Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2012 в 16:24, реферат
Қазақстан Республикасының қатаң түрде орталықтандырылған жоспарлы экономикадан қағидалы жаңа, мемлекет тарапынан реттелініп отыратын нарықтық экономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық институттармен бірге қаржы нарығының құрылуын талап етті. Қазақстанда қаржы нарығы бұрын – соңды болған емес.
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының қатаң түрде орталықтандырылған жоспарлы экономикадан қағидалы жаңа, мемлекет тарапынан реттелініп отыратын нарықтық экономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық институттармен бірге қаржы нарығының құрылуын талап етті. Қазақстанда қаржы нарығы бұрын – соңды болған емес.
Қаржы нарығы – бұл ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтық институттарының, мемлекеттің жәнге халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады жіне тауар, ақша, несие, сақтық, валюта және басқа рыноктармен (капитал,жұмыс күші, тұрғын үй, жер, алтын және тағы басқа нарықтармен) етене байланысты.
Нарықтың қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизімінде де қаржы зор рөл атқарады.
Қаржы
– нарықтық қатынастардың құрамды
бөлігі және мемлекеттік саясаты жүзеге
асырудың құрамы.
ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ
Қаржы
нарығы - ақша операцияларының арнайы
саласы болып табылатын нарықтық қатынастар
жүйесі; капитал несиегерлер мен қарызгерлер
арасында бағалы қағаздарды шығару және
сатып алу-сату нысанында қайта бөлінетін
несие капиталдары нарығының бір бөлігі.
Мұнда халықтың, шаруашылық жүргізуші
субъектілердің, мемлекеттік құрылымдардың
клиенттерге не бағалы қағаз кепілдігімең
немесе несие түрінде берілетін
бос ақшалай қаражаты мәміле объектісі
болып табылады. Сондықтан ол бағалы қағаздар
нарығы ретінде де, несие капиталының
нарығы ретінде де әрекет етеді. Қаржы
нарығы жаңа бағалы қағаздар шығару ісімен
айналысатын бастапқы қаржы нарығы және
бұрын шығарылған бағалы қағаздарды қайта
сатумен айналысатын қайталама қаржы
нарығы түрлеріне бөлінеді. Қайталама
нарық өз кезегінде биржалық және биржадан
тыс нарық түрлеріне бөлінеді. Биржалық
нарықта мамандандырылған қор биржалары
жетекші компаниялардың акцияларын сатып
алу-сату операцияларын жүргізеді. Әлемдік экономиканың жаһандануы жағдайында
дамыған елдердің ұлттық қаржы нарығы
әлемдік қаржы нарығының бір бөлігі болып
табылады. Бұған қаржы нарығында сауданы
ұйымдастырушылар көрсететін қызметтер
ұсынысының ақпараттық технологиялар негізінде ұлтаралық
сипаталуы септігін тигізуде. ұлттық несие-қаржы
институттарының мүдделерін қорғау үшін
мемлекет қаржы нарығына қатысушылардың
қызметін арнаулы мекемелер арқылы реттеп
отырады. Мысалы, Қазақстанда мұндай міндетті
Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу
мен қадағалау комитеті орындайды
ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН
РЕТТЕУШІ ОРГАНДАР
Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі
Ұлттық Банк Қазақстанның орталық банкі болып табылады және отандық банктік жүйенің жоғарғы (бірінші) деңгейін иеленеді. Ұлттық Банкі қызметінің негізгі мақсаты елдегі тұрақтылықты қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан оның функцияларына мемлекеттің ақшалай-несие саясатын әзірлеу және жүргізу, төлем жүйелерінің жұмысын қамтамасыз ету, валюталық реттеуді жүзеге асыру және қаржы жүйесінің тұрақталығын қамтамасыз етуге көмек көрсету кіреді.
Сондай-ақ, Ұлттық Банк өзінің құзыреті шегінде орталық банктері және басқа елдердің банктері, халықаралық банктері және басқа қаржы-несиелік ұйымдар қатысында Қазақстан Республикасының мүдделерін ұсынады.
Көріп
отырғандай, еліміздің бас банкі
ауқымды жалпы мемлекеттік және
халықаралық қаржы мәселелерін
орындай- ды, ал қазақстандық қаржы
қызметтері тұтынушыларының, жеке инвестордың
мүдделерін қорғау мемлекеттік кепілден-
діру қоры мен екінші деңгейлі банктерді
лицензиялау және қадағалау арқылы жанама
түрде жүзеге асырылады.
Дегенмен, айына бір рет арнайы белгіленген орында Ұлттық банк басшылары, Персоналмен жұмыс істеу департаментінің директорынан бастап Төрағамен аяқтап, келушілерді – қарапайым азаматтарды, ұйым өкілдерін қабылдайды – олардың сұрақтарына жауап береді.
Ұлттық Банк акционерлік қоғамның құрылтайшылары:
● «Қазақстанның депозиттерді кепілдендіру қоры»
● «Сақтандыру төлемдерін кепілдендіру қоры»
● «Қазақстанның ипотекалық несиелерді кепілдендіру қоры» болып табылады.
Сонымен қатар Ұлттық Банк «МЖЗҚ (Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры) акционерлік қоғамы акционерлерінің бірі болып табылады.
2004 жылға дейін Ұлттық банк еліміздің қаржы нарығының негізгі реттеушісі болды. Орталық банкте реттеу және қадағалау функцияларының мұндай үйлесімі оны Ұлттық банктен бөлу арқылы дербес мемлекеттік қадағалау органын құруға аралық қадам болды.
2003 жылғы
31 желтоқсанда Қазақстан
Қазақстан
Республикасының Қаржы нарығын
және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау
комитеті (ҚҚК)
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау комитеті – бұл қаржы нарығын және оның «ойыншыларын» реттейтін және қадағалайтын негізгі мемлекеттік орган. Реттеушінің негізгі мақсаттары: қаржы нарығының және қаржы ұйымдарының тұрақтылығын қамтамасыз ету, қаржы жүйесіне сенімді қол- дау көрсету қаржы қызметтері тұтынушыларының мүдделерін тиісті деңгейде қамтамасыз ету, қаржы нарығында әділ бәсекелестікті қолдауға бағытталған қаржы ұйымдарының қызметі үшін тең құқылы жағдайлар жасау.
ҚҚК қаржы қызметтері тұтынушыларының құқықтарын және заңды мүдделерін бұзбау үшін шаралар қабылдайды, әділ бәсекелестік қағидатымен қаржы ұйымдары үшін тең жағдайлар жасайды және қаржы нарығының «ойыншылары» өз уақытында және толық көлемде олармен қабылданған міндеттемелердің орындалуын қадағалайды.
Комитет қаржы ұйымдары қызметінің және олармен көрсетілетін қаржы қызметтерінің ашық болуына, қаржы қызметтері тұтынушылары үшін ақпараттың толық және объективті қолжетімділігіне ықпал етеді, жаңа қаржы құралдарының және жеке инвесторлар үшін қызметтердің да- муын қолдайды, қазіргі заманғы технологияларды ендіреді, шешімдерді қабылдау кезінде тәуекелдерді дәл өлшейтін қаржы ұйымдарын басқаруға ықпал етеді, қаржы жүйесінің тұрақтылығы сақталуы үшін қаржы ұйымдары мен қаржы нарығының мониторингін жүргізеді, қаржылық тұрақтылықты қолдау мақсатында тәуекелдерге жиі ұшырайтын қаржы нарығының салаларында қарқынды жұмыс істейді.
ҚҚК қаржы қызметтері тұтынушыларының құқықтарын жә- не мүдделерін қорғау үшін не істейді? Агенттіктің www.afn.kz веб-сайтында өзінің қаражаттарын сауатты басқару, қаржы өнімдерін дұрыс қолдану және инвестициялық шешімдерді қабылдау үшін қазақстандықтарға қажетті барлық ақпарат ұсынылған.
Мұнда
қаржы қызметтерінің
Мұнда өзгешелі терминдерге түсінікті анықтамалар берілген қаржы сөздігі жарияланған. Несие, депозит бойынша пайыздың тиімді мөлшерлемесін, салым бойынша сыйақы көлемін, ал банкті таратқан жағдайда – депозит бойынша талап ету сомасын есептеуге болатын арнайы калькуляторлар ұсынылған.
Қаржы қызметтерінің тұтынушыларымен тікелей жұмыс үздіксіз жүргізіліп келеді. ҚҚА әрбір қаржы ұйымының атына келіп түскен шағымдарды тіркейді және әрбір жағдайды жеке қарастырады. Сайтта нақты қаржы ұйымдарының: банктердің, сақтандыру ұйымдарының, зейнетақы қорларының, бағалы қағаздар нарығы қатысушыларының атына әр айда келген шағымдардың саны туралы статистикалық ақпараттар, қаржы қызметтерімен байланысты өзекті, кеңінен таралған пробле- малар туралы түйіндер, сонымен қатар қаржы қызметтері тұтынушыларының мүдделерін шектеу деректерін жою үшін қандай шаралардың қолданылу керектігі және процестің қай кезеңде екендігі жайында мәліметтер ұсынылған.
Алматы
қаласының өңірлік қаржы
2005 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметімен Алматы қаласының өңірік қаржы орталығын құру туралы шешім қабылданды. Ол отандық қаржы институттарының орталығы болып табылады. Бұл шешім ТМД-ның басқа елдерімен салыстырғанда, Қазақстанның қаржы секторының қарқынды дамуымен, жалпы ішкі өнімнің (2006 жылғы 1 қазанғы жағдай бойынша - 3,9%), ішкі жинақтардың құрамындағы қаржы қызметтерінің үлесінің тұрақты өсуімен, ТМД елдеріндегі инвестициялаудың бастамасымен және қаржы саласында мамандар құрамын қалыптастырумен негізделген.
Республика
Президенті 2006 жылғы 5 маусымда Қазақстан
Республикасының «Алматы
Қазіргі уақытта республикада әрекет ететін арнайы экономикалық аймақтардан ерекшелігі, АӨҚО өзінің дәл белгіленген аумағы болмайды. Аумақтық қағидаты Алматы қаласының аумағында кеңсесінің болуы туралы АӨҚО кәсіби қатысушыларына қойылатын талаптармен сақталған.
Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы өзінің са- ясатын дамыту және ендіру бойынша белгілі мәселелерді қамтиды. Бұл мәселелердің іске асырылуы АӨҚО ұсынатын қаржы қызметтерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді және жалпы еліміздің қаржы нарығының қарқындылығына ықпал етеді.
«АӨҚО»
АҚ өзінің миссиясы қазақстандық бағалы
қағаздар нарығын халықаралық деңгейге
дейін жетілдіру, қазақстандық бағалы
қағаздар нарығын халықаралық капитал
нарықтарымен ықпалдастыру, оның капиталы
мен өтімділігін арттыру және
Қазақстанның экономикасына инвестициялар
тарту, соның ішінде бағалы қағаздар нарығының
жұмысына қатардағы қазақстандық инвесторларды
тарту үшін жағдай жасау деп санайды.
АӨҚО әлеуметтік маңызды жобаларының бірі – «Биржа» ұлттық ойыны. Оның мақсаты халықтың инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауаттылығын арттыру болып табылады. Бұл ойын халқымызға биржалық сауда қағидаттарымен және технологияларымен және қаржы нарығының қаржылық құралдарымен танысуға мүмкіндік береді. Жобаның ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі,
«Делойт» компаниясы, «Самұрық» мемлекеттік активтерін басқару жөніндегі Қазақстандық холдинг» АҚ болып табылады. Ойынның бірінші кезеңі екі айға созылып, жазда аяқталды (2008 жылы).
Ойынның механизмі бойынша Интернетке кіруге мүмкіндігі бар кез келген қазақстандық арнайы құрылған сайтта тіркелуі тиіс. Содан кейін оның шотына 50 000 АҚШ доллары көлемінде виртуалды ақшалар түседі. Бұл қаражаттар Лондондық қор биржасында бағасы белгіленетін ТМД компанияларының, сонымен қатар арнайы листингтен өтпеген (бұл «Самұрық» мемлекеттік холдингіне кіретін 8 компания және Қазақстандық ипотекалық компания) тоғыз қазақстандық компаниялардың акцияларына инвестиция- ланды. Ойын басталғаннан кейін кездейсоқ таңдау арқылы акциялардың баға белгіленуіне әсер етуі мүмкін оқиғалар жа- рияланып отырды. Барлық оқиғаларға жетекші халықаралық және қазақстандық сарапшылар түсіндірмелер беріп отырды. Аталмыш кезеңде ең үлкен табыс әкелген акциялардан өзінің портфелін қалыптастырған жеңімпаздар 1, 2 және 3 орындар үшін сәйкесінше 25 000, 10 000 және 5 000 АҚШ доллары көлемінде нағыз сыйлықтар алған.
Жоба бірінші кезең іске асырылғаннан кейін-ақ кеңінен таралды. Ойынға 10 мыңнан астам, соның ішінде әлемнің 22 елінде тұратын Қазақстан азаматтары қатысуға ниет білдірген. Осы негізде 2008 жылдың күзінде «Биржа» ойынының екінші кезеңін жариялау туралы шешім қабылданды.
Тағы бір маңызды жоба – Президенттің бастамасымен Қазақстан Республикасының Үкіметімен қабылданған Қазақстан Республикасы халқының инвестициялық мәдениетімен қаржылық сауаттылығын арттырудың 2007—2011 жылдарға арналған бағдарламасы. Бағдарлама аясындағы негізгі мақсат – Қазақстан тұрғындары арасында инвестициялық мүмкіндіктерді және қаржы құралдарын үгіттеу және жариялау болып табылатын ақпараттық-білім беру сипатындағы бірнеше жобалар іске қосылды.