Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 14:14, курсовая работа
Қаржылық жоспарлау мен болжау бұл қаржы механизмінің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Олар экономиканың үйлесімді және тепе теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған.
Бюджетті жоспарлау
процесінде осы мақсаттарды шешу
бөлек бюджеттер арасында мемлекеттік
бюджеттің кірістері мен
Бюджеттік болжамдаудың негізгі мақсаты – ол экономикада қазіргі кезеңде пайда болған тенденцияларды, нақты әлеуметті экономикалық шарттарды және олардың өзгерістерінің болашақ бағалауланынесепке ала отырып, бюджеттің оңтайлы дамуын жасау мен дәйектемелеу. Мұндай болжамдау нәтижесінің мемлекеттің қаржы-бюджеттік саясатында тиімді шаралар қабылдауда өте маңызды мәні бар.
Мемлекеттің бюджетін жоспарлау мен болжаудың үш маңызды бағыттарда жұмыс істеуді қарастырады:
Бюджеттік жоспарлау іс-әрекетінің негізгі шарты – ол жалпымемлекеттік мұқтаждыққа қажетті бюджеттік құралдарды тұрақты және бірқалыпты түсуін қамтамасыз еру.
Бюджеттік жоспарлау бірлестік, жалғастырушылық, басымдылық, теңгерушілік және дәйектемелік принциптер талаптарына сәйкес іске асылылады.
Бюджеттік жоспарлаудың бірлестік принципі құрамына республикалық және жергілікті бюджеттер кіретін елдің мемлекеттік бюджетін құрумен қамтамасыз етіледі. Әрекеттегі заңнамаларға сәйкес бұл принцип республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылған бюджеттер деңгейлері арасындағы кірістер бөлісу нормативтері мен ұзақ мерзімді субвенциялар және бөлісу нормативтері мен ұзақ мерзімді субвенциялар және бюджеттік алымдар мөлшерін тағайындау негізделеді.
Жоспарлаудың жалғастырушылық принципі орта мерзімді фискалдық саясаттың бағыттары мен елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарына негізделген ағымдағы және болашақ бюджеттік жоспарлау тіркемесімен қамтамасыз етіледі.
Бюджетті атқарылуы
жөніндегі уәкілетті орган
Республикалық бюджеттің атқарылуы
бойынша жүргізілген
Бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру
жоспары республикалық бюджетті
қаржыландырудың жиынтық
Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі белгіленген тәртіппен: бюджеттік бағдарламаларды қаржыландару жаоспарларын бекітеді және оларға өзгерістер енгізеді; бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарларының республикалық бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкестігін қамтамасыз етеді; бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органға бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарларын табыс етеді. Мемлекеттік бюджеттің атқарылу жөніндегі уәкілетті орган берген рұқсаттар шегінде бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарларына, бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына сәйкес мемлекеттік мекемелерге рұсаттар береді, бюджеттік бағдарламаларды іске асырылу мониторингін және олардың бағалауды жүргізеді.
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме белгіленген тәртіппен:
Қаржы жылының басындағы бюджет қаражаттарының қалдықтары, бюджет қаражаттарының бос қалдықтары қаржы жылының ішінде негізгі үкіметтік борышты өтеуге және ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алуға пайдалануы мүмкін. Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық бюджеттің атқарылуы барысында тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген жекелеген республикалық бюджеттік бағдарламаларды қаржыландырудың арнаулы тәртібін белгілеуге құқылы.
Жергілікті атқарушы органдар тиісті әкімшілік аумақтық бөліністер бюджеттің атқарылуын, бюджеттік қаражаттардың тиімді және нысаналы жұмсалуын қамтамасыз етеді. Бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарларын және жергілікті бюджеттік қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасаумен бекітеді. Жергілікті уәкілетті органдардың, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне рұхсат береді.
Жергілікті уәкілетті орган белгіленген тәртіппен мәслихаттың ағымдағы қаржы жылына арналған жергіліқті бюджетті бекіту туралы шешімін атқарушы органның актісіне, бюджетке түсетін ақша түсімдерінің күтіліп отырған көлемін ескере отырып, бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарларына сәйкес жергілікті бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарын бекітеді және оған өзгерістер енгізеді және оны бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне табыс етеді.
Мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын тиімді шешуге арналған бюджет шығыстарын бағдарлау үшін мыналар көзделеді:
2.2 Мемлекеттік бюджеттің түсімдерін болжамдау
Бюджеттік кірістері
ол мемлекеттік функциялардың
Бюджет түсімдерінің негізін салықтар мен алымдар түрлерінде жұмылдыратын төлемдер құрайды. Республика аумағында орналасқан меншік және шаруашылық формаларынан тәуелсіз барлық заңды тұлғалар мен азаматтар қолданыстағы заңнамаларға сәйкес бюджетке салықтар, алымдар және міндетті төлемдер төлеуге тартылады. Салықтар, алымдар мен төлем төлеушілер, яғни заңды және жеке тұлғалар оларды бюджетке төлеудің басқа төлемдерден басымдылығын қамтамасыз ету мен әрекеттегі заңнамаларға сәйкес оларды уақытымен және толығымен төлеуге жауапкершіліктері тағайындалады.
Бюджет түсімдерін болжау.
Салық түсімдері контингентінің
есеп әдісінің сипаттамасы. Корпарациялық
табыс салығының болжауы
Корпорация табыс салығының сомасы келесі формула арқылы анықталады.
Тб = Де*Ia /100%* Iб/100%* Сор.,
Мұнда:
Тб – корпорациялық табыс салығының болжамы;
Де – есепті жылға салық салынған табыс көлемі;
Іа-ағымдағы жылғы тұтынушылық бағалар индексі;
Іб-жоспарлаушы жылға тұтынушылық бағалар индексі;
Сор.-Есепті жылғы салықтың орташа мөлшерлемесі.
Дивиденттерден, сый берулерден, резидент еместердің қызмет көрсету бойынша қазақстандық көздерден түскен табыстарына түсетін салықтарды божамдау негізінде олардың ақырғы екі жыл бойы түсімдерінің динамикасы мен болжамдап отырған мерзімдегі экономика дамуының макроэкономикалық параметрлерінің өзгерістері бойынша жоспарланады. Төлем көзінен салынатын жеке табыс салығын болжамдау үшін салық органдарының тапсырылатын салық декларацияларының мәліметтері пайдаланады. Ең алдымен есептелген салық салынатын табыс сомасы мен жеке табыс салығының мөлшері пайдалана отырып, аймақтар бойынша өткен жылмен есепті жылды қалыптасқан салық алуының орташа пайызын келесі формула арқылы анықтау қажет:
Оа = Сж / To * 100%,
Оа – салық алудың орташа пайызы;
Сж – есепті жылдағы төлем көзінен салынатын жеке табыс сомасы;
То – есепті жылдағы салық салынатын табыстың есептелген сомасы.
Осы пайыз бен табыс сомасының негізінде ағымдағы жылдағы түсетін салықтардың сомасы анықталады. Төлем көзінен салынатын жеке табыс салығының болжамы келесі формула арқылы есептеуге болады:
Сж = Тк*I / 100% * Oa / 100%
Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар бойынша жеке табыс салығын есептеу үшін салық салуға жатпайтын табыс сомасы мен салықтық шегерімдер сомасына азайтылған төлем көзінен салық салынбайтын табыс сомасына орташа мөлшерлемені қолданылады. Бұл арада аймақ бойынша қалыптасқан орташа мөлшерлеме мөлшері әсер ететін факторларға коррекцияланған есепті мәліметтер арқылы анықталады.
Әлеуметтік салық мөлшерін болжамдау үшін ағымдағы жылдың осы салық бойынша салық декларацияларының мәліметтерін пайдаланады. Салық салынатын табыстың нақты көлемі мен әлеуметтік салықтың орташа мөлшерлемесі анықталады:
Со = Ән / Тн * 100%
Салық заңнамада қарастырылған жеңілдіктерді есептей отырып, жер салығының болжамдық срмасы келесі формула арқылы анықталады:
Жж =Аж * Со * К
Жж – жер салығының болжамдық сомасы;
Аж – жер учаскесінің алқабы;
Со - әрбір жер категориясы бойынша орташа базалық мөлшерлеме;
К - заңнамаға сәйкес жеке төлеушілер үшін тағайындалған коэффициент.
Су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақының болжамдық сомасы су ресурстары жөніндегі уәкілетті органдардың мәліметтері негізі мен төлемақы төленетін объектілер бойынша және су тұтыну мен арнайы су пайдалану түрлеріне байланысты Үкімет тағайындаған мөлшерлемелерді қолдану арқылы келесі формуламен есептеледі:
Тс = Сп * С
Салық түсілдерін контингентінің есеп әдісі келесі кезеңдермен сипатталады:
Тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша ішкі салықтар түсімдерін болжау. Ішкі немесе жанама салықтар ол тауарлардың бағасы арқылы төленетін немесе тарифке енгізілетін сол тауарлар мен қызметке салынатын салықтар. Мұндай салықтардың нақты төлеушілері болып сол тауар немесе қызмет иелері салық сомаларын оларды өткізгенде алады. Ішкі салықтарға қосылған құн салығы мен акциздер жатады.
Қосылған құн салығы түсімдерін екі вариантпен болжамдау мүмкін. Бірінші варианттың есебі елдің орташа мерзімді әлеуметті экономикалық даму жоспарына сәйкес жалпы ішкі өнімнің болжамдық көлемі мен ҚҚС алуының орташа пайызына негізделеді. Екінші вариантының есебі ҚҚС түсуінің мониторинг жөніндегі салық органдарының мәліметтеріне негізделеді. Бұл арада ірі салық төлеушілер бойынша есептелген және төленген ҚҚС сомалары жөніндегі мәліметтер пайдаланады.