардың ең басты  ерекшелігі - ұжымдық (көпшілік) меншік құқығы және шектеулі жауапкершілік  сол күйінде калды.

Холдингтік компания (өнеркәсіп, көлік, сауда, банк ісі және т.б.) корпорация ұйымдастырудың жетекші нысанының бірі болып табылады.

Холдинг (иеленуші) компания - басқа  компаниялардың кызметін бақылау және басқару мақсатында, олардың бақылау  акцияларын иелену үшін құрылатын каржы  компаниясының (АҚШ, Канада, Жапония) ерекше түрі.

Холдинг компаниясының мынадай  екі түрі болады:

  1. тек бақылау-басқарушылық және қаржы функцияларын орындайтын таза холдинг;
  2. көрсетілген функциялармен қоса белгіленген кәсіпкерлік - өндірістік-сауда, кредит-каржылық және т.б. Қызметпен айналысатын аралас холдинг.

Холдингтің өз капиталынан бірнеше  рет асатын капиталы болуы мүмкін. Холдинг, сол немесе басқа компанияның  бақылау акциясын сатып алумен қатар, бақылаудағы компанияның директорлар кеңесіне және басқа да басқару органына өз өкілдерін тағайындауы мүмкін. Холдингтік компанияның мына артықшылықтары болады: меншік капиталдағы үлес түріндегі айтарлықтай бақылау (10-15%);

  • тәуекелді жою (элиминациялау). Жүйе ішіндегі жекелеген компаниялар дербес заңды тұлға болып табылады және олардың кез келгенінің міндеттемелері  басқа компаниялардың міндеттемелерінен бөлінген. Тәуекел сол себептен төмендетіледі. (Алайда іс жүзінде бас компания тауарларды (қызметтерді) сатып алушыларды ұстау, сондай-ақ бастапқы инвестициялар бағдарламаларын жүзеге асыру және өзінің еншілес компаниясына кредит беретін банкіге кепілдік беру және т.б. үшін өз филиалдарына жиі көмек көрсетуге мәжбүр болады). Бірігу - екі және одан астам компанияның әлеуетін біріктіру тәсілінің бірі. Осындай бірігу кезінде мәміліге тартылатын компаниялардың бүкіл активі, сондай-ақ басқарушы және техникалық тәжірибеде біріктіріледі.

Корпоративтік альянстар компанияларға  өзінің күш-жігерін белгіленген  бизнес түріне (жаңа технологияларды  және тауар өткізу нарығын игеру) шоғырландыратын кұрылым кұруға мүмкіндік береді. Альянстың нарыққа  тікелей бағдарланған келісімнен бастап бірлескен меншік пен халыкаралық  ауқымдағы операцияларға дейін  камтитын көптеген нысаны бар. Корпоративтік  альянс нысанының біріне бірқатар компания белгіленген мақсаттарға (тоғыспалы лицензиялау, консорциумдар, сауда-саттық бірлесіп өтінім беру және т.б.) жету үшін бірігетін бірлескен кэсіпорын жатады.

Трансұлттық компанияларға (ТҰК) - шет елде операцияларды жүзеге асыратын ірі компаниялар жатады. ТҰК-ның бас холдингі экономикалық және маркетингтік стратегия әзірлейді, барлық филиалдардың қаржы саясатын үйлестіреді, ірі ауқымды ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстар жүргізеді.

Өнеркәсібі дамыған елдерде (АҚШ, Канада, Жапония) корпорациялар 

төмендегі себептермен трансұлттыққа  айналады:

  1. тауарды өткізетін жаңа нарық іздестіру және игеру;
  2. шикізат пен энергия ресурсының көздерін іздестіру;
  3. жаңа технология іздестіру;
  4. экономикалық және саяси тәуекелдерді әртараптандыру, бұған бүкіл элемде өндірісті және тауар өткізу желісін ұйымдастыру арқылы қол жеткізіледі;

5) саяси  кедергілерді және бақылау шараларын  айналып  өту (автокөлік, электроника және т.б. импортының квотасын айналып өту);

6) өндірістің  тиімділігін арттыру жолдарын  іздестіру (өндірістің шығынын  шикізат, материал, еңбекақы төлеу және т.б. шығынынан төмен елдерге өндірісті көшіру).                                                                                                        15

Корпорация  басшылығы қаржыны басқару процесінде оның төмендегі түрлі максаттарды  коюы мүмкін:

•   банкроттыққа  және  қомақты   қаржының  ысырап болуына жол  бермеу; бәсекелік күресте көшбасшы болу;

  • акцияның бағамдық құнын арттыру арқылы «фирманың бағасын» барынша көтеру (меншік капиталдың құнын ең жоғары шамаға көтеру);
  • өндірістің және сату мөлшерін ұлғайту;
  • пайданы барынша шамаға көтеру және шығынды барынша шамаға төмендету;
  • активтің меншік капиталдың және сатудың және т.б. кірістілігінің жеткілікті деңгейін камтамасыз ету.

Қаржы-өнеркәсіп тобы - негізгі және еншілес қоғам ретінде іс-әрекет жасайтын, қаржылық-өнеркәсіп тобын құру туралы шарт негізінде өзінің материалдық және материалдық емес активтерін (қатысу жүйесі) не толықтай не ішінара біріктірген заңды түлғалардың жиынтығы болып табылады. Қаржы-өнеркәсіп тобы инвестициялық, сонымен бірге бәсекелестікті арттыруға және тауар мен кызметті өткізу нарығын кеңейтуге, өндіріс тиімділігін арттыруға, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған өзге жобалар мен бағдарламаларды іске асыру үшін технологиялық және экономикалық бірігу

мақсатында құрылады.

Топқа қатысушыларға топты құру, сондай-ақ өздері құрған орталық компания (ОК) туралы шартқа қол қойған заңды  түлғалар жатады. Қаржы өнеркәсіп  тобына қатысушылар арасында тауар  мен қызмет өндірісі саласында іс-әрекет жасайтын ұйымдардың, сонымен бірге  банкілердің және өзге де кредиттік ұйымдарының міндетті түрде болуы тиіс. Қатысушылар құрамына қаржы-өнеркәсіп тобындағы инвестициялық процесті қамтамасыз ететін инвестициялық институттар, зейнетақы корлары, сақтандыру компаниялары кіруі мүмкін (2-сурет).

Информация о работе Корпоративті қаржы