Инвестициялық жоба

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Марта 2012 в 15:46, реферат

Описание работы

Инвестициялық жоба - халықаралық тәжірибеде кәсіпорынның даму жоспары бизнес-жоспар ретінде көрсетіледі, ол негізінен кәсіпорынның даму жоспарының құрамдастырылған сипаты болып табылады. Егер жоба инвестицияны тартумен байланысты болса, онда ол «инвестициялық жоба» деп аталады. Әдетте кәсіпорынның кез келген жобасы, қалай болса да, инвестицияның тартуымен байланысты болады. Жалпы түсінігі бойынша жоба – бұл белгілі бір мақсатқа жетелейтін кәсіпорынның іскерлігін өзгерту жайлы арнайы ұсыныс.

Работа содержит 1 файл

Инвестициялық жоба.docx

— 29.74 Кб (Скачать)

Инвестициялық жоба - халықаралық тәжірибеде кәсіпорынның даму жоспары бизнес-жоспар ретінде көрсетіледі, ол негізінен кәсіпорынның даму жоспарының құрамдастырылған сипаты болып табылады. Егер жоба инвестицияны тартумен байланысты болса, онда ол «инвестициялық жоба» деп аталады. Әдетте кәсіпорынның кез келген жобасы, қалай болса да, инвестицияның тартуымен байланысты болады. Жалпы түсінігі бойынша жоба – бұл белгілі бір мақсатқа жетелейтін кәсіпорынның іскерлігін өзгерту жайлы арнайы ұсыныс.

 

Жоба мәні мен мазмұны

Жобаларды әдет бойынша тактикалық және стратегиялық деп ажыратады. Соңғысының қатарына меншік түрінің өзгерісін (арендалық кәсіпорынды, акционерлік қоғамды, жеке кәсіпорынды, біріккен кәсіпорындарды құру) немесе өндіріс сипатының түбегейлі (жаңа өнім өндірісі, толық автоматтандырылған өндіріске көшу) өзгерісін қарастыратын жобаларды жатқызады. Тактикалық жобалар, әдетте, шығарылатын өнім көлемінің өзгеруімен, өнім сапасын жоғарлатуымен және қонырғыларды жаңартуымен байланысты болады.Отандық тәжірибеде жоба түсінігі жаңа түсінік емес. Бұрынғы уақытта оның айырмашылығы кәсіпорынның дамуының негізгі бағыттарын заң бойынша осы кәсіпорыннан жоғары деңгейде тұрған экономикалық саланың анықтайтыны болып табылатын. Жаңа экономикалық жағдайларда кәсіпорын, яғни оның иелері және жоғары басқару құрамы өз келешектерін, барлық стратегиялық және тактикалық мәселелерін өз бетінше шешеді. Мұндай іскерлік инвестициялық жобалау тұрғысынан ерекше ұйымдастырылуы тиіс.

 

 

 

 

Циклдері

Кәсіпорынның нақты бір  жобаға қатысты инвестициялық іскерлігінің жалпы реттелуі жобалық цикл түрінде  қалыптасады және ол циклдың келесі кезеңдерге ие.

 

 

 

Жобаның тұжырымдалуы

Бұл кезеңде кәсіпорын жетекшілерінің жоғары құрамы кәсіпорынның ағымдағы жағдайына талдау жасап, кәсіпорынның ары қарай дамуының пайдалы бағыттарын анықтайды. Талдау нәтижесі бизнес идеясы түрінде рәсімделіп, кәсіпорынның неғұрлым маңызды міндеттерін шешуге бағытталады. Бұл кезеңде идеяны жүзеге асыруға қатысты едәір дәлелді аргументациялар болуы қажет. Кәсіпорынның одан әрі дамуы жөнінде бірнеше идея пайда болуы мүмкін. Егер олардың барлығы бірдей дәрежеде пайдалы және іске асырымды болса,онда даярлаудың соңғысы кезеңінде олардың ішінен неғұрлым тиімдірегін қабылдау үшін бір мезгілде бірнеше инвестициялық жобалар әзірленеді.

 

Жобаны дайындау

Жобаның бизнес-идеясы бірінші тексерілімнен өткеннен кейін, оң немесе теріс деген тиянақты шешім қабылдауға болғанға дейін оны ары қарай дамыту керек. Бұл кезеңде жоба жоспарының барлық бағыттарында – коммерциялық, техникалық, қаржылық, экономикалық, институционалды және т.б. – оны бірте-бірте нақтылау мен жетілдіру талап етіледі. Бұл кезеңде жобаның жекелеген міндеттерін шешу үшін бастапқы ақпараттарды іздеу немесе жинақтау аса маңызды болып табылады. Жобаның сәтті іске асуы жобаны талдау процесінде пайда болатын мәліметтерді дұрыс өңдеу алуға және бастапқы ақпараттардың шынайлығына тәуелді екенін түсіну керек.

 

 

Жобаны сараптау

Жобаны жүзеге асыру алдында оның білікті сараптамасы – жобаның өмірлік циклына аса қажетті саты жүргізілуі керек. Егер жоба негізінен стратегиялық инвестор есебінен қаржыландырылатын болса, онда инвестордың өзі сараптама жүгізеді, мысалы, болашақта жобаны іске асыру процесінде ақшасының көп бөлігін жоғалтудан гөрі, бұл кезеңде беделді бір консалтингтік фирмаға ақшасының кейбір бөлігін жұмсауды қалауы мүмкін. Егер кәсіпорын инвестициялық жобаны негізінен өз ақша құралдарының көмегімен іске асыруды жоспарласа, онда жобаның негізгі жағдайларының дұрыстығын тексеру үшін де сараптама қажет.

 

Жобаны іске асыру

Бұл кезең бизнес- идеяның дамуынан бастап жобаның іске қосылу мезетіне дейін толық қамтиды. Мұнда қызметтің барлық түрінің орындалуын қадағалау және мемлекеттің ішіндегі реттеуші органдар мен шетелдік немесе отандық инвесторларының бақылауы кіреді. Берілген кезең жобаның іске асуының негізгі бөлігін де қамтиды, ал оның мақсаты – бастапқы инвестицияны жабу үшін жоба өндіретін ақша ағымдарының жеткіліктігін тексеру және инвесторлврдың салған ақшаларынан күтетін қайтарылымдарын қамтамасыздандыру.

 

Нәтижелерді бағалау

Бұл жобаның соңында, сондай-ақ жобаны орындау процесі кезінде жүргізіледі. Бұл қызмет түрірнің негізгі мақсаты жобаға салынған идеялар мен олардың іс жүзіндегі орындалу дәрежесі арасындағы нақты кері байланысты алу болып табылады. Мұндай салыстырулардың нәтижесінде жобаны қарастырушылар аса құнды тәжірибе жинақтайды. Бұл тәжірибені басқа жобаларды іске асырғанда да қолдануға мүмкіндік береді.

 

Критерий

Болашақ инвестициялық жобаның  бизнес идеясы тұжырымдалғаннан кейін, кәсіпорын сол бизнес идеясын іске асыра ала ма деген сұрақ туады. Бұл сұраққа жауап беру үшін кәсіпорынның тиісті экономикалық саласының жағдайы мен сала шеңберіндегі кәсіпорынның салыстырмалы жағдайын талдау керек. Талдаудың осы түрі инвестициялық жобаны әзірлеу мен оны талдаудың алдан ала кезеңінің мазмұнын құрайды.

Инвестициялық жобаны техникалық талдау міндетіне мыналар жатады:

  • жоба мақсаттарының көзқарастарына неғұрлым сәйкес келетін технологияларды анықтау;
  • жергілікті жағдайларды талдау, оның ішінде шикізатқа, энергияға, жұмыс күшіне қол жеткізуді және оның құнын;
  • жобаның іске асуы мен жоспарлаудың потенциалды мүмкіндіктерін тексеру.

Техникалық талдауды, әдетте, кәсіпорынның жеке сарапшылар тобы арнайы мамандарды шақыру арқылы жүргізеді. Техникалық талдаудың стандартты процедурасы қолда бар жеке технологияларды талдаудан басталады.Инвестициялық жобаның қаржылық талдау бөлімінде көлемді және еңбек сыйымдылығы жоғары. Бұл мәселені түпкілікті қарастыруға жекелеген тауарлар арналады.Инвестициялық жобалаудың қаржылық бөлімінің жалпы нұсқасы қарапайым тізбекке негізделген:

Кәсіпорын қызметінің соңғы 3 жыл ішіндегі қаржылық жағдайына  талдау жасау.

Инвестициялық жобаны дайындау кезеңіндегі кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жасау.

Негізгі өнім өндірісінің залалсыздығына талдау жасау.

Инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысындағы пайда мен ақша ағымдарын болжамдау.

Инвестициялық жобаның тиімділік бағасы.

Жобаның қаржы бөлімінің  неғұрлым жауапкершілігі мол бөлігі оның инвестициялық бөлігі болып табылады, ол мыналарды қамтиды:

  • жоба бойынша кәсіпорынның инвестициялық қажеттіліктерін анықтау;
  • инвестициялық қажеттіліктердің қайнар көздерін белгілеу;
  • инвестициялық жобаны іске асыру үшін тартылған капиталдың құнын бағалау;
  • жобаның іске асуы есебінен түсетін пайда мен ақша ағымдарын болжау;
  • жоба көрсеткіштерінің тиімділігінің бағасы.

Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері.Қазақстан Республикасы экономикасының дамуы отандық және шет елдік инвестициялардың тартылумен тығыз байланысты болып келеді. Инвестицияларды әр түрлі қаржы құралдарын шығара отырып тарту бүгінгі күні кең көлемде қолға алынды. Оған елдегі қолайлы инвестициялық климат өз әсерін тигізуде. Инвестиция негізінен екі бағытта тартылады: бірінші бағыт несие алу арқылы, ал екінші бағыт бағалы қағаздар шығарып сату арқылы. Инвестициялық жобаларды дайындай отырып ссудалық қаражаттарды биснеске тарту соңғы жылдары Қазақстан банктерінде қолға алына бастады. Мұндай инвестициялық жобалардың тиімділігі есептелініп, қарыз алушыға қажетті сома әрбір аяқталған жұмыстан кейін беріледі. Инвестициялық жобалар негізінде несие алу барысында кепіл мүлікті талап етілмейді. Инвестициялық құралдардың арасындағы жобалар арқылы несие алу экономиканың нағыз секторларын дамытуда болашақта негізгі құрал болатыны сөзсіз.

 

 

 

Жобалық несиелеу

Жобалық несиелеу – бұл халақаралық және отандық тәжірибеде қолданылатын несиелеудің жаңа нысаны болып табылады және оның дәстүрлі банктік несиелеудің мынандай артықшылықтарын атап айтуға болады:

инвестициялаудың стратегиясын дайындау;

инвестициялаудың белгілі-бір уақытша аясын белгілеу;

инвестициялық приоритетті анықтау;

баламалы нұсқаларды қарастыру;

инвестицияның жүзеге асыру жоспарын дайындау;

бір уақытта бірнеше көздер арқылы қаржыландыра алу.

Дұрыс қолданылған инвестициялық  жоба жалпы ресурстар көздерін ұтымды пайдалану есебінен экономикадағы ресурс тапшылығын азайта алады. Алайда, жобалық әдістің өзіне тән кемшіліктері де бар. Ең алдымен, бұл болжаудағы, есептеулердегі мүмкін болатын қателер, сонымен қатар нарықтағы әр түрлі өзгерістер, инфляция құбылмалығы, заңдардың өзгеруі сияқты түрлі факторлар әсері жобалық әдістің тартымдылығына тежеу болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қазақстанның Ұлттық электр торабын жаңғырту» жобасы

 

«ҰЭТ-ты жаңғырту» жобасы

 

 Жобаның мақсаты:

 

Қосалқы станцияларды, диспетчерлік және бақылау жүйелерін жаңғырту арқылы жабдықтаудың сенімділігі мен сапасын жақсарту; электр энергиясының көтерме сауда  нарығының орнықты жұмыс істеуі үшін  жағдайларды жасау арқылы бәсекелестікті  дамыту және  жеткізілетін желілерге  кіруді жақсарту; пайдалану шығындарын азайту; «KEGOC» АҚ-ның көрсететін қызметтер көлемін кеңейту.

 

Жобаны қаржыландыру Халықаралық Қайта құру және даму банкінің, Еуропа Қайта құру және даму банкінің кредиттік желілерінің және  “KEGOC” АҚ-ның  жеке қаражаттары есебінен жүзеге асырылды.

 

 Жобаны іске асыру мерзімі: 2000-2009 жылдар.

 

 Жобаның негізгі құрамдас бөліктері:

 

1. Жоғары вольтты жабдықты жаңғырту.

Жоғары вольтты жабдықты жаңғырту 43 қосалқы станцияда  жүзеге асырылды.

2002-2005 жылдар аралығында  кернеуі 110-220-500 кВ 5213 бірлік жоғары вольтты  жабдық жоба алаңдарына, төмендегілерді қоса алғанда,  жеткізілді:

            Siemens AG және AREVA компаниялары шығарған  110, 220, 500 кВ жоғары вольтты ажыратқыштар;

           AREVA компаниясы шығарған 110, 220, 500 кВ айырғыштар мен тірек оқшаулағыштары;

           АВВ және AREVA компаниялары шығарған кернеуі  110, 220, 500 кВ  трансформаторлар;

            AREVA  компаниясы шығарған 110, 220, 500 кВ ок трансформаторлары;

            Siemens AG компания шығарған 110, 220, 500 кВ асқын кернеу шектегіштері.

«KEGOC» АҚ-ның қосалқы станцияларында  жоғары вольтты  жабдықтарды жаңғырту  2006 жылдың  үшінші тоқсанында  аяқталған болатын.

 

2. Релелік қорғау және қосалқы станциялардың құрылғыларын ауыстыру.

Қосалқы станцияларды автоматтандыру  автоматтандырудың екі деңгейінің  әрқайсысында: сандық қорғау және  жалғанымдарды басқаруға, қосалқы станцияларды басқаруға арнап  дербес жұмыс істейтін  біртұтас жүйеге  біріктіруге шоғырландырылады.

67 қосалқы станцияда РҚА құралдары жаңғыртылды. Siemens AG  компаниясы жабдықтарды жеткізді, РҚжәнеАҚ шкафтарын, мониторингі және қосалқы станцияларды басқару жүйелерін орнатты,  келісім-шартты іске асырудың бекітілген кестесі шеңберінде  РҚА құрылғыларын  пайдалануды уақытында енгізді.

 

3. Электр торабын басқару жүйесін (SCADA/EMS) жеткізу мен орнатуды қоса алғанда, диспетчерлік бақылауды жаңғырту.

Осы құрамдас бөлікті іске асырудағы мақсат  халықаралық өнеркәсіптік стандарттарға жауап беретін  осы заманғы бағдарламалық-техникалық  құралдармен жарақтандырылған  Қазақстан Республикасы  Ұлттық торбын  жедел басқарудың  автоматтандырылған біртұтас жүйесін құру.

Siemens AG Osterreich компаниясымен  ЖО ҰДО және  9 өңірлік диспетчерлік  орталықтар үшін SCADA/EMS жүйесін жеткізу мен орнатуға арнап  келісім-шарт жасалды. Жүйе 2005 жылы жеткізілді және орнатылды.  2006 жылдың бірінші тоқсанында  жүйенің функционалдық сынағы мен соңғы тестілеу жұмыстары жүргізілді.

 

4. Телекоммуникацияны енгізу.

Телекоммуникациялық желіні құру диспетчерлік және  технологиялық телефондық байланысты; телеөлшемдер деректерін, телесигналдарды, нақты уақыттың жедел-ақпараттық  жүйесіне команданы  беруді,  электр энергиясын коммерциялық есепке алу автоматтандырылған жүйесінің деректерін беруді,  компаниялардың өндірістік-шаруашылық қызметін ақпараттық басқару жүйесінің деректерін беруді,  қосалқы станциялар арасында  релелік қорғау және аварияға қарсы автоматика  жүйесіне арналған  сигналдарды беруді,  электр энергиясы нарығының субъектілерімен  деректерді беруді және  өзара ақпарат алмасуды, Интернетке кіруді қамтамасыз етті.

Телекоммуникация жабдықтары 2003-2005 жылдар аралығында  мына көлемде жеткізілді және орнатылды:

     62 автоматты телефон станциясы,

     87 кепілдікпен электрмен қоректендіру жүйесі,

     63 спутниктік байланыс жүйесінің жер станциясы,

     124 радиорелелік байланыс жүйесі.

Сондай-ақ байланыстың жоғары жиілікті 125 арнасы жеткізілді. .

 

5. Электр энергиясын коммерциялық есепке алудың атоматтандырылған жүйесін (ЭКЕАЖ) құру.

ЭКЕАЖ электр энергиясының ағындары  туралы  ақпаратты жинау мен өңдеуді, берілген уақыт кезеңінде өлшемдерді есептеу мен сақтауды,  сондай-ақ  ақпаратты бейнелеуді  қамтамасыз ететін  бағдарламалық-техникалық кешенді білдіреді.

ЭКЕАЖ жүйесін ELIOP Ltd компаниясы жеткізді. Электр энергиясын коммерциялық есепке алудың атоматтандырылған жүйесін енгізу шеңберінде   2001 жылы «АВВ Метроника» компаниясы 1599 санауышты  жеткізді.

Электр энергиясын коммерциялық есепке алудың атоматтандырылған жүйесін жабдықтарын жеткізу мен құрастыру 2004 жылдың  төртінші тоқсанында  аяқталды. 2005 жылдың наурызы мен сәурі айларында ЭКЕАЖ-ға кешенді сынақтар өткізілді және пайдалануға енгізілді.

 

6. Электр энергиясы сауда-саттығының  жүйесін құру.

Электр бақылау жүйесі нарығында  көш басшы болып табылатын Siemens AG Osterreich компаниясы  Қазақстанның  Спот нарығында сауда-саттық жүйесін жеткізді және  орнатты. Жеткізілген  жүйенің артықшылығына жүйені одан әрі қарай дамыту қабілетілігі,  баптауға икемділігі,  жеңілдігі мен пайдалануға сенімділігі  жатады.

Сауда-саттық жүйесі жеткізілді және 2003-2004 жылдар аралығындағы кезеңде орнатылды, пайдалануға 2004 жылы қабылданды.

 

 

7.  Консультациялық көмек.

 

2000-2006 жылдар аралығындағы кезеңде сатып алу,  жобаларды басқару,  электр желілік кодексті әзірлеу және  спот нарығының ережесі бойынша  халықаралық консультанттардың қызметі көрсетілген болатын. Жобаның құрамдас бөліктері бойынша  тендерлік  құжаттамаларды  дайындауға халықаралық консалтингтік компаниялар (SaskPower, KEMA Consulting, Nord Pool Consulting, ESBI, SwedPower/MVV) қатысты,  олар «KEGOC» АҚ консультациялық қызмет алуға шарт жасасты.

Информация о работе Инвестициялық жоба