Инфляцияға қарсы саясат

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Декабря 2011 в 14:05, курсовая работа

Описание работы

Егерде ұлттық экономика экономикалық өсуі төмен тіпті нөлдік қарқынмен мінезделсе, онда өмір сүру деңгейі көтерілуі мүмкін емес.Инфляция әр түрлі әлеуметтік-экономикалық қиындықтар туғызады.
Инфляцияның салдарлары әр алуан, өзара қайшылықта болады және мынадай жағдайларға әкеп соқтырады.
Біріншіден, ол ұлттық табыс пен байлықты қоғамның әр түрлі топтарымен, экономикалық және әлеуметтік институттар арасында қалай болса солай және болжамсыз қайта бөлуіне мәжбүр етеді.
Қаражаттар жеке сектордан мемлекет тарапына қайта бөлінеді. Инфляция факторының біреуі болып табылатын мемлекет бюджетінің тапшылығы, инфляциялық салықпен өтеледі. Осыны нақты ақша қалдықтарының барлық ұстаушылары төлейді. Ол өзімен-өзі, автоматты түрде төленеді, өйткені инфляция кезінде ақша капиталы құнсызданады.Инфляциялық салық нақты ақша қалдығы құнының төмендегенін көрсетеді.

Работа содержит 1 файл

401___.doc

— 78.50 Кб (Скачать)

     Инфляцияға  қарсы саясат 

     1. Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдарлары 

     Егерде  ұлттық экономика экономикалық өсуі төмен тіпті нөлдік қарқынмен мінезделсе, онда өмір сүру деңгейі көтерілуі мүмкін емес.Инфляция әр түрлі әлеуметтік-экономикалық қиындықтар туғызады.

     Инфляцияның салдарлары әр алуан, өзара қайшылықта болады және мынадай жағдайларға әкеп соқтырады.

     Біріншіден, ол ұлттық табыс пен байлықты қоғамның әр түрлі топтарымен, экономикалық және әлеуметтік институттар арасында қалай болса солай және болжамсыз қайта бөлуіне мәжбүр етеді.

     Қаражаттар  жеке сектордан мемлекет тарапына қайта  бөлінеді. Инфляция факторының біреуі болып табылатын мемлекет бюджетінің тапшылығы, инфляциялық салықпен өтеледі. Осыны нақты ақша қалдықтарының барлық ұстаушылары төлейді. Ол өзімен-өзі, автоматты түрде төленеді, өйткені инфляция кезінде ақша капиталы құнсызданады.Инфляциялық салық нақты ақша қалдығы құнының төмендегенін көрсетеді.

     Табысты мемлекет пайдасына қайта бөлудің  келесі жолы, ол- ақша басып шығаруға монополиялық құқықтың болуынан пайда болады. Қосымша басылып шыққан банкноттар номиналдарының сомасы мен оларды басып шығаруға жұмсалған шығындардың айырмасы сеньораж деп аталады. Ол мемлекеттің басып шығарған ақша үшін алатын нақты ресурстарының санына тең болады. Сеньораж халықтың өздерінің ақша қалдықтарының нақты құнын ұстап тұрған жағдайдағы инфляциялық салыққа тең болады.

     Белгіленген табыстары бар адамдар инфляция нәтижесінде нақты табыстардың төмендеуінен шығынға ұшырайды. Индексацияланған табыс алушы топтар табыстарды индексациялау жүйесі оларға нақты жалақыны сақтап қалуға мүмкіндік бергенше инфляциядан қорғана алады. Нарықта монополиялық жағдайға ие болушылар өздерінің нақты табысын өсіре алады.

     Нақты активтер иелерінің инфляциядан қорғанысы молырақ болады, өйткені осы тауарлар бағасының өсуі елдегі инфляцияның жалпы дәрежесінен артық болып отырады.

     Процент ставкасы өзгермеген тұрақты болса, күтпеген инфляция нәтижесінде кредиторлар ұтылысқа ұшырайды, қарыз алушылар ұтады. Шығындарын азайтуды көздеп, банктер қарыз ставкасын жоғарлатады. Осы жағдай өндіріске жасалатын инвестиция көлемін төмендетеді. Бұл ситуация ұзақ мерзімді аспектіде ЖҰӨ нақты көлемін азайтады және инфляцияны жандандыра түседі.

     Салық салудың погрессивтік жүйесі үй шаруашылықтарынан қаражаттар алынуын шапшандатады. Инфляция нәтижесінде ақша формасында жинақталған қаражаттың құнының төмендеуіне байланысты, жинақталған табыстар қоғамның кәрімүшелерінен алынып, оның жас мүшелерінің пайдасына қайта бөлінеді.

     Екіншіден, инфляцияның жоғары қарқыны және баға құрылымының күрт өзгеруі фирмалар мен үй шаруашылықтарының жоспарлауын қиындата түседі. Ңәтижесінде бизнес жүргізуде болжамсыздық пен қауіп-қатер көбейеді. Осының төлемі ретінде процент ставкасы мен пайда өседі. Инвестициялар қысқы мерзімдік сипат ала бастайды, инвестицияның жалпы көлемінде күрделі құрылыстың үлесі төмендейді және спекулятивтік операциялардың үлес салмағы өсе түседі. Болашақта бұл жағдай ұлттың тұрмысын, әл- ауқатын және жұмыспен қамтылуын төмендетуі мүмкін.

     Үшіншіден, қоғамның саяси тұрақтылығы төмендейді, әлеуметтік шиеленіс өседі. Жоғары дәрежелі инфляция қоғамның жаңа құрылымына көшуге жол ашады.

     Төртіншіден, экономиканың ашық секторындағы бағаның өсуінің шамамен жоғары қарқындылығы ұлттық тауарлардың бәсекелік қаблетін төмендетеді. бұның нәтижесінде импорт өседі, экспорт төмендейді, жұмыссыздық көбейеді және тауар өндірушілер ойсырады.

     Бесіншіден, тұрақтылығы жоғары шетел валютасына сұраныс өседі. Капиталдың шетелге кетуі өседі, валюта нарығында спекуляция үдей түседі. осылар бағаның өсуін жылдамдатады.

     Алтыншыдан, ақша формасында жасалған жинақтың нақты құны төмендейді, нақты активтерге сұраныс өседі. Бұның нәтижесінде осы тауарлардың бағасы, бағаның жалпы дәрежесінің өзгеруінен шапшаң өсіп отырады. Инфляцияның жылдам жүруі экономикадағы сұраныстың өсуіне дем береді, ақшадан қашуға жол береді. Фирмалар мен үй шаруашылықтары нақты активтер сатып алу үшін қосымша шығын жасауға мәжбүр болады.

     Жетіншіден, мемлекеттік бюджеттің құрылымыөзгереді және нақты табыстары төмендейді. мемлекеттің экспонсионистік фискалдық және монетарлы саясат жүргізуге мүмкіндігі шектеледі. Бюджеттік тапшылық және мемлекеттік борыш өседі. Осыларды ұдайы өндіру механизмі іске қосылады.

     Сегізіншіден, жұмыспен толық қамтамасыз етілмеген  жағдайда қызмет ететін экономикадағы орташа инфляция, халықтың нақты табысын шамалы төмендетіп, оның көбірек және бұрынғыдан да жақсы еңбек етуін талап етеді. Нәтижесінде жылжымалы инфляция бір мезгілде экокномикалық өсудің төлемі және оның стимулы болып табылады. Дефляция керісінше жұмспен қамтуды және өндірістік қуаттардың пайдаланылуын төмендетеді.

     Тоғызыншыдан, стагфляция жағдайында инфляцияның жоғары дәрежесі үлкен жұмыссыздықпен ұштасады. Елеулі инфляция жұмыспен қамтуды өіруге мүмкііндік бермейді. Бірақ инфляциямен бір жақтан өндіріс көлемін және жұмыссыздықтың, екінші жақтан арасында тікелей өзара байланыс болмайды.

       Оныншыдан, әр түрлі тауарлардың салыстырмалы бағалары және олардың өндірічінің көлемі ұқсас емес бағыты жылжып отырады.

     Ұзақ мерзімді уақыт интервалында, инфляцияның шапшаңдауы теориясы бойынша, жылдан жылға инфляцияның қарқынының өсуі, өндірістің нақты көлемін, оның өзінің табиғи дәрежесінен жоғары ұстап тұруға мүмкіндік береді. 

     2. Инфляцияға қарсы саясат жүргізу 

     Инфляцияға қарсы саясат деген бұл инфляцияны төмендетуге бағытталған мемлекеттік реттеу құралдарының жиынтығы. ХХ ғ. 60 жылдарынан бастап бағаны тікелей түрде және жанама түрде реттеу мқсатымен барлық экономикаға ортақ шаралар қолданыла бастады.

       Тікелей реттеу табыстар саясаты шеңберінде жүрді. Табыстар саясатын шартпен екі бағытқа бөлуге болады: жалақы мен бағалар өсуінің нысаналарын белгілеу және осыларға тікелей бақылау жүргізу. Осыларды қолдана отырып нақты табыстар мен бағаның өсуін төмендетуге тырысқан жағдайлар болған. Нысаналарға еркін орындалуға тиісті ережелердің жиынтығы жатады. Бақылауға заң актілерінің күші тән болады. Нысаналар ретінде баға мен жалақы ставкалары өсуінің максималдық шегі пайдаланылған. Жалақы ставкаларының өзгерстері әдетте барлық экономикадағы еңбек өнімділігінің өсу қарқындылығымен байланыста болады; бағалардың өзгерістері еңбекақыға жұмсалған шығындардың өзгерістерін өтеу үшін жүргізіледі. Осы бағыттың мәні мынада: жалдамалы жұмыскерлердің табысы реттеледі, ал пайда - жанама түрде баға рқылы реттеледі.

     Әдетте бақылауды пайдалану үшін бағалар мен жалақыны белгілі бір уақыт мерзімі бойынша тұрақты етіп ұстап тұру туралы аң қабылданатын. Жалдамалы жұмыскерлер үшін табыстар саясатының дикриминациялық дәрежесі жоғары болады, өйткені мемлекет органдары және өндірушілер бағадан гөрі жалақыға бақылау жүргізу оңайға түспейді, өйткені тауарлар топтарының саны көп болады. Бұдан басқа экономикада еңбек өнімділігінің өсуі автоматты түрде ұлттық табыстағы жұмысшылардың үлесін салыстырмалы және абсолютті төмендетеді.

     Табыстар саясатының бір вариантына әлеуметтік контракт жатады. Бағаның өсуі мен жалақының арасында тұрақты компромисс орнату үшін үкімет ірі кәсіпорындар мен кәсіподақтарының арсында келіссөз ұйымдастырады. Табыстар саясаты қашан болмасын дискуссия тудыратын. Осы саясаттың қарсыластарының айтуы бойынша кісіпкерлер мен кәсіподақтар жетекшілері өздерінің мақсатты қызметтерінен- барынша көп пайда табу бас тарта алмайды, сондықтан олар үкімет белгілеген нысаналарды өз еркімен орындамайды.

     Заң жүзінде бағаның өсуіне шектеудің қойылуы, бағаларын жоғарлату пайдалы тауарлардың көлеңкелі нарығын дамытуы мүмкін. Бағалардың өсуіне шек қоюды болдырмайтын келесі әдіс, ол буып- түю дайын өнімдердің сапасы мен салмағын төмендету. Осыдан басқа бағаға әкімшілдік бақылау жүргізу нарықтың қызметін дұрыс атқаруына, ресурстар мен капиталдардың еркін жылжуына кедергі болады. Нәтижесінде, экономикада тапшылық жинақтала түседі, тұтынуды нормалау қажеттігі туады. Табыстар саясатының жақтаушылары бойынша, егер кәсіпкерлер мен жұмыскерлер үкіметтің инфляциямен күресуге кші де, құралдары да жеткілікті деп сеңсе, онда бұл саясат инфляциялық күтімдерді сөндіруге мүмкіндік береді. Нарық қызметінің тиімділігі туралы әңгіме құрғанда мына жағдайды атап өту қажет: монополиялық күштердің – тауар өндірушілердің және ресурстар иелерінің – бар болуын өзі ресурстардың бөлінуін бұрмалайды. Экономикада инфляцияның болуы осы тұжырымды дәлелдейді. Сондықтан бағаға бақылау жүргізу жағдайды түзетуге көмек бере алады.

     ХХ  ғ. 60 жылдары нарық экономикалы елдерде жүргізілген табыстар саясатының тиімділігі күткендей болмады. Сондықтан 70 жылдардың ортасында практика жүзінде барлық дамыған елдер оны жүргізуден бас тартты.

     Бағаға ықпал жасаудың жанама әдістеріне монетарлық және фискалдық саясаттың дефляциялық шаралары жатады. Алғашқыда олар циклға қарсы саясат көлемінде қолданған болатын. Орталық банк инфляцияның күшеюіне байланысты ақша массасының өсуіне, ерілетін несиенің көлеміне, есепке алу ставканың өсуіне және ашық нарықта сатылатын мемлекеттік құнды қағаздардың міндетті резервтерінің нормасына бірте-бірте шектеу еңгізеді.

     Айналымдағы ақшаның көлеміне шек қоюдан басқа, мемлекет фискалдық әдістер арқылы жиынтық сұранысты азайтуға тырысады: мемлекеттік сатып алуға және инвестицияларға шек қойып, жеңілдіктерді жойып, немесе тікелей және жанама салықтарды өсіріп, амортизациялық реттейтін ережелерді қатайтады.

     Инфляцияны төмендету мақсатымен алюта саясатының инструменттері пайдалануы мүмкін: шетелдерден келетін ақшаға шек қою, ұлттық валюта курсын көтеру.

     Дефляциялық шаралардың тежеу жасайтын әсері алдымен экономикалық өсуді баяулатты және жұмыссыздықты өсірді, ал бағалардың төмендеуі елеулі болмады.Стагфляцияның пайда болуы дефляция саясатының кейбір инструменнтерінен бас тартуға мәжбүр еттті.

     Стагфляциямен күресудің неоклассикалық бағытының балама жолдары бар. Оның мәні: инфляцияны төмендетуде қандайда болмасын құралдарды қолданбау үшін, экономикадағы осы және басқа процестерді қолдан шығарып алмауды көздеу керек.

     Филлипстің қисық сызығына рестриктивтік шектеу монетарлық және фискалдық саясатты қолданып қалайда қайтып келіудің қажетіне тырысу керек емес, жиынтық ұсыныстың қисық сызығына тікелей ықпал ету қажет. Осы үшін қаржылық және ақша саясатын азғана өзгертіп, қатал стандарттарды, мақсатты қаржыландыру мен несиелендіруді, салаларды селективтік қолдауды, протекционистік шараларды, табыстар саясатының элементтерін қолдануды пайдалануға болады. Соңғы варианты қолданудың тиімділігі жоғары және бұның әлеуметтік шығындары төмен.

     Үкімет  үшін инфляцияға қарсы саясат жүргізудің екі бағыты болады: оны бірте-бірте ұзақ мерзімді көздеп жүргізу немесе оны шұғыл жүргізу. Барлық жағдай елдің көлеміне, оның экономикасының болмысына, әлемдік нарыққа кірудің дәрежесіне және шарттарына, өзгерістерді халықаралық қаржы мекемелерінің қолдануына, ел ішіндегі әлеуметтік саяси жағдайға және т.б. байланысты болады.

     Қазақстанда инфляцияның дамуы сұраныс пен ұсыныс инфляциясының әр қилы ұштасуын қолдану арқылы жүріп отырады. Қазақстанда ақша массасының өсуінің үш себебін атап көрсетейік:

     ♦Біріншіден, бюджеттік тапшылықты қаржыландыру үшін орталық банктерден келген несиелер;

     ♦Екіншіден, Орталық банктің коммерциялық банктерге несиесі қайта қаржыландыру үшін несиелер ;

     ♦Үшіншіден, ТМД мемлекеттеріне несие – олардың Қазақстанмен саудадағы тапшылығымен байланысты.

     Аталған несиелердің көздері, негізінде ақша массасы өскен және инфляция жандана түскен ақшалай түрдегі базаны кеңейткен болатын.

     Қазақстанның өтпелі экономикасында алғашқыда инфляцияға қарсы шаралар тек естен таңдыру терапиясының монетаристік әдісі қолданылды. Бұлар күткен нәтиже бермеді.

     Қорытып айтқанда, Қазақстандық экономикадағы инфляциялық процестер шаруашылықтың жалпы құлдырауымен,экономикалық байланыстардың бұзылуымен, тым өсіп кеткен басқару аппаратын қаржыландырумен байланысты. Сондықтан ресурсстарды жалпы үнемдеу және бюджет тапшылығын жою инфляцияға қарсы саясат жүргізудің басты құралына айналды.  

     ***

     Қазақстан экономикасы ретті жүргізілген  реформалардың арқасында мың  құбылған үдерістерден кідіріссіз өтіп келеді. Ұлыбританияның Премьер-министрі Энтони Чарльз Линтон Блэрдің: “Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бері айтарлықтай экономикалық прогреске қол жеткізілді. Қазір нарыққа бағдарланған мөлдір және ашық инвестициялық ахуалды дамыту маңызды болып отыр. Бұл Қазақстан қол жеткізген табыстарды шоғырландыруға көмектеседі, сондай-ақ ол Орталық Азияның басқа елдері үшін тамаша үлгі болады”, деген сөзі бар.

Информация о работе Инфляцияға қарсы саясат