Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Апреля 2012 в 11:09, курсовая работа
«Корпоративтік қаржы» пәні бұл корпорациялардың, яғни шаруашылық субъектінің қаржылық ерекшеліктерін зерттейді. Мұнда корпорацияеның қаржылық жағдайын бағалау, қаржылық жоспар мен болжамдар құру, экономиканың тұрақсыздығында корпорацияның қызмет ететін түрлі салаларда дұрыс қаржылық шешімдер қабылдау жағдайы сияты мәселелер қарастырылады.
Корпоративтік қаржылар түсінігі және құрамы
Корпорация қаржыларының функциялары
Корпоративтік қаржылардың қалыптасуы және негізгі белгілері
Корпоративтік қаржыларды ұйымдастырудың принциптері
Корпорация қаржыларын ұйымдастыру ерекшеліктері
Корпорация қаржыларын басқаруды ұйымдастыру
Корпорацияның қаржылық службаларының міндеттері
Корпорацияның қаржылық службалары және олардың функциялары
Корпорацияның қаржылық ресурстары
Корпорацияның ішкіфирмалық және сыртқы ортасының қаржылық аспектілері
Корпорацияның қаржылық айналымнан тыс активтерінің сипаттамасы
Корпорацияның айналымнан тыс активтерінің экономикалық табиғаты, құрамы және бағалау әдістері
Негізгі қорларды пайдалану тиімділігі
Ұдайы өндіріс, техникалық қарулану және негізгі қорларды қайта құрылымдаудың мәні
Амортизация және оның негізгі қорларды жаңартудағы ролі
Амортизациялық аударымдар есептеу әдістерінің сипаты
Материалдық емес активтер, оларды иелену көздері және амортизация
Корпорацияның инвестициялық қызметін жүзеге асыру сипаттамасы
Инвестициялық қызметті қаржыландыру көздерінің сипаттамасы
Қазақстандағы инвестициялаудың негізгі көздерінің сипаты және ролі
Компанияның қаржыландырудың қарыздық көздері
Ұзақ мерзімдік қарыздық қаржыландыру көздерінің түрлері
Корпорацияның мерзімдік қаржыландыру көздері
Капитал бағасы
Компания капиталының құнының түрлері
Компания капиталының бағасы мен құрылымының өзара байланысы
Компания туралы қаржылық ақпарат көздері
Компания қаржылық жағдайын анықтайтын баланс активтері мен пассивтері баптарының қатынасы
Корпорацияның әр түрлі қызметтерінен түсетін ақша қаражаттарының ағымы
Қаржылық тұрақтылық факторларының классификациясы
Қаржылық жоспарлаудың негізгі әдістері
Қаржылық жоспарлаудың міндеттері мен принциптері
Стратегиялық ағымдағы және оперативтік қаржылық жоспары
Банкроттық нысандары
Конкурстық өндіріс
Қайта ұйымдастыру процедураларын жүзеге асыру түрлері мен тәртібі
Жоспар:
1.Корпоративтік қаржылар түсінігі
Корпорациялар қаржысы – бұл корпорацияның негізгі және айналым капиталын, ақшалай қаражат қорларын қалыптастыру және оларды пайдалану процесінде пайда болатын қаржы немесе ақша қатынастары.
«Корпоративтік қаржы» пәні бұл корпорациялардың, яғни шаруашылық субъектінің қаржылық ерекшеліктерін зерттейді. Мұнда корпорацияеның қаржылық жағдайын бағалау, қаржылық жоспар мен болжамдар құру, экономиканың тұрақсыздығында корпорацияның қызмет ететін түрлі салаларда дұрыс қаржылық шешімдер қабылдау жағдайы сияты мәселелер қарастырылады.
Корпорацияның қаржылық қатынастарын экономикалық мазмұнына қарай келесі бағыттарда топтастыруға болады:
-корпорацияны құру сәтінде жарғылық капиталды құрумен байланысты құрылтайшылар арасында пайда болатын қатынастар;
-өнімді (тауарды, жұмысты және қызметті) өндірумен байланысты корпорация мен ұйымдар арасындағы қатынастар;
-корпорация мен оның бөлімшелері арасындағы қатынастар;
-табыстарды бөлу және пайдалану, акциялар мен облигацияларды шығару және орналастыру, сыйақылар мен дивидендтерді төлеу және т.с.с. барысында корпорация мен қызметкерлер арасындағы қатынастар;
-корпорация мен жоғарғы ұйымдар, корпорацияның мүшелік ететін одақтар мен ассоцияциялар арасындағы қатынастар;
-корпорация мен мемлекеттің қаржы жүйесі арасындағы қатынастар;
-корпорация мен банк жүйесінің арасындағы қатынастар;
-корпорация мен сақтандыру компанияларының арасындағы қатынастар;
-корпорация мен инвестициялық институттар расындағы қатынастар.
Корпорация қаржысының мәні оның атқаратын қызметтерімен айқындалады. Корпорациялар қаржысы келесідей қызметтерді орындайды:
-ұдайы өндірістік;
-бөлу;
-бақылау.
Корпорация қаржысы ұйымдастырудың ішкі жүйесі– бұл корпорацияның қаржылық міндеттемелерін орындауға, ағымдағы шығындарды және өндірісті дамытумен байланысты шығындарды қаржыландыруға арналған меншікті ақшалай кірістер мен түсімдердің жиынтығы.
Корпорацияның қаржы ресурстары қалыптасу көздеріне байланысты меншікті, қатыстырылған және қарыз деп бөлінеді.
Корпорацияның ақшалай қорларына келесілер жатады: жарғылық, резервтік капиталдар, қорлану қоры, тұтыну қоры, еңбекке ақы төлеу қоры, валюталық, жөндеу қорлары.
Корпорациялар қаржы қызмет орындарының мәселелері белгілі бір қағидаларға негізделеді, олардың қатарына мыналар жатады:
-коммерциялық-шаруашылық есеп (қаржылық қызмет саласындағы дербестік, өзін-өзі қаржыландыру, қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындысына ынталылық, оның нәтижелері үшін жауаптылық, корпорацияның қызметіне бақылау жасау);
-жоспарлылық;
-меншіктің барлық нысандарының теңдігі;
-қаржы резервтерінің болуы.