Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2011 в 21:42, курсовая работа
Курстық жұмыстың өзектілігі.Экономика дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ететін негізгі құралдарының бірі – банк жүйесі болып табылады. ҚР банк жүйесі, банк қызметінің халықаралық стандарттарына сәйкес жүргізіледі. Бір банкке келетін меншікті капиталдың көлемі 30 млн. долларды құрайды. Банк жүйесінің жиынтық жеке қаржысы 2003 жылдан бері 5,6 есе өсіп, қазіргі кезде 7 миллиард АҚШ долларын құрап отыр. Осы кезең ішінде банктердің активтері 5,7 еседен астамға ұлғайып, 51,7 миллиард АҚШ долларына жетті. Екінші деңгейдегі банктер активтерінің ішкі жалпы өнімге қатынасының көрсеткіші 75,4 пайыз болды. Бұл Шығыс Еуропа елдерінің көрсеткіштеріне сәйкес келеді.Қазақстандық қаржы ұйымдары халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына көшірілді.
Жалпы алғанда, корпоративтік клиенттерді несиелеу кезінде шешімін күтіп тұрған бірқатар қиындықтар бар. Атап айтсақ, -біріншіден, талап етілетін құжаттарды қарастырудағы кемшіліктер. -Екіншіден, несие қабілеттілігін есептеулерді жүзеге асырудағы жетіспеушіліктер. -Үшіншіден, экономика салаларының тек таңдамалы түрлерін несиелеп, кейбір аса қажетті салаларын олардың ұзақ мерзімді қажет ететіндігінен несиелемеу т.с.с. Осындай кемшіліктерді түзеп, корпоративтік клиенттерді несиелеу процесін жетілдіру керек. Курстық жұмыстың мақсаты – екінші деңгейдегi банктердің корпоративтік клиенттерді несиелеу формаларына және қамтамасыз етудің экономикалық мәніне талдау жүргізіп, ондағы жетілдірілуі тиіс жағдайларын анықтау. Сол арқылы ұсыныстар беру.
Несиелеу механизмі – несиенің берілу және қайтарылу әдіс-тәсілдерін және несиелеу процесін, сондай-ақ несиенің қозғалысына бақылауды қамтитын несиелік механизмнің құрамдас бөлігі. Басқаша айтқанда несиелеу механизмі несиені пайдалану механизмін білдіреді. Несиелеу механизмі – бұл несиені ғылыми тұрғыда тану механизмін сипаттайды. Бұл механизм тәжірибеде нақты әрекет ететін, өзінің субъективтік сипаты бар механизм. Несиелеу механизмі өзінің мәні жағынан несиелік процесс технологиясын бейнелейді.
Кіріспе...........................................................................................................................3
1 БАНКТЕРДІҢ КОРПОРАТИВТІК КЛИЕНТТЕРДІ НЕСИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.2 Корпоративті клиенттерді несиелеу механизмі..................................................4
1.2 Корпоративтік клиенттерге берілген несие түрлері және қажетті құжаттар..........................................................................................12
2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ КОРПОРАТИВТІК КЛИЕНТТЕРДІ НЕСИЕЛЕУ ТӘЖІРИБЕСІ
2.1 Корпоративті клиенттерге берілген несиелерді талдау....................................17
2.2 «БТА Банкі»АҚ- ның корпоративтік клиенттерді несиелеу ерекшеліктері...27
3 БАНКТЕРДІҢ КОРПОРАТИВТІК КЛИЕНТТЕРДІ НЕСИЕЛЕУДІҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
3.1Коммерциялық банктердің корпоративтік клиенттерді несиелеу процесінің даму болашағы............................................................................................................41
Қорытынды................................................................................................................46
Пайдаланған әдебиеттер тізімі...............................................................................48