Экономикалық дағдарыс

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2011 в 19:33, реферат

Описание работы

Экономикалық дағдарыс – дағдарысты, тоқырауды, жандануды және өрлеуді дәйекті түрде қамтитын ұдайы өндірістік цикл кезеңдерінің бірі. Нарықтық жағдаяттың күрт құлдырауымен, ұлттық экономиканың тұрақсыздануымен, қоғамдық ұдайы өндірістегі үйлесімсіздіктің күшеюімен сипатталады.

Работа содержит 1 файл

5.doc

— 53.00 Кб (Скачать)

 Экономикалық дағдарыс – дағдарысты, тоқырауды, жандануды және өрлеуді дәйекті түрде қамтитын ұдайы өндірістік цикл кезеңдерінің бірі. Нарықтық жағдаяттың күрт құлдырауымен, ұлттық экономиканың тұрақсыздануымен, қоғамдық ұдайы өндірістегі үйлесімсіздіктің күшеюімен сипатталады.     

Әлемдік қаржылық дағдарыстың  себеп-салдары 

      2007 жылы АҚШ-тан басталған қаржы дағдарысы Еуродақ,Оңт-Шығыс Азия  елдерінің қаржы рыногын тұралатып тастады. Дағдарыс, әсіресе, көптеген  елдердің банк секторы мен қор рыногына мықтап соққы болып тиді. Банк активтерінің, жылжымайтын мүлік құнының төмендеуі барлық елдерде дағдарысқа қарсы шұғыл шаралар кешенін қабылдауды талап етуде. Жаһандық қаржы жүйесімен тығыз байланысты болғандықтан бұл дағдарыс Қазақстанды да айналып өте алмайды. 

      Бүкіләлемдік  дағдарыс 2007 жылы тамыз  айында АҚШ-та бастау алды. Басты  себебі ретінде  – ипотекалық  несиелеуді алады. Инвесторлардың  жауапкерсіз қылығы, яғни ипотека   және бағалы қағаздар арқылы  жоғары табысқа  жету мақсатында  өздеріне үлкен мөлшерде несиелік қарыздарды алуы, несиелік кепілдің төмен сапалы болуы-әлемдік дағдарыстың себебі болды және әлемдік экономика үшін еш жақсылығы болмайтыны түсінікті.   

     Әлемдік  экономикадағы, әсіресе қаржылық жүйедегі мәселенің шығуы көптен бері күтіліп келген болатын.Бірақ, мұндай масштабқа    дейін жетіп, бүкіләлемдік дағдарысқа айналуы болжанбаған еді. 2006 жылдан бері американдық ипотекада қиындықтар басталды. АҚШ-тағы ипотекалық дағдарысының алғашқы белгілері – тұрғын үй несиелерінің қайтарылмау көлемінің ұлғаюы болды. Бұл Америкадағы ипотекалық сектордың күйреуіне әкелді, ал бұл өз алдына өтімділіктің әлемдік дағдарысын тудырды. 

     АҚШ-тағы  ипотекалық дағдарыс салдары  әлемдік  нарыққа және экономикаға,  соның  ішінде халықаралық  нарыққа терең  интеграцияланған біздің елімізге де теріс әсерін тигізбей қоймады. Қаржылық дағдарыстың алғашқы толқынымен Қазақстан 2007 жылдың күзінде беттесті.  

     Еліміздің  экономикасы АҚШ-та басталған  ипотекалық дағдарыс салдарынан 2007 жылдың соңында-ақ (“бірінші толқын”) қиыншылықтарға душар бола бастады. Әлемдік қаржы рыноктарындағы ахуалдың шиеленісуі нәтижесінде, дәлірек айтқанда, жаһандық дағдарыстың 2008 жылғы “екінші толқынында” қиыншылық жағдайларына тап болды. 

     Әлемдік  рыноктардағы  капитал өтімділігі дағдарысы нәтижесінде Үкімет 2008 жыл бойына бүтіндей алғанда елдің қаржы жүйесінің, соның ішінде екінші деңгейдегі банктердің тұрақтылығын арттыру жөнінен бірқатар шаралар қабылдады. Бұл жұмыста негізгі салмақ елдегі жүйе құраушы банктерге түсірілді. 

     Қазақстанға  да бұл дағдарыстың әсер етпей  қоймағаны анық. ҚРда дағдарыстың  пайда болу себептеріне мыналарды  жатқызуға болады:

Қазақстан экономикасының әлемдік экономикаға интеграциялануы;

Экономиканың  шикізаттық мамандану, сол себептен елде өндірілген шикізаттың әлемдік бағасы тәуелділігі;

Бос ақшалай  қаражаттарының көптігі және оларды инвестициялау мүмкіншіліктің аздығы;

Көптеген ЕДБ-дің  агрессивті несиелік саясаты, қысқа  мерзім ішінде сыртқы қарыздың күрт өсуі;

Ел үкіметінің тез арада және тиімді дағдарысқа қарсы шаралардың орындалмауы.

   

Бүкіләлемдік  дағдарыстың  пайда болу себептері. 

     2007 жылы АҚШ-тан басталған қаржы   дағдарысы Еуродақ,Оңт-Шығыс Азия  елдерінің қаржы рыногын тұралатып   тастады. Дағдарыс, әсіресе, көптеген  елдердің банк секторы мен қор рыногына мықтап соққы болып тиді. Банк активтерінің, жылжымайтын мүлік құнының төмендеуі барлық елдерде дағдарысқа қарсы шұғыл шаралар кешенін қабылдауды талап етуде. Жаһандық қаржы жүйесімен тығыз байланысты болғандықтан бұл дағдарыс Қазақстанды да айналып өте алмайды. 

      Бүкіләлемдік  дағдарыс 2007 жылы тамыз  айында АҚШ-та бастау алды. Басты  себебі ретінде – ипотекалық  несиелеуді алады. Инвесторлардың  жауапкерсіз қылығы, яғни ипотека  және бағалы қағаздар арқылы  жоғары табысқа жету мақсатында өздеріне үлкен мөлшерде несиелік қарыздарды алуы, несиелік кепілдің төмен сапалы болуы-әлемдік дағдарыстың себебі болды және әлемдік экономика үшін еш жақсылығы болмайтыны түсінікті.   

     Әлемдік  экономикадағы, әсіресе қаржылық  жүйедегі мәселенің ушығуы көптен бері күтіліп  келген болатын.Бірақ, мұндай масштабқа    дейін жетіп, бүкіләлемдік дағдарысқа айналуы болжанбаған еді. 2006 жылдан бері американдық ипотекада қиындықтар басталды. АҚШ-тағы ипотекалық дағдарысының алғашқы белгілері – тұрғын үй несиелерінің қайтарылмау көлемінің ұлғаюы болды. Бұл Америкадағы ипотекалық сектордың күйреуіне әкелді, ал бұл өз алдына өтімділіктің әлемдік дағдарысын тудырды. 

     АҚШ-тағы  ипотекалық дағдарыс салдары  әлемдік  нарыққа және экономикаға,  соның  ішінде халықаралық нарыққа терең  интеграцияланған біздің елімізге де теріс әсерін тигізбей қоймады. Қаржылық дағдарыстың алғашқы толқынымен Қазақстан 2007 жылдың күзінде беттесті.  

     Еліміздің  экономикасы АҚШ-та басталған  ипотекалық дағдарыс салдарынан 2007 жылдың соңында-ақ (“бірінші толқын”) қиыншылықтарға душар бола бастады. Әлемдік қаржы рыноктарындағы ахуалдың шиеленісуі нәтижесінде, дәлірек айтқанда, жаһандық дағдарыстың 2008 жылғы “екінші толқынында” қиыншылық жағдайларына тап болды. 

     Әлемдік  рыноктардағы  капитал өтімділігі дағдарысы нәтижесінде Үкімет 2008 жыл бойына бүтіндей алғанда елдің қаржы жүйесінің, соның ішінде екінші деңгейдегі банктердің тұрақтылығын арттыру жөнінен бірқатар шаралар қабылдады. Бұл жұмыста негізгі салмақ елдегі жүйе құраушы банктерге түсірілді. 

     Қазақстанға  да бұл дағдарыстың әсер етпей   қоймағаны анық. ҚРда дағдарыстың  пайда болу себептеріне мыналарды  жатқызуға болады:

Қазақстан экономикасының әлемдік экономикаға интеграциялануы;

Экономиканың  шикізаттық мамандану, сол себептен елде өндірілген шикізаттың әлемдік бағасы тәуелділігі;

Бос ақшалай  қаражаттарының көптігі және оларды инвестициялау мүмкіншіліктің аздығы;

Көптеген ЕДБ-дің  агрессивті несиелік саясаты, қысқа  мерзім ішінде сыртқы қарыздың күрт өсуі; 

Қаржы дағдарысының екінші деңгейлі банктердің қызметіне  әсері

Дағдарыс жағдайында экономикалық үдерістерді ынталандыру  мен үйлестіруде мемлекеттің  рөлі анықтаушы мәнге ие болады.  

   Баршаға  мәлім, экономикадағы рецессия  әдетте іскерлік белсенділіктің  құлдырауы, ІЖӨ  өсім қарқынының, тұтыну сұранысының  төмендеуі секілді қазір бүкіл  әлемде байқалып отырған түрлі құбылыстармен қатар жүреді. Еліміздің қаржы нарығына келсек, банктердің сырттан белсенді түрде қарыз алу саясаты бірқатар тәуекелдердің тууына және өсуіне әкелді. Ол турасында мемлекеттік реттеуші органдар бірнеше рет ескерткен болатын. Бұл ретте, әлемдік қаржы рыногындағы тұрақсыздық отандық банк секторындағы жағдайды да күрделендіріп, сол арқылы төлемпаздық тәуекелінің артуына, кері қаржыландыруға әкелді. Сыртқы әсерлерден кейінгі, қазіргі ахуалға келсек, біздіңше, жаһандық тұрақсыздықтың нәтижесінде туындаған сыртқы қатерлерді бәсеңсітуде Қаржы нарығын қадағалау агенттігінің іс-қимылы айрықша рөл ойнады. Осы орайда, Үкіметтің қазір қабылдап жатқан шаралары әлемдік қаржы дағдарысының отандық экономикаға тигізер кері салдарларын мейілінше азайтуға мүмкіндік береді. Мұны отандық және шетелдік экономист-сарапшылардың соңғы кездері айтқан түсініктемелері де қуаттап отыр. 

   Ел  Президентінің  кеңейтілген Үкміет отырысында берген тапсырмасына сәйкес, Үкімет Ұлттық банкпен және Қаржы  нарығын қадағалау агенттігімен бірлесіп, Қазақстанның қаржы жүйесі мен экономикасын тұрақтандырудың 2009-2010 жылдарға арналған жоспарын әзірледі. Онда өзге де іс-шаралармен қатар, қазақстандық банк секторының төлемпаздығы мен капиталдануын нығайтуға және қолдауға бағытталған кешенді шаралар да қарастырылған. Атап айтқанда, екінші деңгейлі банктерді қосымша капиталдандыру арқылы мемлекеттік қолдауды ұсыну, Ұлттық банк тарапынан төлемпаздықты сақтау, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» шығаратын облигацияларды ҚР Ұлттық қорының сатып алуы арқылы банктерге төлемпаздықтың қосымша көздерін ұсыну. Мәселен, Агенттік әзірлеген ұсынымға сәйкес, Үкімет еліміздің Альянс Банк, ТұранӘлемБанкі, Халық Банкі және Казкоммерцбанкі секілді жүйеқұраушы төрт банкінің акционерлеріне олардың капиталдарын нығайту шарасы ретінде акционерлік капиталдарына қосымша қаражат құю туралы ұсыныспен шықты. Бұл ұсыныстың аясында қосымша капиталдануды қарапайым және басым акциялар эмиссиясы арқылы және жалпы көлемі 5 миллиард АҚШ доллары сомасында субординді заемдар беру арқылы жүзеге асыру көзделеді. Акционерлерге жаңа шығарылған қарапайым және басым акцияларды басымдықпен сатып алу құқығы беріледі де сол арқылы банктерге қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қажетті капиталдану көлемі ұсынылады. Бұл ретте, Үкіметтің қандай да бір банктің капиталындағы бақылау пакетін сатып алуды жоспарлап отырмағанын атап айту керек. Жоспар іске асқан жағдайда, мемлекеттің меншігіне жоғарыда көрсетілген 4 банктің дауыс беретін 25 пайыз акциялар үлесінің түсуі көзделуде. Бұл банктердегі мемлекеттің мүддесін «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» қадағалайтын болады. Банктердің жоғарыда аталған бағалы қағаздарын сатып алу үшін Қор мемлекет тарапынан қосымша 5 миллиард долларға капиталдандырылды. Тағы да қайталап айтамын, Үкімет банктердің үлескері болып ұзақ мерзімге қалуды жоспарлап отырған жоқ және әлемдік қаржы нарығындағы жағдайға байланысты олардың капиталынан орта мерзімді болашақта шығатын болады. Сол кезде мемлекетке тиесілі акциялар нарық қағидаларына сәйкес сатылады. Ал жоғарыда айтқан, банктерге төлемпаздықтың қосымша көздері ретінде ұсынылатын және Ұлттық қор арқылы сатып алынатын облигациялардан түсетін қаражат экономиканың нақты секторын, соның ішінде серпінді және инфрақұрылымды жобаларды да несиелеуге, шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерін қаржыландыруға бағытталады. Ал уақытша бос қаражаттар бірқатар банктердің депозиттеріне салынып, олардың жаңа жобаларды несиелеуіне және ағымдағыларын қаржыландыруына мүмкіндік береді. Сөз болып отырған жоспарда банктердің минималдық резервтік талаптарын азайту арқылы репо операциялар бойынша қабылданатын құралдар тізбесін кеңейту арқылы қосымша қаражат көзін ұсыну негізінде барлық екінші деңгейлі банктердің ағымдағы және қысқа мерзімді төлемпаздығын қолдау шарасы жүзеге асырылады. Мемлекет осының бәрін серпінді және инфрақұрылымдық жобаларды қоса алғанда, экономиканың нақты секторын несиелеуді ынталандыру үшін, сондай-ақ шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерін қаржыландыру үшін істеп отыр. Төлемпаздық көлемінің одан әрі қысқаруы мен сыртқы қарыз алу көздерінің шектеулілігі банк активтері сапасының нашарлауына, экономиканың нақты секторын несиелеу көлемінің қысқаруына, түпкі нәтижеде қазақстандық кәсіпорындардың іскерлік белсенділігінің төмендеуіне әкелді. Мұндай жағдайда экономикалық үдерістерді ынталандыру мен үйлестіруде мемлекеттің рөлі айқындаушы мәнге ие болатынын бірқатар елдердің үкіметтері мен реттеуші органдарының әрекеттері көрсетіп отыр. Халықаралық қаржы көздерінің шектеулілігіне қарамастан, қазақстандық банктер бүгінге дейін сыртқы қатерлерге лайықты төтеп берді және өзінің ішкі-сыртқы міндеттемелерін толығымен өтеп келді.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                   С.Бәйішев атындағы АУ коллдежі 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

Тақырыбы: 2008-2009 жж әлемдік дағдарыс. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

                                                

                                                             Орындаған: Сағнай Р.Н.

                                                              Тексерген: Бухарбаев А.Б.    
 
 
 
 
 
 

                                2011жыл Ақтөбе 
 

Падаланған әдебиет:

1) интернет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Информация о работе Экономикалық дағдарыс