Корпорация каржысы

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 21:05, лекция

Описание работы

Сақтандыру — сақтандыру ұйымдары (сақтандырушылар) мен жеке заңды тұлғалар арасындағы, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының өздерінің арасындағы жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау жөніндегі құқықтық қатынастар. Сақтандыру ерікті және міндетті нысандарда жүзеге асырылады. Ерікті сақтандыру сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы шартқа негізделеді. Ерікті сақтандырудың ортақ шарттарын және оның жүргізілу тәртібін айқындайтын ережелерін сақтандырушы дербес айқындайды. Міндетті сақтандыру заңға сәйкес жүзеге асырылады.

Работа содержит 1 файл

Сақтандыру.doc

— 74.50 Кб (Скачать)

Сақтандыру — сақтандыру ұйымдары (сақтандырушылар) мен жеке заңды тұлғалар арасындағы, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының өздерінің арасындағы жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау жөніндегі құқықтық қатынастар. Сақтандыру ерікті және міндетті нысандарда жүзеге асырылады. Ерікті сақтандыру сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы шартқа негізделеді. Ерікті сақтандырудың ортақ шарттарын және оның жүргізілу тәртібін айқындайтын ережелерін сақтандырушы дербес айқындайды. Міндетті сақтандыру заңға сәйкес жүзеге асырылады. 
Сақтандыру объектілеріне Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін мүліктік мүдделер жатады, олар: сақтанушының немесе сақтандырылған тұлғаның өмірімен, денсаулығымен, еңбек етуге қабілеттілігімен, зейнетақымен қамсыздандырылуымен байланысты мүдделер (жеке басты сақтандыру), мүлікті иеленумен, пайдаланумен, билеумен байланысты мүдделер (мүлікті сақтандыру), сақтанушының жеке адамға немесе жеке тұлғаның мүлкіне келтірген зиянын өтеумен байланысты мүдделері (жауапкершілікті сақтандыру). Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін (қайта сақтандыру мен өзара сақтандырудан басқа) және ҚР резиденттері болып табылатын жеке тұлғалардың мүлкін тек cақтандыру қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғалар ғана сақтандыра алады. 
Сақтандырушы сақтандыру қызметін өз агенттері мен делдалдары арқылы жүзеге асырады. Сақтандырылатын болжалды оқиға сақтандыру тәуекелдігі (қатері) болып табылады. Сақтандыру тәуекелдігі ретінде қарастырылатын оқиғаның басталуында ықтималдық пен кездейсоқтық белгілер болуға тиіс. Ол белгілі болған жағдайда сақтандырылған тұлғаға, пайда алушыдан сақтандыру өтемі түрінде немесе сақтандыру жағдайы басталғанда сақтандыруды қамсыздандыру түрінде сақтандыру төлемі төленеді. Сақтандыру шартында айқындалған немесе заңда белгіленген ақшалай сома сақтандыру сомасы деп аталады, осы соманың негізінде сақтандыру жарнасының немесе сақтандыру төлемінің мөлшері белгіленеді. Мүлікті сақтандыруда сақтандыру сомасы оның шарт жасасу сәтіндегі шын құнынан (сақтандыру құнынан) аспауға, ал сақтандыру жағдайы басталғанда сақтандыру өтемі сақтанушының немесе үшінші бір тұлғаның сақтандырылған мүлкіне келтірілген тікелей зиянның мөлшерінен аспауға тиіс. Жеке адамды сақтандыруда сақтандыру сомасын сақтанушы сақтандырушымен келісе отырып белгілейді. Сақтанушы сақтандыру шартына немесе заңға сәйкес сақтандырушыға төлеуге міндетті сақтандыру төлемі сақтандыру жарнасы деп аталады. Сақтандыру жарнасының мөлшерлемесі сақтандыру тарифі болып табылады. Сақтандырудың міндетті түрлері бойынша сақтандыру тарифтері міндетті сақтандыру туралы заңдарда белгіленеді. Жеке адамды, мүлікті және жауапкершілікті сақтандырудың ерікті түрлері бойынша сақтандыру тарифтерін сақтандырушылар дербес есептейді. Сақтандыру тарифінің нақты мөлшері тараптардың келісуімен арнаулы шартта айқындалады. 
[1]

Сақтандыру  объектісін бір шарт бойынша бірнеше  сақтандырушы бірлесіп сақтандыруы  мүмкін (ортақ сақтандыру). Бұл орайда шартта әрбір сақтандырушының құқықтары мен міндеттерін айқындайтын уағдалы шарттар баяндалуға тиіс. Сақтандырушы тәуекелдікті сақтандыруға қабылдай отырып, теңдестірілген сақтандыру қоржынын жасау және сақтандыру операцияларының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін ол бойынша жауапкершіліктің бір бөлігін уағдаласылған шартпен басқа бір сақтандырушыға беруі мүмкін. Мұны қайта сақтандыру дейді. Қайта сақтандыруға қатысушы тиісінше “қайта сақтанушы” (сақтандырылған тәуекелдікті ішінара қайта сақтандыруға берген сақтандырушы) және “қайта сақтандырушы” (тәуекелдікті сақтандыруға қабылдаушы) деп аталады. Сақтандырушыларда төленген жарғылық капиталдың және сақтандыру сақтық қорларының болуы, қайта сақтандыру жүйесі сақтандырушылардың қаржы тұрақтылығының негізі болып табылады. сақтандыру сақтық қорлары жеке адамды, мүлікті және жауапкершілікті сақтандыру бойынша алынған сақтандыру жарналарынан құралады. 
Қазақстан аумағында сақтандыру алғаш рет Кеңес өкіметі орнағаннан кейін енгізілді. Бұл кезеңде сақтандыру мемлекеттік іске айналды. Сақтандыруды ұйымдастыру мен жүргізудің жаңа нысаны Халкомкеңестің “Мемлекеттік мүлікті сақтандыру туралы” 1921 жылы 6 қазандағы декретімен жүзеге асырылды. Қазақстанда 1926 жылы мемлекеттік сақтандыру ауыл-селода есепке алынған барлық шаруашылықтардың 34%-ын қамтыды. 1929 жылы КСРО ОАК пен Халкомкеңесінің қаулысына сәйкес мемлекеттік және кооперативтік кәсіпорындар мен ұйымдардың мүлкін ерікті сақтандыру міндетті сақтандырумен ауыстырылды, мұның өзі қоғамдастырылған сектордың мүлкін сақтандыруды арзандатып, кеңейтуге және оңайлатуға мүмкіндік берді. Сақтандыру ұжымшарлардың ұйымдық-шаруашылық жағынан нығаюына септігін тигізді. 1930 — 40 жылдары мемлекеттік сақтандыру ісінде елеулі өзгерістер болды. КСРО Халкомкеңесінің 1930 жылғы 6 қазандағы қаулысымен өмірді жеке сақтандырудың ұзақ мерзімді түрлері жойылды. Соғыс жылдары сақтандыру қоры есебінен майдан мұқтажына республика бойынша 677,9 млн. мөлшерінде қаражат тартылды. Соғыстан кейінгі жылдар мемлекеттік сақтандырудың барлық түрлерінің тұрақты өсуімен сипатталады. 
Қазақстанда мемлекеттік сақтандыру органдары КСР Министрлер Кеңесінің “Қазақ КСР-індегі мемлекеттік сақтандыру органдары туралы” 1982 жылғы қаулысымен бекітілген ережені басшылыққа алады. Сақтандыру органдарын 1987 жылға дейін Қазақ КСР-і Мемсақтандыру Бас басқармасы, ал 1987 — 91 жылы Қазақ КСР-і Мемсақтандыру басқармасы басқарды. Кеңес Одағы ыдырап, еліміздің егемендік алуына, сондай-ақ экономиканың нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты бұл басқарма республиканың Министрлер Кеңесінің 1991 жылғы 7 мамырдағы ғ289 қаулысымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік коммерциялық сақтандыру компаниясы басқармасы болып қайта құрылды. Оның құрылымында 297 бас инспекция және 116 телімдік инспекция жұмыс істеді. КСРО Мемсақтандыру ыдырағаннан кейінгі кезеңде Қазақстанда сақтандыру қызметін реформалау ісі қолға алынды. Сөйтіп, 90-жылдардың басында Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің жанынан сақтандыру қадағалауы ұйымдастырылды. 1998 жылы бұл қадағалау Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне берілді. Республикада сақтандыру ұйымдарының қаржы жөнінен тұрақты болуына қойылатын талаптарды, сақтандырудың жаңа заңдарын қалыптастыру, сақтандыру нарығының анықтығын қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілді. 2000 жылы ҚР Ұлттық банкі Сақтандыруды қадағалау органдарының халықаралық қауымдастығына (ІAІS) толық құқылы мүше болып кірді. Сақтандыру ұйымдарының есебі мен қаржы есептілігінің жаңа стандарттары енгізілді, ІAІS ұсыныстарына сәйкес сақтандыру нарығын ұйымдастырудың жаңа қағидалары мен стандарттары әзірленді. 2000 жылы Қазақстан Республикасында 42 сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы болды, оның ішінде төрт ұйымға шетелдік сақтандыру компаниясы қатысады. Республикада сақтандыру ұйымдарының 300-ден астам бөлімшесі мен өкілдіктері жұмыс істейді. Сақтандыру агенттерінің тармақталған желісі бар. 2000 жылы сақтандыру ұйымдарының төленген жарғылық капиталының жиынтық мөлшері 3,8 млрд. теңгеге жуық болды. Қазіргі кезде (2004) сақтандыру төлемдері 4,2 млрд. теңгені құрайды, мұның өзі жалпы сақтандыру сыйақысының 14%-ы. [2]

               Қазақстанның сақтандыру нарығы

Қазақстанның  сақтандыру нарығы дамып келеді. 8 айда сақтандыру және қайта сақтандыру сыйақыларының  жиынтық ауқымы 155,5 млрд. теңгеге жетті. Бұл өткен жылғыдан 27,5 пайызға артық болып отыр. Қаржы нарығын реттеу ұйымдарының хабарлауынша, Қазақстан Кеден Одағы мемлекеттерінің арасында сақтандыру саласы жөнінен 2-ші орында тұр. Қазір Қазақстан, Ресей мен Беларуссияда саланың тұрақты өсімін байқауға болады. 

 

Осылайша, 2012 жылдың бірінші  жартысында 3 мемлекет құрылымдардың  белсенділігі 24 пайызға артып, барлығы 13,5 млрд. доллардық сақтандыру сыйақылары жиналды. Сақтандыру сыйақылары жөнінен  Қазақстандық компаниялар 2-ші орында тұр. Қаржы нарығын реттеу және қадағалау комитетінің хабарлауынша, шілденің біріне шаққанда елде 662,9 млн. доллардың сыйақылары жиналды. Бұл өткен жылғыдан 12,5 пайызға артық. 3-ші орында Беларуссиялық әріптестер. 2012 жылдың бірінші жартысында елдің сақтандыру құрылымдары 232 млн. доллардың сақтандыру сыйақыларын жинады. 8 айда сақтандыру және қайта сақтандыру сыйақыларының жиынтық ауқымы 155,5 млрд. теңгеге жетті. Бұл өткен жылғыдан 27,5 пайызға артық болып отыр.Нарық қатысушылары міндетті сақтандыру саласында сыйақылар көлемінің артуы қуантып отыр -, дейді. Алайда, қазір нарықты алаңдатып отырған да жағдайлар жетерлік.  

 

Дағдарысқа дейін сақтандыру құрылымдарының дені ұжымдық салаға көп мән берген еді. Мұнда бір  келісім шартқа қол қою арқылы, мыңдаған долларға қызмет етуге болатын. Жеке тұлғаларды сақтандыру нарығының шығыны көп, бір келісім шарттан түсетін пайданың ауқымы да аз. Алайда, дағдарыс басталған сәтте көптеген ірі және орта деңгейлі компаниялар өз бюджетін қайта қарады. Осыған орай, сақтандыру компанияның кірісі бірнеше есеге төмендеп кетті.Осылайша, дағдарыс қызып тұрған сәтте құрылымдар бұрын соңды бармаған амалдарды іздей бастады. Олар өздерінің даму бағыттарын қайта қарауға мәжбүр болды. Бірінші орынға жеке тұлғалар мен тұтынушылар шыға келді. Бұл жұмысқа сақтандыру компаниялары мен сақтандыру саласының ойыншылары да кірісіп кетті. 

 

Жыл сайын Қазақстанда  медициналық сақтандыру қызметіне  сұраныс артып жатыр. Демек, осы  сала бойынша жасалған төлемдердің  де артқаны анық. Алайда, бұған нарықтағы баға өсімі де әсер етіп отыр. Дәл осы себептен, АвтоКАСКО құны өсті. Сақтандыру омбудсмені таратқан статистикаға сүйенер болсақ, даудамайлардың 54 пайызы көлік апаттарына тиесілі болып отыр. Осыған орай, алдағы уақытта жол апаты кезінде, зақым алған көлік жүргізушісі көлікті сақтандыру полисінің негізінде қаржыға үміт арта алмайды. Тұтынушылар көлікті жөндеуге болатын орталықтарды таңдаумен шектеледі. Көп жағдайда жол апатына тауешкі белгісінде туғандар тап болады. Ең көп зардап шегіп отырғандардың арасында шаяндар бірінші орында келе жатыр. Бұл статистиканы сақтандыру компаниляларының біріңғай базасында табуға болады. Бұл жүйе 5 жыл бұрын нарықты реттеуші органмен енгізілген еді. Сақтандыру компаниялары апатарға өз зерттеулерін жүргізді. Құжатқа сәйкес жылда республика бойынша 35 000 жол апаты тіркеліп отырады. Әйлер адамдар сақтандыру компанияларын шығынға батырмайды екен. Айта кететін жайт, кейбір елдерде сақтандыру полисі сатылған кезде адамның жынысына көп мән беріледі. Мысалы, Италия, Франция, Австрия мен Испанияның нәзік жандылары полисті ерлерге қарағанда арзан алады. Себебі, олар жолда мұқият болады. Бұны қазақстандық статистика да дәлелдеп отыр. Қазақстанда көлік жүргізушілерінің басым бөлігі ерлер. Көп жағдайда атапқа жиі тап болатын жүргізушілердің саны 25-35 жас аралығындағы ерлер. Шымкент, Тараз қалалары мен Жамбыл облысында жол апаттары жиі орын алып тұрады. 

 

Сарапшылар көліктің түсі мен жүргізушінің мінезі бір біріне қатты ұқсас болады деп отыр. Көліктің түсі жүргізушінің айдау мәдениетіне сай келеді. Мысалы, қара және қызыл түсті таңдап отырғандар жолда жылдам жүргенді қалады. Олар бірден жол апатына жиі түсетіндердің тізіміне енеді. Айта кететін жайт, спорттық үлгідегі көліктердің басым бөлігінде қызыл және қара түс болады. Жасыл және көк түсті көліктердің жүргізушілері байсалды болады. Бүгінде Қазақстандағы көлік саны 3,5 млн. дананы құрап отыр. 2012 жылы сақтандыру компанияларының төлемдеріне кепілдік беру қорының ауқымы 1 млрд. теңгеге жететін болады. Жеке капиталдың ауқымы 10 млн. еуроны құрайды. Осы шамадаға қаржы елде сақтандыру тәуекелдерін ұстап отыруға әсер етеді дейді сарапшылар. Бір сөзбен айтқанда сақтандыру компаниялары тәуекелдерін сыртқа шығара алмайды. Осының арақасында тұтынушыларға қызмет көрсету сапасы өзгереді. 

 

Қаржыгерлер бұл шығыны жоғары мүмкіндік деп отыр, ол өзін тез  арада ақтай алмайды, Бір айда сақтандыру компаниясы 200-ден 400 000 теңгелік шығынға батып отырады. Бір компанияда бекітілген қызметкерлер саны еңбек етіп отыруы қажет болады. Шетелдік ойыншылар Қазақстанның сақтандыру нарығында айтарлықтай өзгеріс болмайды деп сендірді. Алдағы 2-3 жылда бар ойыншылар өз мүмкіндіктерін арттырады.

 


Информация о работе Корпорация каржысы