Каржылык бакылау

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2011 в 19:11, курсовая работа

Описание работы

Мемлекет пен муниципалдық құрылымдардың қаржылық қызметінің ажырағысыз құрамды бөлігі қаржылық бақылау болып табылады. Қаржылық бақылау- қаржы жүйесінің барлық буындарының ресурстарын жасау, бөлу және оларды пайдаланудың негізділігін тексеруге бағытталған айырықшылық қызмет және қаржыны басқарудың функциялық элементтерінің бірі. Ол басқарудың қаржылық жоспарлау, қаржыны оперативті басқару сияқты басқа элементтерімен тығыз байланысты және бір мезгілде жүзеге асырылады.

Работа содержит 1 файл

Қаржылық бақылау.doc

— 37.50 Кб (Скачать)

                           Қаржылық бақылау

       6.1 Қаржылық бақылаудың мәні, міндеттері  және қағидаттары

     Мемлекет пен муниципалдық құрылымдардың  қаржылық қызметінің ажырағысыз  құрамды бөлігі қаржылық бақылау  болып табылады. Қаржылық бақылау- қаржы жүйесінің барлық буындарының ресурстарын жасау, бөлу және оларды пайдаланудың негізділігін тексеруге бағытталған айырықшылық қызмет және қаржыны басқарудың функциялық элементтерінің бірі. Ол басқарудың қаржылық жоспарлау, қаржыны оперативті басқару сияқты басқа элементтерімен тығыз байланысты және бір мезгілде жүзеге асырылады.

    Қаржылық бақылаудың болуы экономикалық  категория ретіндегі қаржыға 

бақылау функциясының тән болумен объективті түрде шарттастылған. Бұл функция арқылы қаржы бөлудің қалыптасып отырған үйлесімдері қорлардың ара слмағы, оларды қалыптастырудың көздері, пайдаланылуы туралы ескертіп отырады. Қаржының бақылау функциясы материалдық игіліктерді өңдіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісіне қоғам, ең алдымен мемлекет тарапынан ықпал жасауға мүмкіндік береді. Бірақ бұл мүмкіндік тек қоғамдық қатынастарда ғана адамдардың қатысуымен, мынадай белгілі бір шарттардың кезінде: бақылаудың айрықша органдарын құрағанда; оларды білікті мамандармен толықтырғанда; бұл органдардың құқықтарын регламенттегенде шындыққа аййналады.

    Сөйтіп, бақылау функциясы қаржыны  бақылаудың құралы ретінде пайдалану  үшін объективті жағдай жасайды,  ал оны саналы түрде қолдану  қоғамдық өндірісте    қаржының іс- әрекет ету барысында жүзеге асырылады. Егер қаржы экономикалық базистің қатынастарын, яғни өндірістік қатынастардың бір бөлігін білдірсе, қаржыны басқару элементтерінің (жоспарлау, есеп және талдау мен қатар) бірі ретіндегі қаржылық бақылау қондырмалық категория болып табылады. Практикада қаржының бақылау функциясы қаржылық бақылау нысанында жүзеге асырылады, бірақ бұл ұғымдарды  бірдей деуге болмайды. Бақылау функциясы- қаржының ішкі қасиеті, ал қаржылық бақылау қаржыға тән объективті мазмұн ретіндегі бақылау функциясын практикалық қолдану болып табылады.

    Ғылыми негізделген қаржылық саясатты, тиімді қаржылық механизмді қалыптастыруға жәрдемдесу қаржылық бақылаудың мақсаты болып табылады. Қаржылық бақылаудың көмегімен қаржы жоспарларының орындалуы, қаржылық- шаруашылық қызметтің ұйымдастырылуы тексеріледі. Басқа жағынан, қаржылық бақылаудың нәтижелігі қаржылық жоспарлауда, оперативті басқаруда пайдаланылады.

     Қаржылық бақылаудың өзіндік өзгешілігі- оның ақшалай нысанда жүзеге асыратылығында.

     Қаржылық бақылаудың объекті  қаржылық ресурстарды, соның ішінде ұлттық шаруашылықтың барлық деңгейлері мен буындарында табыстар мен қорланымдарды қалыптастыру үрдістері, ақшалай қорларды жасау және пайдалану болып табылады.

    Алайда қаржылық бақылаудың объекті тек ақшалай қаражаттарды ғана тексерумен шектелмейді. Түпкілікті қорытындыда қазіргі жағдайларда өндіру мен бөлу үрдісі ақшалай қатынастармен ортақтастырылатындықтан ол елдің материалдық, еңбек, табиғи және басқа ресурстарын пайдалануды бақылауды білдіреді.

   Қаржылық бақылаудың іс- әрекеттінің сферасы бақылаудың басқа түрлерімен: әкімшілік, құқықтық, әлеуметтік, техникалық, саяси бақылаумен жиі тура келуі мүмкін.  Шаруашылық ұйымдардың қаржылық жағы шаруашылық қызметпен тығыз байланысты болғандықтан қаржылық бақылауды шаруашылықтық бақылаудан бөліп алу қиынға түседі, ал кейде мүмкін болмайды, өйткені қаржылық операциялардың көбінде шаруашылық қызметтің басқа үрдістері бейнелеп көрсетіледі.

    Мемлекеттік қаржылық бақылауды  жүргізу құпиялық режимді қамтамасыз  ету ескеріле отырып, тәуелсіздік,  объективтілік, анықтық, ашықтық, құзырылық, жариялық қағидаттары міндетті түрде сақталып жүзеге асырылады.

    Тәуелсіздік қағидаты- мемлекеттік  қаржылық бақылау органдарының  және олардың жұмыскерлерінің  қызметті жүзеге асыру кезінде  тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін  кез келген араласушылыққа жол  бермеу.

    Бақылаудың объективтілік қағидаты- бақылауды Қазақстан Республикасы заңнамасына, мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарына қатаң сәйкстікпен жүргізу, мүдделер қақтығысын болдырмау.

     Анықтық қағидаты- бақылау нәтижелерін бухгалтерлік, банктік құжаттармен, бақылау объектінің өзге құжаттармен расттау.

Бақылаудың ашықтық қағидаты- бақылау нәтижелерін баяндаудың айқындығы, мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының Қазақстан Республикасы Президентіне, Үкіметіне, мәслихаттарға, жұртшылыққа есеп берушілігі.

    Құзырылық қағидаты- мемлекеттік қаржылық бақылау органдары жұмыскерлерінің бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті кәсіби білімдер мен дағдылардың жиынтығы.

    Жариялық қағидаты- құпиялық режимді, қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге құпияны қамтамасыз етуді ескере отырып, мемлекеттік қаржылық бақылау нәтижелерін міндетті жариялау.

    Мемлекеттік қаржылық бақылауға  қойылатын бірыңғай талаптар  мемлекеттік қаржылық бақылау  жүргізу стандарттарымен айқындалады. Бұл стандарттарды Республиалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті ішкі бақылау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесе отырып әзірлейді және Қазақстан Республикасы Президенті бекітеді. Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын мемлекеттік қаржылық бақылау органдары орындауға міндетті.

    Қаржылық бақылаудың алдында  тұрған міндеттерге мыналар жатады:

    Шаруашылық жүргізуші субъектілердің  қарамағында ақшалай ресурстарды (бюджеттік және меншікті қаражаттарды, банк кредиттерін, бюджеттен тыс қаражаттарды) пайдаланудың дұрыстығын тексеру;

    мемлекет, ұйымдарда және халық алдында қаржылық міндеттіліктердің орындалуын тексеру;

    қаржылық ресурстарды өсірудің, соның ішінде өзіндік құнды  төмендету және өнім, қызметтер  рентабельдігін арттыру жөнінде  ішкіөндірістік резервтерді анықтау;

    кәсіпорындарда, ұйымдарда және  мемлекеттік мекемелерде қаржылық операцияларды, есеп айырысуларды жасаудың және ақшалай қаражаттарды сақтау ережелерін сақтауды материалдық құндылыұтар мен ақшалай ресурстарды ұтымды жасауды тексеру;

    қаржылық тәртіпті бұзуларды  жою және ескерту. 

    Қаржылық бақылаудың міндеттерін жүзеге асыру нәтижесінде заңдылық жақтарының бірін білдіретін қаржылық тәртіп нығаяды.

       Қаржылық тәртіп- бұл мемлекеттік, жергілікті өзін- өзі басқару субъектілерінің, шаруашылық жүргізуші субъектілердің ақшалай қорларын жасаудың, бөлудің және пайдаланудың белгіленген ұйғарымдары мен тәртібін айқын сақтау.    Қаржылық тәртіптің талаптары кәсіпорындарға, ұйымдарға, мекемелерге ғана емес, сонымен бірге мемлекеттік билік пен жергілікті өзін- өзі басқару органдарына, олардың лауазымды тұлғаларына да таратылады. Сөйтіп, қаржылық бақылау мемлекеттік және муниципалдық құрылымдардың мүдделерін қамтамасыз етеді, сондай- ақ нақтылы азаматтардың, кәсіпорындардың, ұйымдардың құқықтары мен мүдделерінің сақталуына мүмкіндік туғызады (мысалы, бюджетке төленетін төлемдер бойынша жеңілдіктер беру заңнамасының сақталуын, салықтарды алудың дұрыстығын, бюджеттен бөлінетін қаржының уақытылығын бақылау және т.б.).

   Қаржылық бақылаудың функциялары:

  1. қаражаттардың жұмсалуын тексеру;
  2. қаржы жүйесінің барлық буындары бойынша мемлекеттік ресуртарға қаражаттарды жұмылдырудың уақытылығы мен толымдылығын тексеру;
  3. есеп және есептеме ережелерінің сақталуын тексеру.

Информация о работе Каржылык бакылау