Казақстанның қор нарығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 21:49, реферат

Описание работы

«Қазақстанның қор нарығы. KASE-тегі IPO» Форумының шеңберінде Президент 2020 жылға қарай Алматының Азияның жетекші қаржы орталықтарының бірі ретінде қалыптасуының аса маңызды шарты ретінде отандық қор нарығын үдете дамытудың маңыздылығын атап айтқан Елбасының 2010 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауынан туындайтын Қазақстанның қор нарығын дамытудың мақсаттары мен міндеттері талқыланды.

Работа содержит 1 файл

Қазақстанның қор нарығы.doc

— 40.50 Кб (Скачать)


«Қазақстанның қор нарығы. KASE-тегі IPO» Форумының шеңберінде Президент 2020 жылға қарай Алматының Азияның жетекші қаржы орталықтарының бірі ретінде қалыптасуының аса маңызды шарты ретінде отандық қор нарығын үдете дамытудың маңыздылығын атап айтқан Елбасының 2010 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауынан туындайтын Қазақстанның қор нарығын дамытудың мақсаттары мен міндеттері талқыланды.

Өткен Форумға қатысушылар Қазақстанның дағдарыстан соң дамуындағы ұлттық компаниялардың KASE-те IPO рөлі туралы, KASE-те IPO жүргізу шарттары туралы, сондай-ақ Қазақстандық қор нарығының инвестициялық әлуеті туралы мәселелерді талқылады.

Форумның мәселелерінің маңыздылығы Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің Форумға қатысушыларға жолдауынан байқалды, онда қазір Қазақстанның қор нарығына «Самұрық-Қазына» қорының құрамына кіретін ұлттық компанияларды шығару қажеттілігі айқындығы атап айтылды.

«Қазақстанның қор нарығы. KASE-тегі IPO» Форумының барысында қатысушылар төмендегідей тұжырымдар жасады:

- «Қазақстанды дағдарыстан кейін дамытудағы ұлттық компаниялардың KASE IPO рөлі» сарапшылық пікірсайыстың шеңберінде:

1. Ел ішінде «көгілдір фишкалардың» акцияларын орналастыру елдің экономикасын дағдарыстан кейін дамытуды жылдамдатуға және мемлекеттің бәсекелестік артықшылықтарын нығайтуға жәрдемдесетін болады. Оған нақты сектордың кәсіпорындарының қорландыру базасына елдің ішінде жинақталған қорларды тарту арқылы оны кеңейтудің есебінен, сондай-ақ шетелдік инвестициялар ағынының арқасында қол жетеді.

2. Қытай, Малайзия, Түркия, Оңтүстік Корея және Жапония секілді Азия елдерінің табысты мысалы ішкі қор нарығының жоғары өтелімдігі мен оның тиімді жұмысына ұлттық компанияларды («көгілдір фишкаларды») отандық қор биржаларына тартудың есебінен қол жететінін көрсетеді.

3. Сонымен қатар, ұйымдастырушылардың пікірі бойынша, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының құрамына кіретін компаниялардың, тіпті егер олардың жоспарларына жақын арадағы жылдарда IPO кірмейтін болса да, KASE листингіне енгізілуі маңызды болмақ. Бұл халықаралық және отандық сарапшылардың тарапынан олардың қызметінің көлегейсіздігін бағалауды елеулі жақсартуға мүмкіндік береді. Ірі ұлттық компаниялар корпоративтік басқару, ақпаратты жария қылу және еркін айналыстағы акциялардың минималды талап етілетін санын қамтамасыз ету саласында үлгі көрсететін болуға тиіс.

- «KASE-тегі IPO. Өткізілу шарттары» сарапшылық пікірсайыстың шеңберінде:

1. Тек зейнетақылық қорларды ғана емес, сонымен қатар басқа да институционалдық инвесторларды: сақтандыру компанияларын, екінші деңгейдің банктерін қамтуға тиіс инвесторлардың шеңберін кеңейту үшін, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігінің заңнамалық кесімдеріне өзгертулер енгізу қажет.

2. Эмитенттерге ақпаратты жария қылу бойынша, соның ішінде қор нарығының құралдарының көмегімен, әсіресе, облигациялық қарыздар шығару арқылы тартылған қаражаттардың нысаналы пайдаланылуы бойынша қойылатын талаптарды күшейту қажет.

3. Қазақстан қор нарығының инфрақұрылымы, соның ішінде «Қазақстан қор биржасы» АҚ Қазақстанның ұлттық компанияларының IPO өткізуінен, соның ішінде тұрғындардың – жеке тұлғалардың арасында «халықтық IPO» өткізуге әзір.

- «KASE-тегі IPO. Инвестициялық әлуеті» сарапшылық пікірсайыстың шеңберінде:

1. Қор нарығына шығу арқылы жинақтаушы зейнетақылық қорларды капиталдандыруды ұлғайту мүмкіндігін қарастыру қажет.

2. Жинақтаушы зейнетақылық қорлардың оларға инфляцияның деңгейінен асуға мүмкіндік беретін табыстылығын ұлғайту мәселесін шешу қажет. Қазіргі сәтке қарай зейнетақылық қорлар жоғары табысты қамтамасыз ететін құралдардың жетіспеушілігін бастан кешіп отыр. Осындай құралдардың бірі Қазақстанның «көгілдір фишкаларының» акциялары бола алады.

3. Қазақстандық инвесторлардың ішкі инвестициялық әлуеті «көгілдір фишкаларды» отандық қор нарығына шығарған кезде сұранысты қанағаттандыру үшін жетерліктей жоғары.

4. Шетелдік инвесторлар Қазақстанның «көгілдір фишкаларын» «Қазақстан қор биржасы» АҚ-ның листингіне шығарған кезде оларға инвестициялауға әзір.

«Қазақстанның қор нарығы. KASE-тегі IPO» Форумының уақытында айтылған пікірлердің негізінде, Президенттің Әкімшілігіне және Үкіметке, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі агенттігінің, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігінің, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның (бұдан әріде – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ) өкілдеріне жүгінеді және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның компанияларын Қазақстанның қор нарығына шығару бағдарламасын әзірлеген кезде төмендегі ұсыныстарды ескеруді қажет деп санайды:

1. 2011 жылдан бастап, азат айналыстағы акциялардың саны бойынша тиісті талаптарды ұстана отырып, отандық қор биржасының листингіне «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның құрамына кіретін компанияларды – «көгілдір фишкаларды» сатылап енгізу үдерісін бастау қажет. Бұл орайда «Қазақстан қор биржасы» АҚ және «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы» АҚ азат айналыста жүрген акциялардың үлесін арнайы айқындау тұрғысынан Қазақстан үшін стратегиялық маңызы компаниялар үшін листингінің жекелеген шарттары туралы мәселені қарастыруға әзірлігін білдіреді.

2. Мемлекеттік пакеттерді орналастыру мерзімдерін (нақты жылдың бірінші немесе екінші жартыжылдығы) көрсетіп, және Қазақстан қор биржасының листингінің бірінші және екінші санаттары бойынша талаптарды сақтай отырып, сатылап жүзеге асырылуға тиіс екенін ескеру қажет.

3. Бюджеттік қаражаттардың нысаналы пайдаланылуының көлегейсіздігін арттыру мақсатында, мемлекеттік дотацияларды тек KASE листингінде тұрған компанияларға (жоспарда залалды компанияларды қоспағанда) бөлу ұсынылады. Аталған шара компаниялардың Қазақстан қор биржасының листингіне шығуына жәрдемдесетін болады.

4. Қазақстанда корпоративтік басқару институтын жетілдіру және одан әріде дамыту мәселесіне, соның ішінде корпоративтік хатшылардың рөлін арттыруға ерекше көңіл бөлу керек.

5. Халықтың ішкі жинақталымдарын тарту және бөлшек инвесторлар табын қалыптастыру мақсатында, «халықтық IPO» өткізуді көздеу ұсынылады. KASE алаңшасында мемлекеттік қатысу үлесі бар әлдебір компания IPO өткізетін кезде, «көгілдір фишкалардың» мемлекеттік акциялар пакетінің мардымсыз бөлігі тұрғындарға (жеке тұлғаларға) мүмкіндігінше қол жетерлік баға бойынша ұсынылуға тиіс.

6. Тек зейнетақылық қорларды ғана емес, сонымен қатар басқа да институционалдық инвесторларды: сақтандыру компанияларын, екінші деңгейдің банктерін қамтуға тиіс инвесторлардың шеңберін кеңейту үшін, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігінің пруденциалдық нормативтеріне өзгертулер енгізу қажет.

7. Екі-үш жылдың барысында капиталдандыру деңгейі орташа компанияларды отандық қор нарығына шығару және IPO өткізу перспективасымен оларға қаражаттарын инвестициялауға тиіс мемлекеттің қатысу үлесі бар IPO дейінгі қорларды дамыту мүмкіндігін қарастыру қажет.

 



Информация о работе Казақстанның қор нарығы