Коммерциялық банктердің қаржы нарығындағы қызметі

Автор: z*********@mail.ru, 27 Ноября 2011 в 13:00, реферат

Описание работы

1 Қаржы нарығы инфрақұрылымындағы банктердің ролі.
2 Коммерциялық банктердің бағалы қағаздар бойынша операциялары
3 Коммерциялық банктер бағалы қағаздар нарығында эмитенттер және инвесторлар ретінде.

Работа содержит 1 файл

Коммерциялық банктердің қаржы нарығындағы қызмет211.docx

— 26.49 Кб (Скачать)

       Банктің меншікті  капиталы -  бұл банктің қаржылық тұрақтылығын, коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін құрған банктің әртүрлі қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметінің нәтижесіне байланысты және өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасы.

        Қазіргі коммерциялық банктердің  меншікті капиталы мынадай баптардан  тұрады:

  • жарғылық капитал,
  • меншікті капитал, қосымша капитал,
  • банк операциялары бойынша тәуекелдікті төмендету мақсатында құрған  қорлар (резервтер),
  • бөлінбеген банк пайдасы.
 
 

11. Банктің тартылған  қаражаттары.

      Банк ресурсының құрылымында  тартылған қаражаттар үлесі меншікті  қаражаттармен салыстырғанда өте  жоғары, олардың есебінен банктің  активтік операцияларының басым  бөлігі жүзеге асырылады.

       Банктік тәжірибеде барлық тартылған  қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне  байланысты үлкен екі  топқа  бөледі:

  • депозиттік қаражаттар;
  • депозиттік емес тартылған қаражаттар.

     Тартылған қаражаттар ішінде  ең көп бөлігін депозиттер  құрайды. Депозиттер банк үшін  бірден – бір арзан ресурс  көзі болып табылады.

      Депозит – бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері падалана алатын қаражаттары.

     Депозиттік емес тартылған қаражаттар – бұл банктің алған қарыздары түрінде немесе өздерінің меншікті бағалы қағаздарын сату жолымен тартылған қаражаттары.

      Депозиттік емес банктік ресурс  көздері мен депозиттер өзара  ажыратылады. Біріншіден, олар персоналдық  емес, яғни банктің нақты клиентінің  атынан тартылмайды, екіншіден,  мұндай қаражаттарды тарту инициативасы  банктің өзінен туады.

      Депозиттік емес тартылған ресурстармен  көбіне ірі коммерциялық банктер  айналысады. Өйткені, депозиттік  емес қаражаттар ірі сомада  сатып алынатындықтан да, оларды  көтерме сауда операциялар сипатына  жатқызуға болады.  
 
 

Информация о работе Коммерциялық банктердің қаржы нарығындағы қызметі