Қаржы
саясатының стратегиялық
міндеттері мыналар
болып табылады:
- пайданы
экономикалық өсу көзі ретінде барынша
ұлғайту;
- капиталдың
құрылымы мен құнын оңтайландыру, корпорацияның
қаржылық тұрақтылығын және іскерлік
белсенділігін қамтамасыз ету;
- корпорация
қаржысының меншік иелері инвесторлар
мен кредиторлар үшін ашық болуына қол
жеткізу;
- корпоративтік
бағалы қағаз әмиссиясының, қаржы лизингінің
, жобалық қаржыландырудың көмегімен капитал
тартудың нарықтық механизмін пайдалану;
- корпораәция
қызметінің нарықтық жағдайларға үйлесетін
стратегиялық мақсатын белгілеу және
оған қол жеткізу жолдарын ізжестіру есебінен,
қаржының жай күйін диагностикалау негізінде
қаржыны басқарудың тиімді менеджментін
әзірлеу.
Корпорацияның
қаржы стратегиясы
әзірлемесінің аса
маңызды бағыттарына
мыналар жатады:
- қаржы-экономикалық
жай-күйді талдау және бағалау;
- есептік
және салық саясатын әзірлеу;
- кредит
саясатын әзірлеу;
- негізгі
капиталды басқару және амортизациялық
саясатты қабылдау;
- айналым
активті және кредиторлық берешекті басқару;
- қарыз
қаражатты басқару;
- ағымдағы
шығынды, өнімді өткізуді және пайданы
басқару;
- баға
саясаты;
- дивидендтік
және инвестициялық саясатты таңдау;
- корпорацияның
жетістіктерін және оның нарықтық құнын
бағалау.
Корпорацияның
қаржы қызметінің
міндеттері
- өндірістік-коммерциялық
қызметті ақша ресурсымен, яғни корпорацияның
тұрақты төлем қабілетінің және
оның балансын отімділікпен қамтамасыз
ету;
- активтің,
меншік капитал мен сатудың кірістілігінің
өсуін қамтамасыз ету;
- есеп
айырысуды жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекеттің
және әріптестердің алдындағы қаржы міндеттемесін
орындау;
- жедел
және ұзақ мерзімді қаржы жоспарын әзірлеу;
- ақша
ресурсының ұтымды қозғалысын бақылау.
Корпорацияның
қаржы қызметі келесі үш
негізгі бағытта
жүзеге асырылады:
- Қаржыны
жоспарлау (кірісті, шығын мен капиталды
бюджеттендіру).
- Ақша
айналымын басқару жөніндегі жедел (ағымдағы)
қызмет.
- Бақылау-талдау
жұмысы.
- Қаржыны
жоспарлау деген қаржы жоспарының
(бюджеттің) сан алуан түрлерін әзірлеу
және олардың орындалуын талдау.
- Бюджетті
құрылымдық бөлімшелер бойынша және жалпы
кәсіпорын бойынша жасау ұсынылады. Бюджеттендіру
жүйесін ұйымдастыру үшін мынадай
жауапкершілік орталықтарын
құру ұсынылады:
- кіріс
бойынша, сонымен бірге коммерциялық және
маркетингтік қызметті басқару;
- шығын
бойынша, сонымен бірге өндірісті, негізгі
құрал жабдықпен жабдықтауды және жөндеуді
басқару;
- пайда
бойынша, сонымен бірге қаржы қызметін
басқару;
- инвестиция
бойынша, оған техникалық даму мен кәсіпорын
қызметкерлерін басқару кіреді.
Бюджет
операциялық және
қаржылық бюджетке бөлінеді.
- Операциялық
бюджетінің құрамына мыналар кіреді:
- сату
бюджеті;
- өндіріс
бюджеті;
- өндірістік
запас бюджеті;
- материал
мен энергия шығынының бюджеті;
- еңбекақы
шығынының бюджеті;
- амортизациялық
аударым бюджеті;
- жалпы
өндірістік шығын бюджеті;
- коммерциялық
шығын бюджеті;
- басқарушылық
шығын бюджеті.
- Қаржы
бюджеті:
- кіріс
пен шығыс бюджеті;
- ақшалай
қаражат қозғалысының бюджеті;
- баланстық
парақ бюджеті;
- айналым
активі мен оны қаржыландыру көздерін
қалыптастыру бюджеті;
- күрделі
қаржы (инвестициялық) бюджеті.
Корпорация
жедел қаржы жұмысын
мына әріптестерімен ақшалай өзара тұрақты
қарым-қатынастарды қамтамасыз етеді:
- материалдық
құндылық пен қызметті жеткізушілермен;
- даяр
өнім мен қызметті сатып алушылармен;
- мемлекеттің
бюджет жүйесімен;
- қызметкерлермен;
- банкілермен,
сақтандыру компанияларымен, инвестициялық
қорлармен және т.б.;
- талап
туындаған жағдайда сотпен және т.б.
- Корпорацияны
қаржыландырудың ең тиімді тәсілдерін
таңдау да жедел қаржы жұмысының
бөлігі болып табылады. Осы тәсілдерге
төмендегілер жатады:
- өзін-өзі
қаржыландыру;
- қысқа
мерзімді бакн кредиті есебінен қаржыландыру;
- негізінен
меншік қаражат және ұзақ мерзімді кредит
пен қарыз есебінен қаржыландыру;
- хеджерлеу
(активті түрлі мерзімде өтелетін міндеттемелермен
өтемақы төлеп өтеу);
- міндеттеме
бойынша төқлемді кешіктіру есебінен
қаржыландыру;
- жоғарыда
келтірілген тәсілдердің элементтері
үйлесетін құрамдас қаржыландыру.
- Бақылау-талдамалы
жұмысына шоғырландырма және жергілікті
бюджеттің орындалуын, капиталдың құрылымын,
сонымен бірге негізгі және айналым қаражатының
пайдалануын, сондай-ақ корпорацияның
балансының төлеуге қабілеттілігі мен
өтімділігін бақылауды жүйелі бақылауды
жүзеге асыру жатады. Түрлі меншік нысанындағы
кәсіпорындарда қаржы жұмысын қаржы директоры
немесе бас директор ұйымдастырады.
Бақылау
жүйесі компания басшыларына төмендегі
мәселелер бойынша көмектеседі:
- балама
іс-әрекет арасынан таңдау жасау, белгіленген
кезеңде орындалуға тиіс іс-әрекет
жоспарлауда;
- дәл
болжам болса да іске асырылмайтын мақсат
қойылған немесе маркетингтік, инвестициялық
және өзге де шешімді іске асыру үшін қолданылуға
тиіс іс-әрекетті орындамаған нақтцы орындаушының
қателіктерін анықтауда;
- қателерді
түзеуде және табысқа жету мәселелерінде
көмек көрсету.
Қорытынды
- Корпоративтік
экономика еңбекті халықаралық
бюлуде ұлттық экономиканың бәсекеге
қабілетін арттыруға, нақты экономикаға
инвестициялар тартуға, сонымен
бірге ғылыми-техникалық прогрестің
жетістіктерін енгізуге ықпал етеді.
Мемлекеттің әріптестері ретінде
ірі корпоративтік құрылымдар өндірістің
материалдық ресурстары мен капиталын
біріктіреді. Корпоративтік қаржы
ел экономикасының одан әрі дамуына,
тұрақтануына әсер ететін пән болып
табылады. Сондай-ақ компания иелерінің
меншігін және әл-ауқатын арттыру
негізін игеруге теориялық және
практикалық даярлайтын пән.