Комерциалық банктың валюталық операция жүргізудің ақпараттық жүйесін тұрғызу

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 11:12, курсовая работа

Описание работы

XX және XXI ғасырлар тоғысуындағы ғылыми-техникалық прогрестің адамзат алдындағы басты жетістіктерінің бірі- ақпаратты басқару құралына, ал ақпарат ағынын қажетті қор көзіне айналдырып және оны тиімді өңдеу құралы - компьютерлік техниканы қоғамдағы барлық салаларға жаппай ендіру болып отыр. Басқару үрдісіндегі негізгі элемент болып саналатын ақпарат жүйесінің және оған қатысты жаңа технологиялардың даму қарқыны - оны жобалаудағы жаңаша ыңғайларды қалыптастыруда.

Содержание

Кіріспе
1. Комерциалық банктың валюталық операция жүргізудің ақпараттық жүйесін негіздеу
1.1 Қолдану саласын талдау........................................................................4
1.2 Ақпараттық жүйені тұрғызудың мақсаты...……………………….5-7
1.3 Ақпараттық жабдықтау құрылымына қойылатын талаптар........8-12
1.4. Қор биржасы және оның қызметі………………………………..13-14
1.5 Ақпараттық жүйенің концептуалды сызбасы және ақпараттық
жүйенің декомпозиция сызбасы...................................................15-18

2. Комерциалық банктың валюталық операция жүргізудің ақпараттық жүйесін жобалау
3. Мәселенің қойылымы....................................................................23-24
Кіріс ақпарат...................................................................................24-26
Шығыс ақпарат...............................................................................26-27
Программалық жабдықтау сипаттамасы......................................28-29
Қорытынды.................................................................................................................30
Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................................31

Работа содержит 1 файл

Комерциялық банктің валюталық операция жүргізудің ақпараттық жүйесін жобалау.DOC

— 166.00 Кб (Скачать)

 

              Технологиялық жабдықталуы – ақпараттық технологиялар және олардың ішінен нақты есептерді шешуге арналған ең қолайлысын таңдау әдістерінің жиынтығы. Мысалы case технологиясын айтуға болады.

Математикалық жабдықталуы – ең озық есептеу техникасының көмегімен банк рейтингін талдаудың ақпараттарын өңдеу және есептерді шешуге арналған математикалық әдістердің, үлгілер мен алгоритмдердің жиынтығы. Математикалық жабдықтау экономикалық моделін, блок-схемасын, алгоритмін құрып программалау жобасын жасаймын. Жабдықтау белгілі бір нақты міндеттерді шешуді қамтамасыз ету керек және міндеттерді шешу барысындағы дербес ЭЕМ-нің қызметін басқарып, оның орындалуын бақылап отырады.

 

Лингвистикалық жабдықтау – бұл, ақпаратты автоматты түрде өңдеудің тиімділігін арттыру және адамның ақпараттық техникалық құралдармен байланысын жеңілдету үшін пайдаланатын тілдік, құралдардың, ғылыми-техникалық терминдердің, табиғи тілді қалыптастыру ережелірінің жиынтығы. КБРТАЖ-нің лингвистикалық жабдықтауына алгоритмдік тілдер: Паскаль мен DELPHI жатады, ал ақпараттық тілдерге: Paradox, Database Desktop, SQL кіреді[6]. .

Эргономикалық жабдықтау – жұмыстың әр түрлі сатысындағы адамның жоғары тиімділікпен жұмыс істеуіне дұрыс жағдайлар жасау және сонымен бірге оны игеру мақсатына бағытталған әдістер мен құралдар жиынтығы. ФАЖ-нің эргономикалық жабдықтау құрамына мыналар кіреді:

   жұмыс орындарында, ақпараттық үлгілерге және жұмыскерлер құрамына эргономикалық сараптауды қалыптастыруды қамтамасыз ететін құжаттар пакеті; бұл талаптарды іске асырудың мақсатқа сай тәсілдерін таңдау; оларды іске асыру деңгейінің эргономикалық сараптамасын жүзеге асыру;

   жұмыскердерді даярлау деңгейіне және іріктеу жүйесіне қойылатын талаптарды негізге ала отырып тұжырымдауды қамтамасыз ететін әдістер, оқу-әдістемелік құжаттар және даярлаудың техникалық құралдар кешені.

 

                             

 

 

 

 

 

                              1.4 Қор биржасы және оның қызметі

Қор биржасы-бұл бағалы қағаздардың бірқалыпты айналысы үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ететін ұйым. Қор биржасының қызметі өзін-өзі өтеу қағидатына негізделеді және оның қызметінен түскен кірістер биржаны материалдық-техникалық дамытуға пайдаланылады. Қор биржасының толық мәні, оның экономикадағы атқаратын мынадай қызметтерінен көрінеді:

─ қор нарығында биржалық делдалдардың бағалы қағаздарды сату жолымен уақытша бос ақшалай қаражаттарды жұмылдыру және шоғырландыру;

─ өндірісті және ел үкіметінің шығыстарын несиелеу және қаржыландыру;

─ бағалы қағаздармен жасалатын операцияларды шоғырландыру, сұраныс пен ұсыныс деңгейін көрсететін бағаларды белгілеу және жалған капиталды қалыптастыру.

Қор биржасы қаржы ресурстарын жинақтау, шоғырландыру және қайта бөлу процесін ұйымдастырушы экономиканың басты буыны болып табылады.Ол қаржы және өндірістік капитал арасында делдал бола отырып, экономикалық дамудың қозғаушы күштерінің бірі болып саналатын инвестициалық процеске ықпал етеді.

Қор биржасы өз қызметінде мынадай қағидаларға сүйенеді:

─ қаншалықты биржадағы мәмілелердің ауызша жасалып, кейіннен заңды түрде құжатталатындықтан да брокерлер мен клиенттер арасындағы жеке сенімнің болуы;

─ сауда-саттық ережелері мен есеп арқылы қаржы делдалдарының қызметінің қор биржасының әкімшілігі және аудиторларымен қатаң түрде реттелуі.

Бұл қағидалардың қамтамасыз етілуі нәтижесінде қор биржасында бағалы қағаздарды сатуға және сатып алуға итермелейтін орта қалыптасады. Ондай артықшылықтарға: аталған қағаздардың қадамдары үшін несиеге деген мүмкіндік; бағалы қағаздар нарығының жағдайы туралы жақсы шолулар; сол немесе басқа да бағалы қағаздардың мүмкіндіктерін тура бағалау және т.б. Сөйтіп, бағалы қағаздар нарығындағы қор биржа өзіндік барометр мен бағыттағыш ролін атқарады. Соның нәтижесінде әрбір инвестор жақсы болашағы бар акционерлік қоғамдарды тауып ақшалай қаражаттарын салады.

Қор биржасы жеке кәсіпкерлік принципінде жұмыс істейді немесе оны мемлекет ұйымдастырады. Қор биржасын ұйымдастыру және оны басқаруда әр елде көптеген өзгешеліктер бар. Қор биржасының жұмысы жарғы бойынша ұйымдастырылады. Жарғыда қор биржасынқұру,оны басқару тәртібі және оның әрбір буынының қызметі, мүшелерінің құрамы және сол сияқты ұйымдастыру принциптері анықталады. Биржаның басшы органы болып биржалық комитет саналады, ал оның мүшелерін брокер (маклер) деп атайды. Олар бағалы қағаздар нарығында клиенттердің есебінен және солардың атағынан делдал болып операциялар жүргізеді. Себебі нарыққа клиенттердің өздері қатысуға болмайды. Брокерлер сол  жұмысы үшін куртаж деп аталатын төлем ақы алады. Брокерлермен қатар өз есебінен ақша жұмсап алыпсатарлықпен айналысатын дилер де жүреді. Дилердің табатын пайдасы бағалы қағазды сататын және сатып алатын бағасының айырмашылығына тең.

 

1.5              Комерциалық банкты басқарудың ақпараттық жүйесінің концептуалды схемасы

Концептуалды схема  ақпараттық жүйе құру мен оның іс атқарауында басты әдістемелік  тұрғыда қарастыруда көрсетеді. Ақпараттық жүйенің негізгі концептуалды схемасы тұтас жүйе тұрғызудың әдістемелік  аспектілерін  бейнелейді және негізгі  құралдарды анықтайды.

Ақпараттық жүйелер құрамындағы элементтердің атқару роліне  қарай екі бөлшекке бөледі. Ол функционалды және жабдықтаушы бөлшек. Функционалды бөлігіне функционалды жүйелердің комплексі жатады, ол жабдықтаушы бөлшекке  жабдықтаушы жүйелер жатады.

Концептуалдық схема

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Информация о работе Комерциалық банктың валюталық операция жүргізудің ақпараттық жүйесін тұрғызу